Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары



бет4/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс
Аммоний тұздары. Аммиактың судағы ерітіндісіне қышқылдардың біреуінің ерітіндісін қосса аммоний тұздары түзіледі.
3 + НСІ = NН4СІ
3 + НNО3 = NН43
Аммоний тұздары түссіз, суда ерігіш, жақсы диссоцияланғыш заттар, ерітінділері сәл қышқылдық реакция көрсетеді.
+ -
4СІ ↔ NН4 + СІ
+ 2-
(NН4)2 4 ↔2 NН4 + 4
Аммоний тұздары қыздырғанда оңай айырылады:
4СІ = NН3 СІ
(NН4)2 4 = NН3 24
4 3 = N2О + 2Н2О
4 2 = N2 + 2Н2О
(NН4)2 СО3 = 2NН3 + Н2О + СО2
(NН4)3 РО4 = Н3РО4 + 3NН3
Қолданылуы:1.Аммоний сульфаты, аммоний нитраты - тыңайтқыш ретінде қолданылады.
2. Аммоний хлориді- мата бояуда, металл дәнекерлеуде және гальваникалық элементтерде қолданылады.
Азоттың оттекті қосылыстары.
Азот оттегімен бірнеше оксидтер түзеді. Барлығы да азот қышқылынан немесе оның тұздарынан алынады. Азот оттегімен мынадай оксидтер түзеді:азот(І) оксиді N2О; азот(ІІ) оксиді NО; азот(ІІІ) оксиді N2О3; азот(ІV) оксиді NО2; азот(V) оксиді N2О5;
Азот(І) оксиді N2О- түссіз, ұамды иісті, тәтті дәмді суда нашар еритін газ.Оны алу үшін нитрат аммоний тұзын балқытып, одан әрі қыздырса айырылады.
43 = N2О ↑ + 2Н2О
Азот(І) оксиді N2О-термодинамикалық тұрақсыз қосылыс. Қыздырса ол айырыла бастайды.
2 N2О = 2N2 + О2
Аз мөлшерде оттекпен араластырып дем алуға пайдаланса, адам ауырғанды сезбей, көңілденіп шаттана бастайды, сондықтан оны шаттандырғыш газ деп те атайды. Бұл оксид сумен де, қышқылмен де, сілтілермен де реакцияласпайды.
Азот(ІІ) оксиді NО-түссіз, сүйылуы, еруі қиын газ, қайнау температурасы 151ᵒ С, қату температурасы -163,7ᵒ С.
Зертханада азот(ІІ) оксидін, азот қышқылы мен мысты әрекеттестіру арқылы алады:
3 Си + 8 NNО3 = 3 Си(NО3)2 +2 NО + 4Н2О
Өте жоғары температурада (3000-4000ᵒ С) азот оттегімен әрекеттесіп азот(ІІ) оксидін түзеді:
N2 + О2 = 2NО
Атмосферада найзагай әсерінен көп мөлшерде NО түзіледі. Найзағай әсерінен атмосфера азотынан жылына 100 млн т. оксид түзіліп, жаңбыр суымен жерге түсетіні анықталған. Азот (ІІ) оксиді сумен де, сілтілермен де әрекеттеспейді. Ол ауада тотығып, азот (ІV) оксидіне айналады.
2NО + О2 = 2NО2 ΔНᵒ = - 112,9 кДж/моль
Хлормен қосылып нитрозил хлоридін түзеді:
2NО + СІ2 = 2NОСІ
Азот диоксиді2қоңыр түсті, ұнамсыз иісті, улы газ.Сұйылуы оңай, қызыл түсті сұйықтыққа айналады, tқ =21,3ᵒ С, tқат =11,2ᵒ С, қатты түрі – түссіз масса.140 градустан жоғары температурада диоксид, оксидке және оттекке айырылады.
2 NО2 140→2 NО + О2
Азот диоксиді күшті тотықтырғыш, оның әсерінен көмір, күкірт, фосфор тұтанып жанады. Азот диоксиді сумен әрекеттесіп азот қышқылы және азот(ІІ) оксиді түзеді.
3 NО2 + Н2О = 2НNО3 + NО
Азот диоксиді ауаның қатысында сумен әрекеттесіп азот қышқылын береді.
4NО2 + О2 + 2Н2О = 4НNО3
Егер азот диоксидін сілтілермен әрекеттестірсе қышқылдардың орнына тұздары түзіледі.
2NО2 + 2NаОН = NаNО3 + NаNО2 + Н2О
Азот ангидриді N2О5- ақ түсті кристалды зат, күшті тотықтырғыш, көптеген органикалық заттармен жанасып кетсе ақ от алады. Азот ангидриді сумен әрекеттесіп азот қышқылын түзеді.
2N2О5 + 2Н2О = 4НNО3
Азот ангидриді кәдімгі жағдайда айырылып, NО2 және О2 түзеді, қыздырса қопарылыс жасайды.
2 N2О5 → 4NО2 + О2
Азот ангидридін азот қышқылы мен фосфор ангидридін әрекеттестіріп алуға болады.
2 НNО3 + Р2О5 = N2О5 + 2НРО3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет