Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01511 «География Тарих» Пән циклы атауы және коды



бет5/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,91 Mb.
#82261
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы, Микробиология-Фармация-2-курс-каз
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Географиялық зерттеу әдістері



Зерттеу әдістері бойынша сызбалар құру.Конспект жазу

2 сәсенбі

3сәрсенбі

2

Ауа ылғалдылығы көрсеткіштерін анықтау.



кесте құру конспекті даярлау,есептер шығару

4 сәрсенбі

5 сәрсенбі

3

Ауа қысымы және желдің түрлері

Ауа ылғалдылығы көрсеткіштерін анықтау, есептер шыгару

6 сәрсенбі

7 сәрсенбі

4

Атмосфера жалпы циркуляциясы

Атмосфералық қысым, қысым орталықтары. Жел. Ауа массалары. Атмосфералық фронттар. Циклондар мен антициклондар. Атмосфераның жалпы айналымына сызба құру, есептер шығару

8 сәрсенбі

9 сәрсенбі

5

Жердің ірі өзендеріне морфометриялық сипаттама

морфометриялық сипаттаманы жоспар бойынша жазу.

10 сәрсенбі

11 сәрсенбі

6

Көлдерге морфометриялық сипаттама.



морфометриялық сипаттаманы жоспар бойынша жазу

12 сәрсенбі

13 сәрсенбі

7

Төтенше табиғи құбылстары:тууы, себептері,болжамдары

Презентация,Конспект,
Видеоматериалдар даярлау.

13 сәрсенбі

14 сәрсенбі

8

Табиғатты тиімді пайдалану.Мониторинг

Сызбалар құру.Хабарламалар дайындау.

14 сәрсенбі

15 сәрсенбі

1

Еуропаның географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру

2 сәрсенбі

3 сәрсенбі

2

Азияның географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру

4 сәрсенбі

5 сәрсенбі

3

Солтүстік Американың географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру

6 сәрсенбі

7 сәрсенбі

4

Оңтүстік Американың географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру

7 сәрсенбі

8 сәрсенбі

5

Африканың географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру

8 сәрсенбі

9 сәрсенбі

6



Аустралия мен Мұхиттық аралдардың географиялық номенклатурасы

Кескін картаға түсіру



9 сәрсенбі

10 сәрсенбі

7

Тұщы су проблемалары және оны шешу жолдары.



Баяндама, презентация

11 сәрсенбі

12 сәрсенбі

8



Қорғалатын аймақтарға сипаттама

Кескін картаға түсіру



12 сәрсенбі

13 сәрсенбі

9

Тұрақты даму концепциялары.

Баяндама,презентация



13 сәрсенбі

14 сәрсенбі

10

Дүниежүзілік мұхит бөліктері



Кескін картаға түсіру



14 сәрсенбі

15 сәрсенбі



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Кіріспе. Географиялық қабық туралы түсінік физикалық географияны оқыту нысаны және пәні ретінде
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Жалпы жертану пәні мақсат міндеті.
2. Физико-географиялық ғылымдар жүйесі.


Дәріс тезисі* Қазіргі заманғы география – ең алдымен физика - географиялық және экономико - география ғылымдарына бөлінетін өзара байланысты ғылымдар системасы.
Физика-географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Физикалық географияның зерттеу объектісі – Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, организмдердің жанасуы, өзара араласуы және өзара әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып географиялық (ландшафтық) қабық деп аталады. Бұл күрделі материалдық системаға «бос энергияның әр түрлеріне ерекше бай болуы; заттардың бос элементарлық бөлшектерден атомдар, иондар, молекулалар арқылы химиялық қосылыстар мен ең күрделі денелерге дейінгі ерекше әр түрлі дәрежеден агрегаттылығы; органикалық дүниенің, топырақ жамылғысының, шөгінді жыныстардың, рельефтің әр түрлі формаларының болуы; Қүннен түсетін жылудың шоғырлануы; төмен температура мен қысымның термодинамика заңдарының үстемдігі; адамзат қоғамының өмір сүруі тән».
Табиғат компоненттерінің мұндай тарихи қалыптасқан ұштасуын табиғат немесе физикалық-географиялық комплекстері деп атайды. Географиялық қабық өзі ең ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комплекстерінен тұрады.
Бекіту сұрақтары:

  1. «Жалпы жертану» пəнінің негізгі зерттеу нысаны?

  2. Географиялық қабық өзін құрайтын негізгі компоненттері?

  3. Географиялық қабық жəне оның компоненттері?

  4. «Жалпы жертану» ғылымы өзінің даму жолы?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3. Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
4. .Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
5. Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс.

1.2 Дәрістер


Тақырыбы Күн жүйесі
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Ғарыш әлемінің құрамы мен құрылымы.
2.Галактика.
3.Күн жүйесі құрамы.
4.Күн жүйесінің ғаламшарлары, астероидтар және кометалар.
Кілт сөздер: Галактика, фотосфера, хромосфера, протуберанец, фотосфералық факель.
Дәріс тезисі*
Әлемнің «көрінетін» Метагалактика деп аталатын бөлегі бойынша болжайтын болсақ Әлем негізінен сутек (80%) және гелийден (18%), аздаған басқа да элементтердің қатысуынан тұрады;
Әлемнің негізгі зат массасы (98%) жұлдыздарда және ол ионданған ыстық газдан — плазмадан тұрады.
Жұлдыздар. Космостық объектілердің ең маңыздысы — жұлдыздар. Олар өтеәр түрлі келеді, себебі олардың даму стадиясы түрліше жағдайда
ететіндіктен. Жұлдыздың химиялық құрамы, температурасы, жарқырауы, диаметрі, массасы, тығыздығы қозғалысымен оларға дейінгі қашықтығы олардың сәулеленуіне қарай анықталады. Жұлдыз спектрлерінің айырмашылығы ең алдымен жұлдыздың беткі қабатының температурасына байланысты болады. Температура жұлдыздың түсін де анықтайды. «Суық» жұлдыздар (35000 – 60000) ұзын толқындарда (спектрдің қызыл бөлегі) ыстықтары (250000 – 350000) кысқа толқындарда (спектрдің көкшіл бөлегі) сәулеленеді.
Көптеген жұлдыздар жалтырауын өзгертіп отырады, осыған байланысты олар айнымалы деп аталады. Тұтылмалы – айнымалы жұлдызда ол бір жұлдыз бен екінші бір жұлдыздың тұтылуынан, ал физикалық-айнымалы жұдыздың өз жағдайына байланысты болады. Физикалық-айнымалы жұлдыздар пулсирлік және эруптивті болып бөлінеді. Төтенше жаңа жұлдыздар едәуір сирек пайда болады, мұнымен бірге жаңа жұлдызға қарағанда мың есе артық энергиялық сәуле шашады.
Галактикалар. Әлемдегі жұлдыздар әр түрлі системаларды кұрайды. Жұлдыздардың 60%-тен астамы 2, 3, 4-тен 10 жұлдызға дейін, олар үшін жалпы салмақ орталығы төңірегінде айналатын системаларға біріктірілген.
Ғаламшарлар. Күн системасының тоғыз үлкен планеталары мына тәртіппен орналасқан: Меркурий, Шолпан, Ай мен Жер, Марс, Юиитер, Сатурн, Уран, Нептун, Планеталар орбита аралығы Күннен алыстаған сайын ұлғая түседі.
ІІланеталар мөлшері, .химиялық құрамы, массасы, тығыздығы, айналу периоды бойыпша бір-бірінен айырма жасайтын екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Жер типтес планеталар Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, екіншіге Юпитер типтес (алып планеталар) Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун жатады
Бекіту сұрақтары:

  1. Күн жүйесі Галактиканың қай бөлігінде жатыр?

  2. Бұл планеталық жүйенің орталығы не?

  3. Шартты түрде қай планетаның орбитасын Күн жүйесінің өлшемі ретінде қабылдайды?

  4. Күн жүйесінің планеталарын қандай топтарға біріктереді?

  5. Жердің шынайы пішіні болып есептелінетін не?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3. Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
4. .Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
5. Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
6 Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
7. Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

1.3 Дәрістер


Тақырыбы Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Жердің пішіні мен өлшемдері

  2. Жердің өз білігінен айналуы

  3. Жердің күнді айнала қозғалысы.

  4. Уақыт

Кілт сөздер: Жер орбитасы, жердің айналуы, мериадандар, күн мен түннің ауысуы
Дәріс тезисі*
Жердің бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады.Ол өз осінен айналады.күн маңымен айналады,Айменен ортақ және бүкіл Күн системасымен ортақ ауырлық центрінің төңірігінде, Күн системасы құрамында Галактика бірге Әлем кеңістігінде айналады.Бірақ жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы-біздің планетамыздың осьтік және орбиталық қозғалыстары.Бүкіл қозғалыстар бір уақытта болатындықтан,олардың тигізетін әсері шатысып жатыр.
Жердің айналуы. Егер Жерге солтүстік полюс жағынан қарайтын болсақ,Жер батыстан шығысқа қарай сағат стрелкасына қарама-қарсы айналып,23с56мин ішінде өз осінен толық айналып шығады. Жердің барлық нүктелерінің айналу бұрыштық жылдамдығы бірдей.Айналудың сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік айналу периоды ішінде нүктенің өтетін қашықтығына байланысты. Жердің бетінде осьтің шығуын бейнелейтін нүкте ғана-географиялық полюстер қозғалмайды.Экватор сызығындағы нүктелер үлкен жылдамдықпен айналады.Экватор-екі полюстен бірдей қашықтыққа,айналу осіне перпендикуляр жазықтық Жерді қиюынан пайда болған үлкен шеңбер.Егер Жерді ойша экваторға паралель жазықтықтармен қиятын болсақ,жер бетінде батыстан шығысқа созылған сызықтар-параллельдер пайда болады.Параллельдердің ұзындығы экватордан полюске қарай қысқарады,соған сай олар айналғанда сызықтық жылдамдықта азаяды.Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуына сызықтық жылдамдығы бірдей.
Бекіту сұрақтары:
1. Астрономдар Әленің пайда болуын қалай түсіндіреді?
2.Ай және күн тұтылудың болуы немен байланысты? Неге тұтылу әр сайын болып тұрмайды?
3. Жердің шар тәрізді екенің алғаш кім анықтады?
4. Жердің шар тәрізді екендігінің қандай дәлелдері бар?
5.Н.Ф.Красовский бойыша Жердің өлшемдерін атаңыз
Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3. Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
4. .Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
5. Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
6 Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
7. Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.1. Дәрістер


Тақырыбы Атмосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Атмосфера туралы жалпы түсінік.

  2. Атмосфераның құрамы.

  3. Атмосфераның құрылымы.

Кілт сөздер: Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера , гомосфера, гетеросфера , жергілікті ауа массалары , атмосфералық фронт.
Дәріс тезисі* Атмосфера - Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Атмосфера таралу биіктігі орта шамамен 20 мың км-деп есептейді. Атмосфера массасының жартысына жуығы тҿменгі 5 км қабатында, 75% массасы тҿменгі 10 км, ал 90% тҿменгі 20 км ауа қабатында шоғырланған.
Атмосфераның құрамы. Жер атмосферасы кҿптеген газдардың қоспасынан тұрады жҽне оны ауа деп білеміз. Орта шамамен 25 км биіктікке дейін құрғақ ауаның құрамы жер шарының барлық тұсында ҿзгермейді. Кҿлемі бойынша 78,09% азоттан, 20,95% оттегіден, 0,93% аргоннан тұрады. Қалған үлес түрлі газдарға – гелий, неон, криптон, ксенон, сутек т.б тиеді. Аталған тұрақты қоспалардан басқа, ауаның ҿзгермелі қоспаларын атауға болады, ол ылғи да, бірақ ҽр түрлі мҿлшерде болатын су буы, кҿмір қышқыл газы, озон, аммиак, метан, азот тотықтары т.б.
Атмосфера құрылымы. Атмосфера биіктік бойы кҿптеген қабаттарға бҿлінеді. Бҿлу принциптері келесі ұстанымдар бойынша жүреді.

  • атмосфера температурасының биіктік бойы таралуы;

  • атмосфера құрамының ҿзгеруі

  • атмосфера тҿсеніш жер бетінің ҽсері;

  • атмосфераның ғарыштық аппараттарға ҽсері;

Ауа температурасының таралуы бойынша, атмосферада келесі қабаттарға бҿлінеді:

  1. Тропосфера - атмосфераның ең тҿмен, 12-15 км биіктікке таралатын қабаты. Экватор маңында биіктігі 18 км-ге, полюстерде 9 км-ге дейін таралады.

  2. Стратосфера - тропосферадан жоғары қарай, 50-55 км биіктікке дейін таралған қабат. Екеуінің арасында қалыңдығы 1-2 км, ҿтпелі тропопауза қабаты орналасқан. Тропопаузада ауа температурасы биіктік бойынша кемуін тоқтатады. (γ=0,немесе + белгіге ауысады.) жҽне мұнда ҿте екпінді,150-300км/сағ жылдамдықпен соғатын, струялық ағыстар деп аталатын желдер байқалады. Стратосферада ауа температурасы 20-25км биіктіктен бастап ҿседі, яғни 50км биіктікте ауа температурасы +10°С, +30°С дейін кҿтеріледі. Мұндай құбылыстың негізгі себебі - озоносфера, яғни озон қабатының күннен келген ультракүлгін радиациясын қарқынды сіңіруінен болады.

  3. Мезосфера - стратосферадан жоғары, 80-85км биіктікке дейін таралатын ауа қабаты. Мұнда биіктік бойы ауа температурасы қайтадан кемиді. (-50,70°С дейін) Сондықтан мезосферада турбуленттік араласу ҿте қарқынды. 75-90км биіктікте сирек байқалатын күміс бұлттарды аңғаруға болады. Олар мұз кристалдарынан тұрады. Осы биіктіктегі атмосфералық қысым жер бетіндегі қысымға қарағанда 200есе кем. Жоғары аталған үш қабатта атмосфераның 99,5% массасы шоғырланған.

  4. Термосфера - мезосферадан жоғары қарай, бірте-бірте ғарышқа ауысатын атмосфера бҿлігі. Термосфераның тҿменгі 1000км қабатын ионосфера деп атайды. Гомосфера - жер бетінен 100км биіктікке дейін орналасқан. Мұнда атмосфера газдарының проценттік құрамы бірыңғай, ауаның молекулярлық массасы ҿзгермейді.

  1. Гетеросфера - 100км-ден жоғары қарай орналасқан атмосфера қабаты. Мұнда оттегі мен азот атомды жағдайда, ауаның проценттік құрамы ҿзгере бастайды жҽне ауаның молекулярлық массасы кеми береді.

Жер бетімен ҽсерлесуі бойынша атмосфера:

  1. шекаралық қабат - биіктігі жер бетінен 1-1,5 км дейін таралған ауа қабаты;

  2. еркін атмосфера - шекаралық қабаттан жоғары қарай орналасқан қабат;

Ауа массалары мен атмосфералық фронттар. Ауа массаларының негізгі сипаттарына температура, ылғалдылық, тұнықтық жатады. Бұл қасиеттер ауа массаларының қалыптасқан аймағына, яғни Жер беті бҿлігінің қасиеттеріне, тікелей байланысты болады.
Климатологтар мынадай негізгі ауа массалар түрлерін анықтаған:

  • арктикалық (антарктикалық –оңтүстік жарты шарда)

  • қоңыржай;

  • тропиктік; - экваторлық.

Ауа массалары жылжи отырып, келген жердің ауа райын ҿзгертуге тікелей ықпалын тигізеді. Екі түрлі ауа массалары түйіскен жіңішке ауыспалы зонаны атмосфералық фронт (кейде шеп) деп атайды
Бекіту сұрақтары:
1. Атмосфера оның маңызы
2. Атмосфераның құрамы, құрылысы
3. Атмосферадағы оттегінің мқлшері
4. Атмосферадағы азоттың мөлшері
5. Тропосфераның құрамы

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012


2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3. Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
4. .Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
5. Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
6 Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
7. Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
2.2. Дәрістер
Тақырыбы: Күн радиациясы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Күн радиациясының таралуы.

  2. Күн радиациясының түрлері

  3. Альбедо. Сәулелену түрлері

Кілт сөздер: Электромагниттік сәуле. Интенсивті сәуле. Альбедо.
Дәріс тезисі* Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өзі жылына 1,36-1024 кал. құрайды. Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энер-гиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу — екі миллиардтан бірін құрайды, Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Сонымен Күннің электромагниттік сәуле шашуы — күн радиациясы географиялық қабықта өтетін процестер энергиясының негізгі көзі. Бұл радиацияның 46%-і көрінерлік (толқындарының ұзындығы 0,40-тан 0,75 мк дейін), ал 54%-і көрінбейтін, яғни көз қабылдамайтын (оның 7%-і толқындарының ұзындығы 0,002-ден 0,4 дейінгі ультра күлгін радиация және 47%-і толқындарының ұзындығы 0,75 мк-дан артық (инфрақызыл радиация) радиациядан тұрады. Күн радиациясының 99%-і қысқа толқынды (0,1-ден 4 мк дейін),ұзын толқынды радиацияға (4-тен 100—120 мк дейін) 1%-тен азы тиеді. Күн радиациясы интенсивтілігін өлшеу бірлігі ретінде күн сәулелері бағытына перпендикуляр абсолют қара дене бетінің 1 см2-і 1 минутта жұтқан жылу калориясының мөлшері алынады (кал/см2. мин). Күннің жер атмосферасына келетін сәулелік энергия тасқыны өте тұрақты болып келеді. Оның интенсивтілігін күн тұрақтылығы (Ло) деп Жыл ішінде Жерден Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдың басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық ауытқуы +3,5% құрайды. Егер күн сәулелері жер бетіне барлық жерге тік түссе, онда атмосфера жоқ жағдайда, оның әрбір квадрат сантиметрі жылына 1000 ккал-дан артық күн сәулесін қабылдаған болар еді. Бірақ Жер шар тәріздес, сондықтан да күн сәулелері барлық жерде тік түспейді және сонымен қатар әрқашанда Жердің тек жартысын ғана жарық қып тұрады. Сондықтан жер бетінің әрбір 1 см2-іне орта есеппен жылына шамамен 260 кал ғана келеді.
Күн радиациясы интенсивтілігінің сәулелердің түсу бұрышына байланыстылығын қарастырайық. Радиацияның максимум мөлшерін күн сәулелерінің бағытына перпендикуляр бет қабылдайды, өйткені бүл жағдайда оған түсетін күн сәулелері шоғырының бүкіл энергиясы алаңда сәулелер шоғыры қимасы — а — тең қимамен таралады. Сол сәулелер шоғыры көлбей түскенде оның энергиясы енді үлкен алаңға (Ъ қимасы) жайылады да, беттің аудан бірлігі оны аз мөлшерде қабылдайды. Неғұрлым сәулелердің құлау бұрышы аз болған сайын, соғұ-лым күн радиациясының интенсивтілігі де аз болады.
Күн сәулелерінің құлау бұрышы (Күннің биіктігі) 23°27'с. е.-тен 23°27' о. е.-ке дейін ғана (яғни тропиктердің аралығында) 90°-қа тең бола алады. Қалған ендіктерде ол әрқашанда 90°-тан аз болады. Сәулелердің кұлау бұрышының азаюына сәйкес жер бетіне түсетін күн радиациясының интенсивтілігі де азаюға тиіс. Күннің биіктігі барлық ендіктерде жыл бойы және тәулік бойы тұрақты болып қалмайтындықтан күн жылуының мөлшері үздіксіз өзгеріп түрады.
Үстіңгі беттің қабылдайтын күн радиациясының мөлшері оған күн сәулелерінің жарық түсіру ұзақтығына тура байланысты болады.
Экваторлық белдеуде (атмосферадан тыс) Күн жылуының мөлшері жыл.бойы онша көп ауытқымайды, ал биік ендіктерде бұл ауытқу өте үлкен мөлшерге жетеді.
Қыс кезінде күн жылуы кірісінің жоғарғы және төменгі ендіктер арасындағы айырмасы өте үлкен. Жаз кезінде үздіксіз жарық жағдайда полярлық аудандар тәуліктік күн жылуының Жердегі максимум мөлшерін қабылдайды. Бұл мөлшер солтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырау күні экватордағы жылудынң тәуліктік жиынтығынан 36% асып кетеді. Дегенмен экватордағы күннің ұзақтығы бұл кездегі полюстегідей 24 сағат емес 12 сағат болғандықтан уақыт бірлігіне тиетін күн радиациясьшың мөлшері экваторда ең көп қалпында қалады.
Күн теңесу және күн тоқырау күндерінде әр түрлі ендіқтердегі Күннің талтүстегі биіктігі (градус есебімен)
Күн жылуының тәуліктік жиынтығының 40—50° ендік маңында байқалатын жазғы максимумы бұл жерде күн едәуір биік жағдайда Күннің айтарлықтай ұзақ (10—20° ендіктегі бұл уақыттағыға қарағанда артық) болуымен байланысты. Экваторлық және полярлық аудандар қабылдайтын жылу мөлшерінің айырмасы қысқа қарағанда жаз азырақ болады.
Оңтүстік жарты шарға өзінің жазғы кезеңінде жылу сәйкес кезеңде (яғни жазда) солтүстік жарты шарға түсетін жылуға қарағанда артық түседі. Қысқы жағдай керісінше: оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға қарағанда күн жылуын аз қабылдайды.
Маусымда радиациянынң ең көп жиынтығын солтүстік жарты шар, әсіресе континенттің түкпіріндегі тропиктік жбне субтропиктік аймақтар қабылдайды. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және полярлық ендіктегі қабылдайтын күн радиациясы жиынтықтары негізінен полярлық аудандарда күннің ұзақ болуы салдарынан бір-бірінен аз айырма жасайды. Экваторлық аймақта жиынтық радиация мөлшерінің біршама аздығы ауаның ылғалдылығы жоғары, бұлттылықтың мол болуынан. Жиынтық радиациянын таралуындағы зоналық солтүстік жарты шарда континенттердің үстінде және оңтүстік жарты шарда тропиктік ендіктерде байқалмайды. Ол солтүстік жарты шарда мұхиттың үстінде жақсы көрінеді және оңтүстік жарты шар-дың тропиктен тыс аймақтарында анық байқалады. Оңтүстік поляр шеңбері маңында күннің жиынтық радиациясыньщ мөл шері 0-ге жақындайды.
Желтоқсанда радиацияның ең көп жиынтығы оңтүстік жарты шарға келеді. Антарктиданың биік орналасқан мұз беті июньдегі Арктика бетіне қарағанда ауаның өте мөлдірлігіне байланысты жиынтық анағұрлым артық қабылдайды. Шөлдерде (Калахари, Үлкен Австралия жылу мол, бірақ оңтүстік жарты шардың көп жерін Мұхит алып жатуынан жоғары ылғалдылық және едәуір бұлттылық) жылудың жиынтығы солтүстік жарты шардың нақ сол ендіктеріндегі июньдегіге қарағанда біраз кем. Солтүстік жарты шардың экваторлық және тропиктік ендіктерінде жиынтық радиация біршама аз өзгереді және оның таралуындағы зоналық Солтүстік тропиктен солтүстікке қарай ғана анық байқалады. Ендік артқан сайын жиынтық радиация айтарлықтай тез азаяды, оның нольдік изосызығы Солтүстік поляр шеңберінен сәл солтүстікке таман өтеді.
Күн жылуының тәуліктік жиынтығының 40—50° ендік маңында байқалатын жазғы максимумы бұл жерде күн едәуір биік жағдайда Күннің айтарлықтай ұзақ (10—20° ендіктегі бұл уақыттағыға қарағанда артық) болуымен байланысты. Экваторлық және полярлық аудандар қабылдайтын жылу мөлшерінің айырмасы қысқа қарағанда жаз азырақ болады.
Оңтүстік жарты шарға өзінің жазғы кезеңінде жылу сәйкес кезеңде (яғни жазда) солтүстік жарты шарға түсетін жылуға қарағанда артық түседі. Қысқы жағдай керісінше: оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға қарағанда күн жылуын аз қабылдайды.
Альбедо. Күннің жиынтық радиациясы бетке түскеннен кейін, біразы кейін қарай атмосфераға шағылысады. Беттен шағылысқан радиация мөлшерінің сол бетке түскен радиация мөлшеріне қатынасы альбедо деп аталады.Альбедо (а) беттің шағылыстыру мүмкіншілігін көрсетеді және бөлшек санмен немесе процентпен өрнектеледі. I — а — сіңу коэффициенті. Жер беті альбедосы оның қасиетіне және жай — күйіне, түсіне, ылғалдылығына, кедір-бұдырлығына т. б. байланысты. Ең көп шағылыстыру қасиеті жаңа жауған қарға тән — 0,90-ға дейін барады. Құмды шөл бетінің альбедосы 0,09-дан 0,34-ке дейін (түсіне және ылғалдылығына байланысты), сазды шөл бетінде—0,30, балғын шөпті шалғында — 0,22, шөбі қураған шалғында 0,931, жапырақты орманда — 0,16— 0,27, қылқанды орманда 0,06—0,19, егістікте —0,07—0,10.
Атмосфераның Күннің қысқа толқынды сәуле шашуын (тура және шашыранды радиацияны) өткізіп, Жердің ұзын толқынды жылылық сәуле шашуын ұстау мүмкіншілігін оранжереялық (парниктік) эффект деп атайды. Оранжереялық эффектіге байланысты жер бетінің орташа температурасы +15 атмосфера болмаса ол мұнан 21—36° төмен болар еді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Күн радиациясы және оның түрлері

  2. Радиациялық баланс дегеніміз не?

  3. Жер бетіне келетін күн радиациясының мөлшері қандай?

  4. Тура радиация дегеніміз не?

  5. Шашыранды радиация дегеніміз не?

Әдебиет


1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3. Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
4. .Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
5. Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
6 Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
7. Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.3 Дәрістер


Тақырыбы . Атмосферадағы су
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Ауа ылғалдығының сипаттамасы.

  2. Ауа ылғалдығының таралуы.

  3. Конденсация және сублимация.

Кілт сөздер: Ылғал жетімсіздігі. Конденсация. Сублимация.
Дәріс тезисі* Булану және буланушылық. 1. Атмосфералық ауа құрамында әрқашан су булары болады. Ауа құрамындағы су буы мөлшері 1400км3 шамасында. Атмосфераға су жер бетінен булану нәтижесінде барады
Абсолют ылғалдықтың жылдық өзгерісі температураның жылдық өзгерісін қайталайды. Абсолют ылғалдықтың жыл ішіндегі максимум көрсеткіші – жаз, минимум көрсеткіші – қыс мезгілдерінде байқалады.
Ылғал жетімсіздігі - белгілі - бір температурада ауада болуы мүмкін максимал ылғалдылық пен абсолют ылғалдылық арасындағы айырмашылық . Ылғал жетімсіздігі де тікелей температурамен байланысты. Температура жоғары болса, ылғал жетімсіздігі үлкен,
Ауадағы ылғалдылық болмысы экватордан полюстерге қарай жалпы алғанда 18—20 мбдан 1—2 мб-ға дейін азаяды. Қызыл теңіздің үстінде ең үлкен орташа жылдық ылғалдық 67 г\м –ден астам, Бенгаль шығанағының үстінде ең аз орташы ылғалдық 1 г\м шамасы.
Конденсация .Су буымен қаныққан ауада температурасы шақ үстінне дейін төмендегенде немесе ондағы су буының көлемі кеңейгенде Конденсация жүреді—су бу күйінен сұйық күйге өтеді.
Шық—судың көбінесе бірігіп кететін майда тамшылары. Қоңыржай ендіктерде шық бір түнде 0,1—0,3 мм, ал жылына 10-50 мм ылғал береді.
Қырау – қатты ақ түсті. Шық қандай жағдайда болса да, бірақ 0 –тан төмен температурада пайда болады.
Сұйық және қатты қызылсу мұзы – салқын ауа жылы ауаға ауысқанда ылғалды әрі жылы ауаның салқындаған бетке жанасуын вертикал заттарға тұрып қалатын су.
Қылау—ылғалмен қаныққан ауадан температура 0 –тан. едәуір төменде ағашқа қонып қалатын ақ борпылдақ қоным.
Жаңбырдың немесе тұманның өте салқындаған тамшылары 0- тан төмен суыған бетке түскенде жер бетінде және әр түрлі заттарда пайда болатын мұздың тұтас қабаты көк тайғақ деп аталады.
Конденсация өнімдерінің ауаның жер бетіне таяу қаббаттарына жинақталуы Тұман немесе Мұнар деп аталады.
Бұлттың пайда болуы негізінен көтеріліп бара жатқан ауаның адиабаттық суынуы мен байланысты. Көтеріле отырып жэәне сонымен бірге бірте – бірте суына отырып, ауа температурасы шық нүктесіне тең болатын шекараға жетеді.Бұдан жоғарыда конденсация ядролары болған жағыдайда су буларының конденсациясы басталады да, бұлт пайда болуы мүмкін. Бұлттардың жоғарғы шекарасы ауаның жоғары бадғытталған ағындарының таралу шекарасы – конвекция деңгейімен анықталады.
Көтеріліп бара жатқан ауаның температурасы 0- тан төмен түсетін үлкен биіктікте бұлтта майда мұз кристалдары пайда болады. Кристалдану әдісі—10 С—15 С температурада жүреді. Бұлтта сұйық және қатты элементтердің орналасуының арасында айқын шекара болмайды. Бұлтты құрайтын ұсақ бу тамшыларымен майда мұз кристалдары жоғары бағытталған ағындарға ілесіп көтеріледі де салмақ күшінің әсерінен қайта түседі.
Бекіту сұрақтары:

  1. Ауа ылғалдылығы жіне оның тәуліктік, жылдық өзгерісі

  2. Жауын-шашын және оның түрлері

  3. Қар жамылғысы қалай пайда болады?

  4. Ылғалдану коэффициенті дегеніміз не?

  5. Ауа ылғалдылығы қандай сипаттамалармен сипатталады?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.4 Дәрістер


Тақырыбы Атмосфералық қысым.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Атмосфера қысымы.

  2. Атмосфералық қысымның географиялық таралуы.

  3. Атмосфера циркуляция. Ауа массалары.

Кілт сөздер: Циклон. Антициклон.Изобара.
Дәріс тезисі* Циклондар мен антициклондар. Тропиктік циклондар. Атмосфера сипаты барлық жерде бірдей емес үздіксіз қозғалыста болып тұрады. Бүкіл атмосфераның жалпы циркуляциясы әзірге әлі өте аз зерттелген. Атмосфераның жер бетіндегі табиғатқа ықпалы жағынан анағұрлым маңызды бүкіл осы қабатын қамтитын ауа ағымдарының күрделі системасы болып келетін тропосфера циркуляциясы барлығынан жақсы мәлім. Тропосфераның жалпы циркуляциясы — бүкіл атмосфераның жалпы циркуляциясының негізгі бөлігі. Экватор үстінде қатты қызу салдарынан ауа көтеріледі де, жоғарыда жоғары қысым аймағының пайда болуына әкеп соғады. Полюстердің үстінде (жоғарыда) төменгі қысым аймағы (ауаның беттен суу нәтижесі) пайда болады. Тропосферада изобара беттер полюстер жағына еңкейген болады. Осы бағытта ауа қозғалысы туады. Ауаның экватордан жоғары лықсуы жер бетінде экваторлық депрессияның пайда болуына әкеп соғады. Полюске қарай жоғарыда ауаның қосымша мөлшерінің ағуы жерге жақын аймақта қысымның көтерілуіне әкеп соғады. Тропосфераның төменгі қабатында қысымның бөлінуіне сәйкес ауа полюстерден экваторға қарай қозғала бастайды, яғни оның меридиональдық тасымалы туады.
Циклондар дегеніміз желдері аймақтың шетінен ортасына қарай (солтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы) ескен циклондық системасы бар төменгі қысымды тұйық аймақта (бара минимумы) Жер бетінде болатын еңкіш осьті жоғары өршіген атмосфера құйындары.
Антициклондар дегеніміз желдері аймақтың ортасынан шетіне қарай (солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен) ескен антициклондық системасы бар Жер бетінде жоғарғы қысымды тұйық аймақта (бара максимумы) болатын еңкіш осьті төмендей соққан атмосфера құйындары.
Тропиктен тыс циклондар. Циклонда төселме бетте ауа төменгі қысым аймағының орталығына қарай аға бастайды. Циклон фронтальдық зонада түзілетін болғандықтан, ол пайда болған жерде жылы және суық ауа түйіседі. Ауаның орталыққа қарай ағуы жылы және суық ауаның жақындасуына әкеп соғады да циклон ішінде фронтты сақтап, дамыту үшін жағдай жасайды. Мұндай циклонды жер бетінің жергілікті қызуынан туған (термиялық циклон) циклоннан фронттық құрылымы ажыратады. Циклондардың кейбір жағдайда болмаса фронттық құрылымы болуға тиіс екендігі айқын.
Тропиктік циклондар. Атмосфералық дауылдардың қалыптасуында Кориолис күші үлкен роль атқаратындықтан экваторлық ендіктерде (50 с. және 50 о.е.) мұндай дауылдар тіпті түзілмейді. Тропиктік ендіктерде циклондық та, антициклондық та құйындар туады, бірақ соңғысы – сирек те аз байқалатын құбылыс. Тропиктік циклондар кейбіреулерінің жойқын күші болатындықтан кеңінен танымал болып отыр. Қоңыржай ендіктердің циклондарынан тропиктік циклондардың айырмашылығы мөлшері шағын (олардың көлденеңі 1000 км-ден сирек асады), қысым градиенті үлкен, әрі тиісінше жел жылдамдығы үлкен (100 м/сек-қа дейін), нөсер жаңбыры мол, күшті найзағайлы келеді.
Антициклондар. Қоңыржай ендіктерде циклондар арасында қозғалмалы антициклондар пайда болады. Бұлардың қайсысы болсын жетекші ағынның бағытында, яғни батыстан шығысқа қарай 30-40 км/сағ жылдамдықпен орын ауыстырады. Циклонның қозғалысы қызған бет үстінде, ал антициклонның қозғалысы суынған бетте баяулайды да, олар азды-көпті тұрақты бола алады. Антициклондар жеңілдеу тұрақтайды. Кейде суық бет үстінде жергілікті суық антициклон пайда болады.
Пассаттар — субтропиктік ендіктерден экваторға қарай соғатын желдер. Дәлірек айтсақ, бұл субтропиктік антициклондардың экваторға қараған бөліктеріндегі желдер. Олар солтүстік жарты шарда тек солтүстік шығыстық, оқтүстікте тек оңтүстік шығыстық желдер бола алмайтындығы айқын. Бұл олардың басым бағыттары. Антициклондардың шығыс және батыс бөліктерінде пассаттар тиісінше экваторға қарай және содан соғады. Антициклондағы ауа үйкеліс қабатынан жоғары изобара бойынша қозғалатын болғандықтан үйкеліс қабатынан тыс пассаттар қозғалысының басым бағыты – шығыс. Пассаттар тропиктік ауаны әкеледі.
Бекіту сұрақтары:

  1. Атмосфераның жер бетіне қысым түсіруі.

  2. Өлшем бірліктері

  3. Жел және оның пайда болуы,түрлері.

  4. Жылы және суық фронттар.

  5. Циклон дегеніміз не,оның басты қасиеттері қандай?Ол қалай қалыптасады?

Әдебиет


1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.5. Дәрістер


Тақырыбы Ауа райы және климат
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Климат – ауа-райының кешенді түрдегі көпжылдық бақылаулардың заңды дәйектілігінің нәтижесі.

  2. Климаттың өзгеруі. Климат түзілуші факторлар.

Кілт сөздер: Климат. Микроклимат. Тропиктік климат. Экваторлық климат.
Дәріс тезисі* Климат – ауа-райының кешенді түрдегі көпжылдық бақылаулардың заңды дәйектілігінің нәтижесі. Климаттың өзгеруі. Климат түзілуі процестері. Климат түзілуі процестері. Микроклимат.
Дәріс тезистері:«Климат» атмосфераның орташа күйі ретінде анықталды да, тиісінше, ауа райы көп жылдық бақылаулар негізінде шығарылған (орташа температуралар, жауын – шашынның орташа мөлшері т.б.) метеорологиялық элементтердің орташа мәнімен сипатталады. Орташа көп жылдық шамалар климат көрсеткіштері болып саналады. Орташаларынан басқа орташа күйден ауытқуы мүмкін болатын шеткі анықтайтын метеорологиялық элементтердің (ең көп және ең аз) ақырғы мәні де есепке алынды. Барлық климаттық көрсеткіштер климатологияның ұзақ бірден бір методы болған есептеу жолымен яғни статистикалық методпен алынды (статистикалық климатология). Мұны қолдану метеорологиялық бақылаулардың өте үлкен материалын өңдеуге, климаттық анықтамалықтар, атластар жасауға климаттың салыстырмалы сипаттамасын және классификациясын жасауды мүмкін етті. Климатологиядағы статистикалық метод іс жүзіндегі маңызын қазірде де жоғалтпаған.
«Ауа райының берілген жердегі барлық байқалған заңдылық дәйектіліктерінде көрінген ауа райның көп жылдық режимі ретінде» анықталған климатты тұңғыш рет Е.Е.Федоров ұсынған жаңа комплексті методтың қолданылуы климатологияның дамуына (комплексті климатология) жол ашты. Комплексті методтың мәні мынада: климатты сипаттау үшін жеке алынған орташаланған метеорологиялық элементтер емес, нақтылы кезеңде нақты ауа райын білдіретін осы элементтердің комплекстері, яғни ауа райының комплексті типтері пайдаланылады. Ауа райының комплексті типтерінің көмегімен ауа райының көп жылдық режимі- климат сипатталады.
Комплексті методпен бір мезетте синоптикалық карталардың көмегімен белгілі бір аймақтың климатына әсер ететін процестерді ашуға мүмкіндік беретін синоптика-динамикалық метод (динамикалық климатология) дами түсті. Мұнда ауа массасының қозғалысына, олардың трансформациясына, фронттық процестер мен атмосфера құйынына ерекше маңыз беріледі. «Климат метеорологиялық процестердің заңды жүйелілігі ретінде анықталды». Қазіргі климатология бұларды жетілдіре отырып, барлық методтарды пайдаланады. «Климат» ұғымының көптеген анықтамаларынан ең көп қолданылатын анықтамасы: «Климат дегеніміз Күн радиациясы, төселме беттің сипаты және осылармен байланысты атмосфера циркуляциясы себепші болатын ауа райының көп жылғы режимі».
Атмосфераның төселме бетпен өзара күрделі әрекетесуінің нәтижесінде климат қалыптасады. Климаттың қалыптасуындағы басты роль Күн радиациясына – барлық атмосфералық процестер энергиясының көзіне тиісті.
Жер бетінде Күн радиациясының бөлінуі планетаның шар тәрізді пішінімен анықталады – бұл қабаттағы ендіктерге байланысты айырмашылықтарды түсіндіреді. Жердің орбитаға қатысты оның осінің еңіс жағдайында қозғалысы жыл бойында Жер бетіндегі Күн жылуының әр түрлі бөлінуін, климаттың маусымдылығын, әр түрлі ендікте климаттың бірдей еместігін анықтайды. Жылулық белдеулердің – Жер климатының зоналылық негізінің пайда болуы осы арқылы түсіндіріледі. Климаттағы бұл айырмашылықтар Жер бетіне Күн жылуының түсуіне байланысты және төселме беттің сипатына тәуелді емес. Егер де Жер беті мүлде біркелкі болса , экватордан полюске қарай климаттың заңды өзгерісін анықтай отырып , олар да осындай орын алған болар еді .
Әр текті төселме беттің ықпалы Күн жылуының атмосфераға әр келкі қабылданып , берілуі , атмосфераға ылғал беріп отыруы , ауа қозғалысына ықпалы бір жылу белдеуі шегінде түрлі климаттардың қалыптасуын анықтайды . Жарық – түсу шектерімен климат белдеулері шектерінің дәл келмеуін түсіндіреді . Төселме бет дегеніміз климат қалыптасуының екі аса маңызды факторларының екіншісі .
Су беті мен құрылық бетінің ықпалы әр түрлі болғандықтан климаттар теңіздік және континенттік болып қалыптасады . Мұхит үстіндегі және оған жапсарлас континенттердің бөлігі үстіндегі климаттың қалыптасуына мұхит ағыстары зор ықпал етеді. Олар жылу мен суықты тасымалдайды. Суық ағыстар атмосфераны тұрақсыздығын азайтады. Ауаның вертикальды қозғалысын және жылу мен ылғал алмасуын әлсіретеді. Суық ағыстар үстінде булану жылы ағыстардағыдан гөрі аз интенсивті келеді. Бұлардың үстінде және олардың жылы ағыстарымен шекарасында тұман жиі пайда болады.
Мұхит ағыстардың ықпалымен бір ендіктердегі батыс және шығыс жағалаулардың климаттары түрліше болып шығады.
Орографияның ықпалы (жер бетіндегі биіктіктер мен әр келкіліктің өзара орналасуы) әсіресе таулы жерлерде ерекше болып келеді. Жоғарылаған сайын күн радиациясының келуі арта түседі, сондықтан температура төмендейді. Кейде қыста кері құбылысты, жоталар арасындағы шұңқырға суық ауаның келуінен туған температура инверциясын байқауға болады. Жауын-шашынның мөлшері биіктікке белгілі бір шекке дейін артады да одан жоғары да кемиді. Бұл шек сан алуан, өйткені ол ауа ылғалдылығымен көтерілу кезінде ылғалдың бөліну интенсивтігіне байланысты (Гималай 1000-1500м, Орталық Кавказ – 2500м). Жауын-шашын қатты түрде жауып, еріп үлгіре алмайтын жерде, тауларда климатқа ықпал ететін мұздықтар пайда болады. Таулардағы климат айырмашылығына беткейлердің түрлі экспозициясы үстемдік ететін желдерге қарағанда олардың әр келкі орналасуы жол ашады. Ауа шағын қабатпен жайылғанда, әсіресе суық ауа ағыстарын тежеп қалатын барьер ретінде таулар климатқа елеулі ықпал етеді.
Тауларда ауаның жергілікті циркуляциясы өте жиі пайда болады.Таулардың атмосфера күйіне жасайтын ықпалына, горизонталь климаттық зоналылықты күрделендіре түсетін, климаттардың вертикаль белдеулігі байланысты.
Мұз бен қардың шағылыстыру қабілетінің үлкен екені белгілі (Альбедо 0,9-ға дейін). Егер де мұздар Жерді тұтас жабатын болса оның бетінде ауаның орташа температурасы шамамен 100˚С-қа төмендейтіні (қазір бұл 15˚С) есептеп шығарылған. Поляр аудандарында мұздың басуы жоғарғы және төменгі ендіктер арасында температура контрастарын арттыра отырып, ауа температурасын қатты төмендететіні айқын. Бұлардың ықпалымен климат зональдылығы күшейе түседі.
Төселме беттің климатқа ықпалының масштабы мейлінше сан алуан: бір жағдайда бұл материктер мен мұхиттардың, екіншісінде жеке тау жоталарының, үшіншісінде орман массивтерінің тағы басқа ықпалы. Бұл ықпалдар біріне-бір «үстемеленеді», сондықтан әрбір неғұрлым «ұсақ» климатта «үстемеленген» климаттың сипаттары болуға тиіс
Атмосфераның циркуляциясы жоғарғы және төменгі ендіктерде Күн сәулелері әр келкі қыздырған Жердің біртекті төменгі беттерін де болар еді, бірақ айтарлықтай күрделі болмас еді. Әртекті төселме беттің ықпалы атмосфера циркуляциясын күрделі ете түседі (мысалы муссондар, жергілікті желдер) және осы арқылы климаттың әр түрлілігі артады.Дүние жүзілік ылғал айналымы системасында су бетінде құрлыққа ауа ағысының ылғал тасуының зор маңызы бар

Бекіту сұрақтары:



  1. Климат дегеніміз не, оның қандай типтері бар?

  2. Климатты аудандастырумен айналысқан қандай ғалымдарды білесің?

  3. Б.П.Алисов бойынша неше климаттық белдеу ажыратылады?

  4. Өтпелі климат дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

  5. Негізгі климаттық белдеуге тән басты белгі қандай, түрлерін айтыңыз?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.6. Дәрістер


Тақырыбы Гидросфера. Жер шарындағы су айналымы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Гидросфера құрылымен танысу.
2. Жер шарындағы гидросфераның әр түрлі бөліктеріндегі судың алмасуы.
3. Гидросферадағы су айналымы.

Дәріс тезисі*


Біздің ғаламшарымыздың басым бөлігін су алып жатыр, сондықтан оны Жер ғаламшары емес, «Мұхит» ғаламшары деп атау керек еді. Жердегі жалпы су мөлшері өте үлкен, 1,4 млрд км, әрбір адамға 200 млн м су келеді, бірақ оның 97,5% тұзды екенін естен шығармау керек, 1,7% мұздықтар мен тұрақты қарлар, 1,7% жер асты сулары, 0,06% өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2,5% тиеді.
Гидросфераның барлық суы дүниежүзілік айналыммен байланыста болады. Айналым процесінде барлық тоғандардағы су олардың орналасуына қарай түрлі жылдамдықпен үздіксіз жаңарып отырады. Мысалы: Антарктиданың полярлық мұздықтарында – ондаған млн жылда, жерасты суы – 5 мың жылда, мұхиттарда – 3 мың жылда бірте-бірте жаңарады. Ал құрлықтағы өзен суы әрбір 12 күнде, ал тірі ағзалардағы су бірнеше сағатта жаңарып отырады. Адамның өмірінде су ең басты рөл атқарады. Егер адам өз дене массасындағы ылғалдылықтың 6-8% ынан айырылса, есінен танып қалады, егер 10-12% ы жоғалса, жүрегі тоқтап қалады. Су тұрмыста және ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады.
Бекіту сұрақтары:

  1. Жер гидросферасының көлемі қанша

  2. Жер гидросферасының көлемі қанша пайызын өзендер алады?

  3. Жер гидросферасының көлемі қанша пайызын көлдер алады?

  4. Жер гидросферасының көлемі қанша пайызын жер су асты сулары алады?

  5. Жер гидросферасының көлемі қанша пайызынбатпақтар алады?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
9.Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир? –Т. 1,2-М.:2010
10.Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.7. Дәрістер


Тақырыбы Әлемдік мұхит және Құрлық сулары
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Гидросфераның қалыптасуы, көлемі, құрылымы.

  2. Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері

  3. Құрлық сулары.

Дәріс тезисі*: Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Теңіздер. Шығанақтар. Бұғаздар. Өзен базисі, кіші су айналымы, үлкен су айналымы, буланушылық, өзен элементтері.
Гидросфера /гр. hydur – су, sphaira- шар/ - географиялық қабықтың құрамдас бір бөлігі, жердің су қабығы. Оны дүниежүзілік мұхит пен құрлық және атмосфералық ауа құрамындағы су булар құрайды. Құрлық суларының өзі жер беті (өзен, көл, мұздық және батпақ) және жер асты сулары болып бөлінеді. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн. км² тең болса, оның үштен бір бөлігін ғана құрлықтар алып, қалған жартысынан астамы (361 млн. км²) дүниежүзілік мұхит үлесіне тиеді.
Гидросфера – біртұтас қабық, сондықтан жердегі барлық су түрлері бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болып, үздіксіз қозғалыста болады.
Табиғаттағы су айналымының негізгі қозғаушы күші – күн радиациясы, яғни күн сәлусінің жылуы. Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен су буланып, көтеріледі. Егер мұхиттар мен теңіздер бетінен буланған ылғал атмосфераға барып конденсацияға ұшырап, құрлыққа тасымалданбай, мұхит пен теңіз бетіне атмосфералық жауын-шашын түрінде қайта оралса, бұл құбылыс табиғаттағы кіші су айналымы деп аталады. Мұхит үстінен көтерілген ылғал құрлыққа ауысқанда су айналымы күрделене түседі. Ауа ағындарымен құрлық үстіне барған су буы конденсацияланып, бұлтқа айналып, атмосфералық жауын-шашын болып жауады. Жыл сайын жер бетінен 577 мың. км³ су буланса, оның көбі (505 мың. км³) мұхиттар бетінен, азы (72 мың. км³) құрлық бетінен буланады. Су айналымына қатысатын судың біраз бөлігі (7,7 мың. км³) ағынсыз облыстарда айналым жасайды. Ағынсыз облыстардағы су айналымы өз бетінше дербес ерекше жүргенімен, жер шарындағы жалпы су айналымымен байланыста болады. Ағынсыз облыстардағы су айналымының ерекшілігі құрлықтағы су мұхитқа тікелей ағып барып қосылмайды, су буы түрінде көтеріліп, ауа ағындарымен барып қосылады.
Дүниежүзілік мұхит – барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы, жер шарының біртұтас су айдыны. Дүниежүзілік мұхит терминін алғаш рет ғылымға енгізген орыс ғалымы Ю.М.Шокальский (1856-1940) болды. Басты ерекшелігі – су алқаптарының бір-бірімен үздіксіз жалғасып жатуында.
Дүниежүзілік мұхит 361 млн. км2 ауданды алып, жер бетінің 71% -ын алады. Алып жатқан ауданы құрлық бетінен 2,5 есе үлкен. Құрлық пен су жер шары бойынша біркелкі таралмаған. Солтүстік жарты шар жер бетінің 39% -ын мұхит алса, 61% -ын құрлық алып жатыр. Ал, оңтүстік жарты шардың 81% -ын мұхит алса, құрлық 19% -ын алып жатыр.
Дүниежүзілік мұхит төрт бөлікке: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхитқа бөлінеді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата

  2. Бұғаз дегеніміз не?

  3. Шығанақ дегеніміз не?

  4. Ішкі теңіздерді ата

  5. Сыртықы теңіздерді ата

Әдебиет


1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс

2.8 Дәрістер


Тақырыбы : Литосфера. Жер қыртысының құрылымы мен жер бедері түзілуі, түрлері
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Литосфераның құрамы мен құрлысы
2.Материктік және мұхиттық жер бедері
Кілт сөздер: Базальт, граниттік қабат, Мохороичич шегі, литосфералық мантия, оливин
Дәріс тезисі* Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Тұрақты ағын су әрекеті әсерінен қалыптасатын жер бедері түрлері

  2. Жерасты су әсерінен қалыптасатын жер бедері пішіндерінің түрлерін атаңдар.

  3. Мұз әрекетінен қалыптасқан жер бедері пішіндері қалай аталады?

  4. Жамылғы мұздықтардың таралғын аудандарын атаңдар.

  5. Криогендік процестер әсерінен түзілетін жер бедері пішіндерін атаңдар.

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
9.Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир? –Т. 1,2-М.:2010
10.Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс интерактивтік әдіс.

2.9Дәрістер


Тақырыбы Жер биосферасы.Тірі организмдердің таралуы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Биосфера. Тіршілік қабаты.

  2. Тірі организмдердің таралуы.

Кілт сөздер: Биосфера, тірі организмдер, планктон, нектон, бентос
Дәріс тезисі* Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші ретАустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Бекіту сұрақтары
1.Биосфера деп нені айтамыз?
2.Басқа дер қабаттарынан биосфера несімен ерекшеленеді?
3,Биосфераның шекарасы қандай?
4.Неліктен табиғатта үнемі зат айналымы жүріп тұрады?
5.Биосфераны құруда тірі организмнің рөлі қандай?
Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
9.Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир? –Т. 1,2-М.:2010
10.Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс интерактивтік әдіс.

2.10.Дәрістер


Тақырыбы Географиялық қабық құрылысының жалпы заңдылықтары
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Географиялық қабық құрылымы.

  2. Географиялық қабық заңдылықтары

Кілт сөздер: Ырғақтылық, зоналылық, біртұтастылық
Дәріс тезисі* Жер өзіне бірнеше концентрациялық қабықтарды кіргізеді. Атмосфераның, литосфера мен гидросфераның тоғысуын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы географиялық қабық түзіледі. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырады. Жер дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Географиялық қабықтың шекарасын нақты айту қиын. Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барлық процестер Күн энергиясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатыр. Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан. Оның құрамына кіретін жер қабықтары бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады.
Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Географиялық қабықтың бірнеше ерекшелігі бар:
1.Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі организмдерден) тұрады. Ал географиялық қабықтың қаттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады.
2.Организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды.
3.Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады, оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды.
4.Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Жер қабықтары бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады..
Бекіту сұрақтары:
1.Географиялық қабық дегеніміз не?
2.Географиялық қабық ұғымын ұсынған ғалым кім?
3.Географиялық қабықтың төменгі шекарасы қалай жүргізіледі?
4.Географиялық қабықтың жоғарғы шегі қалай өзгерді?
5.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктерін атаңыз?

Өткізу форматы: интерактивтік әдіс


Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012
2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс интерактивтік әдіс.

3.1 Дәрістер


Тақырыбы Адам мен қоғамның географиялық ортамен қарым-қатынасы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Географиялық ортаның қалыптасуы.

  2. Ғаламдық экологиялық мониторинг.

  3. Адамның табиғатқа ықпалы

Кілт сөздер: Ғаламдық жылыну, шикізат шектеулілігі, энергетикалық проблема
Дәріс тезисі* Географиялық орта — адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмірдің қажетті әрі тұрақты шарты; географиялық қабықтың бір бөлігі. Географиялық орта түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін құбылыстары мен процестерін де қамтиды. Қоғам дамыған сайын оның материалдық қажеттерін қамтамасыз ететін табиғат ортасы да кеңейе береді. Географиялық қабықтың Географиялық Ортаға енбейтін бөліктері де ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына әсер етеді.Адамзат тіршілігін табиғат пен қоғамның ұдайы өзара әрекеттесуі ретінде бағалауға болады. Адамзат өз әрекеті нәтижесінде табиғи ортаға тән емес жаңа элементтерді (қалалар мен жолдар, егістіктер мен бау-бақшалар, бөгендер мен каналдар, т.б.) Географиялық Ортаның құрамына енгізеді. Қоғамның табиғи ортаға әсері қарқындаған сайын Географиялық Ортаның біртұтастығы да арта түседі. “Адамданған табиғат” ретіндегі Географиялық Ортаның күрделі сипаты оны танып-білу процесін де күрделендіре түседі. Бұл таным процесі Географиялық Ортаның үш құрамдас бөлігі (өлі табиғат, тірі табиғат және адамзат қоғамы) арасындағы аса маңызды сапалық айырмашылықтар мен ортақ заңдылықтарды және олардың жеке ерекшеліктерін ескергенде ғана мүмкін болады.
Бекіту сұрақтары:
1.Табиғат пен қоғам байланысының негізгі теориялары қандай?
2.Географиялық детерминизм және нигилизм теориясының негізі неде?
3.Адам мен табиғат арақытынасына әлеуметтік факторлардың әсері қандай?
4.Физикалық гкографиялық және экономикалық географиялық орта дегеніміз не?
5. «Тұрақты даму консепциясы» түсінігі?

Әдебиет
1. Әбілмәжінова С.Ә. Жалпы жертану. Алматы, 2012


2.Калесник С.В. Общие закономерности Земли. М.Мысль 2012
3.Львович М.И. Вода и жизнь. М.2013
4.Марков К.К. и др. Введение в физическую географию. –М.,2014
5.Матвеев Н.П., Сараев Н.А. Физические основы курса общего землеведения. М.Мысль. 1978
6.Мильков Ф.Н. Общее землеведение М.2012
7.Никонова М.А., Данилов П.А. Землеведение и краеведение. – М., 2012
8.Неклюкова Н.П. Общее землеведение 1.2 часть. –М. Просвещение 2013
9.Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир? –Т. 1,2-М.:2010
10.Пашканг К.В. Практикум по общему землеведению –М., 2011
Өткізу форматы: презентация визуальдық дәріс интерактивтік әдіс, проблемалық жағдаяттар тудыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет