Бексейітова А. Т



бет3/5
Дата17.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#9465
1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы 11: Ленинград қорғаудағы қазақстандықтардың ерлігі
Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Ленинград майданындағы қазақстандыктардың ерлігі, антка беріктігі, тылдағы көмегі жайлы зерттеу жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: өз бетінше тақырып бойынша іздену, зерттеу, шығармашылык жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: тарихты білуге, туған жерін сүюге, ерлікке, батылдыққа баулу.
Әдіс-тәсіл: баяндау, көрсету, сұрак-жауап, тірек белгілер.
Көрнекілік: карта «Ленинград майданы». «Ұлы Отан соғысы» бейнетаспа. «Ленинград майданындағы қазақстандыктардың ерлігі» суретті. Стендте «Ленинградтыктарға сәлемдеме» таблицасы, Жамбыл өлені жазылған листовка көшірмесі, құжаттар, хаттар, газет материалдары. Бауырластар зиратындағы түсірілген суреттер. Ардагерден жазылып алынган үнтаспа.
Сабактың түрі: іздену, зерттеу сабағы.
Сабактың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жоспары:

1. Кіріспе.

2. Ленинград майданы. Ленинград майданындағы қазақстандыктардың

ерлігі.


3. Суретті стенд бойынша қазақстандыктардың ерлігін көрсете отырып

дәлелдеу.

4. Бейнетаспа. Орталық мұрағаттан тақырыпқа сәйкес жүйелі жазылып

түсірілген.

5. Қазақстандыктардың Ленинград майданына көмегі, сәлемдемелер.

Карта және тірек белгілер арқылы көрсетіледі.

6. Бауырластар зиратына жерленген қазақ жауынгері Қаратай Тоқбайұлы жайлы зерттеу жұмысы.

7. Қазіргі көзі тірі ардагерлер жайлы және жазылып алынған үн таспа.

8. Ерлік, батырлык, отан жайлы мақал-мәтелден жарыс.

I. Мұғалімнің кіріспе түсінігі.

Оқушыларға ғылыми іздену, зерттеу сабағының мақсатымен таныстыру, тақырыпқа түсінік беру.

- Миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен

осы бір тарихи окиғаға биыл 68 жыл толады. Бес жыл бойы сіркіреген ажалдан аман шығып, бүгінге жеткен майдангерлер Жеңіс күнін мәңгі ұмытпайды. Осының айғағы, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың

1945 ж. 7 мамыр күні Берлин маңындагы казармада таңғы ұйқыда жатып

естіген Ұлы Жеңісті жырға қоскан «Жеңіс даусы» өлеңінен үзінді.

Жеңіс даусы - құдыретті үн,

Құйылды кеп кеудемізге.

Қалдық ұйып. Дүние шіркін,

Өліміз бе, тіріміз бе?

Тік көтеріп шаттық дауыл,

Өрт боп қаулап шықтық сыртқа

Өскен қала, туған ауыл,

Не күйде екен осы уақыта?!

Ұлы Жеңісті миллиондаған жүректер осылай қарсы алды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.

Дүние жүзін шарпыған жаһандық соғыс қазақ халкының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» 1941 ж. қазан айында «Қазақтар» деген мақалада Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялык Панфилов дивизиясы жайлы, ағылшьн тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдары» деген еңбегінде қазақтардың ерлігін көрсетті. Мәскеу, Сталинград, Ленинград майданыңдағы қазақтардың ерлігі әлемге әйгілі болды.



II. Окушылардың шығармашылық жұмыстарын корғату.

Әр оқушы өзінің ізденгенін, зерттегенін баяндайды.

- Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде фашистік жауыздар Ленинградты штурммен алуға тырысты.

1941 ж. 11 шілдеде-ақ фашистік радио гитлершілдердің бронетанк

бөлімдері «Ленинградқа таяп қалдымыс» деп бүкіл дүние жүзіне мақтанышпен хабарлаған еді. Бұл үміттері сәтсіз аяқталды. Фашистер шабуылды 10 тамызда қайта бастады. 21 тамызда 32 жаяу әскер дивизиясы, 4 моторлы дивизия, 4 танк дивизиясы шабуылды өрістетті. 6 мың зеңбірек, 4 мыңдай станокты пулемет, 15 мыңдай қол пулеметі, 4500 миномет, 1 мың танк, 1 мыңнан астам самолет болды. Жаудың күші Ленинград қаласын қорғаушылардың күшінен алты есе артык еді. Соған қарамастан қаланы ерлікпен қорғады. Қазақстандықтар қаланы елмен байланысын қамтамасыз етуге ат салысты. Ладога көлінің үстінен «өмір жольн» салуда, Ленинградты қорғауда ерліктері зор. Отанды қорғауда антқа берік екенін дәлелдеді.
III. Суретті стенд және кұжаттар арқылы қазақстандыктардың ерлігі ба-

яндалды.

- Ленинград майданыңдагы батырлар:

- А.Г. Батурин жайлы Каз. Рес. Орталык мемлекеттік мұрағаты кор. 1660..

Тізбе 1., Іс5 д.л.1. Жоғарғы советтің бүйрығымен Совет Одағының Батыр

атағы, «Алтын жүлдыз» «Ленин орденімен» наградталғаны жайлы. Москва,

1942 ж. Батуриннің Нинаға жазған хаттарының көшірмесі

- Әлия Молдагулова жайлы деректер, хаттар «Қазақ халкының даңқты

қызы» деген атпен жазылған листовка көшірмесі. Мүнда Әлияның тапсырма кезінде ерекше көзге түскені. Ер жүрек қыз 20 шақты фашистің көзін жойып, Отанын ерлікпен корғап, Отан үшін жанын пида еткені жазылған.

«Жоғарғы Совет Президиумының Указы бойынша Әлия Молдағүловаға

Кенес Одағының Батыр атағы берілді» делінген.

Әлияның Сапураға жазған хаттары. Онда туған жерге сағынышы және

өзін Ленинградты қорғаушымын деп сезінуі, мергендік дайындықта оқып жатқаны, соғыстың қиындығына қарамай жеңіске жететінімізге сенетінін жазған.

- Сұлтан Баймағанбетов 1920 жылы Қостанай облысының Семиозер ауданындағы Кояндыағаш ауылында туған. Соғыска дейін ауылдық советтің секретарі болып қызмет істеген. А. Матросовтың ерлігін қайталаған қазақ батыры. Ерлігімен әлемге әйгілі болған С. Баймағанбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның даңкты есімі Ұлы Отан соғысы тарихына алтын әріппен жазылды.

- Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлені жазылған сол кездегі таратылған листовка көшірмесі.

Ленинградтық өренім!

Мақтанышым сен едін!

Нева өзенің сүйкімді

Бұлағымдай көремін!

Қазақ ақыны Жамбылдың үңдеуі:

«Ленинградтық өренім» өлеңі Ленинградты қорғаушылардың рухын көтеріп, жеңіске рухтандырды. ОКНО. ТАСС. Ленинград. «Последние известия».

- Окушылар С. Жылкышев, Р. Селбаев. Құрымбаев, К. Дабылов. Шыныбеков. О. Молдағалиев, Ә. Ахметов, К. Саргаскаев, т.б. жайлы суреттерін көрсете отырып, олардың ерлік істерін баяндады.

- «Даңк гвардия батыры» атағын Голенов, Нүрмұхаметов, Болдырев ерлігі үшін үшінші «Даңк орденімен» марапатталган. Листовка. 1944 ж. январь.

- Қазақстандағы азаматтарға!

Майданда жүрген қазақ жауынгерлерінен хат.

Ленинград қаласын жау қоршауынан тазалап жүрген, жаралы болып, госпиталда жатып, қазақ жауынгерлері болып жазып отырмыз. Хатты ұйымдастырып жазушы аға-лейтенант Бөгебаев Н. Қазақстандага ата-ана, іні-қарындас, әйелдеріміз, күндіз-түні шаршамай соғыста жүрген сіздердің інілеріңіз, балаларыңыз бен күйеулеріңнен жалынды салем жолдайды. Хатта қазақ жауынгерлері Ленинградты ерлікпен қорғап жүргендері жайлы, қазақ елінің Ленинградты қоргауға берген көмегі және сәлемдемелеріне рахметтерін айтып, жазылған жауынгерлер жолдап қолдарын қойган.

Аға- лейтенант Бөгенбаев Нұрбосын Ақсу ауданынан.

Кіші лейтенант Байсарин Нәсір Актөбе облысы, Жымпиты ауданы.

Лейтенант - Қадықов Шапиден.

Старшина - Кулакин Елеуке.

Сержант- МырхасковДәукен.

Жауынгер - Жунусбеков Сәйден, т.б.
IV. Бейнетаспа. Тақырыпка сәйкес орталық мұрағаттан жазыльш алынған.

V. Ерлік, батылдық, отан жайлы мақал-мәтел айтудан жарыс өткізілді.

Оқушылар толық қатысты, ізденіс жұмыстары жоғары бағаланды.

Пайдаланган әдебиеттер:

1. Ж. Ишмұратов «Ленинградты қорғауға қатысқан Қазақстандықтар».

1954 ж. 19-34 бет.

2.3.Ш. Кашкенбаев «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында». 1970.

3. «Ленинградская ледовая трасса» 1965, с. 52-80.

4. «Казахстанцы в боях за Ленинград» с. 130-213.

5. «Ана тілі» газеті № 19.6-6.2004.

6. «Қазақ батыры» №5. 2002.

7. «Хан тәңірі». «Ұмытылмас есімдер» газеті 3-6.

8. «Боздақтар» 1-2 т. Алматы 1995.




Сабақтың тақырыбы 12: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды 50-60 жылдарда артта қалған ауыл шаруашылығын алға бастырудың жолын іздеген әкімшіл-әміршіл жүйенің іс-әрекетімен таныстыру. Бүкілхалыктық қозғалыстың барысы мен нәтижесін жан-жақты баяндау арқылы оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игерудің мәні мен маңызын, зияны мен зардабын анықтап көрсету. Нақты мәліметтер мен деректерді көрсете отырып, тың және тыңайтан жерлерді игерудің Қазақстан үшін пайдасы мен зиянын окушылардың өздеріне анықтатқызу.

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи даталар мен тарихи оқигаларды

есіне сақтауға дағдыландыру. Кажетті нүктелер мен аймақтарды оқушыларға анықтату арқылы картамен жұмыс жасауды одан әрі жетілдіру, оқушыларды тарихи фактілерді саралап, олардың себеп-салдарын анықтауға, окиғаларды салыстыруға, жүйелеп қорытынды жасауға үйрету. Оқушыларды тарихи деректерді зерттей алуға, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.



Тәрбиелік: Тың және тыңайған жерлерді игеруде ерен ерліктің үлгісін

көрсеткен тыңгерлердің еңбегін көрсету арқылы оқушыларды еңбекке

баулу. Бүкілхалықтық қозғалыс кезінде нығайған халықтар достығын

әңгімелей отырып, оқушыларды ізгі дәстүрге тәрбиелеу.Үлкен тарихи оқиғаны саралау арқылы өткенді құрметтеуге бағыттау.


Сабактың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі сызба-әдістер, сұрақ-жауап әдістері мәселелік-мәліметтік әдістер, ізденіс әдістері, салыстыру-талдау - жинақтау - қорыту әдістері.

Сабактың көрнекілігі:

а) Көлемді көрнекіліктер: Карта, портреттер, тақырыптық суреттер;

б) Дидактикалық материалдар: Тірек нүктелер, тірек сызбалар, тарихи домино, тарихи сынақхат, контурлык карта, тесттер;

в) Қосымша әдебиеттер: В.И. Брежнев. «Тың» Алматы, 1997 ж. К. Абуев. «Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен». Алматы, 1989 ж., фото-альбом «Қазақстан». Алматы, 1975 ж.

г) Техникалық құралдар: компьютер, кодоскоп, магнитофон.
Сабактын күрылымы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

V. Үйге тапсырма. Бағалау.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылармен амандасу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

- Мұғалімнің оқушылардың үй тапсырмасын орындауына қолайлы

жағдай туғызуы;

Мүғалім: - Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілген болатын?

Оқушылар: - Қазақстанның 1950-1965 жылдар аралығындагы саяси-экономикалық жағдайы.


- Үй тапсырмасы әр түрлі тәсілдермен тексеріледі.

I қатар тапсырмалары:

- Тест (1-варианттағы тест тапсырмалары оқушыларға таратылып,

кейін кодоскоп арқылы тексеріледі).
1-вариант.

1. 1946-1954 жж. Ж. Шаяхметов Қазақстандағы ең белгілі адам болды.

Ол қандай қызмет атқарды?

А) Көрнекті мәдениет қайраткері;

Ә) КОКП ОК саяси бюросының мүшесі;

Б) Белгілі шопан;

В) Қазақстанның компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы.

2. Индустрияландыру дегеніміз не?

А) Ауылшаруашылық техникасымен жарақтандыру;

Ә) Женіл және ауыр өнеркәсіптің даму процесі;

Б) Халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфракұрылымның дамуымен және индустрияланған

халыктың пайда болуымен жүзеге асады;

В) Демократиялық реформалар партиясы.

3. V бесжылдықта республиканың ауыр өнеркәсібінде қай сала

жетекші орын алды?

А) Отын-энергетика; Ә) Машина жасау;

Б) Түсті металлургия; В) Жеңіл өнеркәсіп.

4. Қарағанды шахтерлері өз тәжірибелерін алмастырған каласы?

А) Екібастұз; Ә) Донбасс;

Б) Жезқазған; В) Соколов-Сарыбай.

5. Қазақ болат қорытушысы.

А) Сұлтан Кәкенов; Ә) Болат Мырзахметов;

Б) Апақ Байжанов; В) Ыбырай Жақаев.

6. V бесжылдқкта барлау-іздестіру, бұрғылау жұмыстары жүргізілген

жаңа кен орындары:

А) Кұлсары, Комсомольск; Ә) Макат, Доссор;

Б) Тереңөзек, Қарсак; В) Қаламкас, Жетібай.

7. Алматы ауыр машина заводының құрал-жабдықтары қай елдерге

экспортка шығарылды?

А) Капиталистік елдерге және АҚШ-қа;

Ә) Халыктық демократиялық елдерге және Индияға;

Б) Дамытушы елдерге және Жапонияға;

В) Аталған елдердің бәріне.

8. Қазақстанда индустрияландыру неден басталады?

А) Темір жолдар салудан;

Ә) Зауыт пен фабрикалар салудан;

Б) Кадрлар дайындаудан;

В) Табиғат байлыктарын зерттеуден.

9. Қазақстан жеңіл өнеркәсібіндегі жақсы дамыған сала:

А) Тоқыма бұйымдар саласы;

Ә) Тамақ өндіру саласы;

Б) Мақта-өндіру саласы;

В) Былғары аяк-киім саласы.

10. Мойынқұм-Шу темір жолы республиканы қай елдермен байланыстырды?

А) Батыс-Сібірді Орталық Ресеймен;

Ә) Қиыр Шығысты Батыс республикалармен;

Б) Батыс республикаларын Шығыс елдерімен;

В) Кавказ республикасын Орта Азия республикаларымен.


II қатар тапсырмалары.

- Картамен жүмыс (Контур карта әр оқушыға таратылады. Өнеркәсіп

орындары мен темір жол тораптарын аныктаған окушы Қазақстанның

саяси картасынан қажетті нүктелерді тауіп, апликациялар жапсырады).
III қатар тапсырмалары.

- Тест (2-варианттағы тест тапсырмалары оқушыларға таратылып,

кейін кодоскоп арқылы тексеріледі).

2 вариант.

1. Саяси көзкарасы үшін қудаланған Шығыс Қазақстан мектебінің

орыс тілі мұғалімі.

А) М. Елікбаев; Ә) М. Сүлейменов;

Б) Е. Бекмаханов; В) Ж. Шаяхметов.

2. 1950-1960 ж. ортасында республикада экономиканың қай саласы каркын дамыды?

А) Ауыр өнеркәсіп; Ә) Жеңіл өнеркәсіп;

Б) Тамақ өнеркәсібі; В) Ауыл шаруашылығы.

3. 1958 ж. Қазақстан Одактық республикалар ішінде өнім өндіру

жөнінен нешінші орында болды?

А) Бірінші Ә) Екінші;

Б)Үшінші; В)Төртінші.

4. V бесжылдықта пайда болған өндірістік қала.

А) Ақтау; Ә) Екібастұз;

Б) Шымкент; В) Семей;

5.1954-1958 жж. қандай өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды?

А) Әуе; Ә) Темір жол;

Б) Автотранспорт; В) Теңіз жолы.

7. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы арасындағы сәйкессіздікті жою

туралы шешім КОКП-ң қай пленумында, қай жылы қабылданды?

А) 1951 ж. қыркүйек; Ә) 1952 ж. қыркүйек;

Б) 1953 ж. кыркүйек; В) 1954 ж. қыркуйек.

8. 1953 ж. қыркүйек айында өткен КОКП пленумында қандай мәселе

қаралды?


А) Ауыл шаруашылығында орын алған жағдайга талдау жасап, оның

даму болашағын анықтау;

Ә) Экономиканың даму мәселесі

Б) Жеке адамға табыну мәселесіне көңіл бөлінді;

В) Республиканың индустриялық даму жағдайы қарастырылды.

9. 1953-54 ж. мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына қандай

жеңілдіктер ұйымдастырылды?

А) Колхоздарға дербестік берілді;

Ә) Ауылшаруашылығы техникамен жабдықталып, электр қуаты

кеңірек қолданылатын болды;

Б) Ауылшаруашылық өнімдерін жоғары бағамен сатып алды және

бұрынғы қарыздарынан босатты;

В) Жауаптардың барлығы.

10. Экстенсивтік даму бағыты.

А) Өндірілген өнімнің сапалық көрсеткіші;

Ә) Өндірілген өнімнің сандық көрсеткіші;

Б) Өндірілген өнімге бағаның артуы;

В) Өндірілген өнімге бағаның кемуі


Тарихи сынақхат (Тарихи сынақхат мәтіні кодоскопқа түсіріледі, әрі

оқушыларға жеке-жеке таратылады. Қажетті сөздерді тез тапкан окушы

сынакхатты дауыстап оқиды, калған оқушылар тексереді).

Тарихи сынакхат

50 ж. басы - 60 ж. ортасында республиканың коғамдық - саяси өмірі

одан әрі нығайды. Қоғамның барлык жүйесіне өктемдік билік жүргізді. Ел экономикасының қарқынды дамуына көңіл бөлініп, жетекші салаға айналды. Экономикалық баскарудағы қателіктердің салдарынан халык шаруашылығының басты салалары - өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының арасында туындады. Жіберілген қателіктерді жою мәселесі болған КОКП пленумында қаралды.

Қажетті сөздер: Әкімшіл-әміршіл жүйе, коммунистік партия, ауыр өнеркәсіп, қара және түсті металлургия, сәйкессіздік, 1953 жылғы кыркүйек пленумы.

III. Жана тақырыпты түсіңдіру.

Мүғалім: - Оқушылар, 1953 ж. қыркүйек пленумының шешімдері

мен Үкімет жүргізген шаралар ауыл шар-ң артта қалуын жоя алды ма?

Окушылар: - Жоқ. 1953 ж. қыркүйек пленумының шешімдері өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының артта қалуын жоя алмады.

Мұғалім: - Дұрыс. Ауыл шар-ғы әлі де артта қалып отырды. Ауыл шар-ғы өскелең заманның талабын - елді азық-түлікпен қамтамасыз етуді орындай алмады. Сондықтан партия мен Үкімет тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастады. Ақырында тығырыктан шығудың жолын бос жатқан жерлер немесе тың және тыңайған жерлерді игеру идеясын ойлап тапты.

Мүгалім: - Сонымен бүгінгі бастайтын тақырыбымыз:



ІІІ. §4. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

- Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Тың жэне тыңайган жерлерді игерудің себептері мен жүру барысы;

2. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер;

3. Тыңгерлердін ерлігі;

4. Тың игерудің нәтижесі: тың және тынайған жерлерді игерудің

Қазақстан үшін пайдасы мен зияны.

Қыскаша түсініктеме.

Тың жерлерді жаппай игеру бағыты КОКП-ның ОК-ның каңтар-наурыз пленумында қаралып, онда «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайтан жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Қаулы бойынша Қазақстанда, Сібірде, Уралда, Солтүстік Кавказда егіс көлемін күрт көбейтіп, онан 1100-1200 млн. астық алу көзделді. Партия мен Үкімет бүкіл Кеңес халқына Үндеу жариялап,

бүкілхалыктық қозғалысқа ұйымдастыруға шұғыл кірісіп кетті.

Алдымен тыңды көтеруді Кеңес жастары - комсомолдар қызу қолдады. Соның ішінде Москва қаласының комсомолдары бастама бастап Қазақстан жеріне келді. Сонан кейін КСРО-н қалалары - Ленинград, Киев, Минск, Кишинев, Алматы т.б. ірі өнеркәсіпті қалаларынан, жас жұмысшылар жолдама алып, Тыңды игеруге немесе тыңды бағындыруға Қазақстанның бірнеше мың жігітері мен қыздары ағылды. Совет Армиясынан оралған жауынгерлер де тыңға қатыстырылды. Алып бос жатқан жерлерді игеруге жастар ғана емес, білікті маман кадрлар - механизаторлар, ысылған тәжірибелі шаруашылық басшылары: Довжик, Емельев, Брежнев сияқты партияның ұйымдық басшылары тартылды. Маусымдық егіс жинау жұмыстарына Ломоносов атындағы университет студенттері де ат салысты. Москва қаласының жұмысшыларына Ленинск совхоз орталығын салдыртты. Тың игеруге Қазақстан жастары мен өнеркәсіп орындарының еңбекшілері көптеп тартылды. «Степняк», «Изобильный», «Москва», «Ленинград», «Минск» т.б. совхоздары, жалпы саны 337 совхоз кұрылды. Осы тарихи кезенде «Земля целинная», «Едем новоселы», «Едем мы друзья» әндері дүниеге келді...

- Үнтаспадан «Едем мы друзья» әні тыңдалады.
Жаңа сабақта қолданылатын тірек нүктелер:

1954 ж. қаңтар-наурыз пленумы.

1954 ж. 19 тамыз КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің

қаулысы.


Қазақстанда, Сібірде: Уралда, Солтүстік Кавказда, Қостанай,

Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар - 2 млн-га жуык адам


* Жаңа тақырыпты түсіндіруде қолданылатын тірек-сызбалар:

Тын игерудіц кезеңдері

Жоспарлы жыртылатьш жер

1.1954-1955 жж.

13,5 млн. га жер

2.1956-1960 жж.

28-30 млн. га жер

І.Тегін көшірідді.

2. Әр отбасы басшысына 500-1000 сом ақша бөлінді.

3. Әрбір мүшесіне 150-200 сом ақша берілді.

4.10 мың көлемінде үй салу үшін 10 жылға несие берілді.

5.1500-2000 сом мал сатып алу үшін несие берілді.

6.1,5 центнер көлемде астық тегін берілді.
Тың игеру тапсырмасы 1954 ж. көктемінде-ақ басталып кетті. 13,4 млн.

га, соның ішінде біздің Қазақстанда 6,5 млн. га тамыз айында жыртылып егін салынды. 1954 ж. тамызында КОКП мен Мин. Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» тағы да қаулы қабылдады. Тың игерудің екінші кезеңінде 1956 ж. 28-30 млн. га жерге егін салу жоспарланады. 1954-1955 ж. тың игеруге Қазақстанның алты облыстарында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асыру көзделген болса, іс жүзінде Қазақстанның көп облысында жаңа жерлер игерілді.

Тыңгерлерге кездескен қиындыктар:

1. Тұрғын үй жетіспеді, адамдар палаткаларда, вагондарда, жер үйлерде тұрып жатты;

2. Азық-түлікпен, сумен қамтамасыз етуде кемшілік болды;

3. Мәдени-тұрмыстық жағдай төмен болды.

Тыңгерлерге бос жатқан жаңа жерге қоныстану оңай болган жоқ. Осы

қиындықтарды жеңіп, алғашкы тігілген палаткалар орны адамдар коныстанган елді мекенге айналды. Мұның барлығы қажырлы еңбектегі ерліктің арқасында деп түсінуіміз керек. Қорыта айта келіп, партия мен үкімет алдына қойған міндетін - елді астықпен қамтамасыз ету міндетін шеше алды.



Тың игерудің маңызы:

1. Қазақстан КСРО-да астықты аймақтың біріне айналды.

2. Тың игеру кезеңінде экономиканың баска салалары ауыл шаруашылық құралдарына қажетті шикізаттар өндіретін металлургия, отын-энергетика саласы жақсы дамыды. Транспорт - көлік жолдары да колға алынды.

3. Бос жатқан куаң далада жан бітіп, жаңа елді мекендер - 365 совхоз

пайда болды.

Тың және тыңайған жерлерді игеруде жіберілген қателіктер мен онын

зардабына келер болсақ:

- сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйенің асығыстык, істі ойластырмай

шешуі;

- жердің кең көлемде асығыс аз уакыт ішінде игерілуі. Кейін бұл топырақтың тозуына әкеліп соқтыруы;



- тың игеруде 2 млн. жаңа қоныстанушылардың келуі, қазақтың демографиялық ахуалының төмендеуіне, салт-дәстүрлері мен тілінің жоғалуына әкелді;

- тың игерушілердің арасындағы қылмыскерлердің Қазақстанға орналасуы, тұрғылықты момын халық қазақтарды арақ-шарап пен ұрлық-зорлыққа үйретуге әкеп соқты;

- елді мекендердің тарихи атауы өзгертілді, билік басындағылардың

жергілікті халық тың тарихына, мәдениетіне менсінбеушілікпен қарауы, кейін елді мекендердің тарихи атауы жойылып кетуі.


- Мұғалім: - Оқушылар, енді тың игерудің Қазақстан үшін пайдасы

мен зияны туралы не айта алар едіңдер? (Оқушыларға алдын-ала тапсырма берілген болатын).



Тиімді жағы:

1. Ғасырлар бойы бос жатқан жерлерге жан бітірді.

Дәлел: 1954-55 жылдардың ішінде Қазақстанда 17 млн. 967 мың га жаңа жер игерілді. 1953 жылы республиканың бүкіл егістік жер көлемі 9,7 млн. га болған болса, 1955 жылы ол 20,6 млн. га-та жетті. Тың игерудің басында республиканың егістік жер көлемі екі есеге артты.

2. Жаңа совхоздар ұйымдастырылды.

Дәлел: 1954-58 жылдарда Қазақстанда 337 жаңа совхоз ұйымдастырылды. Мемлекет 10 млн. 814000 сом жұмсады. Мысалы: Москва жұмысшылары күшімен Солт. Каз облысында, Акмола облысында «Бауманский», Қостанай облысында «Краснопресненский» совхоздары құрылды.

3. Шетсіз – шексіз далаға техника салу түрлі жабдық толасыз тасқынмен жіберіліп жатты.

Дәлел: 1953 жылы салыстырғанда 1956 жылы тыңга әкелінген тракторлардың саны 213%, комбайндар 232% артты да, 156мыңға немесе 4 есе трактор, ал комбайндар 4,3 есеге көбейді.

4. Өндірістік қор молайды.

Дәлел: Өндірістік негізгі кор молайды.

Дәлел: Өндірістік негізгі кор 1953 ж. 276 млн. сомнан 1965 ж. 2,6 млрд.

Сомға дейін, 10 еседен астам өсті.

5. Тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Автомобиль жолдары төселді.

Дәлел: 1954-1955 жж. Қазакқстан Республикасының тың аймағында 853

мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

6. Электр жүйелері мен байланыс тораптары пайда болып жатты.

Дәлел: 230 елді мекенде радио, 152 елді мекенде электр желілері тартылды.

7. Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің жан-жақты дамуына

жол ашты.

Дәлел: 1955-1956 жж. селолық жерлерде 17 мәдениет үйлері, 450 клуб,

300 кітапхана, 50 оқу орны, 10 стадион мен спорттық алаңдар салынды.



Тиімсіз жағы.

1. Миллиондаған гектар жерді астық дақылдарын себу үшін жырту

жайылымдық жерлердің және жем-шөп дайындайтын алқаптардың

көлемін тарылтты.

Дәлел: 1954 ж. аралығында барлығы 26 мың 484 мың гектар жер жыртылды.

2. Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Ауыл шаруашылығының даму денгейінің төмендеуі ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.

Дәлел: Бұл мал өндірісінің Республикадағы 63 мың гектар жайылымның 1/3 тозығы жетті.

3. Топырактың, жердің құнарлы кабаты желге ұшты. Экономикалық

тепе-теңдік бұзылды.

Дәлел: Тың игеру жылдарында топырақтың сапалы қыртысы 15-20%-ға

дейін бүлініп, кұнарсызданды.

4. Қазақ халкының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне оның мәдени

ерекшеліктеріне нұқсан келтірді.

Дәлел: Қазақстанда қазактың салт-дәстүріне бірте-бірте орыс дәстүрлері ене бастады.

Мысалы: Той дәстүріне «горько», «шыны сындыру» енді. Қазақтардың жерлеу ғұрпына табытқа салу енді, т.б.

5. Қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді.

Дәлел: Республиканың тың аймағындағы 700 қазақ мектебі орыс мектебіне айналды.

Мысалы: Ақмола қаласында қазақ тілінде не бары, бір мектеп сақталып қалса, Көкшетау қаласында барлық мектеп орыс тіліне көшірілді.

6. Қазақ тілінде шығып тұрган мерзімді баспасөз жабылды.

Дәлел: 1960 ж. басында облыстық, аудандық барлық қазақ газеттері

жабылды. Іс-кағаздары, байланыс, телеграф қызметтері орыс тілінде

жіберілді.

7. Қазақстанның Солтүстігінде тілдік және демографиялық хал-ахуал өзгерді.

Дәлел: 1952 ж. санақ бойынша қазақтар өз елінде 29% кұрады.


IV Бекіту тапсырмалары. (Сұрақтар компьютерден дауыс шығып койылады, оқушылар жауап бергенен кейін, компьютер арқылы жауап тексеріледі).

1. Тың жерлерді игеру қай жылы, қай облыстарда басталды?

- Тың жерлерді игеру КОКП-ның ОК-нің каңтар-наурыз пленумында бекітіліп, 1954 ж. көктемінде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында басталып кетті.

2. Тың жерлерді игеруде Коммунистік партия мен кеңес үкіметінің алдында қандай міндет тұрды?

- Тың және тыңайған жерлерді игерудің басты міндеті - ауыл шаруашылығының, соның ішінде, егін шаруашылығының артта қалуын жойып, елді астықпен камтамасыз ету.

3. Тың жерлерді игерудің маңызы қандай?

- Қазақстан ірі бидайлы державаға айналып, бүкіл елді астықпен қамтамасыз етті.

4. Тың игерудегі жіберілген қателіктер мен асыра сілтеулерді ата.

- Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе басшылығында асығыстық, істі

ойластырмай шешу орын алды. Жіберілген қателіктер мыналар:

1.25 млн. гектар жер асығыс іріктеліп, сұрыпталмастан, топырағы шығып жыртылды.

2. Тың игерудің басшылары алдын ала астық сақтайтын қоймаларды

дайындамау кесірінен жүздеген мың тонна астық жаңбыр, қар астында

іріп-шіріп, шығынға ұшырады.


V. Үйге берілген тапсырмалар:

1. II тарау. §4 тың және тыңайған жерлерді игеру.

2. Рефераттар дайындау:

1) Тыңды игеру кезеңіндегі Ақмола өңірі.

2) Тың игеруде жіберілген қателіктер мен оның зардаптары.

3) «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбының тарихнамасы.




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет