Бексейітова А. Т


Сабақтың тақырыбы 4: Қазақстан мәдениеті. Білім және ғылым



бет2/5
Дата17.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#9465
1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы 4: Қазақстан мәдениеті. Білім және ғылым
Сабақтың мақсаты.

Білімділік: 1920-1940 жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардағы мәдени құрылыс, ересектер арасындағы сауатсыздықты жою, халыққа білім беру ісінің және ғылымның даму үрдістері, жеткен жетістіктері, кәсіптік білім, ұлт зиялыларының жаңа толқынның өсіп шығуы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын, жұмыс дағдыларын дамыту, зерттеу турасынан тарихи сананы, ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоғамдық өмірге бейімделген интелектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау.


Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, тақырыпқа байланысты деректер, бейнетаспа, компьютер, «шытырман» ойны.

Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу сабағы.

Сабақтың типі: Игерген білімдерін бекіту, тексеру.
Оқытудың әдістері: Топтық жұмыстар, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап, іздену, ой-қозғау әдістері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезені.

2. Үй тапсырмасы. (Бейнетаспа 30 сек.)

Бейнетаспа бойынша сіздердің ой-тұжырымдарыңыз?


Мұғалім сөзі.

3. Ауыр жылдар хроникасы (кестемен жұмыс) (2 мин.).



Датасы

Оқиғалар




Ұлы Отан соғысы басталды




Колхозда әйелдер еңбегінің үлес салмағы 75 пайызға жетті




1075-атқыштар полкі Дубосеково түбінде өшпес ерлік үлгісін көрсетті




219-атқыштар полкі алғаш рет Шяуляй түбінде ұрысқа кірді




Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» жырын арнады




Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулы қабылданды




Жезқазған мыс комбинаты құрылды




Ш. Берсиев тары өндіруден дүниежүзілік рекорд жасады




Атыру Қорғаныс комитеті құрылды




Одақтың «Правда» газетінде «Қазақ халқының майдангер қазақтарына хат» атты бас мақала жарияланды




Сталининград майданына «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина жіберілді




Алматы жастары С.Луганскийге жаңа истребитель сыйлады




Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған кен орындарын зерттегені үшін Мемлекеттік сыйлық берілді




Ембі мұнайшылары Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің Туын 12 рет жеңіп алды




Қазақстан Одақта балқытылған қорғасынның 85 пайызын берді




Ұлы Отан соғысы аяқталды



Жаңа сабақ:

1. Слайдпен жұмыс (1 мин.). Қазақстандағы ең алғашқы ашылған білім және ғылым ордалары. (Жаңа сабақтың тақырыбын ашу «Білім және ғылым»).

Олай болса бүгінгі тақырып бойынша сіздерге өз бетінше ізденіс арқылы дайындалу берілген болатын, сондықтан біз сабақ барысында жаңа тақырып төңірегінде сызбаларды толтырумен жұмыс жасаймыз.

2. Халыққа білім беру. (Кесте толтыру) (1 мин.).

1. Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қашан қабыланды?

__________________________________________________________________

Осы жарғыға сәйкес:

1. Қандай мектептердің үлес салмағы кеміді?

а) ____________________________________

ә) ____________________________________

2. Қандай мектептердің үлес салмағы артты?

а)____________________________________

ә)____________________________________

3. Қандай қалаларда қыздарға арнаулы мектептер ашылды?

а)_________________________________________________

ә)_________________________________________________

б)_________________________________________________

в)_________________________________________________



3. Рефераттар қорғау. Шығармашылық тапсырмалар.

- Қазақстандағы сауатсыздықты жою (3 мин.).

- Қазан төңкерісінен кейінгі халық ағарту ісінің дамуы (3 мин.).

- Білім және ғылымның дамуы (3 мин.).



Әрбір қатардағы жетекшілермен жұмыс. (Кесте толтыру) (2 мин.).
20-жылдардың екінші жартысы 30-жылдардағы мәдени құрылыс.

Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.

1. Кестені толтырыңыз.

Бейбіт өмірге көшуде мемлекет алдындағы негізгі 3 міндет

1.

2.

3.


2. Кестені толтырыңыз

Партияның Х съезінің мәденеит саласындағы стратегиялық міндеттері

1.

2.

3.

3. Кестені толтырыңыз. Сауатсыздықты жою қалай жүзеге асты?



«Сауытсыздық жойылсын!» қоғам

Комсомолдардың ерікті ұйымдары

«Ауыл мұғалімі» журналы, «Ақ жол газеті»







4. Кестені толтырыңыз.



20-жылдардың ортасында қандай ұлттық мектептер болды?











1931-32 ж. аштықтың білім беру ісіне қандай әсері болды?

1.

2.

3.


Жалпы оқушылармен жұмыс. «Жұлдызды сәт» ойыны.

(Сұраққа жылдам әрі көп жауап берген топ жеңіске жетеді). (3 мин.).

1. Тұңғыш ашылған жоғары оқу орнына кімнің есімі берілді?

2. Алматы медицина институтын қандай оқу орны қамқорлыққа алды?

3. КазМуда 1940 ж. қанша кафедра жұмыс істеді?

4. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша жоғарғы оқу орны болды?

5. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша арнаулы оқу орны болды?

6. 1939 ж. Қазақстанда қанша ой еңбегімен айналыстын қызметкерлер болды?

7. Қазақстанды зерттеу қоғамы қашан ашылған еді?

8. Қоғамның қандай қалаларда филиалдары болды?

9. Ежелгі Тараз қаласында қазба жұмыстарын кім басқарды?

10. КСРО ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы қашан құралды?


Кәсіптік білім беру және Қазақстан зиялыларының қалыптасуы. (Бағытпен көрсету. 1 мин.)


1928

Қазақ мемлекеттік университеті ашылды

1931

Алматы медициналық институты ашылды

1934

Тұңғыш пед. Институт ашалды

1935

«Қазақтың көне заманнан бергі тарихы»

1940

118 техникум жұмыс істеді

Жаңа сабақ бекіту.

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы

1. Кестені толтырыңыз.

Тарихи даталар тізбегі


Қашан?

Кайда?

Қандай оқиға болды?




Алматы

Ұйғыр музыка – драма театры ашалды










1937 ж.

Қызылорда




1926 ж.




Ұлттық қазақ театры ашылды




Қарқаралы

Халық жыршыларының бәйгесі өтті

1934 ж.




Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды

1938 ж.

Мәскеу







Алматы

Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы ашылды

1936 ж.




Жамбыл атандағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды




Алматы

Хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды

1925 ж.

Париж




1927 ж.




Ә. Қашаубаев неміс көрермендерін тәнті қылды



Слайдпен жұмыс. (Білім министірі «Болашақ» бағдарламасы).

Үй тапсырмасы.

Қазақстанда 2030 бағдарламасы бойынша жұмыс. (2 мин.).

Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсыздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлім оқып, бір ғасыр аралығындағы жағдайын салыстырыңыз.




Қазақстан

1930-жылдарда

2030-жылдарда






«XXI ғасыр білім ғасыры», «Ауылым, алтын мекенім» тақырыбында шығарма, ой-пікірлеріңізді жазып келіңіздер.


Сарапшылар қорытындысы (2 мин.). Мұғалімнің қорытындысы. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы 5: Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде (1920-1940 жж.)
Сабактың мақсаты: 1920 жылдан кейінгі қазақ жерінде индустрияландыруды жүзеге асыру, оның тарихи маңызын, қиыншылыктары мен табыстары туралы баяндау.

Дамытушылық мақсаты: Әр территорияны зерттеуші ғалымдардың өмірбаяндары, кызметі туралы қосымша деректермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабактын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасына шолу жасау.

III. Жаңа сабақты окушыларды 3 топтық командаға бөліп, сайыс түрінде өткізу. Сайыс 4 турдан түрады, әр команданың лидерлерін сайлау. Әр турға берілетін жоғары көрсеткіш - 5 ұпай.



1-тур.

Әр команданың лидері мұғалімнен тапсырма сұрақтарын алып, оған тез

арада жауап қайтару.

1-ші «Ұлан» тобы.

1. Индустрияландыру дегеніміз не?

2.1-ші бесжылдық жоспары қай жылдар?

3. Қазақстандағы индустрияландырудын өзіндік ерекшелігі?


2-ші «Болашак» тобы.

1. Индустрияландыру елімізде неден басталды?

2. Түрксіб темір жолының басшыларын атаңыз?

3. Қазақстаңда қандай кәсіпорындар іске қосылды?


3-ші «Жас талап» тобы.

1. Қазақстанда кадрлар мәселесі қалай болды?

2. М. Тынышбаев кім болды?

3. Индустрияландыру кезіндегі қиыншылыктар және оның себептері

қандай?
2-тур.

1920-1930 жж. қоғам, мемлекет қайраткерлері мен зерттеуші-ғалымдардың қызметін анықтаңыз.

Қоғам, мемлекет кайраткерлерінің кызметі:

1. Т. Рысқұлов - «Түрксіб» темір жолы кұрылысының бастығы.

2. Н. Нұрмақов - Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы.

3. В.С. Шатов - РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары.

1. Ф. Голощекин - Донбасстың жаңашыл забойшысы.

2. С. Сәдуакасов – Қазақ өлкелік Комитетінің 1-ші хатшысы.

3. А. Стаханов - Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату идеясын

жақтаушы.


Зерттеуші-ғалымдар:

1. Қ - Сәтбаев - Орталық Қазакстанның минерал-шикізат ресурстарын зерттеді;

2. И. Губкин - Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеді.;

3. П. Курнаков - Жезқазған мыс кенін зерттеді.


3-тур.

«Сіз білесіз бе?» ойыны. Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі


3-турдан кейін мұғалім сабақты қорытындылайды, қосымша сұрақ қою арқылы бекітеді. Оқушылардың білімдері бағаланады. Үйге тапсырма беріледі.

Сабақтың тақырыбы 6: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 ж. Жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық дамуының кенеттен тоқтауы, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себептерін айқындауға ықпал ету; мәтінді өз бетімен меңгеруге, топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі бағалауға баулу.

Тәрбиелік: Сол кездегі үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан кісілердің іс-әрекеті негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: ЖИГСО, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: Портреттер, суреттер
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Жаңа тақырыпты ЖИГСО стратегиясы арқылы меңгерту.

Ойынның шарты:

1. Міндетті түрде 4 адамнан тұратын жанұя тобын құрамыз.

2. Жанұя мүшелерін 1,2,3,4 деп нөмірлейміз.

3. Енді бірлерді бір топқа, екілерді бір топқа, үштерді бір топқа, төрттерді бір топқа жинаймыз.

4. Бірлерге мәтіннің бірінші бөлімін, екілерге екінші бөлімін, үштерге үшінші бөлімін береміз.

5. Өз жанұяңа барып мәтіннің өзіңе тиісті бөлімін түсіндіресін. Олардың түсіну, түсінбеуі саған байланысты.

6. Жанұяңның әр мүшесі мәтіннің барлығын жазып шығуы керек.
Келесі кезекте әр топ өз іштерінен жауап беретін лидерді таңдаулары керек. Барлық топтың лидерлеріне кезекпен сөз беріледі.
Тақтаға Венн диаграммасын сызу. Әр топтан оқушы шығып толтыруы керек.

1. Индустрияландыру саясаты

2. Ұжымдастыру саясаты Ортақ нәтижелер
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма

Сабақтың тақырыбы 7: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық
Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылык, себептері, зардаптары, апат тұсындағы қазақ зиялыларының қимыл-қозғалысы, ашаршылық трагедиясы және демографиялық саясат туралы мәлімет беру.

2. Оқушылардың жаңа зерттеулер турасында дүниетанымын дамыту.

3. Оқушының Отан тарихын зерттеуге белсенділік іс-әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылықка тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақстан картасы, схема-таблицалар, тақырыпка байланысты деректер.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру.

Окытудың әдістері: жеке жұмыстар, жұптық жұмыстар, түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, ішінара іздену әдісі, ой қозғау, ой толғау әдісі.
I. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа бетбұрыс.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп

ұжымдастыру.



III. Оқушылар білімін тексеру.

1. «Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру» бағыты туралы қыскаша сипаттама /ауызша/.

2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты үкімет декрет

қаулылары /тақтамен жұмыс/.

3. Тестік тапсырмаларды орындау.

4. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру зардаптарын анықтау

/схеманы толтыру/.

IV. Үй тапсырмасы бойынша қорытынды жасау.

V. Жаңа білімді игерту.

Алдын-ала берілген тапсырмалар:

1) «Нәубет» /Алматы, «Жалын»-1990/ кітабы бойынша естеліктер оқып келу.

2) 1925-1933 жылдары ВКП /б/ Қазакстан өлкелік комитетінің бірінші

хатшысы кім болды? Ол туралы қысқаша мәлімет дайында.

3) 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты қосымша әдебиеттер табу.












І. Ой козғау стратегиясы:

Кім жіберді аштық деген пәлені?

Кім жауапты? Білгім келер соны мен

Түйе мініп, атпен шапқан жан еді

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен

Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындайда сүм айла,

Бүкіл жұртты қырып жою аштықпен,

Керек пе еді Аллаға, әлде Құдайға?

Аштық жайын еске алудын өзі мұң,

Шаншу сұрақ мазалайды: «неліктен»

Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің,

Жер бетінде жүре алмайсың еліктен
Осы шумактар төнірегінде ой козғау. Авторы Татьяна Невадовская

(1933 ж., наурыз)


II. Кесте бойынша жүмыс:

1) Аштық трагедиясы; әкімшіл-әміршіл террор, 1925 ж. тамыз - 1933 ж.

қаңтар Ф. Голощекин билігі /Ізмұқан Құрамысов, Семен Голодов, Елтай

Ерназаров/.

Аштық себеб-салдары:

-Сталиннің басшылығымен колхоздағы, жеке қожалықтардағы астык түгелімен сыпырылып алынды. Валюта үшін шетелге астық сату шектен тыс арттырылды.

-1931-1932 ж. қуаңшылық. 1932 ж. «Мешін жылының апаты»; малдың

мемлекеттік, қоғамдық меншікке айналдырылуы.

-1932 жыл 7 тамыз Сталиндік заң. Халыктың өнеркәсіп орындарына ағылуы; көрші республикаға, шетелдерге көшіп кетуі.

-Балалар тағдыры, ауру түрлерінін көбеюі. Қазақстанның ашаршылықтан жаппай қырғынға ұшырағаны 51 аудан.



Голощекиндік геноцид саясаты.

Ашаршылық тұсындағы қазақ зиялылары 1932 ж. 28 қыркүйек. 1933 ж. 9 наурыз Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары. 1932 ж. 4 шілде «Бесеудің хаты»

(Ғ. Мүсірепов, М. Гатауллин, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қыдыр Қуанышев)

Демографиялық жағдай және ашаршылық.

1897 ж. Ресей империясы жүргізген санақ - 4 млн. 84 мың.

1926 ж. - 6 млн. 62 мың 910 адам.

1930 ж. - 4 млн. 120 мың.

1931 - 1933 ж. аурудан 7% - 250 мың адам.

2 млн. 200 мың халыктың 51% көрші республикаға көшіп кету -1 миллионнан аса; 616 мыңы келмеске кетті, 414 мыңы кейіннен Қазакстанға оралды.

Қырғызстанға - 100 мың, 200 мыңға жуығы Қытай, Монголия, Ауғанстан, Иран, Түркияға кетті.

Дәптерге қысқаша деректер түсіру.

Сабақ бойынша негізгі ұғымдар мағынасын тану.
VI. Жаңа сабақты бекіту:

1) Аштық себептері

2) Ел баскарғандар саясаты

3) 1932 жыл 7 тамыз Сталиндік зан.

4) Балалар тағдыры.

5) Қазақ зиялыларының іс-қимылы.

6) 1932 жыл 4 шілде «Бесеудің хаты».

7) Халықтың әлеуметтік жағдайы, ашаршылықтан жаппай қырғынға

ұшыраған 51 аудан.

8) Халыктың көрші республикаларға көшіп кетуі туралы мәлімет.

9) Қазақ зиялылары белсенді әрекет жасай алды ма?

10) Халықты ашаршылық қырғынынан құтқарудың жолы қайсы?


VII. Үйге тапсырма. «Сыр бойындағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық» деген тақырыпта реферат дайындау.
VIII. Қорытындылау: 31 мамыр - Ұлы нәубет құрбандарын еске алу күні.
IX. Бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Нәубет. Алматы, «Жалын» 1990.

2) «Жұлдыз» журналы, 1993 №9 «Босқындар».

3) М.Қ. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов, Ж.Б. Әбілқожин. Қазақстандағы

күштеп коллективтендіру: қорлық пен зорлық. Алматы, 1992 жыл.

4) «Ақ желкен» журналы, 1991 №4, 1931-1932 жж. аштық зардаптары.




Сабақтың тақырыбы 8: Саяси қысым жағдайында
Сабактың мақсаты:

Білімділік: Коммунистік партия билеген тұста Казакстанның лагерьлер өлкесіне айналғаны туралы, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені, «Хрущев жылымығы» деп аталған кезең, зиялылардың кайта қудалануы туралы баяндау.

Дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айыр-машылықтарды ажырата білуге үйрету. Өз бетінше қорытынды жасауға

дағдыландыру.



Тәрбиелік: Халкының өткенін ұмытпауға, елін сүюге, әділетсіздікке

төзбеуге, ұлы түлғаларды қадірлей білуге үйрету.


Сабактың әдісі: Сұрақ-жауап. Ойын элементтерін еңгізе отырып,

оқушылардың өздігінше жұмыс істеуін талап ету.


Сабактың көрнекілігі: Зиялылардың портреттері, буклеттер. Алматы каласының картасы.
Сабактың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.

2. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін оқушыларға

сұрақтар қойылады:

1) Коммунистік партияның рөлі қандай?

2) Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі деген не?

3) Қазақстанның КСРО кұрамына одақтас республика болып енуі.

4) 1936 ж. КСРО-ның, 1937 жылғы Казак КСР-інің Конституциясы

бойынша Қазақстан қандай егемендік құқықтарға ие болып еді?

5) Комсомол, кәсіподақ ұйымдарының аткарған қызметі?

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз 1937-1953 жылдың аралығындағы

саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналады.

Екі топка бөлінеміз:

1.«Ақикат тобы» 2. «Әділет тобы»

I. «Жұлдызды сәт» әрбір дұрыс жауапқа бір жұлдызша беріліп отырады.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топқа - 1937-1938 жылдардағы лаңкестік туралы баяндау. (1937-1938

жылдары 101 мың адам репрессияга ұшырады, тікелей 27 мың адам атылды. Олардың тағдырын үштіктер шешті).

2 топқа - Қазақстан даласындағы лагерьлер (Қазақстан жерінде сол жылдары «Алжир», «Карлаг», «Степлаг» лагерьлері болды, онда 1,5 млн. адам қамауда жатты. Лагерьлерде 25 бөлімше болған, оның алып жаткан аумағына Франция мемлекеті сыйып кететіндей еді).

II. Теле сайыс.

Жүргізуші: Енді сіздерге тапсырма теледидар арқылы қойылады.

1 топ. 1930-1940 жылдарда «халық жауы» деген жаламен атылған арыстарымыз Алматы маңындағы қай ауылға жерленген? (Алматыдан 40 шакырым жердегі «Жаңалык» ауылында «халық жауы» деген жаламен атылған мыңдаған арыстарымыз жерленген).

2 топ. Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен қай жылы бұл жерге ескерткіш

орнатылды? 1997 ж. 21 мамырда.

1 топ. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» ал,

Қазақстанда қандай іс қолдан жасалды? (Бекмаханов ісі).

2 топ. Е. Бекмахановтың 1943 ж. жазылған еңбегі қалай аталады? (1943

жылы «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбегі Алматыда жарык көрді).

ІІІ. кезең. Жүргізуші: Келесі тапсырма. 1-топқа. 1930-1940 жылдардың

аралығында саяси айыптауға ұшыраған қазақ зиялыларының аты-жөндерін атандар. (Ә. Ермеков, X. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Тынышбаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Жүмабаев, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы, А. Жұбанов, С. Асфендияров, М. Төлепов т.б.)



2-топқа. 1940-1950 жылдардың басында әділетсіз саяси айыптауға

ұшырамаған қазақ зиялылары кемде-кем. Осылардың аттарын атаңыздар. А. Жұбанов, К. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайылов, I. Ке­ңесбаев, С. Мүканов, тағы баскалары болды. Ірі ғалым Ә. Марғұланның көзкарасы ғылымға жат деп танылды. Казак КСР Ғылым Академиясының Президенті Қ. Сәтбаев, дарынды жазушы Ю. Домбровский Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды. Қазактың ұлы жазушысы М. Әуезовке де Отанынан тыс жерден баспана іздеуге тура келді.



1-топқа. «Хрущев жылымығы» дегенді қалай түсінеміз? (Хрущев «жылымығы» Сталиннің «аязынан» кейін ұзаққа созылмаса да едәуір адамды жылытып, қатқан тонды жібітіңкіреді).

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жантаңдар -

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

2-топка. «Космополит» деген айып кімдерге тағылды? (Космополит -

өз Отанына, халқына жат адам деген мағынаны білдіреді. Биология, медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген

көптеген ғалымдарға тағылды).

4 кезең - Саяхат сәті.

Жүргізуші: Алматы көшесіне саяхат жасайық. Қуғын-сүргін кұрбандары болған қазақ зиялыларының есімдері берілген көшелерге саяхат жасайык.

1. С. Сейфуллин - ең ұзақ даңғыл.

2. А. Байтұрсынов -

3. Б. Майлин -

4. Е. Бекмаханов -

5. Т. Рысқұлов -

6. М. Жұмабаев -

7. С. Қожанов -

8. М. Массанчи -

9. А. Розыбакиев -

10. С. Жандосов -

11. С. Асфендияров –
Сабакты қорытындылау: Окушылардың ойларын тыңдау (Әкімшіл-әміршіл жүйені айыптайды. Сталинизмге айып тағу. Адам құқығына кол сұғылушылыкты айыптау).

Жүргізуші: Енді жиналған жұлдызшаларды санап, топтың бағасын

анықтаймыз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз өз нәтижесін берді. Жазықсыз куғын-сүргін кұрбандары бүгінгі күнде толық ақталып бітті. 31 мамыр саяси

қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Соңынан Әнұран орындалады.



Сабақтың тақырыбы 9: «Қазакстан екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде» тарауына қайталау сабағы.
Мақсаты:

Білімділік: Окушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша

қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.



Дамытушылық: Өткен такырыптар бойынша оқушылардың білім

деңгейін байкауға, тез ойлауға, есте сактауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену.



Тәрбиелігі: Достарын тындай білуге, өзін дұрыс ұстап мәдениетті түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету.
Көрнекілігі: Карта, карточкалар, портреттер, сөзжұмбақ.

Түрі: Дәстүрден тыс. (Интеллектуалды шоу ойын сабағы).

Барысы: Үйымдастыру кезеңі.
Жоспар:

1. «Бәйге» (шарты: сұраққа тез жауап қайтару).

2. «Кім тапқыр» (шарты: цифрлы диктанттың күндерін анықтау).

3. «Көкпар» (шарты: топпен ақылдаса отырып, жауап кайтару).

а) «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-

жөнін атап, өмірбаянына тоқталу).

ә) Әрбір топ карсылас топка қазіргі Қазакстандағы жаңалыктарға

байланысты 5 сұрактан дайындау.

4. «Мені түсін» (карточкадағы жазылған көрнекті қайраткерлердің

сөздері кімге арналғанын табу).

5. 2 топқа сөзжүмбақ шешу.

6. Қортындылау шешімін табу.



1. «Бәйге»

I топ сұрақтары:

1. «АрбайтегемайншафтТуркестан» шын мәнінде бұл қандай ұғым?

(Неміс жоғарғы барлау мектебі).

2. Кейіннен 8 гвардиялық дивизия аталған 316-шы атқыштар дивизия-

сы Рига қаласын азат етуге қатысқан үшін немен марапатталды? (2-ші

дәрежелі Суворов орденімен).

3. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына сай қайта кұру деген не?

(Экономиканы тек соғыс қажеттерін өтеу үшін қайта құру).

4. Ұлы Отан соғысы жылдарында батыс облыстардан Қазакстанға

қанша өнеркәсіп орындары көшірілді? (220).

5. Генерал-майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы аткыштар дивизиясы кай кала үшін шайқасты? (Москва).

6. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс

офицерінің көзін жойған кім? (Төлеген Тоқтаров).

7. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде казақтың халык акыны

Жамбыл ленинградтыктарға қандай жырын арнады? (Ленинградтық

өрендерім).

8. 1943 жылы тарыдан өнім алуда дүниежүзілік рекорд жасаған кім?

(Шығанак Берсиев).

9. Мәншүк Мәметова қай кала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік жасады? (Невель).

10. Рейхстагқа ту тіккен жас қазақ офицер кім еді?(Рақымжан Қошкарбаев).



II топ сүрактары:

1. 1940 жылы желтоқсанда қабылдаған Гитлердің «Барбаросса» жос-

парының мәні неде? (КСРО-ны талқандап, шығыста «Өмір кеңістігін»

камтамасыз ету).

2. 1942 жылы Ембі мұнайшыларына еңбектегі ерліктері үшін

мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы қанша рет тапсырылды? (12 рет).

3. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен КСРО-да нешінші орын

алды? (2-ші).

4. Ленинград үшін шайқаста Александр Матросовтың ерлігін қайта-

лаған кім? (Сұлтан Баймағанбетов).

5. Қазақстандык партизан жазушы кім? (К. Қайсенов).

6. «Ағам да, апам да жок, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді

өтінемін» деген сөздер кімдікі? (Мәншүк Мәметова).

7. Қазақстандық жауынгерлер коршаудағы кай каланы «үлкен жер-

мен» байланыстыратын «өмір жолын» салуға катысты (Ленинград).

8. Жерлесіміз Ідіріс Үргенішбаев қай жер үшін шайқаста қаза тапты?

(Днепр үшін).

9. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған ұшқыш кім? (Тал-

ғат Бигелдинов).

10. Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров кім? (Ұшкыш).


II. «Кім тапкыр»

I топ.

1. Үлы Отан соғысы қашан басталды? (1941 ж. 22.VI).

2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? (1910-1982 жж.).

3. Ідіріс Үргенішбаевка Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді?

(1967 ж. 4 мамырда).

4. Соғыс жылдарында майдандағы әскери бөлімдерге Қазакстан өнер

кызметкерлерінен кұрылған қанша концерт бригадасы барды? (11).

5. Қай күнді Жеңіс күні деп тойлаймыз? (9 мамыр).

6.1941 жылы Совет Одағы соғыс самолеттерін шығару жөнінен нешінші орынға шықты? (3-ші).

7. «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы заң кашан қабылданды?

(1939.1.ІХ).

8. Ұлы Отан соғысында одақ бойынша қанша адам Кенес Одағының

Батыры атағына ие болды? (11 мың 600 ден аса).

9. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Данилович Луганский

жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? (37).

10. Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар қанша жауынгерлік ма-

шина Сталинград майданына табыс етілді? (45).
II топ.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? (1939 жылы).

2. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? (1945 жылы).

3. Ідіріс Үргенішбаев қай жылдары өмір сүрген? (1912-1943 жж.).

4. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? (1990 ж.).

5. Қанша қазақстандыктар Кеңес Одағының Батыры атағына ие бол-

ды? (500-ден аса).

6. Ұлы Отан соғысы жылдарында мамандарды дайындау мақсатында

Қазақстан қанша жас өспірімдерді әскери училищеге жіберді? (42 мың).

7. Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды? (316-шы атк-

ыштар дивизиясын).

8. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры ата-

ғын алған ең жас Жәнібек Елеусізов нешеде еді? (18 жаста).

9. Соғыс уақытында Қазақстан бүкіл одактың қорғасынының қанша

пайызын берді? (85%).

10. 1943 жылы республикадан заводтарды қалпына келтіру жүмыста-

рына қанша комсомол жіберілді? (1439).

ІІІ. «Көкпар» I топ.

1. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң кашан қабылданды? (1991 ж.

16 желтоқсан).

2. Желтоқсан окиғасы болған жылды атаңыз? (1986).

3. Қай жылдарды Ресей елі Қазақстан еліне арнады? (2003).

4. ҚР «Ата Заңы» қашан қабылданды? (1995 ж. 30.08).

5. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қашан жарык көрді? (1975).
II топ.

1. Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар? (12 млн. астам).

2. Қазақ халқы қай нәсілге жатады? (Монғолоидтык).

3. Қазақстанда қанша қазақ тұрады? (8 млн. астам).

4. «Невада-Семей» антиядролык қозғалысы қай жылы құрылды және

оның көшбасшысы кім? (Олжас Сүлейменов 1989 жыл).

5. 1992 жыл 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай окиға болды?

(Қазақстанның БҰҰ-на өтуі).



IV «Мені түсін»

I топ.

а) «Біз-кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің

кек отымыз қандай темір болса да ертіп, күйдіріп жібере алады. Біздің

үрейді жеңетін ең күшті каруымыз ол - Отанған деген сүйіспеншілік.», - деп кімнің кай жағдайда айтқан сөзі? (Москва үшін шайқастарды еске ала отырып, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Б. Момышұлының жазғаны).

ә) «Неміс окупанттарына өлім келсін, Ленин қаласы үшін» деп кімнің айткан сөзі (372-ші атқыштар дивизиясының 5-ші ротасының бөлімше командирі комсомолец Койбағаровтың Ленинград каласы үшін шайқаста айтқан сөзі).

II топ.

а) «Россия кең-байтак, бірақ шегінерге жер жок, артымызда Москва»

кімнің, қай жағдайда айткан сөзі? (Москва түбіндегі Дубосеково разъезі түбіндегі ұрыста рота жетекшісі В.Г. Клочковтың жауынгерлерге айтқан жалынды сөзі).

ә) «Осы бір толғауды көзіне жас алмай және тебіренген куаныш

сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл хатты тың күш келіп жеткендей бағаладық. Қазақстан халқы бізге туыскандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады, ол біздің күшімізді еселей түсіп, жаумен шайқаска кірістік» деп кімнің, қай жағдайда айтқан сөзі? (Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы жазушы Всеволод Вишневскийдін жазған сөздері).

Мұғалімнің сөзі: «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз көп ұлттың жасанды және түрақсыз бірлестігі, сондықтан олардың арасында алауыздык пен жікке бөлудің кез келген түрлері арқылы оңай олжалаймыз» деп ойлады. Және болашақтағы «Үлкен Түркістан» отары картасының жобасын әзірледі. Фашистер біздің жерімізде жасаған айуандығы мен жауыздығын тарих бұрын-сонды білген емес. Осындай сұрапыл қиындыққа, ғаламат ауыртпашылыққа карамастан, совет халкы, оның қарулы күштері бұл соғыста жеңіп шықты. Соғыс жылдарында көп ұлтты совет жауынгерлері тамаша ерлік көрсетті. Өз отанын корғауда көрсеткен тамаша ерліктері үшін, мыңдаған жерлестеріміз Кеңес Одағының ордендерімен, медальдарымен наградталса, ал I. Үргенішбаев Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Отанды қорғауда аскан каһармандык көрсеткен әйгілі жерлесіміз

I. Үргенішбаевты әрдайым еске алып, қадір тұтамыз. «Ерлер есімі - ел

есінде» демекші I. Үргенішбаев есімі мәңгі жадымызда деп сабағымды

аяктаймын.

V. Қорытынды шешімі: Окушылардың сабакка белсенді катысуына байланысты баға қою.
VI. Үйге тапсырма беру

Сабақтың тақырыбы 10: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Білімділік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы. Майдандағы қазақстандыктардың ерлігі және олардың соғыска қосқан үлесі жайлы түсінік беру.

Дамытушылык максаты: Сабақ барысында окушылардың тарихи оқиғаларды есте сактау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау кабілетін дамытудағы және қазіргі заманғы көзкарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік максаты: Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу.
Көркемділігі: Карта, электронды оқулык, тест-сұрақтар, баспасөз материалдары.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ішінара іздену.
Сабактың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Өткен сабақпен байланыстыру.

3. Жаңа сабақ.


I. Кіріспе.

Пән мұғалімі - кіріспе сөзін сөйлейді.

Гитлерлік Германия - 1941 ж. 22 маусымда Кеңестер Одағына соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Олардың мақсаты - Кеңес елін отарға айналдыру, халкын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын. Кеңестер елінің, халкының міндеті - жауға тойтарыс беру, елін, жерін, халқын, құлдықтан сақтау болды. Қазақстандықтар да соғыска өз үлестерін қосты.

І-бөлім. Жобалау техникасы.

Үш топтың сарапшылары компьютерлерге отырып, тақырыптарын таңдайды.

Электронды оқулыктың ішінен Модуль 4 бөлімі бойынша фашист басқыншыларына қарсы соғыс тақырыбын алынады.

Шарты:


1. Болған оқиғаларды баяндау, картамен байланыстыру, сұрақтар, тест дайындау.

2. Оқиғаның маңыздылығына, тәрбиелік мәніне, шындык тағылымына

сүйену.

3. Тарихи маңызы, өмірмен байланысуы.


ІІ-бөлім.

Әр топ өздері дайындаған жұмыстарымен таныстырады. Бірін-біріне сұрақ, тірек сызбалары арқылы сабақ түсіндіреді. Тақырыпты меңгеруі, әрбір оқиғаның ерекшеліктерін жетік меңгеруі аңғарылады.


Ш-бөлім: Топ бір-біріне тапсырмалар береді.

«А» тобы

1. Қазақстан экономикасы неліктен соғыска бейімделіп қайта құрылды?

2. Экономиканы соғыска бейімдеп қайта кұруды оқып үйрен, тірек сызбасын сыз, конспекті жаз, тест сұрағын дайында.

«Б» тобы

1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында?

2. Қазақстандықтар майданда тақырыбын оқып үйрен, тірек сызбасын сыз, конспекті жаз, тест сұрағын дайында.

«В» тобы

1. Қазақстандық Кеңес Одағы Батырлары, оның ішінде Қызылордалық Батырлардың ерлігі және даңкы?

2.Қазақстандық Батырлар жайлы материалдар дайындау, ерліктерін оқу, конспекті жаз, тест сұрағын дайында.
Осы материалдарды оқушылар өздері ізденіп, талқылап, пікірталастар туғызып өз ойларын ортаға салу керек. Ол үшін мүғалім қосымша материалдар дайындауға көмектесі, бағыт-бағдар береді.

Сергіту сәті: Магнитофоннан (үн таспадан) майдан әндері қосылып қойылады. Окушылардың ойларын тынықтыруға және өткен ата бабаларының жолдарын көзалдарына елестетуге, еске түсіруге мүмкіндік беріледі.
«Бүгінгі сабақта» тақтасына арнайы көмекші құралдар ілінеді. Батырлардың

суреттері, бейнетаспалар, фото-алъбомдар көрсетіледі.



Сынақ сұрақтары

«А» тобы

1-билет

1. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына көшіру барысын қалай түсінесін?

2. Кәсіпорындарды Қазақстанға көшіру және орналастыру туралы айтып бер?

2-билет.

1. Қазақстанға майдан өңірлерінен қанша кәсіпорындар көшіріліп әкелінді және неліктен?

2. Өнеркәсіп орындарын көшіру қандай бағытта жүргізілді?

3-билет.

1. Қазақстанға көшірілген кәсіпорындардың екінші легі қай жылдары

келді?


2. Қазақстанның жолға қойылған әскери экономикасы дегеніміз не?
4-билет.

1. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар қай аймаққа орналастырылды?

2. Социалистік жарыс қалай ұйымдастырылды?

5-билет.

1. Қазақстан КСРО-ның әскери өнеркәсіп базасына айналды дегеніміз не?

2. Қазақстан ауыр өнеркәсіп, әскери индустрияның шикізат базасы екенін дәлелдеп бер?



«Б» тобы

1-билет.

1. Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін ұрыстардағы жаппай ерлігі?

2. Қазақсан жауынгерлерінің - майдандағы ерліктері туралы айт?

2-билет.

1. Мәскеу үшін шайқаста Қазақстанда құрылған дивизияларды ата?

2. Панфиловшылардың ерлігі жайлы айтып бер?

3-билет.

1. Сталинград шайқасы кезінде Қазақ КСР-ы қандай рөл атқарды?

2. Қазақстандықтар не үшін ұрысты?

4-билет.

1. Матросовтың ерлігін қайталаған Қазақстандықтар туралы айт?

2. Ленинград түбіндегі Қазақстандық әскери құрамаларды ата?

5-билет

1. Соғыс жылдарындағы ұлтаралык қатынастарды қалай түсінесің?

2. Қазіргі біздің өміріміздегі ұлттардың достығы?


«В» тобы

1-билет.

1. Қазақстандық қанша жауынгер Кеңестер Одағы Батыры атағын адды?

2. Қанша Қазақстандықтар соғысқа аттанды?

2-билет.

1. Қанша қызылордалық жауынгерлер батыр атағын алды?

2. Т. Көмекбаев қандай ерлігі үшін батыр атағын алды?

3-билет.

1. Ә. Абуталипов соғыска неше жасында аттанды?

2. Оның ерлігі жайлы әңгімеле?

4-билет.

1. Қазақстандық батыр қыздар жайлы не білеміз?

2. Н. Ілиясов қай ауданнан соғыска аттанды?

5-билет.

1. Гастеллоның және Матросовтың ерлігін қайталаған жауынгерлер?

2. Екі мәрте Кеңестер Одағының Батырларын ата?


«А» тобының қарсылас топтарға қоятын тест сұрақтары

Қазақстанға Батыс регионнан қанша өнеркәсіп және қанша адам келді?

а) 142 өнеркәсіп, 532506 адам

б) 100 өнеркәсіп, 80000 адам

в) 50 өнеркәсіп, 45 000 адам.

2. Соғыстың алғашқы жылында қанша рудник жұмыс істеді?

а) 30 рудник

б) 25 рудник

в) 20 рудник.

3. Қазакстанда жалпы одақтық қанша пайыз мыс қорытылды?

а) 50%

6) 40%


в) 30%.

4. Қазақстандық комсомолдар атынан қанша танк жіберілді?

а) 45

6)40


б) 35.

5. Депортация жасалған халықтар кімдер?

а) орыс, украин, белорус

б) неміс, болгар, карашай, шешен

в) грузин, армян, әзербайжан
«Б» тобының қарсыластарына дайындаған тест сұрақтары

1.1941 - 1942 жылдары Қазақстанға қанша зауыт-фабрика көшірілді?

а) 220

6) 200


в) 300.

2. Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды?

а) 316 атқыштар дивизиясы

б) 8 гвардиялық дивизиясы

в) 73 гвардиялық дивизиясы.

3. Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген қазақстандық батыр кім?

а) Т. Тоқтаров

б) С. Баймаганбетов

в) К. Сыпатаев.

4. М.Мәметова қай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік жасады?

а) Гомель

б) Мәскеу

в) Невель

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға қанша әрбір қазақстандық аттанды?

а) алтыншы

б) бесінші

в) үшінші.
«В» тобының қарсыластарына жасаған тест сұрақтары

1. Канша қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атағын алды?

а) 500

6) 400


в) 300.

2. Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры атағын алған кім?

а) Т. Бигелдинов

б) К. Ырысбеков

в) Б. Исханов.

3. Ә. Абуталипов Тисса өзеніне неше рейс жасады?

а) 45

6) 47


в) 49.

4. Н. Ілиясовқа қандай ерлігі үшін Батыр атағы берілді?

а) Дунайдан өткені үшін

б) Тиссадан өткені үшін

в) Одерден өткені үшін.

5. Қызыл алаңдаЖеңіс парадына қатысқан майдангер?

а) Ж. Қалдықараев

б) Т. Көмекбаев

в) Е. Дәуітов.
Тест сұрақтары мен сынақ сұрактарын тексеріп, әр топ өз бағаларын

береді. Мұғалім оқушылардың өздеріне тікелей сұрақ қояды.

Сабақты қорытындылар кезде 3 бөлімнің негізінде корытынды жасау үшін мына сұрақты береді.

-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандыктардың аткарған рөлі

және маңызы қандай болды?

Бекіту: Казақстандыктардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі көп. Бұл соғыста 100 мыңдаған қазақстандыктар опат болды. Бүгінгі ұрпақ осынау ер жүрек ерлердің алдында мәңгілікке қарыздар. Ешкім де, еш уакытта ұмытылмайды.
Бағалау, марапаттау.

Үйге тапсырма:

1. Оқулық материалы 10 тарау

2. Оқулықтағы қосымша деректер

3. Реферат дайындау.




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет