Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


 зертханалық жұмыс. Шіріту бактерияларының элективті



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

зертханалық жұмыс. Шіріту бактерияларының элективті 
дақылдарын бөліп алу
 
Белоктық заттардың ыдырауы арқыл өтетін, күрделі биохимиялық үрдіс 
шіруді шіріту микроорганизмдері туғызады. Оның соңғы нәтижесі 
белоктардың құрамы мен құрылысына, үрдістің жүру жағдайларына және 
тудырушы микроорганизмдер түріне байланысты болып келеді. Белоктық 
заттардың ыдырайтын өнімдері арасында аминқышқылдары, органикалық 
қышқылдар, спирттер, көмірсутектер, көмірқышқыл газы, аммиак, аминдер, 
меркаптандар, скатол, индол және басқа да заттардың бір тобы болады. 
Шіріту бактериялары табиғатта және тағам өнімдерінде кең таралған. Бұл 
топтың бактерияларының түрлік құрамы алуантүрлі. Оның ішінде аэробтар 
мен анаэробтар, көмірсуды ашытатын және ашытпайтыны, спора түзетін 
және түзбейтіні, қозғалғыш және қозғалмайтындары болады. Белокқа бай 
өнімдерде шіріту бактерияларының дамуы өнімнің бұзылғандығын білдіреді. 
Залалсыздандырылған қоректік сорпасы бар пробиркаға аз ғана топырақ 
салып, бетін мақта тығынмен жауып қояды. Сонымен бірге, кейін белоктың 
ыдырау өнімдерін (аммиак пен көмірсутекті) анықтау мақсатында тығынның 
астына бір жақ соңымен ылғалдандырылған қызыл лакмус қағазының тілігі 
мен сіркеқышқылды қорғасын ерітіндісмен шайылған фильтр қағазының 
тілігін орналастырады. Қағаз тіліктер пробирканың қабырғалары мен ортаға 
тимейтіндей етіп орналасуы қажет. Аммиак пен көмірсутек ұшып кетпес 
үшін пробирка тығынының үстін целлофанмен орап немесе оған резеңке 
қалпақ кигізіп қойып, оны температурасы 30°С термостатқа қалдырады. 
Келесі сабақта белоктың ыдырау өнімдеріне тән сорпаға аммиак пен 
көмірсутектің бөлінуімен шіріту бактерияларының жинақталғаннын 
анықтайды. Лакмус қағазының көгеруі аммиактың бөлінгенін көрсетеді. Егер 
көмірсутек бөлінсе, сіркеқышқылды қорғасынмен шайылған фильтр қағазы 
күкіртқышқылды қорғасынға айналуы нәтижесінде қара түске боялады 
(немесе қоңырқайланады). 
Сорпада түзілген бактекрияларды микроскоптау қажет. «Жаншылған 
тамшы» препаратын дайындап, ондағы қозғалмалы бактерилар санын 
анықтайды. 
«Қарапайым» 
әдіспен 
ьоялған 
препарат 
дайындап, 
бактериялардың клетка пішіні мен спораларын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет