Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары



бет6/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс
Азот қышқылы. Таза азот қышқылы түссіз сұйықтық, меншікті салмағы 1,51 г/см3, қату температурасы 42ᵒ С, қайнау температурасы 86ᵒ С. Ауада ашық тұрса, тұз қышқылы сияқты түтінденеді. Суда жақсы ериді.
Азот қышқылы химиялық тұрақты зат емес, жарықтың жылудың әсерінен-ақ айырылып, су, оттек және азот диоксидін береді:
4НNО3 = 2Н2О + 4 NО2 + О2
Азот қышқылы – өте күшті тотықтырғыштардың бірі. Бірқатар бейметалдар азот қышқылында тотыққаннан, тиісті қышқылына бірақ айналады, мысалы: күкірт- күкірт қышқылына, фосфор- фосфор қышқылына айналады. Органикалық заттар азот қышқылымен жанасқан кезде тотығудан бөлініп шығатын жылудың көптігінен тұтанып, жанып та кетеді, мысалы аған ұнтағы, скипидар т.б.
Металдардың алтын, платина және кейбір сирек металдардан басқаларының барлығы, азот қышқылының әсерінен тотығып азот қышқыл тұздарға айналады. Азот қышқылы басқа заттарды тотықтырғанда, өзі тотықсызданып, электрон қосып ала берген сайын мына қосылыстарға айнала алады:
+5 +4 +3 +2 + 0 -3
НNО3 → NО2 → НNО2→ NО → N2О →N2→NН3

Азот қышқылының концентрациясына және тотықсыздандырғыштардың активтігіне байланысты азоттың тотығу дәрежесі әр түрлі күйге дейін төмендейді, мысалы:


Сu +4 НNО3 конц.→ Сu(NО3)2 + 2 NО2 +2 Н2О
3 Сu +8НNО3 сұйыт.→ 3Сu(NО3)2 + 2 NО +4Н2О
4 Мg +10НNО3 сұйыт.→ 4 Мg (NО3)2 + N2О +5Н2О
4 Zn +10НNО3 өте сұйыт.→ 4 Zn (NО3)2 + NН43 +3Н2О
Азот қышқылы металл еместерді оттекті қышқылдарға дейін тотықтырады, ал өзі концентрациясына байланысты әр түрлі күйге дейін тотықсызданады, мысалы:
S + 6 НNО3(к) = Н24 + 6 NО2 +2 Н2О
3 Р + 5НNО3(с) +2Н2О = 3Н3РО4 + 5 NО
В + 3НNО3(к) = 3Н3ВО3 + 3 NО2
Азот қышқылының бір көлемі мен үш көлем тұз қышқылының қоспасын патша сұйықтығы дейді.Асыл металдар осы патша сұйықтығында ериді екен.
Аu +3НСІ + НNО3= АuСІ3 + NО +2 Н2О
3 Рt + 12НСІ + 4НNО3= 3РtСІ4 + 4 NО + 8Н2О


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет