Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет56/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары

9,4С

9.7.2.1 - жұлдыздық параллакс ұғымын түсіндіру

(T) Оқытушы бастапқы нүктеге қатысты жұлдыздардың көрінерлік қозғалысын көрсететін анимацияны көрсете алады.

(D) Оқушылар қолдарын алға созып, бас бармағын тік жоғары көтереді. Сонан соң алдымен бас бармағына бір көзін жауып қарайды, сосын екінші көзін жауып қарайды. Сол кезде алыстағы тұрған заттарға қатысты бас бармағының орыны ығысқанын байқауға болады. Мұғалім оқушылардан осы құбылысты түсіндіруді және сызбасын сызуды сұрай алады.
(E) Оқу ресурстарында берілген экспериментте («Өте алыс денелерге дейінгі қашықтықты анықтау») қолдың ұзындығын пайдаланып, өте алыстағы ғимаратқа дейінгі қашықтықтың қалай табылатынын түсіндіреді.
Қабілетті оқушылар әдетте сыныптан тыс заттарға, мысалы, алыста орналасқан ғимаратқа дейінгі қашықтықты есептей білулері тиіс. Оқу ресурстарында тәжірибенің мәліметтері берілген; бұрыштарды өлшеу үшін тіпті қарапайым транспортир мен құлабыз қолданылуы мүмкін.

Оқушылар параллакс арқылы көршілес жұлдыздардың жыл ішінде бұрыштық өлшеміне қатысты қозғалыс иллюзиясы пайда болатынын түсіндірулері керек.
Оқытушы оқушыларға тригонометриялық ұғымдар бойынша қосымша мәліметтер бере алады. Тік бұрышты үшбұрыштарда сандық мысалдарымен тік бұрышты үшбұрыштың синусын, косинусын және тангенсін табу жолын қайталау өте маңызды
Оқушылар осы әдістің көмегімен затқа жақындамай-ақ, қашықтықтан өлшеу жүргізуге болатынын және оның астрономия үшін өте пайдалы екенін түсінулері тиіс.
Қабілетті оқушылар параллакс бұрышын
θ және бастапқы нүктенің қашықтығын dbaseline затқа дейінгі қашықтықты анықтау үшін қолдана алады
d =dbaseline / 2tanθ.
Бұны затқа дейінгі нақты қашықтыққа қатысты тексеруге болады.
Оқушылар жұлдызға дейінгі қашықтықтың ұлғаюымен параллакстың кішірейетінін түсіндіре білулері тиіс.

Жұлдыздық параллаксты көрсететін анимация:
http://imagine.gsfc.nasa.gov/YBA/HTCas-size/parallax1-movie.html
Параллакс бұрышын түсіндіру:
http://www2.jpl.nasa.gov/teachers/attachments/parallax.html
немесе
http://www.astronomynotes.com/starprop/s2.htm
Параллакс бойынша жұмыс парағы:
https://dept.astro.lsa.umich.edu/ugactivities/Labs/parallax/px_wkst_short.html
Тәжірибенің мәліметтері:
http://people.bu.edu/clemens/AS102/lab_2_parallax_triangulation_v4.pdf




9.7.2.4 - парсек дегеннің не екенін білу;

(T) Оқытушы параллакс әдісінің қолдануы шектеулі болатынын оқушылармен бірге талқылайды және осы әдісті қалай жетілдіруге болатынын сұрай алады. Оқушылар барынша мүмкін болатын әдісті таңдап, оның қалай жасауға болатынын болжай алады.

(G) Оқытушы одан кейін қашықтық бірлігі ретінде Жердің Күнді айналу орбитасының 6 айда өтетін қашықтығы қабылдануы мүмкін екенін болжап, оқушылардан интерактивті моделдеудегі (тізімде берілген) жатығуларды орындауды сұрайды.



Астроном үшін параллакс бұрышы жылдың бір мезігіліндегі Жер мен жұлдызды қосатын сызық пен алты айдан кейінгі сызық арасындағы бұрыш болып табылады. Оқушылар параллакс бұрышын және оның Жерге дейінгі сызықтың екі кезеңі арасында өлшенуі тиіс екенін көрсететін сызбаны сыза білулері тиіс.
Оқушылар парсек анықтамасын білуі тиіс.
Сізге оқушыларды бір бұрыштық секундтың минуттың 1/60 бөлігін = градустың 1/3600 бөлігін құрайтынын үйрету қажет.
Оқушылар бір секундтық параллакс бұрышын және жұлдызға дейінгі бір парсек қашықтығын метрмен есептеу үшін жер орбитасының диаметрін пайдалана алады, одан кейін алынған нәтижені жарық жылдарына түрлендіреді (3.26 жарық жылы).

Ең жоғары параллаксты көрсетуге арналған моделдеу (фондағы жыұлдыздардың қозғалысын көруге арналған телескоптың рұқсатын ұлғайту):
http://highered.mcgraw-hill.com/olcweb/cgi/pluginpop.cgi?it=swf::800::600::/sites/dl/free/007299181x/78778/Parallax_Nav.swf::Stellar%20Parallax%20Interactive
Параллакс бұрышы үшін диаграмманы түсіндіру:
http://www2.jpl.nasa.gov/teachers/attachments/parallax.html




9.7.2.2 - жұлдыздардың жарықтылығы оның температурасы мен көлеміне тәуелді екендігін білу;



(G/D) Оқытушы жарықтылықтың мәнін түсіндіре алады.
Оқушылар жұлдыздардың жарықтылығына қандай факторлардың әсер ететінін болжап, температураның беткі ауданға қарағанда маңызды фактор болып табылатынын белгілеу үшін интерактивті жаттығулармен жұмыс жасайды.
(D) Өлшемдері және температуралары әртүрлі шамдар оқушылардан бірдей қашықтықта жақын орналастырылуы керек. Оқушылар көздерін жауып, алақандарын тигізбестен жақындатып шамдардың қайсысының көп қуатты бөлетінін болжайды. Шамдардың қуаты белгілі болуы тиіс. Кернеуді төменннен бастап шамның қыл сымының түсін өзгерту үшін, түрлендіре отырып, тұтынатын қуат мәні анықталады.

Астрономияда жарықтылығы ретінде жұлдыздан Дж/с-пен немесе Вт-пен бөлінетін жалпы энергия қабылдананын білуі тиіс.


Өте қабілетті оқушылар аздаған мөлшердегі судың температурасы оған түскен жарық энергиясы есебінен артуын бағалап, тәжірибе жүргізе алады. Олар Күннен бөлінген күн жарығының жалпы қуатын өлшеу үшін, су бетінің ауданына түсетін энергияны қалай пайдалану туралы ойланулары керек.



Астрономия бойынша интерактивті жаттығу
- «жұлдыз жарықтылығына» өту:
http://astro.unl.edu/interactives/

Күннің жарықтылығын өлшеуге арналған тәжірибе:


http://www.eaae-astronomy.org/WG3-SS/WorkShops/SunLuminosity.html




9.7.2.3 - жұлдыздық шаманың жұлдыздың жарықтылығы мен оған дейінгі қашықтыққа тәуелді екенін сапалы түсіндіру

(G) Оқушылар интернет желісінен немесе басқа ақпарат көздерінен жұлдыздық шама ұғымы туралы ақпарат іздеп, Күнді басқа жұлдыздармен салыстыру арқылы таныстырылым дайындайды.
(G) Егер мүмкіндік болса, жергілікті астрономиялық зерттеу орталықтарына (немесе обсерваторияға) оқушыларды апаруға болады. Оқушылар астрономиямен практика барысында танысады және онымен айналысатын адамдармен, астрономдармен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

Оқушылар жұлдыздың жарықтылығы мен оның көрінерлік жарқырауының арасындағы айырмашылықты ажырата алғандары жөн. Жұлдыздың көрінерлік жарқырауы Жер бетінің бірлік ауданына түсетін қуат есебінде өлшенеді,

Жарқырау арақашықтық артуымен кемитінін көрсететін эксперимент:
http://www.physics.umt.edu/~diane/astr135/LuminosityLab.pdf






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет