Сабақ жоспары Мектеп Жаңаөзен қаласы «23 жалпы білім беретін мектеп» ҚММ



бет1/2
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#161161
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Есиркенов Токсанбай Жай және құрама сан
4-сынып-кмж 1, 7505153014430 RUS, АЛГОРИТМ, сож глав (копия) (копия), P6.01 - kk - 10100598725656, 10 сын 1 тоқс Динамика БЖБ2, 161701, Қысқа мерзімді Жалған дүние романы, Қожа Ахмет Ясауи, бжб 5 1т, 5 сынып 1 токсан, Заттың тығыздығы, Серік Нұргүл, 2 5429562600356593432

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп

Жаңаөзен қаласы «23 жалпы білім беретін мектеп» ҚММ

Пәні

Математика

Бөлім

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты

Есиркенов Токсанбай Джумамурадович

Күні




Сынып 5 «Ж»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрама сандар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу

Сабақтың мақсаты

Жай санның анықтамасын білу;
Құрама санның анықтамасын білу.

Бағалау критерийі

Жай санның анықтамасын біледі;
Құрама санның анықтамасын біледі.

ЕБҚ бар оқушыға педагогикалық қолдау көрсету

Оқудағы қиындықтың түрі: психомоторлық қиындықтар (диспраксия)

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі (уақыт)

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (кіріспе)

5 минут


Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу, тугендеу
ә) ЕБҚ бар оқушыны мұғалімге жақын орынға орналастыру;
б) сынып бөлмесін сабаққа дайындау
Үй тапсырмасын тексеру:
1;2;8;9;13;29;49;65 натурал сандарың бөлгіштерінің санын анықтаңдар.

Натурал сан

Бөлгіш саны

Бөлгіштері

1

1

«1»

2

2

«1;2»

8

4

«1;2;4;8»

9

3

«1;3;9»

13

2

«1;13»

29

2

«1;29»

49

3

«1;7;49»

65

4

«1;5;13;65»

«Кластер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру және бүгінгі күннің тақырыбын ашу.
Жай және құрама сандар

ЕБҚ бар оқушыға арналған тапсырма: 2 мен 6 санның арасындағы сандар қай сандарға қалдықсыз бөлінеді және әр бір санның бөлгіштері қанша?





Оқушылар мұғаліммен амандасады.
ЕБҚ бар оқушы алдыңғы партаға отырады.

Оқушылар үй жұмысына берілген тапсырмадағы натурал сандардың бөлгіштерін анықтап, әр бір натурал санның қанша бөлгіші бар екенін жазады.


Санама таяқшаларындан 6 санын алып, екі-екіден, үш-үштен алып болатынын анықтайды.



Оқушылар «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы» т.б. сөздермен мадақталады.

Интербел сенді тақта

2 минут


Сыныпты топқа бөлу.
1. Оқушыларды таратпа қағаздағы сандар арқылы 4 топқа бөлу, 3, 5, 7, 11 сандарының еселіктері арқылы кездейсоқ 4 топ құрылады:
І топ: 5 санының еселіктері: 5, 10, 15, 20, 25.
ІІ топ: 3 санының еселіктері: 3, 6, 9, 12, 24 .
ІІІ топ: 7 санының еселіктері: 7, 14, 21, 28, 42.
IV топ: 11 санының еселіктері: 11, 22, 44, 88, 121.

Оқушылар таратпа қағаздарын алып қай санның еселігі екенін біліп, топтарға бөлінеді.

Топқа бөліну кезінде ЕБҚ бар оқушыға жанында отырған жұбы қолдау көрсетуге ынталандырылады.

Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар



Сабақтың (негізгі бөлім)
10 минут

Жаңа сабақ мазмұнын ашу
Жай және құрама сандардың анықтамасын түсіндіру
1-ге және өзіне ғана бөлінетін немесе 2 бөлгіші бар натурал сандарды жай сандар,
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.
Айырмасы 2-ге тең болған екі жай санға егіз сандар деп атайды. 3 бен 5; 5 пен 7; 11 мен 13; 17 мен19; т.б сандар егіз сандар.
Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең болған құрама санға кемел сан деп атайды.
6 бөлгіштері 1;2;3;6; 6=1+2+3; 28 бөлгіштері 1;2;4;7;14;28; 28=1+2+4+7+14 кемел сандар
Ежелгі грек математигі Эротосфен жай сандар кестесін құрастырады. Ол натурал сандарды жазып, барлығы 1-ге бөлінетін болғандықтан 1дің өзін сызады. Одан кейін 2 болғандықтан 2-ге бөлінетін сандарды сызады. Одан кейін сызылмай қалған 3-ге бөлінетін сандарды сызады.Одан кейін 5-ге,7-ге,11-ге,13-ге т.б сызылмай қалған сандарға бөлінетін сандарды сызады. Нәтижеде қалған сандар жай сандар болады. Бұл әдісті «Эротосфен елегі» деп аталады. Осы әдіспен сызылмай қалған натурал сандар жай сандар кестесін құрайды.


Оқушылар математика тарихынан «Эротосфен елегі» туралы ақпарат тыңдау арқылы жай сандардың келіп шығуын біледі.

Жай сандар, егіз сандар, құрама сандар және кемел сандар анықтамаларын, оларға тиісті мысалдар келтірген балалар жақсы сөздермен мадақталады

Интербел сенді тақта
Жай сандар кестесі



10 минут

Топтық жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі.
Әр топқа кесте сызылған тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет