Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет16/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020

Дәрістің мақсаты: Әдеби-эстетикалық тұрғыдан келгенде, сөз өнерінің туу, қалыптасу жолдарын әдебиетте орныққан бағыт-ағымдармен іргелес қарастыру, көркемдік тәсілдер эволюциясымен бірлікте қарастыру

Әдеби шығарма атаулының бәрі екі жүйеде – не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең (поэзия) түрінде жазылады. Яғни, проза (латынша – тікелей, тура айтылған сөз); поэзия (грекше – творчество, шығармашылық).

Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат-белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады.

Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады.

Романтизм – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
12. Тақырыбы: Реализм әдісі.

1. Реализм әдісі.

2. Оның пайда болуы және қалыптасу тарихы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет