Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері


Нейросифилис. Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі



бет6/87
Дата19.05.2022
өлшемі350,35 Kb.
#143892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
Экзамен 2013
Dermatoven ch-2 Doc1
1 Нейросифилис. Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.
Жіктелуі:
І.Мезодермалық(алғашқы)
ІІ.Эктодермалық(кешеуілденген)
І.Мезодермалық:
-жасырын(симптомсыз)сифилистік менингит
-шұғыл сифилистік менингит
-созылмалы сифилистік менингит
-сифилистік менингомиелит
-сифилистік невриттер
Сифилистік эндартериит
-ми мен жұлын гуммасы
ІІ.Эктодермалық:
-Жұлын семуі
-Амиотрофикалық жұлындық сифилис
Эпидемиологиясы
Сифилиспен сырқаттанғандардың нерв жүйесінің зақымдануы,соңғы мәліметтер б-ша олардың 15-25%-ын құрайды.
ДДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзінде жылына 20 млн адам ауырады.
Этиологиясы:
-неврологиялық көріністердің дамуына арнаулы емнің жеткілікті жүргізілмеуі
-Қатты шаршау
-жарақаттану
-алкоголизм
-авитаминоз
Клиникасы
І.Сифилистің мезодермалық түрлері
1.Жасырын(симптомсыз) сифилисьік менингитте аздап бас ауыруы,бас айналуы,кейде лоқсу,жалпы гиперестезия,нерв түбіршектерінің ауырсынуы,жекелеген бас сүйек-ми нервтері қызметінің кемшілігі.Ликворда тұрақты лимфоцитарлық плеоцитоз,белоктың көбеюі.
2.Шұғыл сифилистік менингит.Науқастарда кенеттен бас ауыруы,бас айналу,лоқсу,кейде құсу,көз қарығу п.б.Дене қызуы субфебрильдік н/е 38-39-ға дейін жоғ.,менингеалды симптомдар,кейде ІІІ жұп нервісінің зақымдануы.Ми-жұлын сұйығы түссіз,жоғары қысыммен ағады,лимфоцитарлық плеоцитоз,белок мөлшері көбейеді.
3.Созылмалы сифилистік менингит.Аурудың басталғаны бірнеше апта бойы білінбейді.Патологиялық үрдіс ми табанындағы бас сүйек-ми нервтерін қамтиды.Көз қозғалтқыш-қылилану,птоз,анизокория,бет-лагофтальм,мұрын-ерін әжімінің тегістелуі,есту-неврит,көру-нерв үрпісінің іркілуі,скотома,атрофия.Үшкіл нервтерде өзгерістер-невралгиялық ауырсыну,бетте сезімділіктің бұзылуы.Ликворда лимф-лық плеоцитоз,белоктың көбеюі.Қан мен ми-жұлын сұйығында Вассерман р-я айқындығы,ликвордың 3-4 пробиркаларда қызыл-күлгін түске дейін өзгеруі(сифилистік тіс)
4.Сифилистік менингомиелит.Ауру түбіршек ауырсынуы мен арқа,құрсақ ж/е аяқта парестезия пайда болуынан басталады және жұлынның зақымдану симптомдары.Ми жұлын сұй-ғы сиф-к менингиттен айырмашылығы жоқ.
5.Сифилистік невриттер көптеген жағдайларда радикуломенингеалдық синдроммен байланысты.Қатты ауырсыну,әсіресе түн ортасында арқылы білінетін иық өрімінің зақымдануы жиі кез-ді.
6.Сифилистік эндартериитте гемиплегия,гемипарез,салдану,көру,есту және бульбарлық бұзылыстар п.б.Және бас ауыру,бас айналу,парестезиялар.Алғашқы кезеңде астения симптомдары басым болады.
7.Ми мен жұлын гуммасы бірнеше күн,апта бойы созылыңқы өрбиді.Көз түбінде іркілістік құбылыстар жиі байқалады.Мөлдір ми-жұлын сұйығы жоғары қысыммен ағады,белок көбейеді,аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз білінеді.
ІІ.Сифилистің эктодермалық түрі
1.Жұлын семуі.Клиникалық ағымы 3 кезеңге бөлінеді:
Невралгиялық кезең кеуде мен құрсақ аймағында парестезиялар және ауырсыну кризімен сипатталады.Шаншу,тілу симптомдар аяқта п.б.Ағзалық криз-ұстамалар байқалуыв мүмкін:ұлтабарлық(құрсақ аймағының қатты ауыруы,азаптанып құсу,терлегіштік,тахикардия),ішектік(іш өту,ауырсыну),көмейлік(жөтел,тұншығу),қуықтық(зәр шығарғысы келе беру,ауырсыну).Тізе мен өкше рефлекстері баяулайды,қолда патологиялық реф-р көрініс береді.Қарашықтың жарыққы реакциясы болмауы,анизокория,миоз.
Атаксиялық кезеңде қол-аяқта қимыл үйлесімінің бұзылулары мен тұрғанда,жүргенде атаксия басым білінеді.Қараңғыда н/е көзін жұмғанда жүруі қиындайды.Үйлесімнің бұзылуы бұлш.ет-ң әсіресе аяқтарда гипотониясымен қабаттасады.Бұл кезеңде жамбас қуысы ағзалары қызметінің бұзылулары(зәр шығару тоқталу,іш жүрмеу,импотенция) п.б.Көру қабілетінің төмендеуі.
Салдану кезеңі үйлесім бұзылымына байланысты қозғалу функциясының бұзылуымен сипатталады.Атаксия құбылысынан науқастар жүріп-тұру қабілетінен айырылады,мүгедек болып қалады.Ми-жұлын сұй-да белок көбейеді,лимфоцитарлы плеоцитоз.
2.Амиотрофикалық жұлындық сифилис жұлынның алдыңғы мүйіздері зақымдануы салдарынан баяу үдейтін б/еттер атрофиясымен білінеді,Алғашқыда қолдың төменгі бөліктерінің ,кейінірек жоғарғы бөліктерінің ,арқа мен кеуденің бұлш./ет-рі зардап шегеді.
3.Эрба сіреспелі салдануы аяқтардың біртіндеп үдейтін сіреспелі парездерімен сипатталады.Кейінірек оларға жамбас қуысы ағзалары қызметінің бұзылыстары және сезімділік,трофикалық бұзылымдар қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет