Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет7/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
Бақылау сұрақтары:

  1. Синусоидалы уақыт берненің T периоды, f сызықты және ω бұрыштық жиіліктері деп нені атайды. Олардың арасындағы байланыс қандай?

  2. Токтың, кернеудің және ЭҚК-тің әрекет және амплитудалы мәндері арасында қандай байланыс бар?

  3. Кедергілердің, өткізгіштердің және қуаттардың үшбұрыштары нені көрсетеді?

  4. Ом және Кирхгофтың заңдары дифференциалды түрде жазылуы.


Дәріс №3 Тақырыбы: Айнымалы ток тізбегі: активтік, индуктивтік және сыйымдылықты кедергілер
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Кедергісі бар тізбек

  2. Индуктивтілігі бар тізбек.

  3. Сыйымдылығы бар тізбек.

Әдебиеттер

  1. Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.

  2. Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.

  3. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.

  4. Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004

1. Кедергісі бар тізбек
Синусоидалық тоқтың электр тізбегі тұрақты тоқ тізбегіне ұқсас, энергия көздері, өлшегіш аспаптар, коммутациялық аппараттар жəне т.б. сияқты электротехникалық құрылғылармен қатар синусоидалық тоқ тізбектеріне ғана тəн аспаптар - Трансформаторлар, конденсаторлар, индуктивтілік катушкалары жəне басқалары кіреді..
Айнымалы тоқ параметрлері (активті кедергі R, индуктивтілік L L жəне сыйымдылық C) айнымалы кернеу кезінде тізбекте пайда болатын айнымалы тоқтың мəніне жəне бастапқы фазасына əсер етеді. Активті кедергісі бар тізбектің элементтерінде электр энергиясы жылуға түрлендіріледі. Индуктивтілігі жəне сыйымдылығы бар тізбек элементтерінде энергия жылу түрінде шығарылмайды. Мезгілді түрде магниттік жəне электр өрістерінде жинақталады, содан кейін электр энергиясының көзіне қайта оралады. Тізбектің осындай элементтері реактивті деп аталады. Осындай элементтердің айнымалы тоққа əсері реактивті деп аталатын кедергілермен ескеріледі. Айнымалы тоқтың электр тізбегінің кейбір параметрлерін кейбір жағдайларда ескермеуге болады. Мысалы, қыздыру шамдары, резисторлар, қыздырғыш аспаптар əдетте активті кедергімен R, жүктелмеген трансформаторлар — индуктивтілікпен L, ал жүктемесі жоқ кəбіл желілері — сыйымдылықпен С сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет