Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 5В060200 Информатика Курс 3, семестр 6 Практикалық сабақтардың сағат саны: 30



бет3/4
Дата17.04.2020
өлшемі303,66 Kb.
#62937
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
seminar 2 ioa inf17tp
12 практика ИОА, Есжан Бақдәулетт, атомдық физика -лаб, 7 сынып кмж Карлыгаш, 9-д ріс. Психологиялы -медициналы -педагогикалы с йемелдеу, Мадениеттану эссе

Қолданылатын аспаптар.

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт- редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асрыу үшін менюдің Түзету Өзгерту { ctrl+я } (Редактирование Отменить) командасын керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, “тышқанның” стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап-Аэрозольді баллон немесе Шашыратқы. Оны таңдап алғанан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып түрып курсорды экран бетімен жүргісе, оның артында шашраған бояуға ұқсас із қалады.

Бірінші өшіргіш арқылы кейінен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші тұрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажетті негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғин, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).



Аймақтардың ішін бояу (Заливка).

Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып, курсор кішкенен білік түріне айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шертсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі түске бояла бастайды.

Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын ұзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

Мәтінді енгізу.

Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолданылады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарып, тышқанды шерту арқылы іске қосады. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатындығын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BaskSpase, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшінEnter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды сырт еткізу арқылы орындалады.

Суреттерді баспаға шығару.

Жұмыс аумағында тұрған суретті бірден басып шығару ФайлПечать командасымен жүргізіледі. Сұхбаттасу терезесінде графиктік бейнені басып шығару сапасын беруге болады.

Терезе тобында Бөліктеу ауыстырып қосқышын (переключатель Частично) пайдалану арқылы суретті толық күйде емес, тек оның ерекшеленген фрагментін ғана басып шығару мүмкіндігі де бар. Сол терезедегі Принтердің рұқсатын пайдалану (Исползование Разрешение Принтера) деген тексеру жалаушасының әрекеті принтердің нақты моделіне байланысты.

Масштабты өзгерткенде сақ болған жөн, өйткені ол әдетте басылуға тиіс бейненің сапасын төмендетіп жібереді.


2. Photoshop программасы.

Растрлық графикалық редакторлар ішінде кең қолданылатыны Adobe компаниясының Photoshop программасы.

Программаның негізгі басқару элементтері мәзірлер қатары мен инструменттер тақтасында шоғырланған. Бұдан басқа айрықша диалогтық терезелер – аспапты палитралар қолданылады.

Photoshop бейне құрудан гөрі өңдеуге арналғандықтан, программада бейне жұмыс сақталған файлды жіктеуден (Файл→Открыть) немесе бейнені импорттаудан басталады.

Импорт деп- сканер, цифрлы фото камера, т. б. -дан алынған бейнені айтады. Импорт жасау үшін Файл→Импортировать командасы қолданылады.

Графикалық бейнелерге қолданылатын көптеген амалдар үшін бейненің негізгі параметрлерін білу қажет. Оларды Изображения→Размер изображения командасы арқылы ашылатын диалогтық терезеден білуге болады. Бұл терезеде мынадай параметрлер беріледі:Ширина (ені), Высота (биіктігі), Размер печатного отписка( ).

Бейненің экрандық размері Разрешения (шешілу) параметрінің физикалық размерімен байланысты. Осы параметрлердің барлығынан файл размері тәуелді.

Аспаптар тақтасы. Бейнемен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Негізгі аспаптар 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының аспаптар панелінің ерекшілігі альтернативті аспаптардың бар болуы. Мұндай аспаптардың белгісінде кішкене ұшбұрыш суреті бар болады.

Объектпен жұмыс істейтін аспаптар

Белгілердің бірінші тобын объект пен жұмыс істейтін аспаптар құрайды. Область, Лассо аспаптарымен бейне кез – келген аймағын ерекшелеуге болады. Перемещенее (жылжыту) аспабы ерекшеленген аймақтарды жылжытып, көшіреді. Волшебная палочка (ғажайып таяқша) аспабы бірдей түсті аймақтарды ерекшелейді. Лассо мен ғажайып таяқшаны обтравка амалын яғни күрделі контурларды дәл жүргізу үшін қолданылады.



Сурет салуға арналған аспаптар тобы

Мұнда бізге таныс Аэрограф, Кисть, Карандаш, Ластик аспаптары бар.

Штамп аспабы арқылы суреттің (ескі фотографиялардың) нұқсанды элементтерін құртылмаған жерлердің қандай –да бір бөлігін көшіріп қою арқылы дұрыстауға болады.

Палец аспабы (саусақ) мен жаңа жағылған красканы жылжытуға болады.

Альтернативті таңдауға болатын Размытие/Резкость аспабы жекелеген бөліктердің түс өткірлігін басқарады.

Осветитель/Затемнитель/Бубка аспабы жергілікті түстің қанықтығы мен ашықтығын басқаруда пайдаланылады.



Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар

Үшінші топ аспаптары жаңа объекттер (соның ішінде тексттер) құруға да арналған.

Перо және оның альтернативті аспаптары қисықсызықты контурлар құруға және оны редакторлауға арналады.

Текст аспабы текст жазуға қолданылады. (шрифт, размерін, стилін, түсін таңдауға болады)

Заливка/Градиент аспаптары ерекшеленген аймақтарды болу үшін. Бір түрлі түспен, не бір-біріне ауысатын бірнеше түспен бояуға болады.

Бейненің ішінен керек түсті дәл таңдау үшін Пипетка аспабы қолданылады.

Соңғы топтың аспаптары суреттің көрінісіне қатысты.

Масштаб аспабы сурет бөліктерін үлкейтіп (кішірейтіп) көруге мүмкіндік береді.

Рука (қол) аспабы суреттің көрінбей тұрған бөлігін жылжытып, көру үшін қолданылады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:


  1. Paint программасында симметриялы суреттерді салу әдісін көрсету.

  2. Photoshop программасында суреттерді өңдеуді көрсету.

Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
14. Сандық ақпаратты өңдеу

Жоспар:

1. Электрондық кесте.

2. Адрестер.

3. Формулалар.



Сабақтың мазмұны:

1. Excel терезесі.

“Электрондық кесте ” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған бағдарламаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс -әрекеттер:



  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулерн жүргізу.

  2. Түрлі – түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. Графиктер мен диограммаларды тұрғызу .

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Microsoft фирмасының Excel бағдарламасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй бағдарлама ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай –ақ, оқып –үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан (тік және жатық жолдар) тұрады.Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағандар саны 256-ға тең.Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды,ол ұяшықтарға мәліметтерді (мәтін,сан,формула) енгізеді.

Excel бағдарламасын іске қосу

Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдердің бірімен іске қосуға болады.



Excel терезесінде мындай объектілер орналасқан:

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Әрбір жұмыс кітабы жеке атауға ие және оның кеңейтпесі xls болады. Жұмыс кітабы жұмыс парақтарынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А -дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1 – ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.


2. Адрестер.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D21, F5, G7, L16.

Салыстырмалы адрес (сілтеме). Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы, A9, D21, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют адрес (сілтеме). Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редакциялау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 пернесін басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдында $ белгісін қояды. Мысалы: $A$16, $S9, A$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бір компоненті абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.


3. Формулалар.

Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшелеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көз салу керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет