Білім беру бағдарламасы: 7M01704 Шет тілін оқыту методикасы


Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуі



бет4/6
Дата12.12.2023
өлшемі66,74 Kb.
#196664
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба философия
Сыни ойлау-1 (1), Танымал тұлғалар 5қ, Кейіпкерлер бейнесі 10ә
Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуі
Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халық саны 9,3 млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұлғайды. Қазақ халқының саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж жедел өсу яғни нағыз Демографиялық дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан Қазақстанда жаңа Демографиялық дүмпу құбылыс басталатына болжануда.
Демографиялық дағдарыс
Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет