Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның астанасы – Астана (



бет11/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның астанасы – Астана (Нұр-Сұлтан)

Нұрсұлтан Назарбаев – көптеген идеялар мен жобалардың бастамашысы. Оның бірі – Қазақстанның астанасы – Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы.

Сарыарқа даласында Отанымыздың жаңа астанасы, гүлденген Қазақстанның символы – Астана қаласы өсті. Алғаш рет елорданы ауыстыру бастамасын Қазақстанның Тұңғыш Президенті жария етті. Сол кезде, тоқсаныншы жылдардың ортасында, осы идеяның жүзеге асатынына сенген адамдар да аз, жаңа қаланың көшуі мен құрылысы көптеген онжылдықтарға созылады деп санаған адамдар да болды. Алайдаолар қателесті. Астана қысқа мерзімде салынып, бүкіл елдің жетістігінің көрінісі болды.

Қаланың бас сәулетшісі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев десек, артық айтқанымыз емес. Оның идеялары мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс мәдениеті мен Шығыс дәстүрлерін біріктіре отырып, бірегей түрге ие болды. Қаланың көптеген ғимараттарын, мүсіндерін Елбасы суреттер, схемалар, нобайлар түрінде ойластырған. Әлемнің танымал сәулетшілері Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын жүзеге асыра алды. Қазіргі кезде ол ғимараттардың көбі елорданың басты көрікті жерлеріне айналып, қаланың нышандары саналады.



  1. Нұрсұлтан Назарбаев – салауатты өмір салты және спорт

. Елбасы салауатты өмір салтын және спортпен айналысуды белсенді насихаттайды. Оның сүйікті спорт түрлерінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев кортқа тұрақты түрде шығады. Сонымен қатар, Қазақстанда жыл сайын Президент Кубогы үшін теннис турнирі өтеді.

Президенттің тағы бір қызығушылығы – гольф. Елбасы белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендермен қатар түрлі халықаралық турнирлерге жиі қатысады. Өзінің айтуынша, Елбасы тау шаңғысына алғаш рет 55 жасында тұрған.

Қазақстанда жаңа спорт кешендері, бассейндер, теннис корттары, мұз сарайлары, велотректер ашылуда. Олардың барлығы қазақстандықтардың игілігі мен денсаулығына қызмет етеді. Мемлекет саясатының арқасында қазақстандықтардың көбі спортпен шұғылданып, өз денсаулығына көңіл бөле бастады. Салауатты ұлт – Қазақстан жетістігінің басты кепілі.

2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті. Ойындар спорттың 11 түрі бойынша өткізілді. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 1 орынды иеленіп, қоржынына 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль салды.

Әрине, біздің спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізген Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада туралы да айту керек.

Қазақстан өзінің 20 жылдық тарихында алғаш рет Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды. Лондонда өткен Олимпиада біздің республика үшін ең табысты және нәтижелі болды, қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.



https://www.zakon.kz/4981776-kogda-ne-v-kostyume-hobbi-i-uvlecheniya.html

http://nomad.su/?a=14-201208140029/




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет