Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет46/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
Ықпалдастыру қағидатына
сәйкес, бір сала бойынша білім беру қызметі 
үдерісінде бір мезгілде басқа салалардың міндеттерін де шешкен жөн. Білім беру 
үдерісін бір ортақ тақырып аясында ұйымдастыру балалардың жан-жақты дамуына мол 
мүмкіндіктер береді. Балалардың тәжірибе жүзінде жасап көруі, эксперимент жасауы, 
негізгі дағдыларын дамытуы, ұғымдық негізде ойлануы үшін мүмкіндіктер пайда 
болады. Осының негізінде мазмұны жағынан ықпалдастырумен қатар, балалар 
қызметінің әр алуан түрлерін қамтитын әртүрлі ұйымдастыру нысандары мен мен әдіс-
тәсілдері де ықпалдастырылады.
Табысты жоспарлауға ықпал ететін шарттар 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың тәрбиесі мен дамуына 
қолайлы жағдайлар жасау төмендегілерді қарастырады:
- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
- жаңартылған нормативті құқықтық құжаттарға сәйкес материалдық-техникалық 
базаны қамтамасыз ету; 
- білікті педагог кадрлар мен мамандардың болуы
- тәрбиелеу, дамыту және оқыту міндеттерінің бірлігі; 
- ортақ тақырыптарға сәйкес білім беру салаларының кіріктірілуі; 
- білім беру мазмұнының көлемі балаларға шамадан тыс жүктеме түсірмеуін 
қарастыру; 


- ересектер тарапынан балалардың бір-біріне тілектестік, ынтымақтастық қарым-
қатынастарына қолдау көрсету; 
- балалардың бойында патриоттық сезім мен толеранттылықты, Отанына және 
жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру
- білім беру үдерісінің ұйымдық-әдістемелік тұрғыдан сүйемелденуі;
- педагогтер мен ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде, оның 
ішінде инклюзивті білім беруде қолдау көрсету.
Табысты жоспарлаудың шарттары:
1) жоспарлау сәтіндегі өз жұмысының деңгейін объективті бағалау;
2) жұмыстың белгілі бір кезеңіне арналған жоспарлау мақсаттары мен міндеттерін 
айқындау;
3) типтік оқу жоспарының мазмұнын білу;
4) жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижелерін нақты 
білу;
5) қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдарды 
таңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет