Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ



бет5/74
Дата25.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#199115
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық-emirsaba.org
4 апта
ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 
БАСЫМДЫҚТАРЫ 

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай


қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған
білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл
осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Педагогикалық
шеберлік орталығында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет
«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық
ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған
сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-
қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы
тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін
құзырет болып табылады».
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында
қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):
1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар 
Дағдылар 
-
шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
-
қарым-қатынас жасау қабілеті;
-
өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
-
жауапкершілік;
-
денсаулық, достық және айналадағыларға
қамқорлық көрсету;
-
өмір бойы оқуға дайын болу.
-
сын тұрғысынан ойлау;
-
білімді шығармашылық тұрғыда
қолдана білу қабілеті;
-
проблемаларды шешу қабілеті;
-
ғылыми-зерттеу дағдылары;
-
қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
-
жеке және топпен жұмыс істей білу
қабілеті;
-
АКТ саласындағы дағдылар.
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын
әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы
құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Информатика» пәнінің оқу
бағдарламасынан көруге болады.
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) білім беру
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген
өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия,
Сингапур және Австралия сияқты елдерде білім беру бағдарламасы құжаттамаларында
мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық
Халықаралық зерттеу барысында білім беру бағдарламалары мен бағалау оқыту
үдерісінен күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы
анықталды.
Гриффин және басқалар (2012)



10
мектептерінен күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды.


Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл
Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге
көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік
береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет