Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс № 5. Тақырып: Әдебиет өнер және оқу пәні ретінде



бет4/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс
123, Бесік жыры
Дәріс № 5. Тақырып: Әдебиет өнер және оқу пәні ретінде
Қарастырылатын мәселелер:
1. Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі
2. Көркем шығарма бастауыш мектептегі оқу пән ретінде
3. Оқу сөйлеу және эстетикалық әрекет ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әдебиет – өнер, сөз өнері. Өнердің еңбір қадірлісі, қасиеттісі – көркем әдебиет.
Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Шығарма арқауы – шындық.
Өнер өмірді қайта қалпына келтіру үшін, адамды заттар мен құбылыстарды түсінуге мәжбүрлеу үшін, санасында тасты тас етіп бейнелеу үшін өмір сүреді. Ол адамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурайды.Қуантады, күрсінтеді, қайғыртады, қапаландырады, жігерлендіреді, ой салады. Қысқасы, адамның көңіл күйінде сан салалы із қалдырады. Өнердің мақсаты – заттардың не үшін белгілі болғанын жеткізу емес, олардың қалай қабылдануына қатысты әсерлі сезімді жеткізу.
Көркем әдебиеттің өмір танытудағы маңызы өте зор. Бір мысал келтіре кетейік.
1958 жылы ташкентте өткен Азия мен африка жазушыларының тұңғыш конференциясында біз камерун жазушысы Бенжамен Матиптің Мұхтар Әуезовпен дидарласып кездескен екен.
Мен қазақтар жайлы бұрын еш нәрсе естіп-білген емес едім,– деді ол. Ал қазір мен оларды білемін., тіпті өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің кремет кітабын оқыдым. Мен тамаша адам – қазақ халқының ақыны Абаймен таныстым, оның сүйген қыздары– Тоғжанмен, Әйгеріммен, оның абзал достарымен таныстым. Мен оларды жақсы көрдім, бейне ұзақ жылдар бірге тұрып, қайғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы кһрдім. Солармен бірге тіпті Сіздің дарқан даланың тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Шынында да, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой!
Көркем шығарма адамға өмірді осылай танытады.
Өнер – нысанның көркемдік келбетін тану тәсілі. Ол үшін нысанның өзі маңызды емес...
Эстетика дегеніміз – адамның шындыққа эстетикалық қарым-қатынасының жалпы даму заңдылығын, әсіресе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылыми пән.
Эстетика дүниені пайдалылығы тұрғысынан емес, әсемдігі, сұлулығы тұрғысынан бағалайды, сондықтан эстетикалық баға – жалыпадамзаттық құндылықтармен байланысты баға деп түсінген жөн.
Өнердің не әдебиеттің эстетикалық мәнін түсіну үшін тағы да мысал алайық. Глеб Успенскийдің «Тез» деген әңгімесінде өнер туындысының адамға әсері, адамның көкірегінде күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, рухтандырар ғаламат эстетикалық күші, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы кемшілік атаулыны түзеп жіберер «магиялық» қасиеті соншалық нәзік те терең суреттелген.
Ауыр тұрмыс еңсесін түсіріп, ерікн алып, бар тағдыры «умаждалған қолғаптай» бір уыс болған Тяпушкин бейтін бейшара мұғалім өзінің бай қожайындарымен бірге Парижга сапар шегіп барып, басы мең-зең шаршаған қалпы өздері жатқан мейманханадан шығады да, бет алды сенделіп жүріп, ойда жоқта Луврға кіріп, әлемге әйгілі Милос Венерасының қарсы алдында қалай қалшиып тұрғанын өзі де аңғармай қалады:
Музейге кірген бетте ... түк те түсінгенім жоқ, тек шаршағанымды ғана сездім, құлағым шулады, шекем зіркілдеді, содан соң кенет тағы да аң*таң, неге екенін тағыда түсінбеймін, әдеттен тыс ақыл жетпес бір ғаламат әсермен Милос венерасыныңимаңдай алдына кеп тоқтағаным бар емес пе ... оған қараймын да өзіме өзім: «Маған не болған, маған не болған?» – деп күбірлей беремін. Ә дегеннен, статуяны көрген сәттенөзімнен сұрағаным осы болды, өйткені дәл осы мезетте өзімнің үлкен қуанышқа кез болғанымды сездім... Бұ не, бұл? ...
Осы әңгімеде өнер туындысына тән барлық қасиет – оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы түгел сыйып тұр. Соләсерден Тяпушкин ғаламат сұлу сезімге бөленді, өзі бұрын-соңды білмеген жаңалық ашты, сыр ұқты, дүние таныды.
Әдебиеттің аксиологиялық қызметі
Аксиология – құндылық әлемінің «құндылықтары» мен сипаты, құрылымы мен иерархиясы, олардың онтологиялық статусы және де құндылық пайымдаулардың табиғаты мен ерекшелігін танудың тәсілдері.
Ғалымдар әдебиеттің бес негізгі қызметін бөліп көрсетеді: эстетикалық, тәрбиелік, аксиологиялық, танымдық, гедонистикалық.
Эстетикалық қызметінің маңызы ерекше, өйткені әдебиет таным, тәрбие, сенім қалыптастыру, сезім дамытуды тек өзіне ғана тән тәсілдермен және құралдармен жүзеге асырады, эстетикалық қабылдаусыз әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі іске аспайды. Эстетика дүниені пайдалылығы тұрғысынан емес, әсемдігі, сұлулығы тұрғысынан бағалайды, сондықтан эстетикалық баға – жалыпадамзаттық құндылықтармен байланысты баға деп түсінген жөн. Эстетикалық әсер туралы айтқанда, мәселен, «Дүниетану» курсында оқытылатын «Табиғаттағы маусымдық өзгерістер» тақырыбын алайық, бұл тақырып кіші мектеп жасындағы оқушыларды күз кезінде болатын өзгерістермен: күннің салқындауы, жапырақтардың түсуі, сарғаюы, құстардың жылы жаққа қайтуы т.б. таныстырады, адамдардың күздегі әрекеттеріне, қысқа дайындығына назар аударады. Ал көркем әдебиет болса күз мезгілін адамның қабылдауы туралы айтады, табиғаттың әсем көріністерінің күзге қарай қоңырқай тартуы, күзгі салқындықтың адам қуанышын көңілсіздікке ұштастыратыны ....
Аксиология – құндылық әлемінің «құндылықтары» мен сипаты, құрылымы мен иерархиясы, олардың онтологиялық статусы және де құндылық пайымдаулардың табиғаты мен ерекшелігін танудың тәсілдері. Әдебиеттің аксиологиялық және тәрбиелік қызметі өзара тығыз байланысты. Өмірді, өмірдегі жағдаяттарды суреттеп, кейіпкерлердің қылықтарын, ой-толғамдарын, уайым-қайғыларын сипаттай отырып, жазушы оларды бағалайды, мәтіндегі әрбір сөз автордың сезімінен, автордың көзқарасынан туындайды. Дүниені автордың көзімен көру т. б.
Әдебиеттің танымдық қызметі, өнердің гедонистикалық қызметі және т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет