Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Махамбетова Ж. С. Тәрбие сағатының тақырыбы



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі20,52 Kb.
#162486
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
БББ-кунделык сыныптан тыс жумысы 2022

Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі:Махамбетова Ж.С.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік!
Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.
3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер (жол, тротуар, бордюр, зебра), Бағдаршам, жол белгілері, схема,АКТ.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе.

Мұғалім-1: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жол тәртібін білейік,Аман-есен жүрейік!» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
Мұғалім-2: 
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға сабағымыз басталады сәлемменен
Мұғалім-1: 
- Балалар, көшеде жол жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім-2: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет