Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет11/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020

Дәрістің мақсаты: Халықтық эстетикадан бастау алған баспасөз әдеби сынды тудырды. Жазба әдебиет өркен жайып, жанрлық түрлер дамыды, қазақ лирикасы мен прозасы жаңа көркемдік ізденістер жасауын қарастыру

Сөз сұлулығы - оның қарапайымдылығы мен табиғилығы. Әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын да естен шығармау керек.

Әр сөз адамның көңіл күйімен тығыз байланысты, сондықтан әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл – интонация (латынша дауыс ырғағы) яғни әр сөздің айтылу мәнері. Әдеби тілге дауыс ырғағымен бірге, тіпті дыбыс қайталаулар да әжептәуір ажар бітіреді. Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация (латынша - дыбыстас) – біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонас (Французша – үндес) – біріңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура (латынша келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшық пен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.

Айшықтаудың (фигураның) түрлері көп.

Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қату, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов жарлай арнау, сұрай, зарлай арнау.

Жарлай арнауда ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен. Сұрай арнауда ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. Арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейтін сұрай арнаудың түрін шешендік, яки риторикалық (грекше ділмар) – айшық деп атайды. Жібектің зары – зарлай арнаудың үлгісі.

Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Жай қайталау, еспе қайталау түрлері бар.

Еспе қайталауда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле тйдектеп, еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады. Әдепкі қайталау – анафора(грекше биікке шығару). Мұнда өлеңнің әр жолы немес әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады. Кезекті қайталауда , яғни эпифорада (соңынан алып жүру) өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.

Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше қарама-қарсылық) – бір-біріне керағар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылысттың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.

Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсі. Проф. Е.Ысмайлов градацияны 2 түрге бөледі. 1. Түйдектеу,2. Баяулату.

Фигураның бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия (латынша орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматиклық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету. Эллипсис кейде эвфемизмнің орына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады.

Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп. Адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра енгіздеу –

психологиялық параллелизм. Синтаксистік параллелизм ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.

7. Тақырыбы: Өлең құрылысы.

1. Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем ырғағы.

2. Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелері.

3.Өлең құрылысын талдау жолдары. Шумақ пен тармақ, бунақ және өлшем.

4.Ұйқас және оның шумақта атқаратын ролі. Қазақ өлеңіндегі ұйқас түрлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет