Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу



бет9/9
Дата11.12.2019
өлшемі1,47 Mb.
#53449
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 желтоқсан кл сағаты
қызыл кітап
Сабақ барысы

I КЕЗЕҢ (10 минут)

Мұғалім: Құрметті оқушылар, сіздер мына суреттерді өзара қалай байланыстырар едіңіздер?

(Оқушылар жауабы тыңдалады)

Мұғалім: Әлбетте, бұл адамдарды қажырлы еңбек, халқына деген сүйіспеншілік, таудай талап, әлемдік өркениетке басқан қадам, бәйтеректей асқақ арман байланыстырады. Айдын ағаларың да, Карина қызымыз да өзіміздің қаламыздың оқушылары, бұлардың бала күнгі арманы – елін, жерін әлемге таныту еді. Олар бұл арманына қол жеткізді.

Ал, Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан тарихында алатын орны қандай?



(Оқушылар ойы тыңдалып, талқыланады).

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Елбасымыз шетелдік арналарға берген сұхбатында «Мен өз елімді әлемге мәдениеті мен білімі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел ретінде танытқым келеді. Бұл – менің басты арманым» деген екен. Міне, қиын-қыстау кезеңде Елімізге пана болып, өзінің даралығын көрсеткен Елбасымыздың үлкен арманы мақсатқа айналып, бүгін сендер соның куәгері болып отырсыңдар! Олай болса, сабақтың мақсатымен таныс болайық.

Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады. Таныстырып болған соң, алдыңғы оқуды қайталау мақсатында Елбасының өмірі мен қызметіне қатысты қызықты әрі тың деректер жазылған қима қағаздар үлестіреді. Оқушылар (жұп бойынша) 2 минут ішінде жылымен оқиғалар ретін дұрыс баспалдақ бойынша орналастыру керек.

«Табыс баспалдағы» әдісі.


Оқушылар Елбасының қызметінің негізгі кезеңдерінен табысқа жету сатысын құрайды, содан кейін дұрыс таңдау бойынша өзара бағалау жүргізіледі.

II КЕЗЕҢ (15 минут)

«Елбасы жолы» киноэпопеясынан үзінді көрсетіледі.

Оқушылар 4 топқа топтасады.

Әр топ төмендегі тақырыпта таныстырылым дайындайды.

  1. «Халық және Елбасы»

  2. «Тәуелсіздік тірегі»

  3. «Әлем және Қазақстан»

  4. «Елбасы даналығы»

Әр топ өзіне берілген тақырыпқа байланысты постерде презентация дайындайды.

«Үзік ой орындығы» Оқушылар тәрбие сағаты бойынша сұрақ дайындайды. «Үзік ой орындығына» отырған оқушы жауап береді. Оқушылар Елбасының Тәуелсіздік жылдарында халқына сіңірген қажырлы еңбегі мен келер ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұрасы туралы ой бөлісіп, болашаққа бағдарлану арманнан басталатын айтады.
III КЕЗЕҢ (15 минут)

Талқылау. «Басты сауал» стратегиясы

Мұғалім сұрақ қояды: «Мен кіммін?» деген сауал маңызды ма, әлде «Мен қандаймын?» деген сауал маңызды ма?

Оқушылар жауабы тыңдалып, мұғалім сабақтың мақсатына оралады.

«Елбасы туралы ойларым» «Елбасы мен үшін не істеді» «Мен кім боламын?» тақырыптарында оқушыларға қысқа эссе жазуға тапсырма беріледі.

«Еркін микрофон» Рефлексия. Өз еріктері бойынша оқушылар өз эсселерін оқиды.

Содан кейін мұғалім сабақты қорытындылайды.

13-кейс

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»
Мақсаты мен міндеттері:  
- білім алушылардың елдің қалыптасуына, дамуына және нығаюына баға жетпес үлес қосқан Елбасының еңбек қызметі туралы білімін кеңейту;

- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметінің үлгісі негізінде білім алушыларда мақтаныш және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

- топта жұмыс істеу әдістеріне үйрету.
Өткізу формасы: дискуссия сабақ

Сабақты өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: бейнероликті көрсетуге арналған жабдық, ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуы жөнінде бейнеролик, қағаз, стикерлер, түрлі түсті маркерлер, қаламдар постерлер.

Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет.
Сабақ барысы

I КЕЗЕҢ (10 минут)
Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру (5 минут)

«Көршіге комплимент» сергіту сәті

Әр оқушы өз көршісінің есімінің бас әрпін атайды және осы әріптен басталатын сөзбен комплимент білдіреді.

Мұғалім оқушыларды ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуы және оған жетудегі Елбасының рөлі туралы ақпаратпен қысқаша таныстырады. Бейнеролик көру ұсынылады (5 минут).

Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.

КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. 1991 жылдың желтоқсанның бірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

Бейнероликке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=84OXpjHv2tw
II КЕЗЕҢ (20 минут)

Бейнероликті көргеннен кейін мұғалім «Бірінші болу дегенді қалай түсінесіз?» тақырыбында дискуссия жасауды ұсынады.

Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Бір топ көшбасшы болудың жақсы жақтарын айтса, екінші топ жаман жақтарын айтады (5 минут).

Әр топ өз аргументтерін ұсынады. Бір-біріне сұрақ қояды (5 минуттан).

Мұғалім қосымша сұрақтар қояды:


  • Бірінші болған оңай ма?

  • Көшбасшы болудың артықшылығы неде?

  • Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

  • «Ұлт көшбасшысы», «Елбасы» ұғымдары нені білдіреді?

Мұғалім дискуссияны аяқтайды, қорытындылайды, үздік спикерлерді атайды (5 минут).
Топтарға тапсырма: әр топ 2 минут ішінде Елбасы бірінші болып жасаған істер тізімін жазулары тиіс. Бір топ оқиды, екінші топ толықтырады (5минут).
III КЕЗЕҢ (10 минут)

Сабақты қорытындылау, нәтижелерді талдау, рефлексия, бағалау және өзін-өзі бағалау, ұсынымдар.


Мұғалім дискуссияны жүргізу бойынша, команда аргументтерін ұсыну бойынша, дискуссия ережелерін сақтау бойынша топтар жұмысына пайымды пікірін білдіреді.
Кері байланыс үшін сұрақтар:
1. Бүінгі сабақта Тұңғыш Президент Н. Назарбаев жөнінде не білдім?

2. Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

3. Еліне қызмет ету дегенді қалай түсінесіз?
Сабақ соңында педагог сабақтың жалпы қорытындысын шығарады. 

14-кейс

«Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты мен міндеттері:  
- білім алушылардың Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту және тереңдету;

- білім алушыларда Елбасы үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;


Өткізу формасы: шығармашылық сабақ

Сабақты өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: бейнероликті көрсетуге арналған жабдық, Елбасы туралы шағын бейнеролик, постерлер.

Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет.
Сабақ барысы

I КЕЗЕҢ (5 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
II КЕЗЕҢ (25 минут)
Мұғалім: Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз.

1-тапсырма.

Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды ақпараттарды белгілеп отырады.



  1. Елбасы болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Елбасы Н. Назарбаевқа қандай сипаттама бересіңдер?

  3. Елбасының еңбек жолы туралы не білесіңдер?

(Оқушылар бейнероликтен көрген ақпаратты негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді).
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Қысқаша ақпарат беру

І топ. Елбасының балалық шағы.

ІІ топ. Жұмысшы Нұрсұлтан.

ІІІ топ. Елім деп соққан жүрегі...(жасаған еңбектері)

ІV топ. «Елі сүйген Елбасы...» (Елбасыға арналған пікірлерге комментарийлер)

Кері байланыс: толықтыру, түзету.

Топпен талқылау

Сыныппен қорытындылау
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

«Таңдап ал» әдісі арқылы оқушы өз қалаған тапсырмасын орындайды:

  • Елбасы туралы ән айту;

  • «Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қысқаша эссе жазу;

  • «Тәуелсіздік» тақырыбында сурет салу;

  • Елбасыға арнап өлең шығару.

Кері байланыс: тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау


III КЕЗЕҢ (10 минут)
Кері байланыс. «3-2-1»

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет