Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі



бет8/19
Дата25.12.2016
өлшемі3,08 Mb.
#5019
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі


Академиялық сағат/кредит

Р/с№

Циклдердің, пәндердің, модульдер мен оқу жұмыстарының атауы

Оқыту мерзімі

жалпы орта білім негізінде

техникалық және кәсіптік білім негізінде*

1 жыл 6 ай

1 жыл 10 ай

2 жыл 6 ай

2 жыл 10 ай

10 ай

1 жыл 6 ай

1 жыл 10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жалпы білім беру пәндері, модульдер

-

-

-

-

-

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер, модульдер

+

-

+

+

+

+

-

4

Жалпы кәсіптік пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

5

Арнайы пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

6

Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер мен модульдер

+

+

+

+

+

+

+

7

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**

8

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру

бір топқа кемінде 12 сағат

9

Қорытынды аттестаттау






9.1

Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша аттестаттау






10

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

11

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды






Барлығы

2680/54

3312/66

4320/86

4960/100

1656/33

2680/54

3312/66

      Ескертпе:



      *оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;


      **оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау;


      *** орта буын мамандарын даярлау барысында оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен (модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;


      **** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.


      Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіптік стандарттар негізінде және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің      


2012 жылғы 23 тамыздағы


№ 1080 қаулысымен  


бекітілген      

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) білім алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.



      Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:



      1) жоғары арнаулы білім – нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл, теориялық оқудың кемінде 161 кредиті және кәсіби практиканың кемінде 6 кредиті міндетті түрде меңгерілетін, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің білім беру бағдарламасы;



      2) бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;



      3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;



      4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;



      5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;



      6) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;



      7) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;



      8) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;



      9) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін, іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;



      10) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;



      11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;



      12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;



      13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты;



      14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын оқу пәндері мен кредиттердің тиісті көлемдерінің тізбесі;



      15) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;



      16) біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;



      17) біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар.



      2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – жоғары оқу орны) жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломы бар мамандар) даярлауды:



      1) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;



      2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;



      3) академиялық күнтізбеге;



      4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;



      5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;



      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.



      ӘАОО бакалаврларды даярлауды:



      1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесіне;



      2) осы стандартқа;



      3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларына;



      4) пәндер бойынша үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларына;



      5) академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.



      3. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:



      1) жоғары білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды;



      2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.



      4. Стандарт талаптары:



      1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;



      2) білім беру бағдарламаларын;



      3) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын;



      4) студенттердің жеке оқу жоспарларын;



      5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.



      5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес азаматтар бейіні мамандықтар тобында мынадай түрде айқындалатын жоғары білім алады:



      1) «Білім» мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім;



      2) «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары гуманитарлық білім;



      3) «Құқық» мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі;



      4) «Өнер» мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі;



      5) «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша – жоғары әлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық білім;



      6) «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары жаратылыстану ғылыми білімі;



      7) «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары техникалық білімі;



      8) «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары ауылшаруашылық білімі;



      9) «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;



      10) «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша – әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары білім;



      11) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтар тобы бойынша – жоғары медициналық білім.



      6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың және жоғары арнаулы білімнің тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.



      7. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.



      Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:



      1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;



      2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;



      3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;



      4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;



      5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.



      8. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беру оқу бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан,жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруі тиіс мазмұн көлемі көрсетілген.



      9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредиттерімен өлшенеді.



      10. Осы стандарт білім алушыларды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде жоғары білімді ұсынуды көздейді.

2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

      11. Жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін және біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.



      ӘАОО-да жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін және/немесе біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.



      12. Жоғары оқу орны бітірушісінің негізгі құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.



      ӘАОО-да оқыту нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сәйкес бітіруші құзыретінің моделіне сәйкес келуі тиіс.



      13. Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қамтуы мүмкін. Базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.



      ӘАОО-да ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдері міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады.



      14. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.



      15. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектепті, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.



      Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.



      ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті кәсіби құзыреттерге (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін, нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептерді ескереді.



      16. ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың 21 кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.



      Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 9 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты жоғары оқу орындары өз бетінше мына пәндерді қосады: экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, мәдениеттану, өзін-өзі тану, психология.



      Бұл ретте жоғары оқу орындары аталған пәндер бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.



      Таңдау компонентіндегі пәндер білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, жалпы мәдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда әлеуметтенуді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет.



      ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен 20 %-дан аспайды немесе 27 кредитті құрайды. Олардың кемінде 18 кредиті міндетті компонент пәндеріне және жоғары оқу орны компонентіне кемінде 9 кредит тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі.



      17. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 49 кредит таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.



      Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің және білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.



      ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55%-нан аспайды және кемінде 70 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 50 кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.



      18. ӘАОО-ларды қоспағанда, БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.



      Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.



      19. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.



      ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 25%-ын немесе кемінде 32 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 27 кредит жоғары оқу орны компонентіне беріледі.



      20. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және таңдау компонентінен тұрады.



      Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит «Дене шынықтыру» пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады.



      Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша жоғары оқу орны өз бетінше анықтайды.



      ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компонент көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және кемінде 8 кредит көлеміндегі «дене шынықтыру» пәнін және кемінде 6 кредит кәсіби практиканы қамтиды. Жоғары оқу орны компонентіне әскери тағылымдама және/немесе басқа да қосымша оқыту түрлері енгізіледі. «Дене шынықтыру» пәнін ОЖЖ-дағы базалық пәндер цикліне енгізуге жол беріледі.



      21. Оқытудың қосымша түрлерінің міндетті компонентін меңгеру мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.



      22. «Өнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы стандарттың 79-тармағына сәйкес білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін меңгеруі болуы мүмкін.



      23. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.



      ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.



      24. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.



      25. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.



      Бұл ретте оқу пәндерінің 50 %-ын оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде, 20 %-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын тілінде оқыту көзделуде.



      Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды үш тілде жүзеге асырады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ және орыс тілдері. Бұл ретте әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО айқындайды.



      26. Дуальді оқыту элементтерін енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.



      Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс екені көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет