Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңдері



бет12/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңдері

Қазақстан егемендігінің қалыптасуында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

  • 1989-1990 – бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың күшеюі және екінші жағынан, одақ басшылығының саяси қайшылықтары, шала әрекеттері. Осындай кезеңде Қазақстанда «Тіл туралы Заң» қабылданды, Президент лауазымы енгізілді.

  • 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация жарияланған күннен бастап 1991 жылдың желтоқсанында Кеңес Одағының ыдырауына дейінгі уақыт. Осы кезде ел басшылығы экономикалық дербестік үшін белсенді іс-әрекетке көшеді; түрлі саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстар қызметтерінің радикалдануы артты.

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданған, 1991 жылғы 16 желтоқсан және 1992 жылдың аяғына дейінгі кезең. Бұл кезеңде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды, бірыңғай қазақстандық азаматтық орнады. Дербес экономикалық жүйе енгізіліп, қаржы-несие, салық және кеден қызметтері құрылды. Мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының атрибуттары бекітілді. 1992 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді (әнұранның мәтіні 11 желтоқсанда бекітілді). 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға қабылданды, сол жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда Қазақтардың Бірінші Дүниежүзілік құрылтайы өтті.

  • 1993 жылғы қаңтардан басталып, 1995 жылғы наурызда аяқталған кезең, бұл кезде егемен Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Бұл кезеңде Қазақстанның халықаралық беделі өсіп, республика өзінің сыртқы саяси қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді іс-әрекет жасай бастайды.

  • 1995 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутаттарының өкілеттігінің заңсыз болып танылған, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған кезең. Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы 24 наурызда Алматыда ашылды. 29 сәуірде Қазақстан Президентінің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізілді. 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Желтоқсан айында Қазақстанның қос палаталы Парламентіне сайлау өтті. 1997 жылы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда «Қазақстанның миссиясы» ашылып, ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның шоғырлануы, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты; энергетикалық ресурстар; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; негізгі функцияларға дейін шектелген кәсіби мемлекет туралы «ұзақмерзімді басым мақсаттар» белгіленді.

https://studopedia.org/8-170659.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет