Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет43/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Тірі ағзалардың өсуі. Жарық көзіне шыққан соң барлық тірі ағза өсуі қажет. Өсу дегеніміз ағза өлшемінің ұлғаюы. Өлшемнің және салмақтың ұлғаюы, жасушаның ұдайы бөлінуінен болады.
Адам туған күннен бастап, өсуі мен дамуы белгілі бір уақытқа дейін тепе-теңдікті сақтайды. Дененің өлшемі, терінің түсі және басқалары генге байланысты. Жануарлар денесі тоқтаусыз өсе бермейді. Бұл үдеріс көбінесе сүткоректілерге, құстарға, қосмекенділерге және кейбір рептилияға тән. Мысалы, қолтырауын (крокодил) өмір бойы өсе береді. Оның қаншалықты өсуі айналасындағы қауіп-қатерге байланысты. Өсімдіктер де өмір бойы өсе береді. Жасанды жолмен өсірілген өсімдіктердің өсуін кейбір жағдайда адамдар тежеп отырады.
9.3 Ағзалардың қоректенуі
Тірі ағзалардың өсуі және дамуы үшін қорек маңызды рөл атқарады. Тұтынатын химиялық заттар дененің құрылысына, ал энергия тірі ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Кез келген ағзаның денесі үнемі жаңарып отырады. Бір жасуша өлсе, оның орнын жаңасы қалпына келтіреді. Жаңа жасушалардың пайда болуы үшін, қорекпен келетін зат, жаңа жасушаны қалыптастыратын «құрылыс» материалы болады. Біздің жеген азығымыз тотығу ба-рысында химиялық энергияны бөліп шығарады. Осының арқасында қозғаламыз, қажетті дене температурасын қалыпты ұстап тұрамыз. Жасыл өсімдіктер фотосинтез үдерісі арқылы энергияны Күннен алады.
Қоректену үдерісі зат және энергия алмасуын қамтамасыз етеді (қозғалу, сөйлесу, тыныс алу, ойлау, ұйқы). Ағза тәулігіне энергияны қанша жұмсаса, соншалықты ас арқылы оны қалпына келтіруі тиіс.
Тірі ағзалардың қоректену типі. Тірі ағзалардың қоректенуінің екі типі бар: автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді.
Автотрофтар(өздігінен қоректену), өзіне қажетті органикалық затты бейорганикалық заттардан фотосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін қажетті күрделі органикалық заттарды түзетін ағзалар. Автотрофтарға өсімдіктер және фото- синтез жасайтын кейбір бактериялар жатады.
Гетеротрофтар органикалық заттарды қорек арқылы дайын күйінде қабылдайды. Оған жануарлар, саңырауқұлақтар және бактериялардың басым бөлігі жатады.
Қорек – тірі ағзалардың тіршілік көзі. Ағзалардың тіршілігін жалғастыруы сыртқы ортадан келетін қажетті заттарға тәуелді. Ағза – қорек – орта арасындағы байланыс тұтасқан бірлестік. Бұл тізбектің тұтастығы жойылса, тіршілік те жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет