Білім беру бағдарламасы: 7M01704 Шет тілін оқыту методикасы



бет1/6
Дата12.12.2023
өлшемі66,74 Kb.
#196664
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба философия
Сыни ойлау-1 (1), Танымал тұлғалар 5қ, Кейіпкерлер бейнесі 10ә



Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті»



Жоба
Пәні: M. 002 – «Ғылым тарихы және философиясы»
Білім беру бағдарламасы: 7M01704 Шет тілін оқыту методикасы


«Демографиялық проблемалар:
«Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» мәселесі»


Орындағандар: TESOL-23
Редова Оксана
Ахметкалиева Жадыра
Меңдіхан Раушан
Қыдырбаева Аяужан
Бақытбек Ақбота
Қорғанбаева Ардақ
Тексерген: Каюпова Ф.М.


Ақтау , 2023 ж
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……………………………………………………………………

3

  1. АДАМЗАТТЫҢ САНДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

5

  1. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

7

  1. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДҮМПУ – ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ШҰҒЫЛ ДА ҚАРҚЫНДЫ ТАБИҒИ ӨСУІ

  2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС

  3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТЕРЕҢДЕУІ




10

10
11



ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………

16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…

18

ҚОСЫМША…………………………………………………………………

19


КІРІСПЕ

  1. ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы - оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экономикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұзақ мерзімді Қазақстан - 2030 стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі - еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, жер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9 - орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60 - орын). Дегенмен, мәселе халықтың орналасу тығыздығында ғана емес. Бұл проблема жер көлемі шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.

  1. МАҚСАТЫ

Қазіргі таңдағы Қазақстанның халық санын қарастырып, олардың демографиялық жағдайларына тоқталып, демографиялық факторларды қарастыру.
3. МІНДЕТТЕРІ
1) Демографиялық жағдайлардың теориялық аспектілерін қарастырып, демография ұғымына толықтай тоқталу;
2) Статистикалық мәліметтерге сипаттама беру;
3) Демографиялық факторлардың қоршаған ортаға ықпалын қарастыру;
4) Қазіргі таңдағы демографиялық болжамдарды сараптау.

1 БӨЛІМ. «ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ»
Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет