Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу



бет7/9
Дата11.12.2019
өлшемі1,47 Mb.
#53449
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 желтоқсан кл сағаты
қызыл кітап

11-кейс

«Еліміздің астанасы»
Мақсаты: білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев және оның Қазақстанның заманауи астанасын салудағы рөлі туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

  • білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

  • Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның заманауи астанасын салудағы рөлін түсіну;

  • өз Отанының, еліміз астанасының тарихына деген қызығушылығын дамыту;

  • өз еліне және оның тарихына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.


Өткізу түрі: Топпен жұмыс. Талқылау.
САБАҚ БАРЫСЫ:

1-КЕЗЕҢ (10 минут)

Қазақстанның астанасы туралы ролик көрсету (1-2 минут).

Мемлекеттік біртұтастықтың, тәуелсіз мемлекеттің нығаюының, әл-ауқатының символы ретінде астана туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

Дереккөз: https://e-history.kz/ru/contents/view/378 © e-history.kz

Нұр-Сұлта́н (орыс. Нур-Султан») (бұрынғы Ақмола облысы, Целиногра́д, Ақмола́, Астана́) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы.

Ақмола мәртебесіне 1862 жылдың 26 қыркүйегінде ие болған. 2019 жылғы 1 ақпандағы есеп бойынша қала тұрғыны 1 082 222 адамды құрады, бұл Қазақстандағы Алматы қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш болып табылады. Миллионер-қала мәртебесіне қала тұрғыны 1 002 874-ке жеткен 2017 жылғы маусымда қолжеткізді.

Нұр-Сұлтан еліміздің солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Әкімшілік аумағы жағынан қала 4 ауданға бөлінеді.



Бұдан кейін мұғалім 5 топқа бөлінуді және «Білемін. Білгім келеді. Білдім» технологиясын қолдана отырып топпен жұмыс жасауды ұсынады.


(1-кесте)

1-кесте. «Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы




БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

БІЛДІМ









Топтар Қазақстанның астанассы туралы кестенің екі бағанын: «Білемін» және Білгім келеді» толтырады (5 минут).

Толтырғаннан кейін әр топтан модератор толтырылған кестені таныстырады. Мұғалім топтың істеген жұмысының қорытындысын шығарады (1-2 минут)
ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)

Мұғалім топта зерделеп талқылау үшін барлық топқа 5 түрлі мәтін ұсынады. Содан кейін «БІЛДІМ» бағанын толытруды сұрайды.

1-мәтін.

«Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттің біртұтастығының символы, стратегиялық ойлар мен тәуелсіз мемлекеттің нығаюының квинтэссенциясы, XXI ғасырдың ультразаманауи мегаполисін салудың аса маңызды ұлттық жобасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық ойы еліміздің ұзақ мерзімге дамуының перспективалы желісін анықтады, астананы көшіру тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы жаңа жаһандық дәуірдің бастауы болды. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» баяндама жасады. Сол күні Жоғары Кеңес астананы Алматы қаласынан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылдады.

1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Халқына Жолдауында Президент: «ХХІ ғасырға аяқ басар кезеңде өз таңдауымызды – Сарыарқаның төрінде, көк аспан астында жаңа астанамызды жария етеміз...» деп атап өтті.
Бұдан былай ғасырлар бойы кең байтақ еліміздің төрінде халықтың тағдырына қатысты шешімдер қабылданатын болады. Бұл жерде Отанымыздлың жүрегі соғатын болады. Осы жерде үшінші мыңжылдыққа аяқ басар кезеңде Қазақстан өз тарихи тағдырын анықтайтын болады». 1997 жылдың 20 қазанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.
2-мәтін.

«1997 жылдың 20 қазанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты. Соған сәйкес, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы егеменді Қазақстанның астанасы болды. Жарлық шыққаннан бастап бір айдан кейін 1997 жылдың 8 қарашасында қалаға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің эталондары: мемлекеттік ту, елтаңба және президенттік штандарт келді. Тәуелсіз Қазақтанның тарихында жаңа кезең басталды. 1998 жылдың 6 мамырында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстанның астанасы Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып қайта аталды. Қайта атау жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтініші бойынша қала жұртшылығының тілектерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүргізілді. 1998 жылдың 10 маусымында егемен Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті. Астананы халықаралық таныстыру жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың бастамасы болып табылады. Ұлы даланың көшпенді өркениетінің көптеген ғасырлық тарихында бастау алған Астана Орталық Азия аймағының ірі мегаполисіне айналып келеді. «Астананың сапалық және сандық жағынан өсуі Астананың сәулеттік бейнесімен тікелей байланысты. Қаланың бас жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға көрнекті жапон зодчим Кисе Курокаваның Еуразиялық келбетін беру туралы идеясын ескере отырып жасалды». Астананың бірегей құрылыстары әлемнің кез келген мегаполисін безендіруге қабілетті, ал елорданың жаңа нысандарының әрқайсысы терең символды, экспрессивті және серпінді. Есіл өзенінің жағасында орналасқан заманауи қала өзінің қарқынды шарықтау, фантастикалық жобаларымен, даңғылдардың жарық шырақтарымен таң қалдырады. 1999 жылы Астананы әлем мойындады.


3-мәтін

«Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасы ЮНЕСКО-ның "Әлем қаласы" марапатына ие болды. Бұл атақ ғаламшардың жаңа қалаларына беріледі, олар қысқа уақыт ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы елеулі жетістіктерге қол жеткізе алды, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша мақсаттарды жүзеге асырды. 1999 жылғы 16 шілдеде Боливия астанасы Ла-Паседе ЮНЕСКО Бас хатшысы Федерико Майор Астанаға "әлемдік қала" халықаралық конкурсының жеңімпазы медалі мен сертификатын табыс етті. Осы уақыттан бері Астана "Бейбітшілік қаласы" атағына ие болды. Астананың экономикасы қарқынды дамып келеді. Астананың даму тактикасы мен стратегиясы "Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" (2001 ж.), "Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары" (2006 ж.) бағдарламаларында белгіленген. Қала экономикасында арнайы экономикалық аймақтар (АЭА), технопарктер, жоғары технологиялар сияқты тиімді механизмдер пайдаланылады, тепловоздар, вагондар, тікұшақтар, күн батареяларының модульдерін өндіретін Қазақстан үшін жаңа өнеркәсіп салалары дамуда. Астана – Қазақстанның инновациялық жүрегі. Елорда басқа өңірлер үшін қозғалыс векторларын айқындай отырып, Республикалық инновациялық процестің локомотиві болып табылады. Қалалық дамудың әртүрлі факторларын бірыңғай жүйеге біріктіретін SmartAstana (Ақылды қала) жобасының Тұжырымдамасы әзірленді және іске асырылуда. Қазіргі кезеңде Астана Қазақстанда болып жатқан барлық үдерістердің тоғысуы болып табылады. XXI ғасырда мемлекетіміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті қаланың бірегей бейнесі қалыптасты.

4-мәтін

«2007 жылғы мамырда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша ҚР Конституциясының мәтініне мемлекеттің астанасы – Астана қаласы туралы бап енгізілді. Елорданы көшіру жігерлі және өршіл жастардың өзін-өзі дамытуы мен мансап жағынан өсуі, көшбасшылардың жаңа буынын, жаңа астананың белсенді құрылысшыларының қалыптасуы үшін барынша жағдай жасады.



Елорда халқы – еліміздегі ең жас адамдардың бірі. Елорда тұрғындарының орташа жасы - 32 жас. Елорданы құрамы бойынша көпұлтты аймаққа көшіру көпұлтты мемлекетті нығайтуға, елдегі этникалық топтар арасындағы достық пен келісімді сақтауға және арттыруға ықпал етті. Рухани-интеллектуалдық дискурстың негізгі ұғымына төзімділік, ал көпұлтты қауымдастық (жүзден астам этностар) өзіне тән ерекше астаналық рухы бар бірыңғай қалалық анклав болып табылады. Астана бастапқыда тек әкімшілік ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ғылыми және мәдени орталығы ретінде қалыптасты.

Нұр-Сұлтан – бұл 500-ден астам білім беру ұйымы жұмыс жасайтын жас қала. Отандық жоғары мектептің флагманы Назарбаев Университеті болып табылады, оның айналасында зияткерлік-инновациялық кластер құрылды. Оны қалыптастыру "Жол картасы" жобасында көзделген және ғылымды қажетсінетін жобалар мен белгілі инновациялық және өндірістік компаниялардың бөлімшелерін орналастыру үшін индустриялық хай-тек-алаң құру, технопарк және бизнес-инкубатор, инжиниринг орталығы, Технологияларды коммерцияландыру орталығы, венчурлік қор кіретін болады.

Нұр-сұлтан қаласы – Еуразиялық аймақтың ірі мәдени орталығы, еліміздің мәдени астанасы және Ұлттық коммуникациялық орталық болып табылады. Елордалық университеттер, мұражайлар, театрлар, мұрағаттар, көрмелер, көркем шеберханалар, шығармашылық одақтар, концерттік алаңдар астананы ең үздік дәстүрлер мен мәдениет жетістіктерінің қорғаушысы етеді. Астананың мәдени өмірінің айтулы оқиғасы "Астана Опера" классикалық опера және балет театрының ресми ашылуы болды.

Театр күмбезінің астында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясымен сөз сөйледі, онда мәдениетті ұлттың генетикалық кодының ажырамас бөлігі ретінде атап өтті.


5-мәтін

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – маңызды жаһандық саяси оқиғалардың ошағы. Қазақстанның астанасын Астанаға көшіре отырып, Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көпвекторлық және жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күреске қатысу қағидаттарында құрылған Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа мазмұнға және іске асыруға ие болды.

Тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саяси қызметін жүзеге асыру Нұр-Сұлтан - дипломатиялық Астананың мәртебесін анықтап, әлемге танымал болды. Қазақстанның астанасы әлемдік қоғамдастықта шын мәнінде әлемдік ауқымдағы саяси оқиғалармен байланысты.

Қазақстан астанасында осындай халықаралық ұйымдардың мемлекет және үкімет басшылары кеңестерінің кездесулері өте жоғары деңгейде өтті:

* Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ)

* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД • )

* Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ)

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы • ҰҚШҰ)

Астана ХХІ ғасырдың нақты геосаяси орталығы ретінде әлемде 2010 жылғы 1 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитінде танылды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Еуразиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық саясатының бастамашысы және жолсерігі болды. ЕҚЫҰ саммитінде қабылданған Астана декларациясы жаһандық қауіпсіздіктің барлық бағыттары бойынша одан әрі келісілген жұмысқа жол ашатын бірегей құжат болды.

ХХІ ғасырдың басында Астана толеранттылықты, бейбітшілікті және интеграцияны насихаттау және оған шақыру бойынша шынайы жалпы планеталық диалог алаңына айналды.

Халықаралық деңгейде конфессияаралық келісім мен халықтың бірлігін нығайту бойынша біздің мемлекетіміздің бірегей тәжірибесі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері болып табылады (2003,2006,2009, 2012 жж.).

Астананың әлеуетті мүмкіндіктерін мойындау EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Қазақстан - 2050" Стратегиясында: "Еліміздің жаңа астанасы – Астананы салдық. Бұл – біздің символымыз бен мақтанышымызға айналған заманауи қала. Біз әлемге еліміздің мүмкіндіктерін көрсету үшін елорданың әлеуетін пайдалана алдық. Сондықтан халықаралық қоғамдастық Қазақстанды "EXPO-2017" дүниежүзілік көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл болмас еді. Мұндай құрметке бәрі ие бола бермейді. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін және өзінде EXPO – 2017 планетарлық деңгейдегі іс-шараны өткізген барлық посткеңестік кеңістіктегі елдердің алғашқысы болып отырғандығын айту жеткілікті».

Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде еліміздің әкімшілік орталығы ретінде ғана емес, Қазақстанда болып жатқан қайта құрулардың, жасампаз энергияның, халықтың өз күшіне сенуінің, өз болашағына және өз ұрпақтарының болашағына деген үміті мен сенімінің символы ретінде қабылданады. Жаңа астананың жылнамасы жалғасуда. Мұнда жаңа жүзжылдықта ұлттық тарихтың хроникасы құрылады».
«БІЛДІМ» бағанын толтырғаннан кейін топ модераторлары орындалған жұмысты таныстырады.

Мұғалім топтардың жұмыс қортыныдысын шығарады.

Бұдан кейін тақтааға өз қалауымен бір оқушы шығады және сыныптағы басқа оқушылармен бірлесе талқылай отырып тапсырманы орындайды. Затем

Тапсырма: Сыныптың ортасында постерге Қазақстан барлық астаналарының атауларын жазу (3 минут).
ҚОСЫМША
Әдебиеттер:  

1.  Н.Ә. Назарбаев. Ел астанасын көшірудің орындылығы туралы он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызметінің хроникасы 1994-1995 жылдар. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2011.-576 б.

2.  Н.Ә. Назарбаев. Ел астанасын көшірудің орындылығы туралы мәселе бойынша он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызметінің хроникасы. 1996-1997 жылдар. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2010.-548 б.

3.  Н.Ә. Назарбаев "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" ҚР Президентінің Жарлығына байланысты бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жыл. – Астана: Деловой мир Астана, 2010.-548 б.

4.   Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.-548 б. 5. Н. Ә. Назарбаев "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" ҚР Президентінің Жарлығына байланысты бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жыл. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2010.-548 б.

6.  Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының "Жаңа астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам" атты ресми тұсаукесерінің салтанатты жиынында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.-548 б.

7.  Назарбаев Н.Ә. ЮНЕСКО-ның Астанаға "Бейбітшілік қаласы" атағын беруіне байланысты сөз сөйлеу. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.- 548 б.

8.  Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан - 2050 "Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы.

9.  Назарбаев Н.Ә. Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы / / Казахстанская правда -2013.-№ 227 (27501).- С.1-3.

10.  Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

11.  Назарбаев Н. А. Еуразия жүрегінде. Астана: Атамұра, 2005.

12.  Алпысбаева Г.А.  Астана в новое и новейшее время. Астана, 2008.

13.  Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы бойынша анықтамалық материалдар. Астана, 2013.-50 б.

14.  Астана қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары. Астана, 2013.- 14 б.

15.  Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Алматы: Раритет, 2010.-432 б.

16.  «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы» ҚР ҒА. Ф.1109. Оп. 3. Д. 3145. Л.185-186.

17.  «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. ҚР ҒА. Ф.2. Оп. 1. Д. 447. Л.

141-144.
Дереккөз:  https://e-history.kz/ru/contents/view/378 © e-history.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет