Білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру



бет3/6
Дата27.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#170301
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16.09 семинар
100 сұрақ Қ тарих талдау, 4 БЖБ, r ntcn , инклюзив мақала, География. 10 кл. Елтану.БЖБ. 4 тоқсан

ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

  • Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
  • Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа- 12 лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы.
  • Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
  • 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар
  • 2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады
  • Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; 2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); 3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; 4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; 5) оқыту формасын таңдау; 6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу; 7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық; 8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың); 9) педагог-ассистентің көмегі; 10) әлеуметтік – педагогикалық көмек

Дегенімен, мектеп Кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылады

  • Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: - мектеп Кеңесінің шешімімен; - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" Заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бой- 14 ынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет