Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В011000-физика Пән циклы атауы және коды


Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет)



бет3/7
Дата03.11.2019
өлшемі115,58 Kb.
#51081
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФОӘ СИЛЛАБУС ДОТ

Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет):

1) демонстрациялық эксперимент;

2) лабораториялық эксперимент;

3) физикалық практикум;

4) сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;

5) эксперименттік есептер шығару;

6) қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.


Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №5

Тақырыбы: Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі

Сағат саны: 1

Жоспары

1. Есептердің түрлері. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі.

2. Оқушылардың оқулықпен,анықтама кітаптармен, физика және техника туралы ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретудің әдістемесі.

3. Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептеу, сапалық, графиктік, сурет есептер шығару әдістемесі, шығармашылық есептер және олардың түрлері, әр түрлі есептерді құрастыру әдістемесі.

Дәріс тезисі

Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар: 1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады; 2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың тәжірибелік маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді; 3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүигіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді; 4) физикалық ұғымдардың, жастардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады. 5) оқушылардың алған білімдерінің терендігі мен беріктігін тексереді. 6) сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі; 7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі; 8) оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді; 9) пән аралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды; 10) оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.Сондықтан да физикадан есеп шығару бағдарлама талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негіздерінің біріне кіреді.



Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №6

Тақырыбы: Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу, бағалау әдістері

Сағат саны: 1

Жоспары

1. Тестік есептерді құрастыру және өткізу, бағалау тәсілдері қарастырылады.

2. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері (физикалық диктант, тест, бақылау жұмыстары).

3. Оқушылар білімін бағалау, бағаның мағынасы, мәні, міндеті және қызметі, білімді бағалау ережесі(критерийі)

Дәріс тезисі

1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің маңызы мен мақсаты

2.Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің түрлері

Оқыту процесінде мұғалім жағынан оқушылардың таным- дық іс-әрекетін мақсатты басқару жүзеге асырылады. Осы про- цестің маңызды звеноларының бірі оқушылардың жетістіктерін тексеру болып табылады. Ол оқушыларда қалыптасқан білімдер мен шеберліктердің деңгейін, олардың Мемлекеттік білім стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу материалын оқушылардың меңгеру сапасын тексергеннен кейін объективті бейнесін алғаннан соң, мұғалім одан арғы оқытуды жоспарлағанда, оқушылардың білімдеріндегі кемістікті уақытылы түзетуге тиісті.

Білімдер мен іскерліктерді тексеру оқушыларда танымдық қабілеттердің: қабылдаудың, назардың, есте сақтаудың, ойлау- дың, сөйлеудің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білімдер мен іскерліктерді тексеру белгілі бір тәрбиелік функцияны да орындайды. Ол оқушыларды тәртіпті сақтауға, оларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді, өз жұмысы үшін жауапкершілік сезімін дамытады. Білімді тексеру жеке адамның қиындақтарды жеңудегі табандылықты, ерік пен жігерліктің қалыптасуына ықпал етеді.

Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №7

Тақырыбы: Физика бойынша өтілетін экскурсиялар

Сағат саны: 1

Жоспары

  1. Олардың маңызы мен түрлері, оларды жоспарлау.

  2. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі.

Дәріс тезисі

Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.



Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.

Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады.

Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №8

Тақырыбы: Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттер

Сағат саны: 1

Жоспары

  1. суреттерді

  2. плакаттарды

  3. кестелерді

  4. слайдтарды

  5. бейнефильмдерді және түрлі компьютерлік модельдерді пайдалану

Дәріс тезисі

Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар. Физикадан ойдағыдай сабақ беру үшін тек қана тәжірибелерді демонстрациялау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау ғана қажет емес, сонымен бірге сабақтарда түрлі көрнекі құралдарды қолдану қажет. Көрнекі құралдар оқушыларда қажетті құбылыстардың, машиналар мен құралдардың бейнесін, ойлау белсенділігін тудырады оқып үйренілгендерге зейін қойып ықылас аударға, материалды жақсы меңгеруге атсалысып, оқу процесін жандандырады. Физиканы окып үйрену кезінде көбінесе құбылыстың өзін, осы құбылыстардан туатын әрекеттерді бакылауға тура келеді: кейбір құралдар күрделі болып, ал олардың ішкі бөліктері нашар көрінеді не мүлде көрінбейді, көптеген құбылыстарды және олардың техникалық қолдануларын өз қалпында көрсетуге тіпті де болмайды.Осының бәрі де көрнекі құралдарды пайдалануды қажет етеді. Көрнекі құралдарға көлемдік кұралдар жатады (модельдер, коллекциялар, макеттер); графикалық көрнекі кұралдар (кестелер, плакаттар, монтаждар, диаграммалар, графиктер). Суреттер және сынып тақтасындағы чертеждер; диа-және эпипроекциялар; кинопроекциялар. 



Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №9

Тақырыбы: Физиканы оқытудағы техникалық құралдар

Сағат саны : 1

Жоспары

  1. Оқу киносы

  2. дыбыс шығару құралдары, радио, теледидар,

  3. оқытудың интербелсенді ақпараттық коммуникациялық құралдары.

  4. Бағдарлап және компьютерлік оқыту құралдары және оларды физиканы оқытуда пайдалану.

Дәріс тезисі

Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.

Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада преокциялайтын прибор; эпидиа¬скоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.

Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №10

Тақырыбы: Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері

Сағат саны: 1

Жоспары

  1. Физикалық және тақырыптық үйірмелер

  2. Мектеп олимпиадалары және физикалық кештер

Дәріс тезисі

Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын артттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы физикадан – сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Оқу жоспарынан тыс, үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, бірақ, оқушының өз ыңта еркімен әрі олардың қалаулары бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы сыныптан тыс жұмыс деп аталады.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жастарға ғылыми-материалистік, эстетикалық, тәрбие беру.

Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №11

Тақырыбы: Физиканы проблемалық оқыту

Сағат саны: 1

Жоспары

  1. Программаланған оқыту. Компьютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған оқыту, анықтамалық, молдельдеу бағдарламалары.

  2. Физиканы бағдарлы мектептерде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

Дәріс тезисі

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс- тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс- тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық ( ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл – аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр- әдіс тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс- тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, « дағдыға» айналған әдіс- тәсілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын – ақ. Оқу- тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс- тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс- тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек.

Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №12

Тақырыбы: Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары

Сағат саны: 1

Жоспары:

  1. (Жасампаздық педагогика – мұғалімдік қызметтің жоғарғы сатысы. В. М. Монахов, Ж. Қараев, В. Ф. Шаталов, Т.Т. Ғалиев, М. Жанпейісов – технологиялары және т.б)

Дәріс тезисі

Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиет- тегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы аныктама жоқ.



Әдебиет

1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.

2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б

3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.

4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.

Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №13

Тақырыбы: Физиканы оқытудың жоғарғы сатысы

Сағат саны : 1

Жоспары:


  1. Физиканы оқытудың жоғарғы сатысы

Дәріс тезисі

Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі. Мектеп курсындағы молекулалық физика және оны оқып-үйрену әдістемесі. Газ заңдарын оқып-үйрену әдістемесі. Термодинамика сұрақтарын оқып үйрену әдістемесі. Мекте курсындағы «электродинамика» және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау. Электординамиканың негізгі ұғымдарын оқып-үйрену әдістемесі. Электромагниттік өрісті оқып үйрену әдістемесі. Электромагниттік тербелістерді оқып-үйрену. Электромагниттік толқындар және оны оқып-үйрену әдістемесі.

Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдасты- рып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойы- нан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады.

Сонымен, педагогикалык технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.



Әдебиет

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.

3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.

4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.



Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №14-15

Тақырыбы : Физиканы оқытудың негізгі сатысы

Сағат саны : 2

Жоспары

    1. Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

    2. Жеке мәселелер

    3. Жалпы білім беретін орта мектептерде физиканың бөлімдерін оқыту әдістемесі

Дәріс тезисі

Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс және күштер. Гидро – және аэростатиканың элементтері. Жұмыс, қуат және энергия. Жылу құбылыстары туралы алғашқы мағлұматтар. Жылу, жұмыс және ішкі энергия. Атом құрылысы және электростатика элементтері. Ток күші, кернеу, кедергі. Электромагниттік құбылыстар. Жарық құбылыстары. Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).

Әдебиет

1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.

2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б

3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.



4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.

Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
11.2. Семинар/ практикалық сабақтар

Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физика бойынша бағдарлама – мұғалімнің негізгі құжаты. Деңгейлік және кәсіптік бағыт үшін бағдарламалар пакеті. Оларды салыстырмалы талдау.

  2. Физика оқулығы. Физикадан қазіргі заманғы жаңа оқулықтар, оларды салыстырмалы талдау. Қолданыстағы физика оқулығына бағдарламаның сәйкестігі.

  3. Жаңа оқу-әдістемелік оқулық.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жұмысты жоспарлау – оқу жұмысының негізгі кезеңі. Жоспарлау барысындағы тірек құжаттары.

  2. Тақырыптық жоспар.

  3. Сабақ жоспары.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы

Сағат саны: 3

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Физика курсындағы зертханалық жұмыстардың мәні.

  2. Зертханалық сабақтардың түрлері.

  3. Фронталь жұмыстарды жүргізу әдістемесі.

  4. Физикалық практикумдар.

  5. Зерттеулік зертханалық жұмыстар.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Білімді, іскерлікті және дағдыны жүйелі тексерудің мәні.

  2. Оқушыларды жеке (индивидуальды) және фронтальды сұрау.

  3. Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі.

  4. Білімдерді тексерудің жаңа формалары: физикалық диктант, дидактикалық карточкалар, перфокарталар, бағдарламаланған тапсырмалар және т.б.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Физика сабақтарында есептер шығару және классификациясы

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физиканы оқытудағы есептердің мәні.

  2. Есептердің классификациясы.

  3. Физика есептерін шығару әдістемесі. Есептер шығару жолдары, оларды жазу тәсілі.

  4. Мектеп физика курсындағы графиктік есептер.

  5. Эксперименттік есептер және олардың физика сабақтарындағы орыны.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: Физика кабинеті және оны жабдықтау

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Физика кабинетін ұйымдастыру принциптері;

Кабинетті ұйымдастыру жоспары;

Қондырғылардың классификациясы;

Физика кабинетін жабдықтаудағы политехникалық бағыттылық;

Оқушылардың қолымен жасалған приборлар және қондырғылар;

Физика кабинетіндегі кестелер, плакаттар, дидактикалық материалдар;

Физика кабинетінің даму болашағының жоспары.



Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №7

Тақырыбы: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолданудың мәні және орыны, ролі.

  2. Орта мектепте физика бойынша тарихи материалдарды қолданудың негізгі бағыттары: ғалымдардың өмірбаянын, ашылулардың тарихын, ұғымдардың қалыптасу тарихын меңгеру.

  3. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды пайдаланудың формалары мен әдістері.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №8

Тақырыбы: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі.

  2. материалды қайталаудың формалары мен әдістері.

  3. Қайталу-жалпылаушы сабақтар.

  4. Орта мектептің физика курсындағы оқу конференциялары.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №9

Тақырыбы: Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сыныптан тыс жұмыстың мәні.

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары.

Физикадан сыныптан тыс жұмысиардың жаңа формалары.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №10

Тақырыбы: Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс

  2. Репродуктивтік әдіс

  3. Проблемалық әдіс

  4. Эвристикалық әдіс

  5. Зерттеушілік әдіс

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары

  2. Қазіргі заманғы физика сабағы

  3. Физика сабағының құрылымы

  4. Физика сабағына қойылатын талаптар

  5. Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №12

Тақырыбы: Физика сабағын талдау

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

  2. Физика сабағына қойылатын талаптар.

  3. Сабақ түрлері.

  4. Жаңа материалды меңгеру сабағы.

  5. Физика сабағын талдау.

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №13

Тақырыбы: Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперимент

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері

  2. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар

  3. Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

  4. Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

  5. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №14

Тақырыбы: Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері

Оқушылардың білімін бағалау кретерийі

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
Практикалық сабақ №15

Тақырыбы: Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты

  2. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы

  3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі

Өткізу форматы: Фронталды, топтық және дербес формалары
11.5 Студенттермен өзіндік жұмысы (СӨЖ)

СӨЖ тақырыбы: Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу

жұмыстары.



Тапсырма.

  1. Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері қандай?

  2. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінісіңдер.

  3. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер.

  4. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады?

  5. Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын атаңыз?

  6. Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын маңызы қандай?

Әдістемелік нұсқау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет