Білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру



бет2/6
Дата27.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#170301
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16.09 семинар
100 сұрақ Қ тарих талдау, 4 БЖБ, r ntcn

Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар БҰҰ-ның "Мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "Білім беру саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) конвенцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді

Ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі

  • Конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде (мектепке дейінгі, мектеп, жоғары оқу орындарында) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.Бұл ретте инклюзивті білім беру жеке алынған дүние емес екенін түсіну маңызды, инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады

Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады

  • оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;
  • - білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
  • - білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын
  • ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;
  • - білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
  • - мамандардың көмегі;
  • - жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқуәдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  • - ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару

Арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі арнайы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі

  • Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тапсырмаларды қолдануға міндетті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау мәселесі оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес арқылы шешіледі
  • Формативті бағалау кері байланысты және оқу материалдарын меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет