Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті


Оқытушылар туралы мәліметтер



бет2/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
1. Оқытушылар туралы мәліметтер
Толеуова Алтын Конысбаевна «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті, Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. аудитория №402, тел. 553813 ішкі(135)
2. Пән туралы мәліметтер:
Пән тауы: «ХIХ ғасыр қазақ әдебиеті»
Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті
Білімберу облысы :педагогикалық ғылымдар
Дайындау бағыты: мұғалімдерді тіл мен әдебиет бойынша дайындау



ту формасы

семестр

Кредит саны

Курстық жұмыс

Сағат санымен студенттің жұмыс уақыты бюджеті

Барлық аудиториялықлық сағатсаеы

Сағат саны

Жалпы сағат саны

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық(семинар)

Лабораториялық

ОСӨЖ

СӨЖ

Күндізгі, орта білім негізінде күндізгі-қысқартылған, жоғары білім негізінде күндізгі-қысқартылған

5

5

+

30

20

-

50

50

50

150

Емьтихан және курстық жұмыс

Сабақтың уақыты мен орны кестеге сай өткізіледі.


4. Пән пререквизиттері:

  1. 1. Әдебиеттануға кіріспе

  2. 2. Қазақ әдебиетінің тарихы



5. Постреквизиттер:

  1. 1. XXғасыр әдебиеті

  2. 2. Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі

5. 1Аптаға дәріс бойынша тақырыптарды, сағаттарды бөлу



тақы
рыбы

Ағымдағы бақылаудың тақырыбы

Аудиториялық сағаттарды бөлу.

СӨЖ

Бақылаудың және баллдардың түрлері

Лек.

Сем.

ОБ СӨЖ

АБ мах

РБ мах

1 блок

1.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы сипаты.

2

2

3

3

100




2.

Діни ағартушылық бағыттағы ақындар Шәді Жәңгірұлы

2

2

3

3

100




3.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)

2

2

3

3

100




4.

Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)

2

2

3

3

100




5.

Мақыш Қалтайұлы (1968-1916)

2

2

3

3

100




6.

Мұсабек Байзақұлы (1849-1932)

2

1

3

3

100




7.

Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жызушылар

2

1

4

4

100




8.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920)

2

1

3

3

100




9.

Мұхаметжан Сералыұлы (1871-1929)

2

1

3

3

100




10.

Спандияр Көбейұлы (1878-1956)

2

1

3

3

100




11.

Міржақып Дулатов (1885-1935),

2

1

4

4

100




12.

Тайыр Жомартбаев (1884—1937).

2

1

3

3

100




13.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы өлең, жырлар



2

1

4

4

100




14

Б.Майлин шығармашылығы



2

1

4

4

100




15

С.Сейфуллин шығармашылығы



2

1

4

4

100







БАРЛЫҒЫ 1-15 жетіге

30

20

50

50

100




Ағымдық бақылау



АБ 1 орташа арифметикалық бағасы

оқытушы




100







Рубеждік бақылау

ТО тест тапсырады

ТО

100




Баға есебі



















Всего (ТК+РК)

100

(А)

(А)*0,6

100

Дәрiс кешенi.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет.
Дәріс-1.
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы сипаты.
Мақсаты:
1. ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің дамуы.
2. ХХ ғасырда тарихи кезеңдер.
3. Оқу- ағарту жұмысының күшеюі.
Қаралатын мәселелер:
1.ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының жағдайы..
2.Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің өркендеуі.
3.Қазақ жеріндегі баспасөз қанат жаюы.
1. Қазақ даласының Россияға қосылуы ХІХ ғасырдың орта кезінде аяқталды. Осыдан бастап, Қазақстан әкімшілік-басқару жағынан болсын, саяси-шаруашылық жағынан болсын Россияға тәуелді күй кешті. Россияның тұрмысында болған экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени дамулар азды-көпті, ертелі-кешті Қазақстанда да болып, қазақ халқы өмірінің әр саласына әсерін тигізіп отырды.
ХІХ ғасыр ішінде Россияда капитализм өсіп, өркен жайды. Капитализм ішкі Россияның өзінде терең бойлап тамырлап өсумен шет-шалғай өлкелерге, бұрын артта қалған, жер жүзілік базарлардан аулақ жатқан жерлерге де тарады, өркен жайды: Кавказға, Орта Азияға, Сібірге. Қазақ даласына жайылды. Солардың шаруашылық, саяси, мәдени өмірлеріне әсер етті.
Сонымен, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда да каптиализм дәурен сүрді: өлкеде сауда-саттық, ұсақ қол өнеркәсіп, отырықшылық, егін салу көбейді, тау-кен өндіріс орындарың темір жолдар салынды. Өндіріс күші дамып, шаруашылықтың өнімі артты.
Өлкеде капитализмнің дәурен сүруіне байланысты, ХІХ ғасырдың ақырынан дәурен сүруіне байланысты қазақ арасында оқу-ағарту жұмысы күшейді, қазақ тілінде кітаптар, газеттер шықты. Қазақ халқының сана-сезімі ояна бастады.
1904 жылғы орыс-жапон соғысы, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық- демократиялық төңкеріс, 1914-1918 жылдардағы бірінші ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс, сол жылғы Қазан төңкерісі-осының бәрі Россияда империализм өркендеуінің нәтижесі еді.
Сөз жоқ, бұл экономикалық зор өзгерістер, саяси күрес, көтерілістер, сұрапыл соғыстар, төңкерістер өз кезеңдерінде қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмыстарына, қазақ тілінде шыққан кітап, журнал, газеттердің мазмұнына, ақын- жазушылардың көзқарастарына, қазақ әдебиетінің бағытына үлкен әсер етті.
2. ХХ ғасырдың басында қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы екі түрлі болды. оның бірі- мұсылманша оқу, екіншісі -орысша оқу еді.
Қазақ арасында діни, мұсылманша оқу Қазақстан Россияға қосылмай тұрып та бар еді: әр жерде жеке ауыл болып, бірнеше ауыл болып бірігіп, ортадан молда ұстайтын, балаларды соған беріп оқытатын еді. Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін де көпке дейін осылай болып келді.
ХІХ ғасырдың ақырынан ХХ ғасырдың басынан бастап жаңа, төте оқу-ұсулы жәдит оқуы шығуға байланысты, қазақ арасындағы мұсылманша оқу Бұхара, Қазан жағындағы мұсылманша оқудың үлгісі, тәртібі бойынша мектеп (бастауыш оқу), медресе (орта дәрежелі) болып аталады. Олар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өмір сүріп келді.
Бірақ қазақ арасындағы мектеп, медреселердің аты бар да заты жоқ еді. Олар мейлі үйі, шаруашылық тұрмысы жағынан болсын, мейлі оқу-тәрбие жағынан болсын төмен дәрежеде, нашар халде болар еді. Мақыш Қалтаев осы кездегі мектеп, медреселердегі оқу жайын былай суреттейді:
Тәртіп жоқ, емтихан шуылдасып,
Оқу деп, ойнап жатыр талабалар.
Әдепсіздік, жанжал мен оқу төбелес,
Болады неше түрлі ғалабалар...
Сағаттың жиырмасы ойын ұйқы,
Төртеуін оқыған боп болар қарап,
Екі-үш ай сапсатамен күн кешіріп,
Жазғы тұры еліне кетер тарап.
Жатқанға мәз болса да медреседе
Жаны ашып кім оқытқан қадағалап,-
дейді.
Мектеп үлкен-үлкен ауыл, қыстақтарда болған. Бірақ өзіне арнаулы үйі болмаған: балалар кез келген үйде, көбінше, егер молда жергілікті жерден болса, молданың өз үйінде, егер молда шеттен келген болса, молданың тұрған үйінде оқитын. Молданы бір ауыл немесе екі-үш ауыл, қыстақ ортадан жалдайтын. Мектепте оқу жазда, екі-үш ай ғана болатын.
Медресе көбінше қалаларда, үлкен елді мекендерде- мешіт бар жерлерде болған. Бірақ медресе ешқандай қаржы алмайтын. Тек халықтан жинап алынатын зекет қаржысымен ғана күн көретін. Медреседе сабақты үкімет тарапынан қойылған молдалар-указной молдалар оқытатын да, оқу қыста үш-төрт ай ғана болатын-ды.
Мейлі мектепке, мейлі медресеге болсын, бір жағынан, тек еркек балалар ғана оқитын, қыз балалар, ілуде біреу болмаса, тіпті оқымайтын; екінші жағынан, көбінше байлардың, би-болыстардың, әл-ауқатты адамдардың балалары ғана түсіп оқитын, кедей, жарлы-жалша балалары, (ілуде беруі болмаса), тіпті оқи алмайтын еді. Осындан халықтың басым көпшілігі, еңбекші бұқарасы мектеп көрмейтін, оқымайтын, хат танымайтын еді.
Мектеп, медреселерде сабақты молдалар оқытатын. Олардың көпшілігі Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қазан, Уфа, Орынбор, Тройцк сиқты қалалардағы медреселерде оқып келген татар, башқұрт болатын еді де, біразы жергілікті жерлердегі мектеп, медреселерде оқып шыққан қазақ молдалар болатын. Олардың кейбірі, Абай айтқандай, құранды теріс оқитын дүмше надандар еді.
Мектеп медреселерде дүние, ғылым-білім, ана тілі, қазақ әдебиеті сияқты нәрселер оқытыла бермейтін. Көбіне діни сабақтар: араб тілі, ислам дінінің фарыз, қағидалары, философиясы оқылатын. Жаттанды, кітаби білім шәкірттерге жат, түсініксіз болатын.
Мысалы, мектепте әуелі «Иман-шарт» кітабы оқылатын. Онда балалар араб тіліндегі 28 әріптің суретін, ережесін, араб тіліндегі барлық әріптен құралған, мағынасы жоқ сегіз сөзді ( «абжат», «һуаз», «хутти», «қаламан», «сағраз», «қарашат», «саххаз», «зазаға»), арабша түрлі аят, мінажат, дұғаларды жаттайтын. «Иман-шартты» шала-шарпы жаттап болған соң балалар «Эфтиекке» түсетін. Бұл- «құранның» үзіндісі: бастан-аяқ арабша аят, дұға, насихат өлең болып келетін. «Эфтиекті» жаттап алған соң балалар «құранның» өзіне түсетін.
Ол заманда балаларды он-он бес жыл бойы оқыса да класқа бөлу болмайтын. Шәкірттердің оқу шамасы әр кезде олардың оқып жүрген айтылатын. Сонда ең бастауыш оқу, әлгі айтқан, арабша «иманшарт» «эфтиектен» басталса, содан әрі «Түрки» оқылатын. Осындан кейін, «Қырық хадистен» басталған арабша оқу кететін. Олар: «Шүрутіссалат», «фикка-Қайдани», « Тағлимуссалт», «Тұхфатул мүлук», «Наху-Сарф», «Бидан», «Мұхтасар», «Кафия», «Мантик», «Ғакаид» балушы еді. Сонан әрі білім төрінде «Шарх-Ғабдолла» сияқты кітаптар тұратын.
Ол кездегі шәкірттер: «Оқуың қандай?»- дегенде, «Мұхтасар оқыдым», «Кафия оқыдым»,- деген сияқты жауаптар беретін. Білетін адамдар соған қарай оның оқу шамасын аңғаратұғын.
Шоқанұлы Әбубәкір (Кердері) молда өмірін суреттеген өлеңінде өз заманындағы мектеп, медреселердегі оқу тәртібін былай баяндайды:

Тоғызға толғаннан соң молда көрдім,


Атаның күшіменен зорға көндім.
Үйреніп «әліп», «әбжет», «әдеб», «рәкин»,
Айналып келесі жыл онға келдім.
Оқуға он жасымда талап қылдым,
Ықласпен оқыған соң сабақ білдім.
Сол жылы «Эфтиек» пен «Құран» шығып,
Ойынды қош айтысып, талақ қылдым.
Он бір мен он екіде Түркі білдім,
Ғалімдік зерек жанның мүлкі білдім.
Шығарған мәснәфтер назым қылып,
Түркіні тамам тілдің көркі білдім.
Он үште ғарап көрдім, түркі танып,
Үйрендім насихатты жадыма алып,
Молдамыз әр мағынада жол көрсетіп,
Түсірді «Мұхтасарға» алып барып.
Он төртте «Мұхтасарды» араладым,
Әр таптан дәріс алып шамаладым..,-
дейді.
Сонымен, мектеп медреселерді балалар, жастар 10-15, 15-20 жыл бойы өзіне түсініксіз, өмірге қажетсіз құран аяттарын, ислам дінінің қағида, философияларын жаттаушы еді. Осыдан олардың біразы түк білмей, көк ми болып біразы шала хат танып, дүмше молда болып шығушы еді.
Тек ХІХ ғасырдың ақыры ХХ ғасырдың басынан бастап, өлкенің шаруашылығы капиталистік бағытқа ұласып, ілгері дамуына, 1905 жылғы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс ықпалымен осылардың нәтижесінде халықтың мектеп, медреселердің көпшілігі жаңа, төте оқу- ұсулы жәдит тәртібіне көшті. Яғни мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар ана тілі, география, тарих оқылды, кейбір медреселерде орыс тілі де оқылды. Балалар аз уақыт ішінде хат танып, бастауыш көлемде білім алып шығатын болды.
Жалпы алғанда мектеп, медресе қазақ арасынан мұсылманша сауатты, оқыған адамдардың шығуына, әсіресе дүние, білім өнер үйрете бастаған кезден қазақтың жаңаша оқыған зиялыларының көбеюіне, халықтың оянуына айрықша ықпал етті.
Қазақ арасында орысша оқу Қазақстан Россия патшалығына қосылғаннан кейін жайылды. Патша үкіметі қазақ даласын өз қол астына алуға кіріскеннен-ақ қазақтың үкіметке сенімді қызмет көрсететін хан-сұлтандарының, ру басы, бек-феодалдардың балаларынан тілмәш, хатшы сияқты қызметкерлер даярлап шығару жұмысын қолға алды. Бұл- бір халықты екінші халықтың тез игеріп, бағындыру шарты еді.
Осы мақсатпен патша үкіметі 1789 жылы Омбы қаласында «Азия мектебі» деген мектеп ашты. Кейін қазақ феодалдарының балаларын Омбының кадет корпусына (1847), Омбының училищесіне (1857) алып оқытты. Омбының кадет корпусын қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлиханов, қазақтың классик ақыны, ұлы ағартушы-демократ Абай Құнанбаевтың туысы Халиел Өскенбаев бітір шықты.
Осы сияқты патша үкіметі қазақ балаларын Орынбор қаласындағы Неплюев мектебіне (1825), Орынбордың кадет корпусына (1844) алып оқытты. 1850 жылы Орынбор қаласында арнаулы жеті жылдық қазақ мектепті ашты. Онда қазақтың отыз шақты баласы оқыды. Солардың бірі қазақтың ағартушы демократ ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин болды.
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың ақырынан бастап, Қазақстанның әр жерінде жүйелі орындарын орыс-қазақ мектептерін бірінен соң бірі Торғайда, Қостанайда, Оралда, Қызылжарда, Ақмолада, Семейде, Алматыда, Түскістанда, Ақмешітте, Қазалыда тағы басқа жерлерде ашты.
Орыс-қазақ мектепттері алты жылдық болған. Оларда балаларға орыс тілі, есеп, табиғаттану, сурет салу оқытылатын; географиядан, тарихтан шамалы ұғым, мәлімет берілетін. Орыс-қазақ мектерін бітіргендердің көбі сотқа, уәзге тілмаш болып, болысқа хатшы болып кететін; кейбіреулері оқуын одан әрі жалғастыратын.
Қалалардағы орыс-қазақ мектептерінде басқа қазақ арасында болыстық, ауылдық мектептерде болды. олар бір, екі жылдық болатын, бастауыш мектептері саналатын. Онда көбінше балаларға алғашқы сауат ашу сабақтары ғана оқылатын.
ХІХ ғасырдың ақырында орыс-қазақ мектептерінде көбейгені сонша, оларға оқытушылар дайындау үшін арнаулы оқу орындарын ашуға тура келді. 1883 жылы Омскіде қазақтың мұғалімдік мектебі ашылды. Мұнан кейінгі жылдарда қазақ арасындағы ауылдық мектептер мұғалімдерін даярлау жұмысы Оралда, Ақтөбеде, Ақмолада, Алматыда жүргізілді. 1902 жылы Семейде мұғалімдер семинариясы ашылды.
Патша үкіметінің қазақ балаларын түрлі мектептерге алып оқытудағы, қазақ арасынан түрлі мектептер ашудағы мақсаты, бір жағынан, өлкені басқару, отарлауға жергілікті халықтан қызметкерлер әзірлеп шығару, екінші жағынан, қазақтың шоқындыру, орыстандыру еді. Патша үкіметі бұратана ұлттарды күшпен «орыстандыру» саясатын жүргізді.
Бірақ патша үкіметінің бұл жүргізген шаралары көп жағдайда үкімет саясатынан, үкімет адамдарының ойлағанынан тыс объективті ретте жақсы, прогресшіл нәтиже берді. Яғни қазақ халқының орыс халқымен жуықтасуына , орыс халқының озат, прогресшіл мәдениетінің қазақ арасына жайылуына, қазақ халқы мәдениетінің өркендеуіне әкеліп соқты. Қазақтың орысша оқығандары көбейді: солардың ішінен ағартушы демократтар Шоқан, Ыбырай, Абайлар шықты.
Сонымен, қатар ХХ ғасыр басындағы оқығандары екі түрлі оқу оқып, екі түрлі мектеп арқылы әзірленіп шықты: бір жағынан, мұсылманша мектеп, медреселерде, екінші жағынан, орыс мектептерінде оқып білім алды. Яғни екі түрлі үлгі көріп, екі түрлі мәдениеттен нәр рухани азық алды.
3. Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет ХІХ ғасырдың ақырынан бастап қазақша газет шықты. Ол «Дала уалаятының газеті» деп аталды.
«Дала уалаятының газеті» 1888 жылдан бастап Омскі қаласында, Ақмола, Семей, Жетісу облыстық ведомостіне қосымша болып, екі тілде басылып, жетісіне бір рет шығып тұрды. Оның қазақшасының рекодторы Дала уалаяты генерал-губернаторлығының бас тілмаштары әуелі Сұлтанғазин, кейін Аблайханов деген кісілер болды.
«Дала уалаяты»- патша үкіметінің, Дала уалаяты генерал-губернаторлығының ресми газеті. Оны патша үкіметі қазақ халқының қамын ойлап, саяси-шаруашылық, мәдени-ағарту тілектерін ескеріп шығарған жоқ; қазақ даласының өзінің отаршылдық саясатын жүргізу, ресми жолдарын, бұйрық жарлықтарын тарату мақсатымен шығарды. Газет осы жолда қызмет істеді.
«Дала уалаяты газетіне» қазақтың сол кездегі оқығандары, хат білген адамдары: оқытушылар, молдалар, қазақтың тарихын, тұрмысын, әдебиетін зерттеп жүрген орыс ғалымдары едәуір қатынасып, хабарлар, мақалар, өлеңдер жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жіберіп бастырып тұрған. Атап айтқанда, қазақтың Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Көкбай Жанатаев, Абдулла Шонаев, Бәкін Әдіков, Қорабай Жапанов, тағы басқалары, орыс ғалымдарын В. Радлов, Г. Потанин, А. Ивановский, В.Вельяминов – Зернов сияқты адамдар қатынасып тұрған.
«Дала уалаяты газетіне» Абайдың да өлең, мақала, хабар жазып, қатыспақ ойы болған сияқты. Осыдан болу керек, Абай осы газетке екі өлеңін жібертіп бастырған. Оның бірі Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңі, екіншісі- «Болыс болдым мінеки» деген өлеңі.
Бірақ Абай бұл өлеңдерінде бірде-біреуінде автор ретінде көрсетілмеген. Алдыңғы өлеңнің басына: «Семей уезі, Шыңғыс елінің қазығы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі» деп жазылған да, ақырына «Кісіден үйреніп жаздым, Көкбай Жанатаев» деп қол қойылған. Ал екінші өлең «Бір болыстың айтқаны» деп басылған.
Онан соң, газет Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңінің біраз жерін, кедейдің байға жалыныштылығын, байдың оған байлық, үстемдік істейтінін суреттеген жерін өзгертіп басқан.
«Дала уалаяты газетінде» Абайдың басқа ешқандай шығармасы шықпаған. Оның себебін кесіп айту қиын. Бір жағынан, ой-пікірін әлгідей өзгерткен соң Абайдың өзі жібермей, жазбай қоюынан да, екінші жағынан Абайдың жіберген, жазған шығармаларын газеттің баспауынан да болуы мүмкін.
Әлгі аттары аталған кісілердің ішінен «Дала уалаятына» Мәшһүр Жүсіп үзбей, белсеніп қатысқан: түрлі тақырыпта көптеген хабар, мақала жазған, бірсыпыра өлең жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастырған. Тегі Мәшһр Жүсіптің «Мәшһүр» деп аталуы оның тек салдық құрып, ел қыдырып, өлең айтуы арқылы ғана емес, сонымен қатар осы «Дала уалаяты газетіне» көп жазып, атағы шығуы себепті де болуы керек.
«Дала уалаятының газеті» ресми газет болса да, қазақ халқының сол кездегі саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық хал-жайын, өткендегі тарихына, әдебиетіне, тұрмыс-салтына бірқатар орын берген. Онда қазақтың тарихы, тарихи адамдары (Әбілқайыр, Шоқан, Ыбырай) туралы, қазақтың жазба, ауызша әдебиеті, жеке ақындар (Бұқар, Орынбай, Үлкенбай, Ноғайбай) туралы, қазақ арасындағы оқу-ағарту істері, қазақ шаруашылығының түрлі мәселелері, қазақ жері, жаратылысы туралы бірсыпыра материал басылған. Оның үстіне, газетте қазақтың, газетте қазақтың бірді-екілі ақын-жызушылардың шығармалары жарық көрген.
Атап айтар ерекше бір жай- үкімет газеті бола тұрса да, «Дала уалаяты газетінде» кей уақытта прогресшіл, демократияшыл пікір, көзқарастар, осы бағытта жазылған хабарлар, мақалалар кездесіп қалып отырады. Бұл хабар, мақалалардың біразы қазақ бұқарасының саяси-шаруашылық халі, аянышты тұрмысы, біразы қазақ халқының бұрынғы мәдениеті, аянышты тұрмысы, біразы қазақ халқының бұрынғы мәдениеті, кемеңгер адамдары, ақындары туралы: біразы қазақ арасына орыс мәдениетін тарату, қазақ тілінде кітаптар бастыру, қазақ мектеп, оқу-ағарту жұмысы туралы болып келеді.
Жалпы алғанда, «Дала уалаятыының гаезітінің» тілі мен стилі негізінде бұрынғы мұсылманша оқыған қазақ зиялылары мен тілмаштарының тілі деуге болады. Өйткені газет редакциясына келіп түскен мақала, хабарлар көбінше ескі мұсылманша оқыған зиялылардан, болыс, билер сияқты үкімет адамдарынан түскен. Ал орыс тіліндегі материалдарды орыс тіліндегі газет, журналдардан, кітаптардан алынған материалдарды тілмәштар аударған. Бір-біріне еліктеп, яки әр қайсысының көргені, білгені тек сол болғандықтан, көбінше, тілмәштарша жазған.
Сөз болып отырған дәуірде қазақ жерінде «Түркістан уалаяты» (1884 жылдан), «Торғай газеті» шығып тұрды. Аталмыш газеттер қазақ жайында, қазақ тілінде хабар, мақалалар басып, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын жариялап отырды. Бірақ бұл газеттер қазақ арасына «Дала уалаяты» сияқты көп тарамады. «Дала уалаятындай» маңызды болмады.
«Дала уалаяты» 1902 жылы тоқталды. Мұның артынша Россияда 1905 жылғы буржуазиялық – демократиялық төңкеріс болып өтті. Ол, өте-мөте, Россиядағы Қазақстан сияқты ұлт өкілдері мен қазақ сияқты бұратана халықтар үшін өте ықпалды болды. ол ұлт өкілдері шаруашылығының өркендеуіне, ұлттардың шаруашылық жақтан қарым-қатынас жасап, бірлесуіне, осының негізінде Россиядағы бұратана ұлттардың оянуына зор себеп болды. «Конституциялық тәртіп», «Дума сайлауы, дума топтары»- бәрі ұлттардың оянуын, қозғалуын тағы да күшейте түсті.
Оянып, қозғалысқа келген бұратана ұлттар, олардың оқығандары өз тілдерінде түрлі кітапттар, газет, журналдар шығаруға, мәдени-ағарту мекемелерін, халық театрларын құруға кірісті. Олар мұның бәрін: ұйықтап қалыппыз, қатардан көп кейін қалыппыз. Енді ұмтылайық, ілгері кеткендерді тез қуып жетейік деген ниетпен ұранмен асығып-аптығып ісетді.
Сөйтіп, ХХ ғасыр басында қазақ арасында мектеп, медреселер көбейіп, оларда дүниелік ғылымдар оқылды; қазақ тілінде кітапттар көбейді. Сол сияқты, 1905 дыл төңкерісінен кейін қазақша газет, журналдар да шыға бастады. Атап айтқанда бұл кезде қазақ тілінде 6 газет, журнал шықты; ол газет, журналдар мыналар еді:
«Серке» газеті. Бұл газет Петербурда татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылы Петербургта шыққан. Бір нөмрі шығып тоқтап қалған. Редакторы Хажы Ыбыраймов деген кісі болған.
«Серке» туралы «Үлфәт» газеті редакторының бірі «Нажат» (Аазаттық) деген жинақта былай деп жазады.
«1906 жылдың ақырында «Үлфәттің» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарары болды. Келесі жылы март айының басында сол газеттің жариялауы шықты. Артынша, 28 мартта бірінші саны шықты. Ол «Үлфәт» гаезтінің 67-санына қосымша болып шықты.
Газет шыққан соң бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала бастығының «Серке», «Үлфәт» газеттерінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар. Содан ұсталды деп жауап берді дейді.
«Үлфәт» газетінде қосымша болып, сол газет маңында болған кісілер тарапынан шығарылуына қарап, оны либеральдық-буржуазиялық бағыттағы газет еді деуге болады. Себебі «Үлфәт» татардың либеральдық-буржуазиясының газеті болған.
Қазақ газеті 1907 жылы наурыз айында, Троицк қаласында шыққан. Бір нөмері шығып тоқтатылып қалған. Шығарушысы Хайм Шуллих Сосновский, бастырушылар Жетпісбай Андреев, Ешмұхамбет Иманбаев деген кісілер болды. Жартылай ресми газет еді.
Қазақстан газеті 1911жылы 16 наурыздан бастап Ордада екі тілде, шағын көлемді, алты бет болып шықты. Ол жылы 4 саны шығып тоқталып қалды, 1913жылы 28 қаңтардан қайта шыға бастады. Балығы 13,14саны шықты. Осыдан кейін бүтіндей тоқтады. Оның шығарушысы, редакторы Елеусін Бұйрин деген кісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет