Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

зертханалық жұмыс. 
Azotobacter
 туысы бактерияларының 
жинақтаушы
дақылын алу
 
Микроорганизмдер клеткасымен атмосфералық молекулалық азоттың 
ассимиляциялануы биологиялық фиксация деп аталады. Оны тек 
микроорганизмдер жүзеге асыра алады.
Атмосфералық азотты ассимиляциялайтын бактерияларды бұршақ 
тұқымдас өсімдіктермен симбиозда тіршілік ететін түйнек бактериялары 
және топырақта еркін қозғалатындар деп бөледі. 
Azotobacter 
туысының 
бактериялары аэробты азотфиксаторлар болып табылады.
Азотобактер клеткаларын топырақтан кездестіруге болады (органикалық 
заттардың жоғары мөлшері болатын). Элективті жағдайлар Эшби азотсыз 
ортасына егу арқылы жасалады. 
Азотобактер – ауадағы молекулалық азотты азот көзі ретінде, ал 


спирттерді, көмірсулар мен органикалық қышқылдарды көміртек көзі ретінде 
пайдаланатын облигатты аэроб. Азотобактер топырақтың ылғалдылығына 
және ондағы минералды элементтарге сезімтал келеді. Азотобактердің 
белсенді дақылдары пайдаланылған 1 г органикалық заттан 15-20 мг азотты 
фиксациялайды.
Жас дақылдағы 
Azotobacter chroococcum
клеткалары таяқша тәрізді
қозғалғыш, мөлшері 3-7 мкм болады. Ескі дақылдағыларының клеткалары 
кокка тәрізді, жұптасқан және сарцина тәрізді қалташалар, әдетте сілемейлі 
капсулалармен қапталған болады. Клеткада жылтыр валютин дәндері көп 
кездеседі. Тығыз қоректік орталардағы колониялар сілемейлі, аққаш немесе 
ісінген, түссіз немесе қою қоңырдан қара түске дейін боялған болады.
Азотобактерді дақылдауға арналған Эшби қоректік ортасының 
құрамы(г/100 мл): маннит – 20,0; K
2
HPO
4
– 0,2; MgSO
4
x7H
2
O – 0,2; NaCl – 
0,2; K
2
SO
4
-0,1; CaCO
3
– 5,0; агар – 20,0; құбыр суы. 
Азотобактердің 
жинақтаушы 
дақылдарының 
орнатуды 
топырақ 
түйіршіктерінен өсіп шығуы әдісімен жүргізеді. Эшби тығыз қореткік 
ортасының бетіне топырақтың 10-15 түйіршігін салады (диаметі 1-2 мм). Ол 
үшін екі сағаттық шыныны алып, фламбирлеу арқылы залалсыздандырады. 
Сағаттық шынының біреуіне топырақты салады, ал екіншісіне дистилденген 
су құяды. Тұзақты алдын ала от үстінен өткізіп, сулап алады да топырақ 
түйіршігін іліп алып, оны қоректік ортаның үстіне орналастырады. 
Табақшаларды ылғал камера ішіне салып, бөлме температурасындағы 
термостатқа қояды. Инкубацияның 6-7 тәуліктерінде топырақтың үстіне 
азотобактердің сілемейлі колониялары өсіп шығады.
Келесі сабақта топырақ түйіршіктеріне өсіп шыққандарына сараптама 
жүргізеді. Сараптау кезінде колониядан қара бояу (тушь) ерітіндісімен 
негативті контрастты боялған препараттар дайындап, оларды иммер 
жүйесімен микроскоптайды. Азотобактер клеткалары шар тәрізді, олардың 
ішінде диплококктар жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет