Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу



бет2/9
Дата11.12.2019
өлшемі1,47 Mb.
#53449
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 желтоқсан кл сағаты
қызыл кітап

Қайырым

дылық




Қайырым

дылық



III КЕЗЕҢ (15 мин).
Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.

Оқушылар өздері әзірлеген қайырымдылық жобасын ұсынады.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қайырымдылық дегеніміз не?

  2. Қайырымдылықтың мәні неде?

  3. Қайырымдылықтың мақсаттары қандай?

  4. Қайырымдылық қашан пайда болды?

  5. Қайырымдылықпен кім айналысты және айналысып келеді?

  6. Қазақстандық белгілі қайырымдылық жасаушылардың тегі және есімдері.

«…Жас ұрпаққа қамқорлық қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған»

Н. Назарбаев
4-кейс

«Елбасы және «Қамқорлық» жобасы»
Мақсаты мен міндеттері:  

  • білім алушыларда «қамқорлық», «ерекше білім беру қажеттіліктері», «инклюзия» түсініктерін қалыптастыру;

- білім алушыларды Елбасының қамқорлық, жақсылық және толеранттылық идеялары мен өнегелері негізінде тәрбиелеу;

- әлеуметтік жобаны үлгілеу әдістерін үйрету;

- жасайтын ісіне, әлеуметтік құндылықтарға және қоғам мен ұжымның жалпы мақсаттарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Өткізу формасы: ІСКЕРЛІК ОЙЫН

Сабақты өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: бейнеролик (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Қамқорлық» жобасы туралы ақпарат), «Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар» тақырыбындағы презентация, постерлер.

Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет. Әрбір топ бір тапсырманы орындайды: өз әлеуметтік жобасын ойлап табу, түсіндіру және қорғау.

Сабақ барысы

I КЕЗЕҢ (5 минут)

Педагог Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» жобасы туралы қысқаша ақпарат береді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Елбасы –Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қамқорлық» жаңа бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмысты бастады. Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған. Қордың мәліметтері бойынша, Қазақстанда 86 мың мүгедек және 156 мың ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар өмір сүруде. Қор мамандары жүргізген талдау жұмыстары нәтижелері бойынша балалардың көбі оңалтуды қажет етеді. Оларға көбіне нерв жүйесі зақымдалған, тірек-қимыл аппараты бұзушылықтары бар және өзге де күрделі патологиялары бар балалар жатады. Сол себепті бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттардың күшін біріктіре отырып, ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен өмір сүруі үшін жағдайларды одан әрі жетілдіру бойынша, яғни осындай балаларға қолдау көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жасауда.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, олардың ауруларының алдын алу, жағдай жасау, мүгедектер санын азайту бойынша бастапқы шаралардың бірі ретінде бірінші кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолданыстағы инфрақұрылым базасында сегіз оңалту орталығын ашуға қолғабыс етеді.



Мұндай орталықтар әсіресе Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Семей, Қостанай, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларында қажет. Елбасы тапсырмасы бойынша қажетті жабдықтармен жарақтандыруды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз міндетіне алды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры шоғырландырылған электронды платформаны құруда қолғабыс етуді және мамандарды оқытуды өз міндетіне алды.

(https://liter.kz/society/welfare/6364-proekt-qamqorlyq-v-pomoshch-detyam-s-osobymi-potrebnostyami-zapuskaet-fonda-pervogo-prezidenta-rk/).

Бейнероликті қарау ұсынылады («Хабар» телеарнасындағы жоба туралы бейнеролик) https://www.youtube.com/watch?v=Kqie_dzGHT8)

II КЕЗЕҢ (25 минут)

Үлгі ретінде мұғалім Н. Назарбаевтың балалар құқығын қорғауға қатысты өзге де жобалары жөнінде ақпарат береді.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда балалар құқығын қолдауға бағытталған 13 халықаралық құжат бекітілген. «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» (Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы сөзі).

БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясына қосылған сәттен бастап Қазақстан балаларды тиісті құқықтық қорғау бойынша жұмысты күшейтті. Еліміз БҰҰ-ның бала құқықтарын қорғау бойынша комитетінің ұсыныстарын жүйелі түрде орындауда.

Мемлекет тарапынан балалардың жақсы әрі жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайдар жасалуда. Бүгінгі таңда республикамызда бала құқықтарын қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың қажетті базасы бар, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі ұйымдары қызмет етуде, балаларды психологиялық, педагогикалық, құқықтық, медициналық қорғау бойынша қызметтер жұмыс жасауда. Жыл сайын балаларға білім беру, олардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік және мәдени қамсыздандыруға бөлінетін бюджеттік қаражаттар мөлшері артуда.

Сонымен қатар мұғалім балаларға инклюзивті білім беру, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар жөнінде түсінік береді (слайд).

Содан кейін класс топ бойынша (сабаққа дейін бөлініп қойған) өздерінің әлеуметтік жобаларын әзірлейді.

Топтарға қойылатын талап: «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» ҚР заңының 4-бабымен танысу және «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын жақсарту бойынша не істеуге болады?» сұрағына жауап беру (4-бап. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие).

Талқылау аяқталған соң мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын жақсарту бойынша әлеуметтік жоба әзірлеуге тапсырма береді.

Әрбір топ өздерінің презентацияларын ұсынады. Презентацияда өздері әзірлеген әлеуметтік жобаларды көрсетеді.

Білім алушылар жоспар құрып, өз жобаларының жалпы сипаттамасын постерде ұсынып, оны қорғайды.

Спикер функционал рөлін атқарады, көшбасшы позициясын ұстанады, топ деңгейінде талқылауды ұйымдастырады, топтың жалпы пікірін қалыптастырады.

Оппонент талқылау кезінде ұсынылатын позицияларды мұқият тыңдап, олар бойынша сұрақтарды дайындайды.

Сарапшы өз тобының ұсынылатын позициясы бойынша пайымды пікір әзірлеп, өзге топтардың ұсынатын позицияларымен салыстырады.

Әрбір топ берілген уақыт ішінде шығармашылық тапсырманы талқылайды. Бұл кезеңнің міндеті – шығармашылық жұмыс бойынша топтық ұстанымды қалыптастыру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру шарттары

Тапсырманы топпен орындау, топаралық дискуссия, нәтижелерді қорғау, сарапшылар жұмысы.

Спикер, оппонент немесе сарапшы болуына қарай әрбір топтың ұсынатын пікірлері тыңдалады.

Әрбір пікірден соң оппоненттер сұрақ қойып, сол позициядағы авторлардың жауаптары тыңдалады.

Соңында шығармашылық жұмыс бойынша ортақ ұстанымды білдіретін жалпы пікір қалыптасады.

III КЕЗЕҢ (10 минут)

Сабақты қорытындылау, нәтижелерді талдау, рефлексия, бағалау және өзін-өзі бағалау, ұсынымдар.

Сарапшылар ұсынылған жобалар бойынша пайымды пікірлерін білдіреді, оқушылар өз пікірлерін айтады.

Мұғалім шығармашылық тапсырманы орындау бойынша, проблеманы шешу жолдарының тиімділігі бойынша топтарға қатысты пайымды пікірін білдіреді.

Сабақ соңында педагог сабақтың жалпы қорытындысын шығарады. 

Білім алушылар үздік әлеуметтік жобаны таңдайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Қамқорлық сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?

  2. Елбасының «Қамқорлық» жобасының мақсаты қандай?

  3. Тұңғыш Елбасы қорының басқа да қандай жобалары туралы білесіз?

  4. Толеранттылық дегеніміз не?

«Әртүрлі мәдениет пен тіл өкілдері болғанымызбен,

бәріміз бір Қазақстанның балаларымыз»

Н. Назарбаев
5 - кейс

«Н. Назарбаев. Қазақстан халқы Ассамблеясы»
Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін жан-жақты дамыту;

- Елбасы Н. Назарбаевтың бірлік, келісім және толеранттылық идеяларына білім алушыларды тәрбиелеу;

- рухани бірлік идеяларын қалыптастыру мен тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау;

- білім алушыларды бір-біріне толеранттылық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Өткізу формасы: Шығармашылық тапсырма

Сабақ өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: елорда, Бейбітшілік және келісім сарайы туралы бейнеролик, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбына презентация, фондық музыка, «1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған» деген мәтіні бар плакат, Бейбітшілік және келісім сарайының суреті, таза ақ парақтар.



САБАҚ БАРЫСЫ

I КЕЗЕҢ (5 минут)

Сабақтың басында педагог елорда, Бейбітшілік және келісім сарайы туралы бейнеролик көруді ұсынады (https://www.youtube.com/watch?v=OH7R5cYXGEQ).



II КЕЗЕҢ (20 минут)

Педагог түсіндірулер мен түсініктемелермен бірге «Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбы туралы презентацияны көрсетеді. Презентация барысында педагог жеке және жұптық жұмыстарға қатысты келесідей сұрақтар қояды:



  1. Бейбітшілік және келісім сарайы туралы не білесіз?

  2. Неге бұлай аталды?

  3. Бұл ғимараттың қызметі қандай?

  4. Ассамблея туралы не білесіз?

  5. Ол не үшін құрылды?

  6. Ассамблея қандай құндылықтарды жариялайды?

  7. Өзіңіз атап өткен құндылықтар туралы түсіндіріңіз.

  8. «Толеранттылық» деген ұғымды қалай түсінесіз?

Мұғалімге арналған ақпарат:

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 18 әртүрлі конфессиялардың, 130 ұлттың бір жерде өмір сүруінің негізі ретінде толеранттылық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды қағидаларының бірі.

1995 жылғы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында 185 мүше-мемлекеттің толеранттылық принциптері декларациясында анықталғандай, толеранттылық «біздің әлеміміздің мәдениеттерінің алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формалары мен адами тұлғаны тану тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну» дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта көптеген елдердегі азаматтық қоғамдар толеранттылықты планетадағы бейбіт өмірдің негізгі принципі ретінде таңдайды. Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».

Тұжырымдаманың маңыздылығы 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және басқа заңнамалық актілерде баяндалғандығымен ғана емес, сонымен бірге оның қазақ халқының даналығына негізделуімен қатар еліміз үшін толеранттылық қағидатының мәнділігімен де ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы кеңестік дәуірдегі тоталитаризмнің қысымымен болған көптеген этникалық топтарды мәжбүрлеп қоныс аудару және репрессиялау туралы драмалық оқиғаларды бүкіл әлем біледі. Қазақстандық отбасылар панасыз қалған адамдарды шын жүректен қабылдады. Көптеген ингуштар, шешендер, немістер, поляктар және басқа да көптеген халықтар бар иммигранттар Қазақстанда тек баспана ғана тапқан жоқ, олардың ұрпақтары осы күнге дейін қазақ жерінде бейбіт өмір сүруде.

Мемлекет этникалық тілдер мен мәдениеттердің дамуын қолдайды.

88 мектепте оқыту өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі.

Ал 108 мектепте 22 қазақстандық этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады.

Елде 15 тілде 35 баспа басылым шығарылады.

Телеарналар эфиріне 11 тілде хабарлар шығады.

Елімізде 14 орыс, өзбек, сондай-ақ ТМД елдері бойынша бізде ғана ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.

«Әртүрлілік бірлігі» қағидаты қазіргі тәуелсіз Қазақстанның келбетін барлық 130 этникалық топтар қалыптастырады, олардың өкілдері өздерін қазақстандықтар деп санайды.

Біздің елімізде шамамен 820 этномәдени бірлестік бар, бұл ширек ғасырға қарағанда 20 есе көп.

Барлығының табысқа жетуі үшін үлкен мүмкіндіктері бар.

Астанамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайы, облыс орталықтарындағы Достық үйі олардың игіліктері үшін жасалған.

Білімге, жаңа идеяларға ашықтық, ұлттық кодты сақтау және Қазақстанның эволюциялық даму жолы – жалпыұлттық тарихи сана мен жалпы құндылықтардың берік негізін құрайтын қайнар көздері.

Бұл Ассамблеяның жауапты міндеті болып табылады.

Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етеді, ұлттық мәдениеттерді, Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлерін қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға көмектеседі. Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты, сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік ерекше атмосфера орнады, бұл кезде әрбір азамат этникалық немесе діни шығу тегіне қарамастан, Конституциямен кепілдендірілген азаматтық құқықтар мен бостандықтардың барлығына ие болады.

Талқылаудан кейін педагог білім алушыларды өздері таңдаған тақырып бойынша қысқаша эссе жазуды ұсынады:



  1. Толеранттылық дегеніміз не?

  2. Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылығы неде?

  3. Достық пен келісім – бұл ...

III кезең (15 минут)

Білім алушылар өз қалаулары бойынша эссе оқиды, ал басқа білім алушылар түсініктеме беріп, өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ соңында педагог сабақтың жалпы қорытындысын шығарады, рефлексия жүргізеді.
«Астана тарихы - Тәуелсіз Қазақстан тарихы»

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
6- кейс
«Евразия жүрегіндегі қала»
Мақсаты мен міндеті:

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың астананың қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсету;

- патриотизмге, Отан алдындағы жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу;

- сын тұрғысынан ойлауды дамыту.



Өткізу формасы: сынып сағаты

Сабақты өткізуге қажетті жабдықтар мен материалдар: бейнебаян, презентация материалы, фондық музыка, таза парақтар мен маркерлер.

Бұл кейстің қосымшасында Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары туралы слайд-шоу жасауға арналған материалдар берілген.
Н.Ә.Назарбаев кітаптарының виртуалды көрмесі (слайд-шоу).

Астана фотосуреттерінен галерея (слайд-шоу).


САБАҚ БАРЫСЫ

I КЕЗЕҢ (5-7 минут)
Астананы көшіру идеясы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Біздің Отанымыздың астанасы – қазір әлемдегі ең көрікті, әрі әдемі

қалалардың бірі. Астанаға келген қонақтар оның көркіне таңдай қағыц, таңырқай қарайды. Бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген өлшеусіз еңбегі жатыр. Мұндай астана ешқашан болмаған.

Нұрсұлтан Әбішұлы ел егемендігін алғаннан кейін Қазақстанның өзіндік рәмізі болуы керектігін бірден түсінді. 1997 жылы егемен Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімнің қабылдануына қаланың геосаяси тұрғыдан елдің орталығында, аса ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуы, қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның, елорданы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы себеп болды.

1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың аты Астана болып өзгертілді.1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстанның астанасына медаль тапсырылды және «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағына ие болды.

Бүгінгі таңда Отанымыздың астанасы - еуразиялық кеңістіктің орталығы, мұнда қазіргі заманғы саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі басқосулар өткізіледі.

«Астана көрінісі» слайд-шоу.

Тақтада Н.Ә. Назарбаев портреті, астана көріністері..
Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді?

2. Елорданы Ақмолаға көшіру кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

3. Бұл мәселелер қалай шешілді?

4. Сіз астанаға бардыңыз ба? Қандай әсер алдыңыз?

5. Астананы 15-20 жылдан кейін қалай елестетесіз?


Таңдау бойынша бейнероликтер:

  1. «Целиноград.Акмола. Астана. Путешествуя во времени» (2:26)

(https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=hGceAfagm18)

  1. «Акмолинск-Целиноград-Акмола-Астана-Нур-Султан» (10:05)

(https://www.youtube.com/watch?v=E5GKGx-zDXM)

  1. «Астана - город будущего» (2:16) (https://www.youtube.com/watch?v=3BubmuFYQ5k )

4. «С высоты птичьего полета: как Астана преобразилась» (0:44)

(https://ru.sputniknews.kz/video/20180613/6011690/astana-preobrazheniye-syemka.html)

5. «Астана - потрясающий город» (4:19)

(https://www.youtube.com/watch?v=TCHZsV3o9uw)


Міне, біз бірге отырып «Нұр-Сұлтан көрінісі» презентациясын тамашаладық. Астананың көрікті жерлерін көрдік. Астана - Отанымыздың жүрегі. Отан деген екі ұғым бар: кіші Отаны және үлкен Отан. Үлкен Отан – Сендер өмір сүретін мемлекет. Кіші Отан - сенің туып-өскен үйің, көшең және ауылың.
II КЕЗЕҢ (20 минут)
Білім алушылар 3 топқа бөлінеді. Алдымен оқушыларға әртүрлі пішіндегі немесе түстердегі қағаз кескіндері беріледі.

Мысалы, №1 топ жасыл түспен / үшбұрыш формасы бойынша; № 2 топ қызыл түспен / квадрат формасы бойынша; №3 топ көк түспен / шеңбер формасы бойынша қалыптасады.


Мұғалім әр топтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді.

Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылайды және орындайды, және осы жоба бойынша презентация дайындайды.

№1 топ «Зерттеушілер». Олар «Менің елімнің тарихы» жобасын әзірлейді және таныстырады.

№2 топ «Аналитиктер». Олар кішкентай Отанымыздың проблемаларын, өзекті мәселелерін тауып, оларды шешудің жолдарын ұсынады.



№ 3 топ «Стратегтер». Олар кіші Отаның даму стратегиясын ұсынады және болжам жасайды.
III КЕЗЕҢ «Қорытында» (10 минут)
Жобалар презентациясы (әр топ өз жобасын ұсынады).
Сабақ соңында мұғалім жұмыстың жалпы нәтижелерін қорытындылайды.
ҚОСЫМША
Н.Ә.Назарбаев кітаптары бойынша виртуалды көрмеге арналған материалдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет