Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Магниттік қасиеттері бойынша заттардың топтасуы



бет5/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
Магниттік қасиеттері бойынша заттардың топтасуы.
Магниттік қасиеттеріне қарай заттарды диамагнитті, парамагнитті жәнеферромагнитті болып бөлінеді.
Диамагниттерге магниттік өтімділігі ( )< 1 болған заттар жатады. Олардың магниттік өтімділігі магнит өрісінің кернеулігіне ( ) тәуелсіз. Прагмагнит-тердің магнит өтімділігі ( ) 1-ге тең немесе сол мөлшерге болады да, ( )- қа тәуелсіз келеді. Ферромагнетиктер (магнитті заттар) – магниттік ( )<< 1 болса, салыстырмалы магнит өтімділігі ( ) магнит өрісінің кернеулігіне ( ) тәуелті заттар. Материалдардың магнитті қасиеттері элементарлы шеңбер тоқтары болып келетін, электр зарядтардың ішкі формаларымен анықтплады. Классикалық ферромагнетиктерге темір, никель және олардың балқымалары жатады.
Магнитті заттар үш топқа бөлінеді: магниттік жұмсақ заттар, магниттік қатты заттар және арнайы магнит заттар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Электр материалдарына түсінік беріңіз.

  2. Заттардың агрегаттық күйі дегеніміз не?

  3. Қатты дененің аморфты және кристалды структураларына сипаттама беріңіз.


Дәріс №2 Тақырыбы: Электротехника негіздері. Бір фазалы айнымалы ток тізбегі мәні.
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Электротехника негіздері.

  2. Бір фазалы айнымалы ток тізбегі

Әдебиеттер

  1. Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.

  2. Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.

  3. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.

  4. Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004

1. Электротехника негіздері.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салада қолдануын айтамыз.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды саларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.Б.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды. Заттың салмағының сақталу және қозғалыс заңдарын ашты.
А. Вольта (Италия физигі) ойлап тапқан гальваникалық элементтер бағанасынан кейін электр тогын алуға мүмкіншілік туды. 1802 жылы В.В.Петов электр тізбегіндегі процестерді зерттеп электр доғасын ашты және осыларды іс жүзінде жарық шығаруға, металды балқытуға, металдарды пісіріп жалғастыруға пайдалануға болады деген көз қарасын айтты.
Ағылшын ғалымы М. Фарадей 1831 жылы электрмагниттік индукция заңын және оның құбылыстарын ашып, дамуына зор үлес қосты.
1883 жылы орыс академигі Э.Х: Ленц индукциялық токтардың бағыттарының араларындағы заңдылықты ашты және олардың электр магниттік, электр динамикалық байланыстарының бар екендігін ашты. Соның ішінде электр магниттік индукциясы негіздерін де ашты. 1844 жылы ол ағылшын зерттеушісі Джоульға тәуелсіз сым темір арқылы ток өткенде шығатын жылу мөлшері сол сымның кедергісіне және сондағы токтың квадратына тура пропорционал екенін анықтады. Әлемде бірінші рет Россияда П. Л. Шилинг1832 жылы электр магниті телеграфын түрғызды.
1845 жылы неміс физигі Г. Кирхгов тармақталған электр тізбектеріне арналған негізгі заңдарды ашты, сонымен ол заңдар Кирхгов атымен аталды.
1976 жылы орыс ғалымы П. Н.Яблочков элетр шамын ойлап тапты, одан бастап электремн жарықтандыру басталды. Бірінші көмір стерженді қыздырғыш шамын орыс инженері А.Н. Лодыгин құрастырғаны баршаға мәлім.
XIX ғасырдың екіеші жартысындағы орыс ғалымдырының бірі А.Л.Столетовты атап өтуге болады, өйткені ол бірінші рет темірдің магниттік қасиеттерін тыңғылықты зерттеген. Ал Н.А. Умовты алсақ, ол электр магнитті энергиясының, денелер ішіндегі қозғалыстың теңдеуін шығарушы және соның алғашқы негізін салушы.
Айнымалы токтарды қолданудың алғашқы қадамы 1876 жылдан бастаған П.Н.Яблочков еді. Ол өзінің шам ішіндегістерженніңбіркелкі жануына айнымалы токтың толық қамтамасыз ететінін көрді, содан кейін көптеген шамдарды бір ғана энергия көзімен қоректендіруге мүмкіншлік алды.
Электр энергиясын пайдаланудың тез тарап көбеюіне байланысты алға жаңа талаптар қойвла бастады. Соның бірі электр энергиясын алыс жерге жеткізу. Бұл мақсатты шешу үшін шамалары әр түрлі кернеулер қажет болды.
Орыстың ғалым-инженері М.О.Доливо-Добровольскийдің ойлап тапқан үш фазалы жүйесі электр энергетикасы саласында т. б. жерлерде көп тарады. Ол 1989 жылы үш фазалы қозғалтқышты құрастырады және басқада үш фазалы тізбектердің бөліктерін ойлап шешті. Сөйтіп 1891 жылы электр енергиясын үш фазалы токпен 175 км қашықтыққа жеткізуге мүмкіншілік алды.
Айнымалы токты қолдану көптеген теориялық сұрақтарды іс жүзінде қолдануды шешуді керек етті.Сондықтан, xx ғасырдыңбасында электр техникасының теориялық негіздерінің көптеген салалары дамыды, әсіресе айнымалы токтың теориясы.Солардың ішінде айтарлықтайы, айнымалы токтың дамуына әсерін тигізген Америка инженері Ч.П.Штейнметцтің тізбектерді есептеу ушін енгізген комплекстік тәсілі.
1895 жылы А.С. Попов радио баиланысын ойлап тапты. Бұл жаңалық бүкіл адамзат өміріне, мәдениет тұрмысына кең жол ашты. Осы радио-техниканың дамыуы арқасында жаңадан электр тізбектерінің теориясы және электр магнит теориясы ашылды.
Орыс ғалымдарының, өнертапқыштарының әлемдік электр техникасына қосқан үлкен үлестеріне қарамастан Россияда ревалюцияға дейінгі уақытта эканомиканың артта қалуына байланысты электр техникалық өнеркәсіп кең дами алмады.
Қазақстанда индустрализацияланудың жүргізілуіне байланысты электр энергетика саласын кеңінен дамыту қажет болды. Соның салдарынан Қазахстанда электр энергетиканың ең көп дамыған республиканың біріне айналды. Сондықтан да Советтер одағында үшінші энергетикалық институты Алматыда ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет