Білім беру жүйесі қоғам дамыған сайын өзгеріп, дамып отырады



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі73 Kb.
#186188
  1   2
Байланысты:
Рефлексивтік есеп.


Абдираманова Казипа Тулегеновна Мұғалім портфолиосы А есеп
1-деңгей Тараз қаласы 2 топ



Мектеп тәжірибесін өзгерту қажеттігі негізделген рефлексивтік есеп
Білім беру жүйесі қоғам дамыған сайын өзгеріп, дамып отырады. Бұл өзгерістер қай ел болмасын экономикалық ерекшеліктеріне қарай өзгеріп, барынша жетілдіріліп, күрделенеді. Сондықтан білім беру ісін реформалау әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл реформалау ісіне қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен бірге үкімет те, парламент те, әрқашан араласып отырады. Ал реформаға келетін болсақ төмендегідей қайта құруларды қарастырады, яғни білім беру ісін басқару, қайтар құру, оқу орындарының мазмұндарын қарастыру, оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын модернизациялау; тиімділік жақтарын ықпалдастыру; іздену, салыстыру, зерттеу. Жаһанданудың жаңа серпінді уақыты білім беру жүйесінің әдістерін, жүйесін қайта құрып қана қоймай; пайдалы жақтарын қолдануды көздейді. Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер, әсіресе дамыған елдер көрсеткендей прогресс тек білімді адамдардың білімі мен потенциалына сүйенеді.
Жаһандану кезінде интеллектуалды көшбасшылық жеке адамдардың қабілетіне, дарынына, талабына байланысты.
Барлық әлем елдерінің жасайтын реформаларын біріктіретін бірден-бір әдістер- озық технологиялар, басқарушылардың кәсібилігі жоғары мәдениеттілігі, бір сөзбен айтқанда адами факторлар.
Осындай жеке бас факторларымен ерекшеленетін мемлекеттер АҚШ, Жапония, Британия, Франция мемлекеттері әлемдік көшбасшылар қатарына жатады. Сондықтан қазіргі жаһандану үдерісінде қай мемлекет болсын негізгі адами факторды алға қойып, адамның адами қасиеттеріне көңіл бөледі. Ол мынандай қасиеттер: Білім, мақсаткерлік, көшбасшылық [1]. Әлемді біріктіретін бір бағытта дамытатын осы үш негізгі қасиет заманауи қоғамның көрсеткіші болып есептеледі.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып, қалыптастыруды талап етеді.
Шығыс елдеріне көз жүгіртіп ,төмендегідей ақпараттарды келтіріп отырмын.
Сингапур білім беру жүйесін негізінен төрт кезеңге бөлуге болады :
1- кезең 1960 жылдардың соңы; оқу орындарын көбейтуге мақсат қойылған.
2- кезең 1960-1970 жылдар аралығы ; осы оқу орындарындағы білім сапасын көтеру.
3-кезең 1970-1980- жылдар аралығы білім жүйесіндегі жетіспеушілік пен мәселелерді жою кезеңдері .
4-кезең 1980 жылдың ортасынан бастап – бүгінгі күнге дейінгі – мектеп басқарудағы басқаруды түбегейлі өзгерту немесе дамыту, қазіргі заманға лайықтап өзгерту.
Ал қазіргі мақсаттары – жеке оқушының қабілетін , білімін жоғарғы деңгейге көтеру , сауаттылығын , есептей алу қабілеттерін арттыру және оқушыларға бірдей мүмкіндік беру , төмендегідей ұстанымдарға негізделген :
а) әлеуметтік және экономикалық , білім жүйесінде осыны ( бірдей) синхронды дамыту ,
б) өмір бойғы өмірлерінде қолдана алатындай білім , балалардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында математика және жаратылыстану, гуманитарлық , сонымен қоса тілдерді үйрету ұстаным яғни шығармашылық ,жеке оқушының бойындағы бағыттарды ерекшелеу.
Ал Сингапурдағы теориялық функционолдық ұстанымдар мыналар:
Бірінші адам капиталының теориясы; Екінші - реформаторлық теория ;Үшінші- құрылымдық теория.
Енді осы теорияларға талдау жасасақ адам капиталының теориясы – білім беруде инвестициялауды (пайда беретін капитал) негізге алады. Былайша айтқанда білімнен бөлек адамға жұмыс істеуге қабілет қажет екенін дәлелдейді. Бір ауыз сөзбен айтсақ жұмыс істеу қабілетімен қоса – адамға табандылық, шыдамдылық қажет дейді және білім бергенде экономиканы дамытуға қажетті мамандар даярлауды негіздейді. Реформаторлық немесе дамытушылық ұстаным бойынша білім, үйлестіруші функцияның рөлін атқарады,яғни жұмыс дағдысымен қоса , өзін-өзі реттеу, ұстау сияқты жеке басқа қатысты әдеттерді қалыптастырады. Бала санының көптігі әрбір оқушыға оң әсер беріледі деп қарастырады. Және мектептен тыс әсер етуші бірден-бір фактор –отбасы, яғни отбасының әлеуметтік жағдайы нашар болса,баланың сабақта зейіні төмен. Ал құрылымдық принцип бойынша білім жүесі әлеуметтік- саяси дербес емес керісінше әлеуметтік – экономикалық құрылымның негізгі функцияларының бірі болып есептеледі . Сонда мектеп, адамды қоғамдағы орны мен рөлін білу үшін құрал ретінде қарастырылады. Мектеп оқушының моделін болашақта жұмыс істей алатындай дағды қабілетін ашып , дамыту қажет деп есептейді . Қазіргі жаhандану әлемінде , яғни технологияның күннен- күнге қарыштап, өсіп-даму кезеңінде, Сингапурдағы білім жүйесі оқушының алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударады. Қысқаша оқушының құзырлылығын арттыруды мақсат етеді.Сонымен Сингапурдағы білім жүйесі :
1.Жеке тұлғаны дамытуға
2.Өндірісте жұмыс жасауға дайындау
3.Мәдени және әлеуметтік ұстанымдарды сіңдіру
4.Сауаттылық және есептей ала білу дағдыларын арттыру
5.Этникалық интеграция мен ұлттық құрылысты ерешелеу
6.Әлеуметтік тұрақтылық
7.Барлығына бірдей тең дәрежеде құзырлылық.
Сонда осы елдің ең тиімді тұсы мен үшін жеке мұғалім мен оқушы үшін бағытталған ,астасып жатқан мақсат пен міндеттер .Осындай бағыттар арқасында бұл ел үлкен жетістікке жетіп отыр.
Ал Малайзия білім беру жүйесі Еducare компаниясы әзірлеген бес модульден тұрады .

  1. 21- ғасырдағы білімді дамыту

  2. Оқушылырдың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

  3. Мәселелік оқыту

  4. Топтағы бірлескен оқу

  5. Мұғалімдерден тұратын жаңашыл педагогикалық ұжымды қалыптастыру.

Осы екі мемлекет те бар оқудағы дамыту үдерістерін тек оқушы мен мұғалімге
бағыттайды.

Ал енді күншығыс елі Жапония жалпы білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі – өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Жапония білім беру жүйесі – әлемде алдыңғы қатарлылардың бірі. Бүгінгі жапон мектебі, бірінші кезекте, жапондықтардың ұлттық рухын дәріптейді, өз тәрбиеленушілерінде адамгершіліктің тиісті нормаларын қалыптастырады, олардың бойына ұлттық мінез-құлықтың негізгі белгілерін сіңіріп, дамытады. Осы мақсатты іске асыру үшін Жапония мектептерінің оқу жоспарында әртүрлі гуманитарлық пәндерді оқытуға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл пәндердің кейбіреулері біздің мектептерде тіпті оқытылмайды, не өте аз оқытылады.


Мұғалімдерді кәсіби даярлау жапон жүйесі өзгеруде, өйткені біз білімге негізделген қоғамда тұрамыз. Мұғалімнің рөлі "әңгімешіден" оқушылардың қажеттілігінің қолдайтын фасилитаторға (жылдам) ауысады. Сонымен, мұғалімдерді даярлау реформасы тікелей сабақ және мектеп реформасымен байланысты. Фукуи университеті мұғалімдер үшін жаңа аспирантураны ашты, ол мұғалім рефлексиялық тәжірибешіл деген идеяға негізделген. Негізгі оқу жоспары – «мектептер базасында тәжірибені бірлесіп зерттеу». Тәжірибелі мұғалімдер де, жас мамандар да, кәсіптік даму мектебінде тәлімгер мен жас маман ретінде қалды. Университет мектептегі тәжірибешілердің қоғамдастық дамуын көтермелейді. Бұл жерде профессорлық-оқытушылар құрамы «сабақты зерттеу», мұғалімдер білім алуындағы дәстүрлі әдіс арқылы қатысады да, «қалай сабақ беру» дегеннен «оқушылар қалай сабақ оқиды» дегенге өзгертуде, яғни басымдылық Зерттеу сабақтарына ауыстырылған –қазіргі уақытта ол Lеsson study caбақтары.
Тәжірибе және рефлексия кезеңі әңгіме, тыңдалым, оқылым және жазылымнан құрылады. Мұғалімдер тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісу арқылы өз үлестерін қосады.
«Мұғалімдер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін сабақты зерделеу моделін қолданады.Білім,білік дағдысын дамытатын зерттеу ,тексеру моделі»
Сонымен қатар бұл елде білімді өзара ықпалдастыру арқылы, өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға негізделген.Және бір ерекшелігі негізгі пәндерге қоса өзін –өзі сынау сабағы арнайы өтіледі.[6]
Ал финляндия елі туралы жазсам .Бұл мемлекет білімді қолдау және жақсартуы үшін, ұлттық профилдік пәндерді енгізіп, мектеп көшбасшылығына аса көп мән береді.
Финляндияның білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері:
1.Финляндиядағы мектеп директорлары және қөшбасшылық тренингтері
2. Кәсіби білім одақтарының ерекшеліктері
3. Мектептегі бірлескен көшбасшылық
4. Финляндияда (Эспоо қаласында) кәсіби білім одақтарының моделін енгізу .
Осындай оқыту ерекшеліктері жоғарыда жазылған елдердің бүкіләлемдік сапа көрсеткішіне ие болып отырғанын PISA мен TIMSS зерттеулерінен көруге болады.Бұл осы білім саласында жетістіктердің көрсеткішін бағалайтын халықаралық бағалаулар немесе табельге жатады.[2]
Білім беру дәрежесі туралы дүниежүзілік табель халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелері бойынша құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет