Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 5В060200 Информатика Курс 3, семестр 6 Практикалық сабақтардың сағат саны: 30



бет4/4
Дата17.04.2020
өлшемі303,66 Kb.
#62937
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
seminar 2 ioa inf17tp
12 практика ИОА, Есжан Бақдәулетт, атомдық физика -лаб, 7 сынып кмж Карлыгаш, 9-д ріс. Психологиялы -медициналы -педагогикалы с йемелдеу, Мадениеттану эссе

Ұяшықтарға сілтеме




Мына суретті формулада екі ұяшықтағы мәндерге амалдар қолданылған. Бұл жерде ұяшықтардың адресі көрсетілген. Осыны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдаланылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

Функциялар – көптеген көмекші амалдарды орындайтын арнайы атауға ие дайын ішкі программалар. Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру үшін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция енгізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтың адресі немесе басқа да өрнектер алынады.

=Фукция_атауы(мән1; мән2;...; мән30)



Егер формулаларды енгізуді Вставка функций батырмасын басу арқылы немесе Вставка, Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функциялар шебері (Мастер функций) атты сұхбат терезе ашылады. Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдаланылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

Функциялар шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияның категориясы


бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категорія бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажетті функцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілетін жақшалардың арасына орналасады. Мысалы, ABS функциясын таңдайық.

Функцияның параметрлерін енгізу. Функцияның параметрлерін енгізу кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрі міндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жай қаріппен берілген болса, ол параметрі тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша сипаттамасы мен параметрлерінің өзгеру аралықтары берілген.


5.2.-сурет. -25 санды ABS функциясының сұхбат терезесі.



Қорытынды есептеулер

Шебердің көмегімен алынатын функциялардың көп бөлігі ғылыми есептеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдана бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтер лік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функциялардың бәріне ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны Алдан-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақ бір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.


Функцияларды қолдану


Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы x – функцияның аргументі, алу – функцияның мәні, f – функция.

Функцияларды қарастыруға мысал қарастырайық:

С7 ұяшығында =ABC(A7)+LOG(B7) формуласын есептейік . Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсолют шамасын есептейтін функция ; LOG(B7) – А7 ұяшығындағы мәннің логарифмін есептейтін функция.

Excel программасында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:



  • SIN(), COS(), TAN() – тригонометриялық функциялар;

  • ASIN(), ACOS(), ATAN() – кері тригонометриялық функциялар;

  • МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функциялар;

  • LN, LOG, LOG10 – натурал, жай, ондық логарифдер;

  • КОРЕНЬ() – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;

  • ЕСЛИ, И, ИЛИ, НЕ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;

  • ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР – мәтіндік функциялар.

Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:

1. MS Excel терезесінің элементтерін талдау.

2. MS Excel программасының графикалық мүмкіншіліктері.

3. MS Excel программасының функциялары.


Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
15. ДҚБЖ-де ақпаратты сақтау және өңдеу.

Жоспар:

1. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі мәліметтер типтері.

2. Microsoft Access объектілері.

Сабақтың мазмұны:
1. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі мәліметтер типтері.

Мәліметтер қорымен пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері қолданылады.



СУБД. МҚБЖ.

Қазіргі МҚБЖ мыналарды қамтиды:



  • Кестені ұстауға қажетті құралдар жиыны, байланысқан кестелер

арасындағы қатыстар;

  • Қолайлы интерфейс;

  • Жоғары деңгейлі программалау құралы.

Сақталатын берілгендердің типін айқындауға берілгендер типі пайдаланылады.

MS Access – те келесі типтер бар:



  • Мәтіндік

  • Сандық

  • Ақшалай

  • Санауыш

  • Даталар/уақыттар

  • Логикалық

  • МЕМО өрісі

  • OLE объектісінің өрісі

  • Гиперсілтеме

  • Ауыстырулар шебері.

Әрбір берілгендер типі конструктор терезесінің “өріс қасиеттері” бөлімінде бейнеленетін өз қасиеттерімен үлестіріледі.

Мәтіндік өріс.

Үнсіз келісім бойынша өріс атын енгізгенде MS Access берілгендердің мәтіндік түрін өріс ені 50-ге тең болатындай етіп меншіктейді.

Өріс енін өзгерту үшін “Свойства поля” бөлімінің Размер поля жолында өріс енін айқындайтын (1-255) санды беру қажет. Мысалы, өріс ені 25-ке тең десек, онда бұл өріске ұзындығы 25-тен асатын мән енбейді.

Сандық өрістер.

Сандық типті қолданудың негізгі дәлелі ретінде мыналарды

қарастырамыз.

1. Сандық типті берілгендерді енгізгенде берілгендерді автоматты түрде

тексеру жүргізіледі. Егер берілгендер мәтіндік немесе арнайы символдардан тұрса, Access ескерту жасап, қате берілгендерді енгізбейді.

2. Тек сандық өрістермен ғана математикалық амалдарды орындау мүмкін.



Ақша типінің өрісі.

Ақша өрісі сандық өріске ұқсас. Сандық өрістен айырмашылығы – ақша өрісі үшін Формат поля қасиеті Денежный мәніне автоматты түрде орнатылады, ал Число десятичных знаков қасиеті қажет кезінде өзгертуге болатын, үтірден кейінгі екі таңбаға тең мәнді қабылдайды. Ақша типінің көмегімен бүтін 15 таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеуді және бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін есептеуді орындай алады.



Санауыш типті өріс.

Санауыш типті өріс мәндері түзетілмейтін, алайда кестеге әрбір жаңа жазба қосуда автоматты түрде орнататын берілгендерді сақтауға арналған. Олардың мәндері бірегей, әрбір жаңа жазба қосқан сайын 1-ге тізбектей артып отыруы немесе кез – келген сан болуы мүмкін.



Дата/уақыт өрісі.

Берілгендердің арнайы пішімде келтірілген өрістердің датасы мен уақытын сақтау үшін қолданылуы бірқатар артықшылықтарды ұсынады:

1. MS Access даталарды бірнеше пішімде енгізуге және бейнелеуге мүмкіндік береді. Дата/уақытты бейнелеудің нақты нұсқасы Формат поля қасиетінде орнатылады. Берілгендерді сақтауда бұл пішімдер берілгендердің ішкі көрнісіне автоматты түрленеді.

2. MS Access – ке берілгендерді енгізгенде берілгендердің пішімін тексереді және тек дұрыс даталарды енгізуге мүмкіндік береді.

Берілген типтің өрісінде 100 жылдың 1 қатарынан 9999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кез – келген дата мен уқыт бар. Бұл типтің берілгендері 8 байт орын алады.

Логикалық өріс.

Логикалық өрістер екі мәннің бірін ғана қабылдайтын берілгендерді сақтау үшін қолданылады. Логикалық өрістің Формат поля қасиеті арнайы пішімдерді немесе Ақиқат/жалған, Иә/жоқ немесе Қосу/өшіру – үш құрамдастардың бірін қолдануға мүмкіндік береді. Ақиқат, Иә, Қосу – True логикалық мәніне, ал жалған, жоқ, өшіру – False логикалық мәніне эквиваленті. Егер құрамдас пішімді таңдап, сосын эквивалентті логикалық мәнді енгізсеңіз, онда енгізілген мән таңдалынған пішімде бейнеленеді.



МЕМО өрісі.

Кез – келген ұзындықтың мәтіндік өрістері қарапайым мәтіндік өрістегідей берілгендер типінен тұруы мүмкін. Айырмашылығы МЕМО мөлшері 255 символмен ғана шектелмей 65535 символдан тұруы мүмкін.



OLE объектісінің өрістері.

MS Access кестелерде бейнелерді және басқа екілік берілгендерді (мысалы, Excel электрондық кестесі, Word құжаты, сурет, дыбыстық жазба) сақтайды. Бұл берілгендер типінің өрісіне енгізе алатын берілгендер көлемі 1 ГБайтпен шектелген.



Гиперсілтеме өрісі.

Бұл типтің өрісі әріптер мен сандардан құралып, гиперсілтеме адресін көрсететін жолдарды сақтауға арналған. Гиперсілтеме адресі ең көп дегенде үш бөліктен тұрады:



Гиперсілтеме өрісінің бөлегі




Сипаттама





Мәтін

Өрісте немесе басқару элементінде шығатын мән.

Адрес

Файлға (UNC жолының пішімінде) немесе бетке (URL адрес) барар жол.

Қосымша адрес

Файлдың немесе беттің ішінде ығысу.


Ауыстыру шеберінің деректер типі.

Бұл типті таңдау тұрақты мәндер немесе басқа кестедегі мәндер жиынына бар ашылған тізімнен мәндерді таңдауды ұсынатын өрістерді құру үшін арналған ауыстыру шеберін іске қосады. Берілген өрістің мөлшері ауыстыру ретінде қолданылатын түйінді өріс өлшемімен сәйкес келеді.


2. Microsoft Access объектілері.

Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.

Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.

Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді. Мысалы, банкілерде қызметкерлердің біреуі клиенттер туралы мәліметі бар кестеге, ал екіншісі олардың есеп-шотына, үшіншілері банктегі активтер кестесіне қатынай алады.

Сұраныстың ерекшелігі – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе (СУБД) Мәліметтер базасын басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.

Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса, онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.

Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер).

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTLM қодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базасын жіберілген Web-бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы СУБД-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар СУБД-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:


  1. Microsoft Access программасында кесте құру, кестеге мәліметтерді енгізу жолдарын және мәліметтердің типтерін талдау.

  2. Сұраныс объектісі арқылы орындалатын амалдарды талдау.


Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.



2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет