Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары


Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттері



бет3/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс
Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттері.
Аммиак түссіз өзіне тән тұншықтырғыш өткір иісі бар, суда өте жақсы еритін, ауадан жеңіл газ. Аммактың судағы ерітіндісін кейде мұсатыр спирті деп атайды.
Химиялық қасиеті жағынан аммиак белсенді, көптеген заттармен әрекеттеседі. Аммиакта азоттын тотығу дәрежесі (-3). Сондықтан да аммиак тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
1).Аммиак қосып алу реакцияларына өте бейім:
+ -
3 + НОН ↔ NН4ОН ↔ NН4 + ОН
2).Аммиак қалыпты жағдайда ауада тотықпайды, бірақ оттек ішінде жанады:
4NН3 + 3О2 = 2N2 + 6Н2О
3). Катализатор қатысында аммиак құрамындағы тек сутек қана емес, азотта тотығады:
4NН3 + 5О2 крt→ 4NО + 6Н2О
4). Құрғақ аммиак металдармен әрекеттесіп амидтер түзеді.
2 Nа + 2NН3 = 2 NаNН2 + Н2
5).Натрий амиді сумен гидролизденеді:
NаNН2 + Н2О = NаОН + NН3
6) Аммиак хлормен әрекеттесіп азот түзеді:
2NН3 + 3СІ2 = 6НСІ + N2
7). Аммиактың құрамындағы сутек галогендерге де ауыса алады, мысалы хлорлы аммонидің қою ерітіндісіне хлор жіберсе май сияқты сүйық, өте қопарылғыш үш хлорлы азот (азот трихлориді) түзіледі.
4СІ + 3СІ2 = 4НСІ + NСІ3


Қолданылуы:1.Аммиак азот тыңайтқыштарын өндіруде қолданылады;
2.Аммиактың едәуір бөлігі тоңазытқыш қондырғыларда пайдаланылады.
3.Натрий амиді кейбір индиго, суьфидин сиқты органикалық заттардың синтезінде қолданылады
4. Азот трихлориді қопарылғыш заттар алу үшін қолданылады;
5. Сода өндіру үшін де аммиак қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет