Білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ



бет5/6
Дата27.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#170301
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16.09 семинар
100 сұрақ Қ тарих талдау, 4 БЖБ, r ntcn

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ

  • Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады
  • Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды. Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау

Егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрай аласыз

  • Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі. Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді. Балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

  • - психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру; - білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау; - мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау; - мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; - мектеп қауымдастығын дайындау; - одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті дамыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет