Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Адамның тірек-қозғалыс жүйесі



бет47/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
11.3 Адамның тірек-қозғалыс жүйесі
Адам ағзасының маңызды және күрделі қызметтерінің бірі. Дененің қозғалысына жауап береді. Дененің барлық қозғалыс мүшелері бірігіп, бірыңғай жү- йені құрайды. Қозғалыс адам денесіндегі барлық сүйектердің және қаңқа бұлшық еттерінің көмегімен қимылдап – тірек-қозғалыс жүйесін қалыптастырады.
Қаңқаның құрылысы. Қаңқа (грек. тіл. skeletos – кепкен, құрғақ), адам денесіндегі әртүрлі қызмет атқаратын сүйектердің жинағы. Адам қаңқасы бар- лық омыртқалыларға тән, білік қаңқасы және қосалқы деп екіге бөлінеді. Білік қаңқасы – дененің ортасында орналасқан, адамға пішін беріп тұрған сүйектер – бас сүйегі, мойын сүйектері, омыртқа сүйектері және қабырғалар. Қосалқы қаңқалар – жамбас сүйектері, бұғана сүйектері және қол-аяқ сүйектері.
Бұлшық ет топтары. Бұлшық ет – тірек-қозғалыс жүйесінің ең белсенді бөлігі. Ол қаңқаға бекіген және жиырылу нәтижесінде адам қозғалыс жасайды. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық ет бар. Олар қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді (137-сурет). Ба- сым бөлігі аяқта орналасқан.
4-модуль. Экология және тұрақты даму. Өзгермелі әлемдегі ашылулар
12-дәріс.Экожүйе компоненттері арасындағы байланыс тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
12.1 Экология және тұрақты даму. Өзгермелі әлемдегі ашылулар бөлімдерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
12.2 Экологиялық пирамидадағы энергия мен заттардың ауысуы
12.3 Өсімдіктер мен жануарлар систематикасы
12.4 Ағзалар мен бірлестіктердің Жер бетіне географиялық таралуы және орналасуы туралы ғылым
Экологиялық жүйе және тұрақты даму» бөлімін өту барысында оқушылар экологиялық жүйенің түзілу заңдылықтары, биоценоз және биотоп туралы білім негіздерін меңгертеді. Мұғалім күрделі жаңа түсініктерді меңгерту үшін тақырыпты өмірмен байланыстырып, жергілікті жердегі өзен аңғарының, тау беткейінің немес шалғындар мен шөлдерге тән өсімдік, жануарлар дүниесі, топырақ жамылғысы, олардың бір-бірімен өзара байланысын оқушылар анықтауы қажет. Келесі кезеңде білімалушылардың жергілікті жердің өсімдіктері, жануарлары, топырағы туралы шығарған ой қорытындыларының негізінде оқулық мәтініндегі суреттерге талдау жасау негізінде экологиялық жүйе, биоценоз, биотоп түсініктерін меңгерту қажет.
Келесі кезеңде тіршілік ортасы, жер үсті, тұщы сулы, теңіздік экожүйелердің таралу ерекшеліктері, табиғат зоналары туралы түсінік беріліп, өткен бөлімдерде алған білімдерінің негізінде қалыптасуына әсер ететін түрткіжайттар анықталады. Оқушылар география, биология пәндеріне негіз болатын ұғымдарды терең меңгеру үшін тақырыптардың мазмұнына сәйкес Блумның таным деңгейлерінің таксаномиясы, өзекті оқыту, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, өлшемдік бағалау технологиясын ұтымды пайдалануы қажет.
Экологиялық жүйелердің тіршілігіне әсер етуші түрткіжайттар тақырыбында мәтіннің суреттері мен сызба нұсқаларына, қосымша білім көздеріне талдау жасап өмірмен байланыстырып тірі ағзалар мен топырақтың зоналық таралуына, тау беткейлерінде түзілетін биіктік белдеуліктің қалыптасуына әсер еттін абиотикалық, биотикалық және антропогендік түркіжайттарды анықтайды.
Тақырыптың мамұнын ашу үшін мұғалім жергілікті кәсіпорындардың, адамның шаруашылық әрекетінің, Жер бедерінің, жауын-шашын мен температураның экологиялық жүйелердің қалыптасуына тигізетін әсерлерін оқушылардың өз беттерімен анықтауларына баса назар аударуы қажет.
Тірі ғаламшар, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі, жануарлар арасыгндағы қарым-қатынас тақырыптарынада биологиялық және экологиялық білімге негіз болатын тірі ағзалардың негізгі патшалықтары, олардың алуан түрлілігі мен таралу ерекшеліктері, жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қоршаған орта жағдайына бейімделуі, саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілігінің сипаты, адам өміріндегі маңызы туралы білім негіздері берілуі тиіс.
Бөлім «Адамның шаруашылық әрекетінен табиғи экологиялық жүйелердің өзгеруі», «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыптарымен қорытындыланады. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жергілікті жердегі адамдардың шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға, табиғи экологиялық жүйеге тигізетін кері әсерін оқушыларға анықтату арқылы білімді меңгерулеріне баса назар аудару керек.
6 сыныпта оқушылар бұрын алған білімдерін талдау, жинақтау негізінде экологиялық жүйені түзетін негізгі құрамдас бөліктерін анықтайды, олардың негізгі түрлерін жүйелейді, өсімдіктер мен жануарлардың топырақ жамылғыларының тіршілігіне әсер ететін түрткі жайттарын анықтайды.
Мұғалім білімді меңгертіп іскерлік дағдыларын қалыптастыру үшін бұрын алған білімдерін естеріне түсіруі, талдауды, жинақтауды бағалауды көздейтін тапсырмалар беруі, жасанды және табиғи экологиялық жүйелерді бір-бірімен салыстырып, бір және көп жасушалы ағзалардың бір-бірінен айырмашылығын анықтату арқылы білім алушылардың ой қорытындыларын шығару дағдыларын қалыптастыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет