Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Спиральді оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#49048
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mugalim nusqaulyq (1)
8, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 08 «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы 7-9, mugalim nusqaulyq (1), Григорьев Ю.М., Муравьёв В.М., Потапов В.Ф. - Олимпиадные задачи по физике. Международная олимпиада «Туймаада» - 2007, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 9-ОШ ФО География 8кл рус, дарын, Doc1, Doc1

Спиральді оқу бағдарламасы 

Спиральділік  қағидаты  бойынша  құрылған  оқу  бағдарламасы  Джером  Брунердің 

«Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. 

Оның  пікірінше,  ең  күрделі  материалдың  өзі  дұрыс  құрылымдалып,  дұрыс  ұсынылатын 

болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне 

баланың  бұрынғы  өз  тәжірибесі  перне  қоры,  мағлұматы  салынып,  дәл  айтқанда,  балаға 

танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал. 

Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп 

тұжырымдайды:  

-  белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 

-  бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 

-  таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). 

Бұл  спиральді  оқу  бағдарламасы  тұжырымының  дамуына  себеп  болған.  Джером 

Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: 

-  оқушы  мектепте  оқыған  кезде  тақырыпты  немесе  пәнді  бірнеше  рет  қайталап 

оқиды; 


-  әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 

-  жаңа  білім  алдыңғы  біліммен  тығыз  байланысты  және  бұған  дейін  алынған 

ақпарат тұрғысынан қарастырылады. 

Спиральді  оқу  бағдарламасын  жақтаушылар  оның  төмендегідей  басымдықтарына 



14 

назар аударады: 

-  оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; 

-  спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға 

қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; 

оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған 



білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. 

 

Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  әзірленген  оқу  бағдарламалары 



оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, 

одан  әрі  дамытылып  отыратын  спиральді  оқу  бағдарламасы  моделіне  негізделген.  Оқу 

үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен 

бөлімшелерге  топтастырылған.  Оқушылардың  сыныптан  сыныпқа  көшу  барысында  алға 

ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола 

түседі.  Спиральділік  қағидаты  пәннің  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарының 

жүйесінен  анық  көрінеді,  сыныптан  сыныпқа  ауысқан  сайын  оқу  материалы  күрделене 

түседі (2-кесте). 



 

2-кесте. Сыныптар бойынша оқу мақсаттары 

 

7-сынып   7.2.1.1  келесі  терминдердің  физикалық  мағынасын  түсіндіру  –  материялық 



нүкте,  санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын

9-сынып  9.2.1.1  материялық  нүкте,  санақ  жүйесі,  механикалық  қозғалыстың 

салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру 

10-сынып 10.2.1.1 жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, 

теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару

 

Сыныптан  сыныпқа  өткен  кезде  алға  жылжу  арқылы  оқушылар  оларға 



дүниетанымдар аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны 

тұрғысынан  мойындап  және  бағалап,  олар  сүйенуі  мүмкін  дереккөздер  аясын  кеңейтуге 

көмектесетін,  көбірек  тәжірибе  мен  терең  білімдер  алады.  Жасы  мен  тәжірибесі  де  оқу 

үдерісінде дербес шешімдер қабылдауға жағдай жасайтын болады. 

Пәннің  мазмұнын  меңгеру  және  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үдерісінде 

оқушылардың қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, жіктеу, құрастыру және көрсету барысында 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  дағдыларын,  ақпарат  және 

идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету дағдыларын, өздерінің жұмысын бағалау және 

жетілдіру үшін бағдарламалық жабдықтар мен құрылғыларды қолдану дағдыларын дамыту 

көзделеді. 



«Физика» пәнін оқытудағы тілдік мақсаттар 

Әр пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға 

болады.  Академиялық  тіл  пән  мазмұнын  меңгеру,  ойлау  және  осы  пәнде  қолданылатын 

ұғымдармен  жұмыс  істеу  қабілетін  жақсартуға  арналған  басты  құрал  болып  табылады. 

Академиялық  тілді  дамыту  тұрақты  назар  аударуды  талап  етеді.  Оқушылардың 

академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау 

көрсетілуі қажет. Екінші немесе үшінші тілдер арқылы білім алатын оқушылардың басым 

бөлігі академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін бүкіл оқу барысында қолдауды қажет 

етеді.  

Академиялық  тілді  үйренуде  тілдік  мақсаттар  маңызды  құрал  болып  табылады. 

Оқушылардың  олардан  қандай  нәтиже  күтілетінін  түсінуі  тілдік  мақсаттардың  анық 

құрылуына  байланысты.  Сондай-ақ,  тілдік  мақсаттар  мұғалімдерге  оқушылардың  оқуға 

деген  уәжін  арттырып,  оларды  бағамдауға  және  қолдауға  көмектеседі.  Пән  мұғалімдері 

оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. 

Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына 


15 

төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады: 

-  оқушылардың  назарын  академиялық  тілге  аудару  (мысалы,  пән  бойынша  оқу 

мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы 

қолдану); 

-  сабақ  барысында  пән  мазмұнының  ұғымдарымен  жұмыс  істеуге  қажетті  жұмыс  тілін 

ұсыну  (мысалы,  топтық  жұмыс  жүргізуге,  сұрақты  дұрыс  қоюға,  жағдайды  талдап, 

пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері); 

-  алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен 

тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану

-  түрлі  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  оқушылардың  тілдік  дағдылардың  барлық  төрт 

түрін  түрлі  комбинацияда  (мысалы,  оқылым-тыңдалым,  оқылым-жазылым,  оқылым-

айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы; 

-  оқушыларды  пікірталас,  диалогтерге  қатыстыру  (мысалы,  оқушыларды  толық  жауап 

беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы 

үшін  оқушыларды  өз  білімін  қолдануға  түрткі  болу,  сондай-ақ  оқушылар  диалогке 

қатыса алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);  

-  тіл  үйренуге  тән  оқу  дағдыларын  дамыту  (мәселен,  таңдап  алынған  материалдарды 

тыңдау,  түсіндіру,  металингвистикалық  және  метатанымдық  сананы  дамыту,  басқаша 

тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 

-  тіл  туралы  сыни  ойларын  дамыту  (мысалы,  тілдерді  салыстыру,  оқушыларды  тілді 

барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау); 

-  сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша 

қол жеткізілген жетістіктерді талқылау. 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік 

мақсат  үлгісінде  академиялық  тілдің  құрамдас  бөліктері  ұсынылған,  оны  оқушылардың 

есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі 

тақырыпшаларда ұсынылған: 

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология; 

(2)  диалог/  жазылымға  арналған  пайдалы  сөз  тіркестері.  Егер  пәннің  тілі  анық  әрі 

оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік 

мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі. 

Тілдік  мақсаттарды  белгілеу  үшін  келесі  етістіктерді  пайдалануға  болады:  саралау, 

санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, 

сынау,  анықтау,  суреттеу,  әзірлеу,  бағамдау,  түсіндіру,  мысал  келтіру,  жорамалдау, 

анықтау,  негіздеу,  келіссөз  жүргізу,  болжау,  өндіру,  балама  шешім  ұсыну,  себебін 

түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, 

көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз 

сөзімен анықтама жазу, безендіру. 

Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға 

болғанымен,  мазмұн  мен  тілдің  бөлінуі  оқушылардың  мазмұнға  да,  тілге  де  баса  назар 

аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол 

жауап/шешімді  іздеу  үшін  қолданылатын  үдерістерге  назар  аударылуын  теңдестіруге 

көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша 

нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады. 

Физика  сабақтарында  оқу  мақсаттарының  басым  бөлігі  мазмұнға  бағытталғанымен, 

кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек.

 

 



16 

«ФИЗИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 

 

Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің 

қолданатын  оқыту  тәсілдері  (яғни,  педагогикалық  әдістемелер)  маңызды.  Хэтти  (Hattie, 

2011)  білім  беру  шараларының  оқушыларға  әсерін  талдау  үшін  жүргізілген  60155 

педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында 

қол  жеткізген  жетістіктерден  кейін  оқушылардың  алға  жылжуына  мұғалімдердің 

педагогикалық  шеберлігі  айтарлықтай  септігін  тигізетінін  дәйекті  түрде  көрсетті. 

Мұғалімдер  пайдаланатын  әдіс-тәсілдер  оқудың  тиімділігіне  елеулі  әсерін  тигізеді. 

Педагогикалық  әдістемелерді  жетілдірмей  тұрып,  оқу  бағдарламасын  өзгерту  білім  беру 

стандарттарына  қатысты  реформалау  шараларының  мүмкіндіктері  мен  нәтижелілігін 

төмендетеді. 

Оқу  бағдарламасының,  оқыту  тәсілдерінің  және  бағалаудың  қалай  құрылуы 

қажеттігінің  мысалын  Хименес-Алейксандренің  (Jiménez-Aleixandre,  2008)  дәлелдерді 

құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008,  Katchevich et 

al, 2011 сілтемесі): 

1)  Оқушылар  оқу  үдерісіне  белсене  қатысады.  Олар  білімдерін  бағалап,  өздері 

ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы 

тиіс. 


2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған 

рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.  

3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 

4)  Оқушылар  мен  мұғалімдер  пікірлерді  бағалауда  білікті  болуы  керек  және 

оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды. 

5)  Оқушылар  өздерінің  алған  білімдерін  қолдана  алуы  және  білімдердің  қалай 

алынғанын талдай білуі тиіс. 

6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. 

«Физика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттары  оқушылардан 

өздерінің  дағдыларды  үйренуі  туралы  ой-пікірлерін  білдіріп,  оны  талдай  және  бағамдай 

білуді талап етеді. Бағалау тақырыбы «Критериалды бағалау» тарауында қарастырылады. 

Сонымен  қатар,  педагогиканың  түрлі  аспектілері,  атап  айтқанда,  оқушыға  бағдарланған 

әдіс-тәсілдер,  проблемаларды  шешу,  рефлексиялық  оқу  және  бірлескен  оқу  тәсілдері 

қарастырылады.  Оқыту  әдістерінің  барлық  аспектілері  сындарлы  оқыту  теориясымен 

үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, 

оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы 

оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы 

туралы  тұжырымдамаға  негізделген.  Бұл  жерде  ең  маңыздысы:  оқушылардың  алдыңғы 

алған  дағдылары  жаңа  дағдыларды  меңгеруге  үлкен  ықпалын  тигізеді,  ал  егер  ол 

ескерілмесе,  онда  білім  тереңге  бармай,  үстірт  меңгерілген  таяз  білім  болмақ.  Мұндай 

үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, 

рефлексия  және  басқа  да  дағдыларын,  алған  білімін  қолдануына  кері  әсерін  тигізеді. 

Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді 

қатысуы  керек.  Оқушыларға  алған  білімдерімен  жұмыс  істеуге,  оны  әрі  қарай  өңдеп,  өз 

дағдыларын  арттыруға  мүмкіндік  беретін  жаттығулар  орындауға  мүмкіндік  беру  аса 

маңызды болып табылады.. 

Пәнді  оқытуда  қолданылатын  педагогикалық  тәсілдер  сындарлы  белсенді  оқуға 

негізделеді (Savery, J. R., & Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., & Rohrer-Murphy, L., 1999). 

Бұл  тәсіл  қолданылған  жағдайда  оқушылар  оқу  барысында  белсенді  түрде 

атсалысатындықтан,  оның  маңызын  өздері  анықтай  алатын  жағдайда  болады.  Мұғалім 

енжар  қалыпта  отырған  оқушыларға  білім  бергенімен  салыстырғанда,  бұл  оқудың 

анағұрлым пәрменді құралы болып табылады. 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз 


17 

бетінше  әрекет  етуге  бейім,  мүддесі  мен  қызығушылығы  жоғары,  өзіне  сенімді,  талдау 

жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылатын 

қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді  

-  оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту 

үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру; 

-  мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы  оқушыларды 

ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту; 

-  проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу 

стратегиясының мысалдарын көрсету; 

-  бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау; 

-  зерттеушілік  әдіске  және  оқушылардың  зерттеуіне  негізделген  белсенді  оқытуға 

артықшылық беру; 

-  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; 

-  жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру 

қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып, дамытады. 

«Физика»  пәнін  оқытуда  қолданылатын  мұндай  стратегиялардың  мысалына 

төмендегілерді келтіруге болады: 

- зерттеушілік  дағдыларды  қалыптастыру  және  қорытындылары  мен  нәтижелерін 

тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту

- өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағадаяттар ағымына қарай бейімделуге, 

атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемалары шешу үдерісінде 

пайда болған жаңа ақпаратқа жауап беруге және бейімделуге үйрету; 

- теориялық  модельдердің  жұмысын  түсінуді  жақсарту  үшін  ойындар  мен 

модельдерді қолдану; 

- оқушылардың  өз  тәжірибелерін  жобалауы  мен  жоспарлауы  арқылы  физикадағы 

мәселелерді зерттеу; 

- физиканың  қазіргі  заманғы  проблемалары  туралы  (әртүрлі  дереккөздерден 

алынған)  ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты жинақтау, 

бағалауы мен қорытындылауы; 

- мәшинетану, жылутехника, электротехника мен радиотехника, электроника, аспап 

жасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану; 

- жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау. 

Оқушылардың  ғылыми  ойлау  және  танымдық  қабілеттерін  дамыту  физика 

мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау 

дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ 

және  ерекше  белгілерін  анықтай  білу,  абстракцияландыру,  жалпылау,  қорытынды  жасау 

сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық 

және  практикалық  ойлау  дағдыларын  қатар  қалыптастыру  маңызды.  Ғылыми  ойлаудың 

сипаттары: 

-  зерттеу мақсатын анық белгілеу; 

-  ғылыми болжамдар жасау; 

-  зерттеу әдістемесін белгілеу; 

-  зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау; 

-  зерттеу жұмыстарын жасау; 

-  алынған нәтижелерді талдау; 

-  қорытындыларды тұжырымдау. 

Оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың жолдары:  

-  ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; 

-  оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру

-  оқушыларды  физикалық  құбылыстар  мен  денелердің  қасиеттерін  түсіндіруге, 

себеп-салдар байланыстарын анықтауға тарту; 

-  индукция және дедукция бойынша ой қорыту дағдыларын қалыптастыру; 


18 

Бақылау,  тәжірибе  жасау,  алған  білімдерін  жүйелеу  және  жалпылау,  физикалық 

теория  негізінде  құбылыстарды  түсіндіру,  шығармашылық  таныту,  теориялық  ойлау 

сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларының дамуына 

ықпалын тигізеді. 

Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін маңызды. Ол 

үшін белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы келесі ұсынымдарды қолдануға болады: 

-  сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету; 

-  физикалық эксперименттер жасау; 

-  сабақтың ғылымилығын жоғарылату; 

-  проблемалық жағдаяттар туындату; 

-  оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру; 

-  шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану; 

-  ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. 

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-

әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.   



 

Физиканы табысты оқыту жолдары 

Физиканы  оқытуды  сапалы  ұйымдастыру  оқу  үдерісінің  тиімділігін  қамтамасыз 

етеді.  Оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  кең  тараған  түрлеріне  сабақ,  семинар, 

конференция, дәріс, практикум, экскурсия, қосымша факультативтік сабақтары жатады. 



Сабақ  –  сыныпта  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  негізгі  үлгісі  болып  табылады. 

Физика  пәнінде  сабақтың  жаңа  білімді  игеру,  білімді  жетілдіру,  білік,  дағдыдарды 

қалыптастыру,  білімді  жинақтау  және  жүйелеу,  аралас  сабақ,  бақылау  және 

оқушылардың  білімін  бағалау  түріндегі  сабақтар  ұйымдастырылады.  Сабақтың  түрі 

сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Оқушылардың танымдық 

әрекетін  белсендендіру  сабақтарында  қолданылатын  оқыту  түрлеріне  жеке,  жұптық, 

топтық және ұжымдық жұмыс түрлері мысал болады: 

-  жеке жұмыс – оқушының өз бетінше жекеше жұмыс жасауы; 

-  жұптық жұмыс – «оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» тәртібіндегі жұмыс түрі; 

-  топтық жұмыс – топтың құрамына байланысты (3-5 адам) шағын топтық және 

бүкіл сыныптық (жаппай) жұмыс жасайды; мұнда топтың барлық мүшесі бірігіп 

бір тапсырма/тақырыпты  немесе оның бір бөлігін орындайды; 

-  ұжымдық, яғни ауыспалы жұптар арқылы ұйымдастырылған жұмыс; мұнда әрбір 

оқушы  жеке  тақырып/тапсырманы  орындап,  жұптағы  екінші  оқушымен 

талқылайды. 

Семинар. Оқушылар сұрақтарға алдына ала дайындалған жоспар бойынша әдебиеттік 

дереккөздермен  жұмыс  жасау  арқылы  дайындалады.  Физика  пәнінен  семинар  сабағында 

оқушылар берілген сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің көзқарастарын көрсетеді. Бұл 

оқушылардың  зияткерлік  әлеуетін  дамытып,  қосымша  әдебиет  көздерімен  жұмыс  істеу 

дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді 

Оқу үдерісінде мұғалім оқушылармен серіктес қағидаттарын негізінде тиімді тәсілдер 

қолдану арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырушы болып табылады.  

Физика  сабағында  қолданылатын  әдіс-тәсілдер  физиканың  ғылыми  мазмұнын  ашуға 

негізделеді.  Физикадағы  зерттеулер  теориялық  және  эксперименттік  тәсілдермен 

байланысты.  Теориялық  әдістер    негізгі  физикалық  ұғымдар,  заңдар  және  теорияларды 

түсіндіру барысында қолданылады және модельдік болжамдар, математикалық болжамдар 

және қағидаттар әдісінен тұрады. Мұнда келесі кезеңдерді атап өтуге болады: 

-  Құбылысты бақылау және жадыда қайта жаңғырту; 

-  Фактілерді талдау және жалпылау; 

-  Проблеманы анықтау; 

-  Болжамдар ұсыну; 

-  Болжамдаудан шығатын теориялық қорытындыларды тұжырымдау. 


19 

Эксперименттік  тәсіл  теориялық  тәсілмен  тығыз  байланысты,  түрлі  физикалық 

эксперименттер арқылы жүзеге асады  және келесі кезеңдерді қамтиды: 

-  Эксперимент тапсырмасын анықтау; 

-  Болжамдар ұсыну; 

-  Экспериментті зерттеу және өткізу әдісін анықтау; 

-  Бақылау және өлшеу; 

-  Алынған нәтижелерді жүйелеу; 

-  Ұсынылған болжамдардың ақиқаттығы туралы қорытынды жасау. 

Физика  экспериментке  негізделген  ғылым  болуына  байланысты  физиканы  оқуда 

оқушылардың  жаңа  ұғымдар  мен  теорияны  меңгеруі  тәжірибеге  негізделе  отырып 

қалыптасады. 

Оқу эксперименттерінің оқу үдерісіндегі маңызы: 

-  Физикалық заңдар мен заңдылықтарды оқушыларға түсінікті түрде көрсету; 

-  Сабақтың көрнекілігін қамтамасыз ету; 

-  Оқушыларды  физикалық  құбылыстарды  зерттеудің  тәжірибелік  тәсілімен 

таныстыру; 

-  Техникада,  технологиялар  мен    күнделікті  тұрмыста  зерделенетін  физикалық 

құбылыстардың қолданылуын көрсету; 

-  Оқушылардың физикаға қызығушылықтарын арттыру

-  Политехникалық және тәжірибелік-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. 

Оқу эксперименттері физикалық құбылыстарды лабораториялық жағдайда туындату 

арқылы жасалатын ғылыми физикалық эксперименттермен тікелей байланысты. Ғылыми 

эксперимент табиғатты зерттеу және жаңа білім алуды көздейтін болса, оқу эксперименті 

осы білімді оқушыларға жеткізуге бағытталады. 

Физика  сабақтарында  көрсетілімдік  және  зертханалық  эксперимент  түріндегі  оқу 

тәжірибелері қолданылады. 

Көрсетілімдік  эксперименттің  көрнекілік  мазмұны  басым,  мұнда  мұғалім  тәжірибе 

жасау физикалық құбылыстардың  табиғатына оқушылардың танымдық қызығушылығын 

арттырып,  сабақтың  мазмұнын  ашады.  Мұғалім  тәжірибе  көмегімен  проблемалық 

мәселелерге  оқушылардың  назарын  шоғырландырып,  танымдық  әрекеттерін  басқарады. 

Мысалы, сұйықтың жоғарғы қабат бетінің қасиеттерін зерттеу үшін судың бетінде болат 

тебеннің қалқуын көрсету арқылы  проблемалық жағдаят туындуы мүмкін.  

Зертханалық  эксперимент  оқушының  тәжірибе  жасау  қызметімен  байланысты: 

жаппай  зертханалық  жұмыстар,  физикалық  практикумдар,  эксперименттік  есептер, 

сыныптан тыс бақылаулар мен тәжірибелер арқылы ұйымдастыруға болады. 

Физика  сабағындағы  зертханалық  жұмыстар.  Физиканы  оқыту  оқушылардың 

алған  теориялық  білімдерін  зертханалақ  жұмыстар  жасау  арқылы  тәжірибеде  қолдана 

білуге  дағдыландырады.  Зертханалық  жұмыс  әрбір  оқушы  физикалық  аспап  немесе 

құрылғыны пайдаланып тәжірибе жасайтын  физикалық оқу экспериментін ұйымдастыру 

сабағы  болып  табылады.  Зерханалық  жұмыс  жасау  арқылы  оқушылар  тәжірибелік 

танымның құралы ретіндегі физикалық құрылғыларды пайдалануды үйренеді, тәжірибелік 

тұрғыла машықтанады. Сонымен қатар, оқушылардың физика тараулары бойынша білімі 

тереңдеп,  жаңа  білім  алады,  эксперименттік  техника  құралдарымен  танысып,  логикалық 

ойлау дағдыларын дамытады, өзін-өзі реттеуге, басқаруға үйренеді. 

Зертханалық  жұмыстар  кезінде  оқушылардың  барлығы  арнайы  зертханалық 

құрылғылар  көмегімен  физикалық  құбылыстарды  бақылап,  физикалық  шамаларды 

өлшейді.  

Физикалық  практикум  сабағында  оқу  тақырыптарын  пысықтау  мақсатында 

оқушылардың  шағын  топтарына  қиындық  деңгейлері  әр  түрлі  тапсырмалар  беру 

қарастырылады. Шағын топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың ынтымақтастық негізінде 

бірлескен жұмыс жасау дағдылары дамиды. 

Зертханалық  эксперимент  жасауда  компьютерлік  технологияларды  пайдалану 


20 

физикалық  тәжірибенің  мазмұнын  түсінуге  үлкен  мүмкінік  береді.  Компьютерлік 

технология  физикалық  шамалардың  тәуелділігін  математикалық  функцияның  графигі 

арқылы  өрнектеуге,  физикалық  құбылыстарды,  күрделі  физикалық  және  технологиялық 

құрылғыларды  модельдеуге,  физикалық  процестердің  өзгерістерін  байқау  мүмкіндік 

береді.  Қазіргі  кезеңде  кеңінен  қолданылып  жүрген  аналогты-цифрлық  түрлендіруші 

бағдарламалық  жабдықтар  лабораториялық  жұмыс  барысында  физикалық  шамаларды 

өлшеп, физикалық үдерістің өту барысын сипаттайтын графиктік түсіндірмесін бақылауға 

мүмкіндік  береді.  Физикалық  эксперимент  нәтижесін  бағдарламалық  жасақтардың 

көмегімен өңдеу қайталап есептеуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге және оқушылардың 

шығармашылық  дағдыларын  дамытуға  ықпал  етеді.  Компьютерлік  технологяларды 

пайдаланып,  виртуалды  зертханалық  жұмыстар  жасау  барысында  физика  сабағында 

оқушылардың АКТ құзыреттілігі дамиды. 

Экскурсия  сабағы  оқу  әдісі  және  сабақты  ұйымдастыру  үлгісі  ретінде  физиканы 

оқытуда  маңызды  орын  алады.  Экскурсия  оқу  мектептен  тыс,  табиғи  жағдайда  немесе 

өндірістік  нысандарға  саяхат  арқылы  жүзеге  асатын  оқыту  тәсілі  және  оқу  үдерісін 

ұйымдастыру түрі болып табылады. Саяхат барысында оқушылар өндірістік нысандармен 

танысады, әртүрлі табиғи құбылыстардағы физикалық заңдардың әсерін тауып үйренеді, 

ғылыми-зерттеу лабораториялары мен өндірістерде қолданылатын физикалық құрылғылар, 

аспаптар  мен  өлшеуіш  құралдарымен  танысады.  Экскурсия  мазмұнына  байланысты 

тақырыптық  экскурсия,  кешендік  экскурсия,  кіріспе  экскурсия,  қорытынды  экскурсия 

түрінде болуы мүмкін. 

Тақырыптық  экскурсия  физика  пәнінің  нақты  бір  тақырыбына  арналады.  Кешенді 

экскурсия  мазмұндық  жағынан  ұқсас  тақырыптар  бойынша  бірнеше  пән  көлемінде 

ұйымдастырылады, мысалы физика, химия, биология. Бұл пәнаралық байланысты көрнекі 

көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Кіріспе  экскурсия  тақырыпқа  кіріспе  жасау  мақсатында 

ұйымдастырылады;  қарастырылатын  тақырыптың  тәжірибелік  маңызын  көрсетіп, 

оқушыларды сабаққа қызықтыруды көздейді. Қорытынды экскурсия оқушылардың белгілі 

бір  сала  бойынша  оқып  үйренгендерін  қорыту,  өмірмен  байланыстыру  мақсатында 

ұйымдастырылады.  

Экскурсия  теориялық  білімді  тәжірибемен  байланыстырумен  қатар  өндірістегі 

тәжірибелі  мамандардың  жұмысымен  танысуға  да  мүмкіндік  береді.  Оқушыларға 

экскурсиядан соң танысып-білгендері бойынша таныстырылым дайындау, баяндама жасау, 

т.б.  түрінде  ой-түйіндеу  тапсырмаларын  беруге  болады.  Экскурсияны  қорыту  үшін 

саяхаттан алған білімдері мен орындаған жұмыстарын бағалауға мүмкіндік беретін пікір 

алмасу, талқылау түрінде қорыту сабағын өткізуге болады. 



Физикалық есеп физика заңдарының негізінде логикалық тұжырым, математикалық 

амалдар және эксперимент жасау арқылы шешілетін қандай да бір мәселе болып табылады. 

Есеп  шығару  оқушылардың  физикалық  ойлауын  дамытып,  теориялық  білімін  тәжірибе 

жүзінде  қолдану  дағдыларын  дамытады.  Есеп  шығару  барысында  оқушылардың  білімге 

қызығушылығы  артып,  өз  бетінше  талдау,  жалпылау  дағдылары  дамиды,  меңгерген 

білімдері  жүйеленіп,  тереңдей  түседі.  Есеп  шығару  физиканы  оқып-үйренудің  тиімді 

жолдарының  бірі  болып  саналады.  Физикалық  есептер  сабақта  проблемалық  жағдаяттар 

туындатуға,  жаңа  білімді  жеткізуге,  практикалық  білік,  дағдыларды  қалыптастыруға, 

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Есептер сабақтың 

құрамдас бөлігі және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ыңғайлы құралы болып 

табылады. 

Оқыту  мен  оқу  өзара  тығыз  байланысты  үдеріс.  Мұғалімдер  оқушылардың  қалай 

оқитынын  неғұрлым  жақсы  түсініп,  өздерінің  оқыту  тәжірибесін  жақсартқан  сайын, 

олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек. Ауқымды зерттеу 

жүргізу  арқылы  оқушылардың  үлгеріміне  ықпалы  зор  әдіс-тәсіл  ретінде  төмендегі  әдіс-

тәсілдер анықталды: 



21 

- белсенді оқу; 

- кері байланыс; 

- сенімін  нығайту  (мысалы,  оқушының  өзіне  деген,  өз  мүмкіндігіне  деген  сенімін 

нығайту үшін мадақтауды пайдалану, қолдау көрсету); 

- оқыту сапасы (мысалы, көптеген саралау жаттығуларын жоспарлау және іске асыру). 

Физика  сабақтарында  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекетін  күшейту  олардың 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды  көздейді.  Оқушылар  жоғары  жетістіктерге  жетуі 

үшін  мұғалімдер  сабақта  белсенді  оқуды  қолдайтын  оқыту  тәсілдерін  қолданады.  Оқу 

үдерісінде  оқушының  белсенділігін  арттыратын  әдіс-тәсілдерді  шеберлікпен  қолдану 

оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту құралы болып табылады.  

Диалог.  Қазіргі  сабақта  қолданылатын  белсенді  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен,  диалог 

арқылы  оқыту  (сұхбаттасу),  мұнда  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  бірігіп  әрекет  етуі 

жүзеге асырылады.   

Бұл әрекеттестіктің ерекшелігі: 

-  оқу үдерісіне қатысты тұлғалардың (мұғалім, оқушы) бір мағыналық кеңістікте 

болуы; 


-  күрделі  мәселелер  өрісінде  шешілетін  тапсырмаларды  бірігіп  көтеру,  яғни 

бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылуы; 

-  тапсырмаларды  орындауға  қажетті  әдіс-тәсілдерді  таңдауда  өзара  келісімнің 

болуы. 


Танымдық  үдерісте  оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері  әрбір  оқушының  өз  үлесін 

қосу арқылы бірігіп жаңа білімді игеруін білдіреді. Мұнда олар бір-біріне қолдау көрсету 

арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, тәжірибелерімен бөліседі, осылайша өзінің 

танымдық әрекетін де дамытады. 



Эвристикалық әңгіме. 

Оқушылардың  логикалық  ойлау  дағдыларын  дамыту  үшін  оларға  өздері  талдау, 

салыстыру, жинақтау жасайтындай жағдай жасау керек. Мұны сабақта эвристикалық әңгіме 

әдісін  қолдану  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Эвристикалық  әңгіме  –  мұғалім  дайын 

білімді  өзі  хабарлаудың  орнына  сұрақ  қою  арқылы  оқушыларды  жаңа  түсініктер  мен 

қорытындылар  жасауға  итермелейтін  сұрақ-жауап  түріндегі  оқыту  тәсілі.  Бұл  дұрыс 

қойылған  сұрақтардың  көмегімен  оқушыларды  өздерінің  білімі  және  бақылауының 

негізінде жоғары деңгейде ойлауға тарту арқылы орындалады. Эвристикалық әңгіме әдісін 

қолдану  мұғалімнің  сабаққа  тыңғылықты  дайындалуын  талап  етеді.  Мұндай  сабақтың 

ерекше  белгісі  –  оқушылардың  алдына  шешуді  қажет  ететін  проблеманың  қойылуы.  Ол 

үшін мұғалім оқушыларға бір-бірімен байланысты тізбектелген сұрақ қояды. Әрбір сұрақ 

кіші-гірім проблеманы білдіреді және барлығы бірігіп, негізгі мәселені шешуге әкеледі.  

Мысалы  «Термодинамика»  тақырыбы  бойынша  изобаралық  процесте  газдың 

жұмысының формуласын қорытып шығару үшін мұғалім сабақты келесі сұрақтан бастауы 

мүмкін.  

-  Мұғалім: Изобаралық қыздыру газдың көлеміне қалай әсер етеді?  

Жауабы: көлем ұлғаяды. 

-  Мұғалім: Аузы тығындалған құтына қыздырсақ нені байқауға болады?  

Жауабы: газдың көлемі ұлғаяды, тығын көтеріледі. 

-  Мұғалім:  Тығын  жоғары  көтеріле  бастайды,  демек  жұмыс  орындалады.  Механикада 

жұмыс қандай формуламен есептеледі?  

-  Мұғалім:  Біздің  мысалда  жұмыс  жасалады  және  газдың  параметрлері  өзгереді.  Газ 

параметрлерінің өзгерісі арқылы жұмысты өрнектеп көрейік. Газдың жұмысын, оның 

көлемінің өзгеруі арқылы қалай өрнектеуге болады?  

Осылайша  мұғалім  сабақты  алғашқы  ашық  сұрақтан  бастап,  оқушылардың 

жауаптарына  сүйене  отырып,  туынды  сұрақтарды  қою  арқылы  эвристикалық  әңгіме 

тәсілімен сабақтың тақырыбын ашады. 


22 

Проблемалық  жағдаят  тудыру.  Оқушыларды  оқу  үдерісіне  тарту  және  олардың 

шығармашылық  ойлау  деңгейін  жетілдірудің  тиімді  тәсілдерінің  бірі  –  сабақта 

проблемалық жағдаят тудыру, оның мүмкін шешімдерін іздеу және оңтайлы жауабын табу 

болып  табылады.  Оқушылар  салыстыру,  талдау,  сәйкестендіру,  жинақтау,  бағалау, 

жалпылама  жасау  сияқты  жоғары  деңгейде  ойлау  сатыларынан  өтіп,  білімді  жаттанды 

немесе қайталау арқылы емес, шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады. 

Мұғалім  оқушылармен  пікір  алмасу  арқылы  талқылау  ұйымдастырып,  мәселенің 

шешімін  табуға  бағыттайды.  Бұл  –  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  дағдысын 

дамытатын  тиімді  тәсілдердің  бірі.  Сабақта  қарама-қайшы  келетін  пікірлер  арқылы 

шиеленіс тудырып, оны кішкене бөліктерге жіктеп шешу арқылы  нәтижеге қол жеткізу оқу 

үдерісінің тиімді болуына әсерін тигізеді. Себебі оқушының дұрыс жауапты білмеуінің өзі 

оны  белсенділік  танытуға  итермелеп,  жаңа  білімге  ұмтылысын  арттырады,  танымдық 

үдерісті күшейтеді.  

Проблемалық  жағдаят  оқушыны  белсенді  танымдық  ізденіске  тартады.  Оқушыны 

проблемалық жағдаятқа жолықтыру оны қарама-қайшылыққа итермелеуден басталады. 

Физика сабақтарында проблемалық жағдаят тудыру үшін қарама-қайшылықтың келесі 

түрлерін қолдануға болады: 

-  Оқушының өз тәжірибесі мен ғылыми білімнің арасындағы қайшылық; 

-  Танымдық үдеріс қайшылығы, яғни бұрынғы білім жүйесі мен жаңа білімдердің 

арасындағы қайшылық; 

-  Объективті шындықтың өзіндік қайшылықтары. 

Жоба  әдісі.  Физика  сабағында  тиімді  оқуды  ұйымдастыру  жолдарының  бірі  –  жоба 

әдісін қолдану. Бұл әдіс оқушылардың  қандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу 

нәтижесін  көпшілікке  таныстырып  жариялаудан  тұратын  оқу-танымдық  іс-әрекеттерінің 

жиынтығын  қамтиды.  Жоба  жұмысын  орындау  барысында  оқушылардың  ақпараттық, 

коммуникативтік  құзыреттіліктері,  күрделі  мәселелерді  шешу  жолындаға  ізденушілік 

дағдылар және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі. Сонымен қатар 

бұл  тәсіл  пәнаралық  байланысты  нығайтып,  екі  немесе  одан  да  көп  пәндер  бойынша 

кіріктірілген  сабақ  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Жоба  әдісін  қолдану  сабақта 

мұғалімнің  қызметінің  өзгеруіне  де  әкеледі:  мұғалім  дайын  білімді  берушіден  өз 

оқушыларының  ізденістік,  зерттеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  арқылы 

танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс 

орындалатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары 

жетіліп, ішкі уәжі арта түседі. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп, оларды талдап, дамыту 

арқылы  қорытынды  жасап,  жаңа  нәтиже  алуды  және  оны  жариялауды  жүзеге  асырады. 

Жоба  жұмысы  әдісі  оқушылардың  өз  бетінше  ізденуіне  бағытталған;  жоба  жұмысын 

оқушылар белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы мүмкін, 

сондықтан ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады.  

Физика пәнінде жоба әдісін қолдану оқушылардың ғылыми танымдық белсенділігін 

күшейтіп,  пәнаралық  байланыс  орнату  арқылы  физиканы  оқытудың  табыстылығын 

арттырады.  

Физика сабағында жоба жұмысын орындау физикалық заңдар мен заңдылықтарды 

зерттеуге  және  тексеруге,  негізгі  ұғымдар  мен  түсініктерді  нақтылауға  және  дамытуға, 

физикалық  шамаларды  өлшеу  дағдыларын  қалыптастыруға,  физикалық  құбылыстармен 

процестерді басқару мүмкіндігін көруге, зерттелетін шынайы құбылыстар мен процесстерді 

бейнелейтін  физикалық  аспаптар,  құралдар  мен  құрылғыларды  қолдана  білуге,  табиғи 

құбылыстарды  танып  білу  үшін  физикалық  тәжірибенің  мәнін  түсінуге,  теориялық  және 

тәжірибелік білімдердің үндестігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Жоба  тақырыптарын  анықтауда  мұғалім  мен  оқушылардың  біліктілігі  және 

шығармашылығы көрініс табады. Мұғалім жоба жұмыстарына оқу бағдарламасы ұсынатын 


23 

тақырыптармен қатар өз қалауы бойынша өткен тараулар бойынша тақырыптарды алуы да 

мүмкін. 

Жоба жұмыстардың түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық 

жоба, рөлдік ойын жабасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді  шағын (

бір сабақ, 

бір  немесе  бірнеше  апта  көлемінде),  орта  мерзімді  (бір  немесе  бірнеше  ай  көлемінде),  ұзақ 

мерзімді жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.  

Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар: 

-  әртүрлі  пәндік  салалар  бойынша  кіріктірілген  білімдерді  және  зерттеушілік 

ізденісті қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;  

-  күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;  

-  оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттерінің жүйелі болуы;  

-  жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы; 

-  зерттеу әдістерінің қолданылуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет