Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»



бет5/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс
123, Бесік жыры
Дәріс № 6. Тақырып: Баланың әдеби дамуы бастауыш мектептегі әдебиеттік оқудың басты мақсаты ретінде
Қарастырылатын мәселелер:
1. «Әдеби даму» ұғымы
2. Оқушылардың әдеби даму өлшемдері
3. Көркем шығарманы қабылдау деңгейін білу әдістемесі
Дәрістің қысқаша мазмұны
«Әдеби даму» термині әдістемеде оқытудан күтілетін нәтижені білдіру үшін XX ғасырдан бері қолданылып келеді. XX ғасырдың 70-жылдары оқушылардың әдеби даму үдерісін Н.Д.Молдавская зерттеді, аталған ұғымды қолданысқа енгізген және оның анықтамасын берген де – сол. Әдеби даму – бұл оқу үдерісі, «сөз өнерін қабылдау, эстетикалық өлшемдерді басшылыққа ала отырып, оқығанды саналы түрде талдауға және бағалауға қабілеттілігін дамыту», сонымен бірге баланың жеке әдеби шығармашылығын дамыту үдерісі.
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, Н.Д.Молдавская әдеби дамуды екі жақты үдеріс ретінде көрсетеді: біріншісі – оқырман ретінде қабылдауы арқылы көрінетін көрнекі-бейнелі ойлау қабілеттілігі; екіншісі – өзінің жеке әдеби шығармашылығы. Қазіргі оқытудың мәдениеттануға, гуманитарлық ғылымдардың интеграцясына бағыттылығы «әдеби даму» ұғымының аясын кеңейтуді талап етеді, соған орай бұл үдеріске үшінші бағыт – мәдениетті тасымалдаушы және жасаушы ретінде оқушының дамуы қосылады.
Әдеби даму – жасқа байланысты үдеріс, яғни оқытудың қалай жүргізілгеніне қарамастан, әр түрлі жастағы бала қандай да бір шығарманы әр түрлі қабылдайды, оған өзінің көзқарасын әр түрлі білдіреді, өйткені жасына байланысты оның өмірдегі тәжірибесі өзгереді, мәдение кругазоры кеңейеді, сезімі, ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды. Сонымен қатар әдеби даму – бұл оқу үдерісі, оқыту сипаты әдеби дамуға өз әсерін тигізбей қоймайды, ол әдеби дамытуға қолайлы мүмкіндік жасауы да, керісінше оны тежеуі де мүмкін. Сондықтан оқытушы оқушылардың әдеби даму үдерісінің заңдылықтарын жете білуі тиіс.


Дәріс № 7. Тақырып: Бастауыш әдебиеттік білім әдістемесі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Бастауыш әдебиеттік білім әдістері мен тәсілдерінің топтастырылуы
2. Мектепте көркем шығарманы талдауды ұйымдастыру ұстанымдары және әдебиеттік оқу сабағының құрылымы
3. Көркем шығарманы талдау тәсілдері
Дәрістің қысқаша мазмұны
Бастауыш әдебиеттік білім әдістерін топтастырып, сипаттау өте күрделі мәселенің бірі болып табылады. Оның себептері көп.
Біріншіден, баланы көркем шығармамен және өзінің шығармашылығымен таныстыру үдерісінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту өзара өте тығыз байланысты. Мұндай жағдайда оқыту дегеннен гөрі бастауыш әдебиеттік білім әдістерін бөліп көрсету орынды болар еді.
Оқыту әдісі дидактикада оқытудың мақсат-міндеттеріне қол жеткізуге және мазмұнды меңгеруге бағытталған оқытушы мен оқушының өзара әрекеттерін ұйымдастыру жолы ретінде анықталады. Әдебиеттік білім әдісін оқыту үдерісінде оқушыны тәрбиелеу және дамыту мақсаты мен міндеттерін және мазмұнды меңгеруге бағытталған оқытушы мен оқушының өзара әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі деп анықтауға болады.
Екіншіден, әдістемеде әрекет объектісі мен әрекет түріне бағыттау ерекшеліктері ескерілетін болса, әдебиеттік білім беруде оқырмандық және әдеби-шығармашылық әрекетке баса назар аударылады. Бастауыш сыныпта оқу сөйлеу әрекеті және эстетикалық әрекет ретінде қарастырылады, осының өзі мәтінді меңгеру әдістерінің әр түрлі болатыны көрсетеді.
Үшіншіден, оқыту әдістерін топтастыру көп жағдайда өнерді емес ғылым негіздерін үйретуге бағытталады және сөз өнері әдістерінің ерекшеліктері ескерілмейді.
Төртіншіден, орта мектептегі тек көркем әдебиетті үйретуге арналған әдістер тобын бастауышта пайдалануға болмайды, әрі олар бастауыш білімнің барлық міндеттеріне сай келе бермейді.
Бесіншіден, әдебиеттік оқу бойынша қазіргі вариативті бағдарламаларда оқыту әдістері көрсетілмеген, тек жұмыс тәсілдерін айтумен шектелген.
Сондықтан бастауыш әдебиеттік білім беруде оқушылардың оқырмандық әрекетін негізге ала отырып, оны мазмұнды меңгеруге және оқытушы мен оқушы әрекеттестігінің сипатына назар аударылатын И.Я.Лернердің оқыту әдістері тобымен байланыста қарастыру керек. Сонымен қатар әдебиетті сөз өнері ретінде таныту қосымша әдістерін тобын қажет етеді. Бұл тұста сезімдік-шығармашылық әдіс, әдебиеттік шығармашылық әдістерді ерекше атап айту жөн, әдебиетті оқытуда бұл әдістерді басқа ешқандай әдіс алмастыра алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет