Білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру



бет1/6
Дата27.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#170301
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16.09 семинар
100 сұрақ Қ тарих талдау, 4 БЖБ, r ntcn

Білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру

Сейтжапарова Асия Сейтгалиевна

📍Тараз қ. «Intellectum Тараз» балалар орталығында психолог, инклюзивті балалармен жұмыс жасайтын нейропрактик, нейропсихолог. Воронеж қаласындағы NLP технологиялар орталығында: «НЛП-практика» оқыту бағдарламасы бойынша, Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа форматтағы тренер» оқу бағдарламасы бойынша, «Erickson College International: Certificate of Completion» (Германия) нейропсихология бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер

Семинар сұрақтары:

  • 1. Инклюзия дегеніміз не?
  • 2. Арнайы білім қажеттілігі бар балаларды қалай анықтаймыз?
  • 3. Жыл бойы ЕБҚ балаларымен жұмыс түрлері
  • 4. Жеке білім беру жоспары: түрі мен құрылымы
  • 5. Өзекті әдебиеттер мен ынталандыратын бейнелерге шолу.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

  • Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген
  • "Инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. Барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы

Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БіріккенҰлттарҰйымының халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті.

  • «Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі»
  • Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыруадам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. Сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет