Білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу


Дәріс 2-3. Инклюзивті білім берудің даму тарихы



бет3/7
Дата12.12.2023
өлшемі43,27 Kb.
#196526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИББ лекция тезис (3)
СРСП 1 курстарға әдебиет 2023ж 02 мамыр
Дәріс 2-3. Инклюзивті білім берудің даму тарихы



  1. Жалпыға білім беру процесіне ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қосудағы шетелдік тәжірибе




ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында өркениетті елдерінде қалыптасқан қоғамның жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсінігі бойынша және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуындағы оқшалау шетте қалтыру ға қарсы қоғамға қосу, құқықтарының теңдігі жарияланған. Тарихта ең бірініші рет дамуындағы ауытқушылықтарға қарамастан, кемтар тұлғалардың тең құқылы екендігін қоғам көзқарастарында толығымен қалыптасты. Сол жылдары дамуында ауытқуы бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бір қатар БҰҰ бекіткен ақыл-ой кемтар тұлғалардың құқықтары туралы, мүгедектердің құқықтары туралы декларациялар қабылданды
Шетелде (Скандинавия елдері, АҚШ, Батыс Еуропа, Азия) жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеясының даму тарихы.
90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламанкалық декларация” (1994).
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізу үшін негізгі, шешуші рол атқарған 1990 жылы Жомтьен қаласында (Тайланд) өткен әлемдік “Барлығына білім беру” атты конференциясы. Осы конференция барлық адамдар үшін дамуындағы кемістікке қарамастан білім алу жағдайды қамтамасыз етуді бекіткен.
2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз, сапалы, тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.
Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагоггтармен қызмет көрсететін қосымша мамандар сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар).
Шет елдерде интеграциялық, біріктіріп оқытуды енгізуге бағытталған жұмыстар қарқынды дамыған арнайы білім беру жүйесінің көмегімен іске асты және көптеген халықаралық ұйымдар арқылы сәтті нәтижеге қол жеткізе алды. Әр әл мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап, біріктіріп оқыту тәжірибесінің қалыптастыруда өз жолын шекті.
АҚШ – тағы дамуында ауытқуы бар балаларға арнайы қолдау көрсету тәжірибесі мен білім беру туралы басылымдарды салыстыру арқылы Европалық елдермен ортақ тенденциялары бар екенін байқауға болады
2. Инклюзивті білім беруді дамытуға кедергі келтіретін кедергілер. "Білім берудегі кедергілер"ұғымы. Білім берудегі ресурстық кедергілер. Инклюзивті білім беруді дамытуға кедергі келтіретін әлеуметтік, мәдени кедергілер.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр.
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады..
Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар. 2. Талаптар мен артықшылықтар Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж
Қазақстандық білім беру жүйесінде:
- әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;
- білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген; - жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз; - оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;
- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған; -
мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;
- балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда;
- балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз қолданылады;
- инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз ұйымдастырылған.
Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады: - көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған;
- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;
- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінезқұлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид құбылыстары азаймай отыр;
- түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі
Қазіргі уақытта бұл күрделі мәселелер Инклюзивті білім беру мен арнайы білім беру Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының зерттханасында және Ы.Алтынсарин атындағы ҰББ Академиясында қарастырылып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет