Білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу



бет1/7
Дата12.12.2023
өлшемі43,27 Kb.
#196526
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИББ лекция тезис (3)
СРСП 1 курстарға әдебиет 2023ж 02 мамыр

Дәріс 1. Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері

  1. Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері. Инклюзивті білім берудің маңызы. "Инклюзивті білім беру"курсының мақсаты мен міндеттері, пәні, объектісі. Инклюзивтілік жалпы білім беруді дамыту, трансформациялау принципі ретінде.

  2. Инклюзивті білім берудің идеологиясы. Инклюзивті білім берудің құндылықтары: мәдениті мен саясаты, тіл, этикет, толерантты терминология

3. Мүмкіншілігішектеулі тұлғаларға қоғамдық қарым-қатынастың модельдері
4. "Білім сапасы"түсінігі. Барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігі, білім берудің икемділігі, жеке мүмкіндіктерді есепке алу
1. Әр бір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негізқалаушы фактор болып білім алу құқығы. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетіміз де бір де бір баладамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген.
Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар
1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның Бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жас өспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбекпен оңалту Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ. осы заң "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Заң нормалары арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын реттейді. ... Сондай-ақзаңда психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация бағдарламаларын іске асыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына қосу үшін әмбебап көзқарас қарастырылған.
Инклюзивті білім беру идеяларын әркім үшін ешқандай кемсітусіз жоғары сапаны қамтамасыз ететін білім беру ретінде алға жылжыту.
Міндеттері:
- әркімнің сапалы білім алу құқығын қолдау жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
- төзімділік қарым-қатынас мәдениетін, білім алушылардың білім алудағы мүмкіндіктерінің әртүрлілігіне шыдамдылық көзқарасын дамыту;
- балалармен жұмыс істеуде әртүрлілікті енгізу педагогтар үшін кедергі немесе проблема емес, керісінше олар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер ашатынын түсінулеріне көмектесу;
- білім беру ұйымдарының әкімшілігіне инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасының, саясаты мен әдіснамасының мәселелері бойынша кеңес беру;
- педагогтарға оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын инклюзивті білім беру практикасының жеке мәселелері бойынша кеңес беру;
- педагогикалық қоғамдастықты педагогикалық ғылымның ең жаңа жетістіктерімен таныстыру.
Жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеяларын жүзеге асыру үшін орта білім берудің мазмұнын жаңарту жақсы негіз болып табылады, мұнда мұғалімнің кәсіби санасының елеулі өзгерістері, өз қызметінің мақсаттары мен құндылықтарын қайта қарауы, өзін-өзі үнемі жетілдіруі, рефлексияға дайындығы күтіледі. Мұғалім өз тәжірибесінде цифрлық білім беру ресурстары мен командалық ынтымақтастық стратегиясымен бірге, оқыту және бағалаудың жаңа технологиялары мен тәсілдерін пайдалануы тиіс. Қазіргі уақытта оқытудың формалары мен әдістерінің кең спектрін қолданатын мұғалім сұранысқа ие, өйткені білім алушылардың әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар екендігі мойындалды.
Мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың нақ осындай тәсілі және ең бастысы, мұғалімнің жаңа ұстанымы инклюзивті білім беру принципінің идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оның жоғары сапасын және кемсітушіліктің болмауын.
2.Инклюзивті мәдениетті құру мектеп қоғамдастығын құруды және инклюзивті құндылықтарды қабылдауды білдіреді. Мәдениет инклюзивті білім беруді дамытуға байланысты мектептегі қажетті өзгерістердің негізі болып табылады.
Білім беру ұйымында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру білім беру процесінің барлық қатысушыларының дамуына ықпал ететін қауіпсіз қоғамдастық құруға бағытталған, онда әрқайсысының құндылығы ортақ жетістіктердің негізі болып табылады.
Принциптер мен құндылықтар білім беру ұйымының бүкіл саясатына қатысты шешімдерге де, күн сайын болып жатқан оқыту практикасына да әсер етеді. Білім беру ұйымын дамыту тұрақты және үздіксіз процесс болуы керек деп күтіледі. Инклюзивті саясатты дайындау «барлығына арналған мектептің» дамуын және білім алушылардың түрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің қолдауын ұйымдастыруды көздейді. Бұл жұмыста семинарлар көмектеседі, онда орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі педагогикалық тәсілдердің мүмкіндіктерін, оның ішінде ЕБҚ бар мектеп оқушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру және қолдау мәселелерін талқылау қажет.
Оқытуда қиындығы бар оқушылар қандай көмекке (қолдауға) мұқтаж екенін және оқушыларға педагогтың, қолдау мамандарының өз құзыреттіліктері мен Қазақстандағы қолданыстағы нормативтік база шеңберлерінде қандай көмек көрсете алатынын егжей-тегжейлі айтулары қажет. Қолдау деп түрлі мүмкіндіктері бар балалардың прогрессивті дамуын және сәтті оқуын қамтамасыз етуге бағытталған кез-келген әрекеттер есептеледі. Мысалы, арнайы мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент), еріктілердің балаларды қолдауы, шағын топтарда (арнайы сыныптарда) оқыту, оқу бағдарламаларын бейімдеу, жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту, нұсқалық оқулықтарды, арнайы құрылғыларды, техникалық құралдарды, АКТ және т. б. пайдалану
Мұғалімдер инклюзивті білім беру принциптерімен үндес келетін, орта білім беруді жаңартудың құндылықтары мен мақсаттарына сәйкес өз тәжірибелерін дамытады:
- сынып оқушыларының әртүрлі мүмкіндіктеріне бағдарланған заманауи педагогикалық тәсілдерді (сараланған және жеке тәсіл, диалогтік оқыту, топтық жұмыс және т. б.), арнайы (балама) оқыту әдістерін және ЕБҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың оңтайлы тәсілдерін қолданады;
- басқа мұғалімдермен және мамандармен жұмыс істей отырып, корпоративтік тәсілді қолданады;
- білім беру процесін дараландырудың негізі ретінде оқытудағы бағалау тәсілдерін меңгереді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында өз құзыреттілігін дамытады және т. б.
Инклюзивті практиканы дамыту педагогтар тарапынан оқыту процесін басқаруды (оқытудың ғылыми негізделген технологиялары мен тәсілдерін пайдалану) және ресурстарды жұмылдыруды қамтиды. Мұғалімдерге, әр оқушының қабілеттері мен таланттарын барынша аша отырып, әрқайсысын білім беру процесіне және сабақтан тыс ісәрекетке қосудың түрлі тәсілдерін қолдануларына көмектесу қажет. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту процестерін мақсатты басқару үшін формативтік бағалауды міндетті және дұрыс пайдалану қажеттілігін атап өткен жөн. Әдетте, мұндай мектеп оқушыларының оқуда қиындықтары болады.
Инклюзивті білім берудің негізінде 8 маңызды принциптер жатыр:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері және жетістіктерімен анықталмайды.
2. Әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа, басқалардың оны естуіне құқылы.
4. Адамдар бір-біріне қажет.
5. Білім алу тек нақты өзара байланыстарда ғана іске асырылады.
6. Барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы керек.
7. Барлық білім алушылардың жетістікке жетуі олардың не істей алмайтынымен емес, не істей алатынымен анықталады.
8. Түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қосып алуға дайындығында. Яғни, барлық педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Оның сапасы ЕББҚ балалардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді. Инклюзивті білім беруде ЕББҚ бала білімдерді жалпыға білім беру стандартында қалыпты балаларға қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт психофизикалық даму деңгейі бойынша жасына сай немесе оған жақын балаларға ғана қатысты қолданылады. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.
Инклюзивті бағыт ЮНЕСКО бойынша келесідей мағынаға ие:
- мектеп жасындағы барлық балалар толыққанды білім беру процесіне белсенді қатысады;
- сапалы мектептік білім алуда барлық балалардың мүмкіндіктері тең;
- барлық балалардың ерекшеліктеріне қарамастан, бірге оқуға мүмкіндіктері бар;
- барлық балалар бірге өмір сүруге үйренулері керек;
- инклюзивті бағыт инклюзивті қоғамның дамуы мен оның жетілуінің негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет