Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика


Тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері



бет12/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС
32 (2)
9.Тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Білім берудің мазмұны туралы түсінік.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама.
4. Жалпы білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар.

Дәріс тезисі* Білім берудің мазмұны туралы түсінік. Білім беру мазмұны - жан - жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек?» сұрағына жауап береді. Білім беру мазмұны тарихи сипатқа ие, өйткені адамзат дамуының әрбір кезеңінде, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғам талабына сай өзгеріп отырады, сәйкесінше білім беру мазмұны да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі дүниежүзі бойынша білім беру мазмұнын гуманизациялау, компьютерлендіру, интеграциялау (кіріктіру), тұлғаның даму ережелеріне негізделе отырып құрастырады.
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қалыптасты. Қоғамдық-әлеуметтік және ғылыми-техникалық өркениеттің нәтижесінде білім беру мазмұнына жаңаша талаптар қойылып отыр. Білім беру мазмұны дегеніміз оқушыларды жан-жақты дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі. Ал Ж.Б.Қоянбаевтың пікірінше, білім беру мазмұны оқыту үрдісінің құрамдас бөліктерінің бірі деп түсінік берсе, А.А.Бейсенбаева анықтамасы бойынша білім беру мазмұны дегеніміз жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекет тәсілдерін меңгеру мен жүйелі білім алуды іскерлік пен дағдыны жетілдіру деп айтады.
Бекіту сұрақтары:
1. Білім берудің мазмұны және оның компоненттері дегеніміз?
2.Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері қандай?
3. Жалпы білім беру мазмұнын реттейтін құжаттарды атаңыз?
Әдебиет:

  1. Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б

  2. Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.

  3. Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.

  4. Подласый И.П. Педагогика. Учебник для бакалавров. М.: 2012.-574с.

  5. Загвязинский В.И. Общая педагогика. Учебное пособие. М- 2008.- 391 с.

  6. Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.

  7. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 – 209 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет