Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


 зертханалық жұмыс. Сіркеқышқылды бактериялардың



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
зертханалық жұмыс. Сіркеқышқылды бактериялардың 
жинақтаушы
дақылын алу
 
Сіркеқышқылды бактериялар этил спиртін сірке қышқылы мен суға дейін 
тотықтыратын сіркеқышқылды ашу үрдісін тудырады.
Бұл бактериялар табиғатта кең таралған. Олар пісіп-жетілген жемістерде, 
жидектерде, ашытылған көкөністерде, ашыған шарап пен сырада кездеседі. 
Сіркеқышқылды бактериялар – спора түзбейтін, ұсақ таяқшалар. 
Кейбіреулері қозғалмайды, ал біреулері қозғалады. Олар сапрофиттер, 
аэробтар, олардың едәуір бөлігі спирті бар сұйықтық бетінде қабықша түзеді. 
Өсіп-дамуына қолайлы температура 25-35
о
С. 
Басқа да көптеген бактериялармен салыстырғанда олар сірке қышқылы 
мен этил спиртіне үлкен тұрақтылыққа ие. Олардың осы қасиеттерін 
элективті жағдайларды жасауда қолданады.
Сірке қышқылымен сәл қышқылдандырылған пастерленбеген сыраны 
(сыраға өзінің көлемінен 10 немесе 20%, күштілігі 6%-дық асханалық сірке 
қышқылы), сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылдарын алу 
үшін қоректік орта ретінде пайдаланады. Көлемі 100-150 мл конусты 


колбаларға қоректік ортаның 30-50 мл құяды. 30-50 мл қышқылданбаған 
сыра бақылау ретінде алынады. Пастерленгбеген сыра ортаны 
сіркеқышқылды бактериялармен зақымдауға мүмкіндік туғызады.
Субстраты бар колбаны 25-30
о
С термостатқа қояды. Сіркеқышқылды 
бактериялардың жинақтаушы дақылын алу кезінде температураны ескеру 
керек. 15-25
о
С-та
Acetobacter aceti, 
ал 25-35
о
С-та 
Acetobacter pasteurianum 
дамиды.
Бірнеше күн дақылдаудан кейін сіркеқышқылды бактериялардың сұрлау-
ақ түсті қабықшасы пайда болады. Осы кезде колбаның ішіндегісін 
сараптауға салады: сіркеқышқылды бактериялардың йодты бояумен 
байланысын 
анықтайды; 
үрдісті 
тудырушылармен 
тнысады; 
сіркеқышқылына сапалық реакция жүргізеді. 
Йодпен байланысын анықтау үшін қабықшының кішкене бір бөлігін 
заттық шыныға орналастырады да оған бір тамшы йод тамызып, үстін 
жабындық шынымен жабады. Йод тамызған кезде клетка қабықшасының 
көгеруі
Acetobacter pasteurianum 
болуын дәлелдейді. Ал егер клеткалар 
сарғаятын болса, бұл 
Acetobacter aceti
клеткаларының болатынын білдіреді. 
Үрдістісті тудырушылармен танысу барысында қабықшадан боялған 
препарат дайындап, объективтің иммерлік жүйесімен қарайды. Басым 
болатын бактериялардың клетка формаларын, қазғалғыштығын және 
споралардың бар – жоғын анықтйды. Ашытқылардың болуы мен олардың 
санының қаншалықты көп екенін анықтайды. Екі колбадағы сыра 
препаратының микроскопиялық зерттеу нәтижесін салыстырып, басым 
болатын микроорганизмдерді суретке түсіріп алады.
Ашу нәтижесінде пайда болған сірке қышқылын анықтау үшін сапалық 
реакция жүргізеді. Ол үшін, пробиркаға колбадан тәжірибе барысында сірке 
қышқылымен қышқылдамаған сырадан 2 мл құйып, үстіне 4 мл дистилденген 
су мен 0,5 мл 10%-дық сода ерітіндісін және 1-2 мл хлорлы темір ерітіндісін 
құйып, қоспаны қыздырады. Сұйықтықтың қою қызыл түске боялуы 
сіркеқышқылды темірдің пайда болуының нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет