Білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу


Дәріс 5-6. Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және олардың пайда болу себептері



бет6/7
Дата12.12.2023
өлшемі43,27 Kb.
#196526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИББ лекция тезис (3)
СРСП 1 курстарға әдебиет 2023ж 02 мамыр
Дәріс 5-6. Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және олардың пайда болу себептері

  1. Ерекше білім беру қажеттіліктері туралы түсінік

  2. Ерекше білім беру қажеттіліктердің пайда болу себептері

Ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар тұлғалар (балалар) - келесі себептерден тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар):
Ерекше білім беру қажеттіліктері - бұл әр оқушының оқуы мен әлеуметтенуінің сәттілігін қамтамасыз ету мақсатында психологиялықпедагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу процесіндегі көмек пен қызметтерге деген қажеттілік.
Арнайы білім беру қажеттіліктерінің сипаттамасы:
оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының өзгеруі.
Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту (оқушының жетістіктері).
Оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін қолдану.
Оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, Жеке оқу материалдарын дайындау. Оқыту түрін таңдау. Кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу. Компенсаторлық және техникалық құралдарға қажеттілік. Арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (психолог, логопед, арнайы педагог (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог). Педагог-ассистенттің көмегі. Әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж болу.
2. Ерекше білім беру қажеттіліктердің пайда болу себептері
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының (бұдан әрі-ЭЫДҰ) елдері ұсынған "ерекше білім беру қажеттіліктері" ұғымының анықтамасы. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар топтары:
* Даму бұзылулары бар балалар (Disabilities). Сенсорлық, интеллектуалдық, қозғалыс дамуында ауытқулары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
* Оқу қиындықтары бар балалар (бір немесе одан да көп пәндер), мінез-құлық және эмоционалды проблемалар (айырмашылықтар); балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары.
* Ерекше білім беру қажеттіліктері қолайсыз өмір сүру жағдайларына байланысты пайда болатын балалар-әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени себептер (Disadvantages). Балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет