Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет15/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020
2-лекция, 2-лекция
Дәрістің мақсаты: әдеби дамудағы тың бағыттарды, дәстүр мен жаңашылдық диалектикасын зерделеу

Эпостық жанр немесе эпикалық тектің түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман эпопея.

Эпостық туындылар көркем қара сөзбен де, өлеңмен де жазылады. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғалы баяндау арқылы көрсетіледі. Уақиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болтын объективті болмысқалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр, эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түр пайда болды.

Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шаған көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау әсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Бұл жанрдың жеңілдігін емес, қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейлінше қысқа мерзім ішінде кейіпкерлер өміріндегі беру де болса, бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға адамдық болмыс-бітімін айқындап беруі керек.

Әңгімемен көлемі, құрылысы, мазмұны, кейіпкері тануы жағынан алуандас болғанымен, одан өзіндік бірер ерекшелігімен оқшауланатын шағын эпостық жанрдың бірі новелла (итальян сөзі - жаңалық). Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын күтпеген жерден аяқталады.

Поэма – эпикалық жанрдың орта, көлемді түрі / грек – туынды, шығарма деген мағынада/. Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау болады.

Орта көлемді эпикалық түрге жататын повесть – көлемі мен мазмұны, құрылысы жағынан өзгеше жанр. Повесть (орыс. баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.

Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі – роман. Роман (француз, неміс- орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытта, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

11. Тақырыбы: Көркемдік әдіс.

1. Көркемдік әдіс туралы ұғым.

2. Романтизм әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет