Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет12/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020
2-лекция, 2-лекция
Дәрістің мақсаты: Өлең құрылысы әр түрлі түсіндірілімінде негізгі әдіснамалық проблемалар мен қарама-қайшылықтарды шешу.

Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізінен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: кесте-кесте, тақта-тақта…әр кесте, яки әр тақта – шумақ, әр шумақтың әр жолы – тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы – бунақ…

Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлері өте көп. Екі тармақ, үш тармақ, төрт тармақ, бес тармақ, алты тармақ, жеті тармақ, сегіз тармақ. т.б. Бір бунақты тармақ, екі бунақты, үш бунақты, төрт бунақты тармақ т.б.

Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше - өлшем) өлең жүйесі.

Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады.

Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын :ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді.

Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі – орыс поэзиясындағы Тредиаковский рефомасынан (ХҮІІІ) кейін ресми ат алып, Айдар таққан тоникалық (грекше - екпін), яки акцентті (латынша - екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.

Сапалы (квалиативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – силлабо-тоникалық өлең. Бұл өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады.

Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға негізделген өлең

Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық

Он бір буынды өлең – қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ. Он буынды өлең, тоғыз буынды, сегіз буынды, жеті буынды, алты буынды,бес буынды, аралас буынды өлең түрлері кезігеді.

Өлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі; ал ұйқас, яки рифма (грекше өлшемдес, мөлшерлес) - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас - өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.

Академик Қ.Жұмалиев: «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі өте көп, бірақ ең негізгі және көп қолданылатыны мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар»,- деп атап көрсетеді: Енді соған мысал үлгілерін ұсынамыз.

8. Тақырыбы: Әдеби процесс

1. Әдеби даму - әдеби процесс.

2. Әдеби процестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының ролі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет