Білім және ғылым министрлігі



бет4/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#5042
1   2   3   4   5   6


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1 Х. Қожахметова “Мәнерлеп оқу”. Алматы, 1982

2 Т. Ақшолақов “Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту”. Алматы, 1975

3 М. Балақаев “Қазақ тілінің мәдениеті”. Алматы, 1971

4 С. Желдербаева “Мәнерлеп оқу”. Алматы, 1984

Қосымша әдебиеттер:

1.Л. Горбушина, А. Николанчева “Выразительное чтение”. Москва, “Просвещение”, 1978

2 С. Тілетова “Әдебиет сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру”. Алматы, 1978

3. И. Ұлықбаев “Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері”,1969

4. М. Дүйсенова “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері”. Алматы, 1969

5. М. Шаханов “Жаңа (ғасыр) қазақтар”. Алматы, 2000

6 Б. Адамбаев “Шешендік өнер”. Алматы, 1969

7. Ә. Байтанаев “Шын шеберлік”. Алматы, 1969



БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ




Тақырыптар

Апталар

реті


Ұпайлар

Бақылау

түрі


1

Тіл мәдениетінің мақсты ме қызметі

1 апта



Сұрақ – жауап


2

Тілдің анықтамасы және оның мәні,қызметі.

1 апта

2

СӨЖ

3

Адам өміріндегі тілдің рөлі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы.

2 апта



Сұрақ – жауап


4

Сөйлеу техникасы


2 апта

2

Реферат

5

Дауыс

2 апта



Сұрақ – жауап


6

Сөз және сөз тіркесі.


2 апта

2

Реферат

7

Тіл мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері.


3 апта




Конспект

8

Тілдік норма.


3 апта

2

Коллоквиум

9

Тіл және сөйлеу.

4 апта



Сұрақ – жауап


10

Ауызша сөйлеу және оның ерекшелігі

4 апта

2

Реферат

11

Сөздердің айтылуы мен жазылуы.


4 апта




Ой – бөліс

12

Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер.

4 апта

2

СӨЖ

13

Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы.


5 апта



Сұрақ – жауап


14

Фразеологизм

5 апта

2

Реферат

15

Термин

6 апта



Сұрақ – жауап


16

Тілдің лексика фразеологиялық тіркестері

6 апта

2

Коллоквиум

17

Сөз әдебі

6 апта



Сұрақ – жауап


18

Сөйлеу әуені

6 апта

2

Коллоквиум

19

Сөз қолдану мәдениеті

7 апта



Сұрақ – жауап


20

Грамматика және тіл мәдениеті.

7 апта

2

Реферат

21

Әдеби тілдің тарихы туралы.


7 апта




Тест

ОБСӨЖ 20 ұпай

1

Тақырыбы: Тіл мәдениетінің мақсаты мен қызметі

Жоспары:

1. Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты, міндеті

2. Тілдің мәні мен қоғамдғы қызметі
Тіл мәдениетінің мақсаты мен міндеті: әдеби тілдің нормаларын сақтау мен қатар, айтайын деген ойдың мәнерлі де көркем болуын талап ететіндігін түсіндіру. Тіл мәдениеті негізінен сөз қолдану мен сөйлеу мәдениеті болып бөлінетіндігіне және әрқайсысының зерттеу объектісі мен өзіндік ереушеліктеріне тоқталу.

„Тіл мәдениеті” негізінен „сөз мәдениеті”, сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объктісі-сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы.

Тіл мәдениеті әдеби тілдің даму деңгейімен байланысты. Қазіргі әдеби тіл толыққан, тілдік нормалары қалыптасқан тіл десек, тіл мәдениетінің негізгі мақсаты мен міндеті де осы жүйені, қалыпты сақтау, одан жөнсіз ауытқуға жол бермеу екендігі белгілі. Тіл мәдениеті тілдік нормамен тығыз байланысты, өйткені тілдік норма сөзді дұрыс айту, сөзді емле ережесіне сай жазу, сөзді өз мағанасына сай қолдану, сөйлемді дұрыс құрау болса, тіл мәдениеті ғылымы осы процестердің орындалуын, бұзылмауын қадағалайды.

Тіл мәдениеті тіл білімінің бір саласы ретінде соңғы жылдары зерттеліне бастады. Соған қарамастан бүгінгі таңда оның зерттеу объектісі мен міндеттері айқындалып пән ретінде оқытылуда. Тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі-сөз. Соған орай тіл ғылымының бұл саласын екі топқа бөліп қарауға болады.



  1. Сөйлеу мәдениеті.

  2. Сөз қолдану мәдениеті.

1. Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Сөйлеу нормалары орфографияға бағынышты емес. Қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Өйткені қазақ тілі – болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Дұрыс сөйлеу мәдениеті дыбыс тілімен тікелей байланысты болғанымен, жазу тілінің шығуымен бірдей емес. Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту – сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық.(құрғол-құр қол емес, негерек-не керек емес), қатар тұрған екі даусты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (Дәметкен-Дәме еткен емес, Сарарқа-Сары арқа емес), ерін үндестігін сақтау (құрұқ-құрық емес, өсүм-өсім емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар: Олар лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлердің т.б. болып та бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ойын тыңдаушылыарына жеткізу әдіс-тәсілі әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық-орфоэпия қағидаларын сақтау.

Ауызша сөйлеу кезінде тілдің ішкі заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеу техникасын да меңгеру қажет. Тақырыптың мазмұнына қарай лектор өзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын, көзқарасын көбіне дауыстың ырғағы күші ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылыда жеткізіп отырады.

Мәнерлі сөйлеу мәдениеті лектордың дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстың сан түрлі құбылуы адамның сол өзі баяндап тұрған мәселесіне қатысын, эмоциясын, сезімін білдіреді. Интонация летордың әр сөйлеміне жан беріп қана қоймайды, оның эмоциональдық бояуын күшейтеді.

2. Сөз қолдану мәдениеті ең алдымен сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты. Дұрыс жазу талабы-ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле ережесін сақтау. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды. Себебі емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ, міндетті сөз қолдану мәдениеті сөздің мағанасына сай, дәл, сәйкес жұмсалуымен тығыз байланысты.

Айқын ойлап , дәл айту үшін сол айтылуға тиісті зат пен оның санамыздағы көрінісі-сөздің арсындағы байланысты, қатнасты жақсы білуіміз керек. Ой айқындылығы, мағана дәлдігі логикалық дәлдікпен ұштасады. Сөздер мағанасына қарай бір-бірімен көп мағаналы, омонимдес, мәндесте болып келеді. Мағаналас сөздерді айырым мағанада ара жігін айқын аңғарып қолдану арқылы сөздік қорымызды молайта түсуге болады.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі-тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде айтайын деген ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине бөтен тілден сөз алмай, таза анатілі материялының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай бөтен тілді элементтерді қоспай, сірестіріп “таза әдеби” тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркем сөз шеберлері оқырмандарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Бақылау сұрақтары

1. Тіл мәдениеті туралы түсінік.

2. Тіл мәдениетінің қызметі.

3. Әдеби тіл нормасы.

4. Лексикалық нормасы.

5. Грамматикалық нормасы.

6. Орфоэпиялық нормасы.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


  1. Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу обьектісі.

  2. Орфографиялық нормасы.

  3. Тіл мәдениетінің салалары.

  4. Тіл мәдениетінің мақсаты.


Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

Сұрақ- жауап

Тест

Сөз жұмбақ



2 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Тілдің анықтамасы және оның мәні, қызметі.

Сөж тақырыптары
1.Тіл туралы түсінік.

2.Тілдік құрылымның элементтері.

3.Тілдік құрылымның деңгейі.

4. Тіл және қоғам.

5. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы.

6. Тіл және сөйлеу.

7. Адамның дамуында тілдің маңызы.

3



Тақырыбы: Адам өміріндегі тілдің рөлі мен сөйлеу мәдениетінің

маңызы

Жоспары:

1. Адамның дамуында тілдің маңызы

2. Тіл және сөйлеу

3. Сөйлеудің сипаты

4. Сөйлеудің түрлері және оның мінездемесі
Тіл-адамзат қоғамындағы қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз қоғам өмір сүре алмайды.”Тілсіз ұлт құрымақ!” Тіл-адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам-тілдің өмір сүруінің шарты.

Тіл-тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналғы бар. Онда оны жасауышы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұратын М. Жұмабаев тілдің осындау қасиеті жайында : “Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі- бәрі көрініп тұр”-деп көрсетеді.

“Тіл тек қатынас құралы ғана болып қоймайды, сонымен бірге ол логикалық ойлауды дамыту құралы болып табылады.”Өйткені сөз дарындылығының өрлеуі ойлау логикасымен тығыз байланысты. Өз заманында “логикалық ойлау-логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны-логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс ”,- деп көрсеткен ұлы педагог

К.Д. Ушинский.

Тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, сөйлеу деп тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның тіл пайдалануы.

Тіл білімі немесе лингвистика -/француз тілінің латынша -«тіл»/сөзі бойынша жасалған термин : тіл туралы туралы ғылым дегенді білдіреді/. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылысы болады.

Тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында сөздік құрамы лексикология саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы салалары өз ішінде бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы.Фонетика саласы:

а) сипаттамалы фонетика:

б) салыстырмалы – тарихи фонетика:

в) экспериментальды фонетика және т/б.

Тіл және оның салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі /немесе лингвистика/ тілдің дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы мен гармматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің салаларында өз ара тығыз байланысты.

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны /тілді/ шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар.

Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрниялық лингвистика деп аталады.

Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы /жеке, нақты/ тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің /жалпы т.б мен т.б/ арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады.

Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды /тілдерді/ ғылыми тұрғыдан зертеудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Және осылардың бәрән жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.

Тіл білімінің жалпы теориялық санасы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдеттебір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректердің, олардың ғылыми тұрғыдан зерттееудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Осылардың барлығын жинақтай отырып, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.

2. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы жалпы мағлұмат.

Ғылым атауы әдетте екі топқа бөлінеді: оның бірі – жаратылыс тану,екіншісі – қоғамдық ғылымдар. Жаратылыстануға /физика, химия, биология, математика/, қоғамдық ғылымға /тарих, философия, саяси экономика/ жатады.

Тіл – қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Қазіргі заманда бір жағынан ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып ғылымды диференция процесі жүріп жатса, екінші жағынан, 2 немесе бірнеше жағынан өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәрәне бірдей қатысты проблемаларды зерттейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.

Ғылым атаулының бәрі даму барысында тіл білімде басқа көптеген ғылымдармен байланысты. Ол ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Себебі тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуы мен бірге дамитын қоғадық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін пайдаланады. Содай –ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланысты. Себебі тіл – талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет – ғұрыпын зерттейді. Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.

Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым – психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.

Тіл білімі қоғамдықғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы /сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы/ жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.



Бақылау сұрақтары

1. Адамға тән сөйлеу сөйлеу әрекетіндегі негізгі сипаттар.

2. Жазбаша сөйлеу

3. Сөйлеудің сипаты.

4. Ауызша сөйлеу.

5. Ауызша сөйлеудің түрлері.

6. Іштей сөйлеу.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

Дискурсивтік ойлау процесі.

Адамның дамуында тілдің маңызы .

Сөйлеудің ерекше түрі жазбаша сөйлеу.

Тіл және сөйлеу.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

Сұрақ –жауап

Тест

4 Сабақтан тыс



Тақырыбы: Сөйлеу техникасы

Реферат тақырыптары

  1. Оқудағы дауыстың маңызы

  2. Дикция

  3. Орфоэпия

4. Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау

5. Дауыстың естілуі - физиологиялық әрекеттің нәтижесі.


5



Тақырыбы: Дауыс

Жоспары:

1. Сөз сөйлеуде дауыс қатысы

2. Дыбыстау ырғағы
Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі - психологиялы, физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда , ең алдымен ауа жұтады, одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.

Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне көкбірек қуысы, таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ, кеңсірік жатады. Дауыс күші үн шығаратын дыбыстардың күшейткіштеріне қарай бағытталғанына және күшейткіштердің түзік күйде болуымен байланысты шықпақ.

Әркімнің өз даусы болады. Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ дауынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны –обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ, мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ.Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шықпақ.

Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы), ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.

Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.

Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.Мына сөйлемдердегі дауыстың жылысуын байқап көрейік.Дауыс жылысуы сөйлем астындағы сурет сызықтарымен көрсетілді, ал дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі екпін түскен буында қалпақшалы таяқшамен көрсетілді. Дауыс көтеріліп бәсеңдеп барып орташа қалпына түседі, яғни бір диапазон деңгейіне келеді.

Келтірілген сөйлемдерде дауыстың көтерілуі, бәсеңдеуі сәл ғана. Дауыс қоңыржай ғана боп шығады.
↑ ↓ ↑ ↓ ↑

А с қ а р т а у л а р, б а қ ш а б а у л а р ә л е м і.

↑ ↑ ↑ ↓

Ғ а с ы р л а р д ы ң а р м а н ы м е н с ә л е м і

Таңырқау, сасқалақтау т.б көңіл күйін білдіргенде, орындаушы дағдылы орташа биіктікке шығатын дауыс деңгейінен қатты ауытқытып айтады. Яғни сөзді айтқанда дауыстың едәуір жоғарылатып, не төмендетіп, не күшейтіп, не солғындатып шығарады. Мұның өзінде сөз айқын айтылып, тыңдаушыға сөйлеген сөздің мағынасын түсінікті түрде жеткізілуі қажет.
Бақылау сұрақтары

1. Сөз сөйлеуде дауыстың қатысы.

2. Дыбыстау ырғағы.

3. Психологиялық әрекеттің нәтижесінде дауыстың естілуі.

4. физиологиялық әрекеттің нәтижесінде дауыстың естілуі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


  1. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты.

  2. Әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады.

  3. Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылысуы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


6 Сабақтан тыс



Тақырыбы: Сөз және сөз тіркесі

Реферат тақырыптары

    1. Сөз тілдің негізгі материалы.

    2. Сөз бен сөз тіркестерінің айырмашылықтары.

    3. Сөз бен сөз тіркестерінің грамматикалық ұқсастықтары.

    4. Сөз тіркестері жайлы жалпы түсінік.

    5. Көркем әдебиетте сөздердің орны.

    6. Сөз.

    7. Сөз тіркесі.

8. Сөздердің айтылу нормасы.

9. Сөздің тазалығы.

10. Сөздің логикалылығы.

11. Сөздің дәлдігі.

7

Тақырыбы: Тіл мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері

Жоспары:

1. Қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер

2. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Тіл мәдениеті саласында талас тудырып жүрген мәселенің бірі- көркем әдебиетте, баспасөз бетінде әр өлкеде әр түрлі айтылатын немесе бір өлкеде қолданылып, басқа өлкеде қолданылмайтын, бірақ әдеби тілге ене қоймаған сөздер мен тұлғаларды пайдалану мәселесі.

Қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктердің бірнеше түрі бар.

Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер, әдетте, кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен , сөздердің жуан-жіңішке айтылуымен байланысты болады. Мысалы: чақыру (шақыру), сата амады ( сата алмады), жұмалау (домалау) кигіз (киіз үй) т.б.

Грамматикалық ерекшеліктер. Бұл топқа жататын ерекшеліктер әсіресе сөздердің формаларымен, олардың түрленуімен немесе сөз тіркестеріндегі ерекшеліктермен байланысты. Мысалы, Оңтүстік аймақтарында бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі.Батыс аймақтарында жіктік жалғаудың –сыңыз, -сіңіз (барасыңыз- барасыз, келесіңіз - келесіз) сияқты тұлғалары бар. Оңтүстік аймақтарда әдеби тілдегі барғым келеді, барғым келмейді сияқты қалау рай тұлғаларымен қатар барғым бар, барғым жоқ, ұйықтағым бар, ұйықтағым жоқ сияқты формалар кездеседі.

Лексика-семантикалық ерекшеліктер. Қазақ говорларында ең мол, жиі кездесетн бұл ерекшелікті ішінара екі топқа бөліп қарастырған дұрыс: а) лексикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер, әдетте, бір нәрсенің не оның сын, сапа-қимылының әр жерде әр түрлі аталуымен байланысты.Мысалы, шелекпен су әкелетін иінағашты республикамыздың түкпір- түкпірінде 7-8 түрлі атайды: иінағаш- су ағаш- әкпіш // әпкіш- күйенде// күйенте- құрамыс-мойынағаш, т.б. б) С е м а н т и к а л ы қ е р е к ш е л і к т е р. Семантикалық сипаттағы ерекшеліктер әдетте белгілі бір сөздің әр жерде әр түрлі мағынада жұмсалуымен байланысты болады.Мысалы, леген// ләгон сөзі оңтүстік аймақтарда ет салатын табақ мағынасында жұмсалады. Сол сияқты тіліміздегі аққала, там, әжептеуір сөздері барлық жерде бірдей мағынада қолданылмайды.

Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктердің негізгі түрлері-осылар. Енді осы жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге, тіл мәдениетінімзге қатысын анықтау мәселесі. Жергілікті ерекшеліктерді қолдану- қолданбау, оларды әдеби тіл қажетіне пайдалану-пайдаланбау мәселелесінде көп дау туа беретін себебі, кейбір жолдастар өз ауылында қолданылатын барлық сөзді, тұлғаны әдеби тіл нормасы деп түсінеді де, жастайынан құлағына сіңіп қалған сөздерді қызғыштай қорып, оған диалектизм деген айдар таққызғысы келмейді.

Әдеби тіл лексикамызды байыта түсетін тағы бір сөздік қорымыз бар. Ол- кәсіби сөздер қоры.Кәсіби сөздер тілімізде таралу жағынан болсын немесе әдеби тілге қатысты жағынан болсын, біркелкі емес.


Бақылау сұрақтары

1. Қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер.

2. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер.

3. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктердің негізгі түрлері



С туденттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Кәсіби сөздердің таралуы.

2. Реферат

3. Сөзжұмбақ құрау

4. Фонетикалық ерекшеліктер.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Грамматикалық ерекшеліктер

2. Лексика-семантикалық ерекшеліктер

8 Сабақтан тыс



Тақырыбы: Тілдік норма

Коллоквиум тақырыптары

1. Тілдік норма туралы түсінік.

2. Тілдік нормадан иыс құбылыстар.

3. Тілдік нормада қолданылатын тұлғалар.

4. Тілдің нормалану процесі.

5. Тіл туралы түсінік.

6. Тілдік норманыңтүрлері.

7. Лексикалық норма.



    1. Грамматмкалық норма.

9



Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Жоспары:

  1. Тіл – тірі тарих

  2. Сөйлеудің сипаты

  3. Сөйлеудің түрлері

“Тіл ” деген сөздің өзінеде бірнеше мағына бар: 1) тіл –жан-жануарлардың дәмді сезетін және сезетін және адамның сөйлеу дабасын атқаратын мүшесі;

2) тіл- соғыста жаудан алынған хабар немесе тірідей қолға түскен тұтқын; 3 ) тіл- уақытты көрсетіп тұратын көрсеткіш; 4 ) тіл- адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым.

Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды.

Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде ғана пайда болып, дамып жетіледі. Яғни тілді адамдар ұжымы-қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады. Ондай ұжымға ру, тайпа, ұлт, халық дейтін қоғамдық бірлестіктер жатады. Осыдан келіп ру тілі, тайпа тілі, ұлт тілі деген ұғымдар пайда болады.

Алғашқы ұжымдардың бірі- ру. Әр рудың адамдарының бір- бірімен қарым-қатынас жасайтын тілі болған. Туыстас бірнеше рудан тайпа құралған. Соған орай ру тілі тайпа тіліне айналған. Тайпалардан, яғни тайпалар одағынан халық құралған. Осыдан келіп тайпалар тілі халық тіліне айналған. Қоғамда бір ғана халық емес, бірнеше халық өмір сүруі мүмкін. Ендеше ол халықтар бірігіп ұлтқа айналып, одан ұлт тілі келіп шыққан. Тіл осындай қоғамдық бірлестіктердің тууымен бірге туып, бірге дамыған.

Тіл- адамзат ісінің барлық саласында және ткүнделікті тұрмысында бірлесіп жұмыс істеуіне, бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал. Бұл- тілдің әлеуметтік, қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамдық қызметімен бірге оның ойды жарыққа шығару қызметі де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді.Сонымен, қатынас құралы ретінде тілге анықтама беруде оның әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызмет етуі мен ойды жүзеге асыру қызметі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін оның коммуникативтік қызметі десе, ойды жүзеге асыру қызметін оның көркемдеуші, бейнелеуші, экспессивтік қызметі дейді.

Тілдің бұл екі қызметі-қарым-қатынас қызметі мен көркемдеуші, бейнелеуші, экспрессивтік қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепші болады. Мысалы, басқа тілді білу үшін адам ең алдымен сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, оның тілін үйрене бастайды. Тілді әбден үйреніп алғаннан кейін ғана ол сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығаруды іске асырады.

Әрбір елдің өз ішінде мемлекеттік маңызы бар іс-қағаздары осы елдегі көбірек тараған тілде жүргізіледі. Мұндай тілдерді мемлекеттік тіл деп атайды. Мәселен, қазіргі қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Кейде осы тіл бір мемлекеттің шеңберінен шығып, көптеген елдің қатынас құралына айналуы мүмкін.

Сөйлеу мен тіл әдетте бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ та екеуі бір нәрсе емес. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу-сол тілді пайдалана білудің әр түрлі амалдары мен жолдары. Сондықтан, мектеп мұғалімдері оқушыларға белгілі бір тілдің құрылымы мен жүйесін үйретеді, оқуышлардың сауатты жазуын, салауатты сөйлеуін қадағалап, тілін ұстартады.

Тіл екі тұрғыдан білу керек: бірі-практикалық тұрғыдан, екіншісі ғылыми тұрғыдан. Тілді практикалық тұрғыдан білу дегеніміз- белгілі бір адамның кемінде бір немесе бірнеше тілде сөйлеп, жаза алуы. Ал ғылыми тұрғыдан білу дегеніміз- белгілі бір адамның бір немесе бірнеше тілдің ғылыми негізін-дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылымы мен жүйесін, соларға тән барлық нормаларды ғылыми тұрғыдан меңгеруі. Бір тілде емін-еркін сөйлейтін адамдардың бәрі ол тілдің ғылыми негізін білу шарт емес.
Бақылау сұрақтары


  1. Тілдің адам өмірінде алатын орны.

  2. Тіл қатынас құлалы.

  3. Сөйлеудің сипаты.

  4. Сөздің мәнерлігі.

  5. Сөйлеудің түрлері

  6. Іштей сөйлеу.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Диологты сөйлеу.

  2. Монологты сөйлеу.

  3. Тіл мен қоғам.

  4. Тіл және сөйлеу.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Сұрақ- жауап

  2. Тест

  3. Сөз жұмбақ

10 Сабақтан тыс



Тақырыбы: Ауызша сөйлеу және оның ерекшелігі

Реферат тақырыптары

1. Ауызша сөйлеу мәдениеті.

2. Ауызша сөйлеудің түрлері.

3. Әдеби тілде сөйлеу.

4. Ауызекі сөйлеу.

5. Сөздердің айтылу нормасы.

6. Мәнерлеп сөйлеу.

7. Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің ерекшелігі.

8. Ауызша сөйлеудің өзіндік ерекшелігі.

9. Сөйлеу стилі.

10. Сөйлеу процесі.
11

Тақырыбы: Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Жоспары:

1. Айтылу ережесі

2. Жазылу ережесі

Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздің дұрыс айтылып, дұрыс жазылуы. Дұрыс айтылмаған сөз тыңдаушының құлағына түрпідей тиеді, - сөйлеушінің тіл мәдениетінің төмен екенін көрсетеді. Әрбір сөз халық тілінің өшпеш дәулеті ретінде ол тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ белгілі дыбыстық құрамда жұмсалып, әбден үйреншікті болғаннан кейін, оны әркімнің өзінше құбылтып айтуына болмайды. Болмайтын себебі әр сөздің белгілі тұтастық құрамы белгілі мағына білдіруіне ұштасады. Мысалы, бота, буыршын, құлын, құлыншақ, табыс, өнерпаз, жол, жолаушы, көрші, балдыз, жұлдыз, құндыз, студент, ферма сияқты сөздердің әрқайсысының мағыналық жүгі бұлтаққа көнбейтін тұрақты дыбыстық құрамға, морфологиялық тұлғаларға негізделеді. Сондықтан сөздердің мағыналары мен түр – тұрпаттары арасында тығыз байланыс, бірінсіз брі болмайтын тұтастық болады. Осылардың бәрі – ой дәлдігіне лайықталған тілдік белгілер (знаки). Олардың қалыптасқан құрамдарын бұзбай, “сөздің майын тамызып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырып”, дұрыс сөйлегенге не жатсін! Дұрыс айтылған сөз, сөйлемдердің өздеріне тән “музыкалық” әуені, ырғағы, үні болады. Жұрттың бәрі бірдей тілінен бал тамған, жез таңдай, күміс қоңырау үнді сөз шебердері болмағанмен, әрбір қарапайым азамат сөзді дұрыс айтудың мәнін ұғына білу, дұрыс сөйлеуге дағдылануы керек.

Кейбіреулер сөздің әдеттегі үнін, әуенін сақтамай, “басын жарып, көзін шығарып” сөйлейді, асығыс – үсігіс, қақалып, булығып, “жаңағы”, “мысалы” сиқты басы артық сөздерді көп қоданады немесе әрбір сөзді әдеби нормасы бойынша емес, пысты (пісті), ашты (ащы), пітірді (бітірді), карауат (кровать), пабрика (фабрика) сияқты етіп бұзып айтады.

Осындай, тіл мәдениет төмен адамдар емес, әдеби тілдің дағдысына қанық, тілдің құдіретті күшіне сенімі мол адамдар халық тілі байлығының саналы мұрагері бола алады. Баланы тіл мәдениетіне баулитын алдымен семья, балалар бақшасы, мектебі болса, олардың сыртында баланың айналасы: еңбек майданы, жора – жолдасы, спорт командасы, клуб, театр сахналары, телевидение дикторлары, жиын топтар болады. Солардың бәрі – есейіп келе жатқан жастың тіл үйреніп, білгеніне білім қосып, сөйлеп дағдыланатын майданы. Айтқанды дұрыс ұға білу, дұрыс сөйлеу білу – балағы ес кіріп, есейіп кемелденгеннің белгісі. Оған жету жолы төте жол емес, кедір – бұдыры бар алыс жол, көп біліп, зейін қойып, көп оқып, көп үйренуді керек ететін, кісіні өрге ұмтылдыратын тіл мәдениетінің жолы.

Сол жолға түскен бала тіл дамытуды алдымен сөздерді дұрыс айтып дағдыланудан бастауы тиіс. Бұған ерекше мән берілетін себебі мынады:


  1. Бала сөздердің дұрыс айтылуының әдеби нормаларын біле бермейді, ата - анадан, өзгелерден естіп, сөзді бұзып айтып үйренген кісіге ол олай емес, былай деген сөз бірден үйреншікті бола қоймайды. Мысалы, жібер дегенді жіпер, маңдайды – маңлай деп, орыс тілінен енген билет, вагон, футбол сияқты сөздерді белет, багон, будбол сияқты етіп, бұзып айтуы жиі кездеседі, енді балаға солардың әдеби нормаларын айтып төселдіру үшін көп уақыт керек болады.

  2. Бір класта оқитын кіп баланың тіл білу дағдысы, қабілеті әр алуан, өткені семьядағы тілдік тәрбие дәрежесі әр түрлі болады, семьядағылардың және өзгелердің тіл мүкістігі оқушыға әсер етпей қоймайды.

60 – жылдары М.О.Әуезов универсиеттің соңғы курс студенттеріне “Абай мұралары” тақырыбынан арнаулы лекция оқитын. Бір рет сабағын тыңдауға барғанымызда, студенттерінің оның

айтқандарын жым – жырт отырып, зейін қойып тыңдағанына таңданып, таңдай қақтық. Студенттер Мұхтар сөздеріне құлақтарының құрышын қандырғандай. Осылай сөйлеудің студенттерге әсері күшті болған болу керек, кейін олар да сол мәнерде, сол ырғақпен кестелеп, көсіліп сөйлеуге әуестенді.

Сөздердің жазылу ережелері жиынтығын –орфография дейіз. Ал сөздердің айтылу нормаларын-орфоэпия дейміз. Бұл екеуінің арасында тығыз байланыс болатындықтан ара қатынасында пәлендей алшақтық болмауы көзделеді.Басқаша айтқанда, сөздердің айтылуы мен жазылуы нұсқаларында мүмкіндік болғанынша жақындық, үйлесім болуға тиіс. Мысалы, мал,өмір,астар, жақсылық, шаруашылық, терезе, кеңсе сияқты мыңдаған сөздер әдетте айтылуы бойынша жазылады. Егер барлық сөздердің жазылуын айтылуындай етеміз десек, онда жазуда жөнге көнбейтін ала-құлалық күшті болар еді. Бір кезде сондайды бастан кешірдік. Бұлай жазу принципін- фонетикалық (дыбыстық) деп атаған болатынмыз. Сол бойынша сөзді кім қалай айтып, қалай есітсе, солай құбылтып жазу көбейді. Жазуда анархия пайда болды. Сөздердің айтылу мен жазылуы арасында елеулі қайшылықтар бар екені анақталды. Содан кейін орфографияның негізгі принципі – морфологиялық болып өзгертілді.Ол принцип бойынша сөздердің түбірлері сақталып жазылуға тиіс болды. Бұл да бір жақты, дұрыс бола бермейтіндіктен соңғы жылдары орфографияның принципі фонетика-морфологиялық болып өзгерілді.

Ал ауызша, басшы, тұрмыс, жұмыс, көмір сөздері- ауышша, башшы, тұрмұс, жұмұс, көмүр болып айтылады, бірақ түбірлері сақталып жазылады. Осылардай, айтылуы бойынша емес, одан өзгеше болып жазылатын сөздердің негізгілері мыналар:



  1. Егер сөздің бас буындарында еріндік дауыстылар ( ө, ұ, о, ү) айтылса, олардың ықпалымен соңғы буындардағы қысаң дыбыстар (ы; і), кейде е дыбысы да еріндік болып айтылады, оны ерін үндестігі дейміз, бірақ қысаң дыбыстардың таңбалалын білдіретін әріптер жазылады:

АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ

Түтүн, түндүк түтін,түндік

өмілдүрік, көлүк өмілдірік, көлік

ұзұн,тұздұқ ұзын, тұздық

орұндық,қосұлды орындық, қосылды
Сөйлегенде осылай ерін үндестігін сақтап сөйлеу- орфоэпиялық норма, ал жазуда ерін үндестігін сақтамай жазу сөздердің орфографиялық нормасы деп есептеледі.


  1. Сөз ішінде және сөз тіркестерінің арасында екі дауысты дыбыстың бірі түсріліп айтылады, бірақ жазуда сақталады,

мысалы:

айтылуы жазылуы

Сарөзен сарыөзен

қарөрік қараөрік

баралмаймын бара алмаймын
3. Сөз ішіндегі қатар келген екі дыбыстың біріне бірінің әсер етуі нәтижесінде к г-ге, қ ғ-ға айналатыны мәлім. Ол- түбір мен қосымшалар арасында да сөз арасында да болатын негізгі фонетикалық заңның бірі, мысалы: көк- көгер, ақ-ағар.

Орфоэпиялық нормалардың ғылыми негізі- сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерілі, кейінді үндестік заңдарын сақтап сөйлеу.


Бақылау сұрақтары

  1. Сөзді дұрыс жазу ережесі.

  2. Жазудың тарихи дамуы.

  3. Жазбаша тілдің ауызекі тілден айырамшылығы.

  4. Жазбаша тілдің пайда болуы.

  5. Жазу жүйелерінің таңбалары.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері.

  1. Жазу нормасының жалпыға ортақтығы.

  2. Жазудың пайда болуы.

  3. Жазудың түрлері.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


12 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер

СӨЖ тақырыптары

  1. Ауызша тілдегі стилдік қателіктер.

  2. Ауызекі сөйлеу мәдениеті жайында пікір айтқан ғалымдар.

  3. Стильдік қателердің түрлері.

  4. Лексикалық қате.

  5. Морфологиялық қате.

6. Фонетикалық қате.

7. Синтаксистік қателер

8. Логикалық қате.
13

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы

Жоспары:

1. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

2. Сөзді дұрыс айта білу

3. Жұрт алдында сөйлеу шберлігі

4. Сөйлеу мәдениетінің сипаты
Адамзатты қоршаған заттармен құбылыстар адам санасына, оның ойлауына сәулесін түсіріп бейнеленеді. Олар түрлі ұғым пайда болады. Ұғым - заттың немесе құбылыстық жай ғана бейнесі емес, олардың басшы белгілерінің ойда қарастырылып топшылығын бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледіі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Сөздің табиғатын түсіну үшін, оның жалпылаушы қызметіне назар аудару қажет. Сөз жеке затты немесе құбылысты ғана емес, сонымен бірге бір тектес заттардың тобын да атайды. Тау орындық, үй деген сөздер белгілі бір жеке заттарды атауы да мүмкін және осы категорияларға енетін заттардың барлығын бірдей атауы да мүмкін. Тау деген сөз, біз басына шыққан белгілі бір тауды да жалпы тау атаулыны да білдіреді. Мұндай-да тау биік пе, аласа ма, орманды ма, ормансыз ба, қарлы ма, қарсыз ба – ол жағы тәптіштелмей, жалпы тау атаулы жалпылама аталады.

Сөз затты немесе құбылысты атайды, сол арқылы белгілі бір ұғымды білдіреді, онда белгілі бір мағына болады. Сөздің бірдемені белгілеуі (атауы ) үшін оның дыбыстардың тіркесімен берілуі яғни материяалдық жағының болуы шарт. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғыммен тығыз байланысты болады. Сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы тепе-тең емес.

Адамзатты қоршаған заттармен құбылыстар адам санасына, оның ойлауына сәулесін түсіріп бейнеленеді. Олар түрлі ұғым пайда болады. Ұғым - заттың немесе құбылыстық жай ғана бейнесі емес, олардың басшы белгілерінің ойда қарастырылып топшылығын бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледіі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Сөздің табиғатын түсіну үшін, оның жалпылаушы қызметіне назар аудару қажет. Сөз жеке затты немесе құбылысты ғана емес, сонымен бірге бір тектес заттардың тобын да атайды. Тау орындық, үй деген сөздер белгілі бір жеке заттарды атауы да мүмкін және осы категорияларға енетін заттардың барлығын бірдей атауы да мүмкін. Тау деген сөз, біз басына шыққан белгілі бір тауды да жалпы тау атаулыны да білдіреді. Мұндай-да тау биік пе, аласа ма, орманды ма, ормансыз ба, қарлы ма, қарсыз ба – ол жағы тәптіштелмей, жалпы тау атаулы жалпылама аталады. Сөз затты немесе құбылысты атайды, сол арқылы белгілі бір ұғымды білдіреді, онда белгілі бір мағына болады. Сөздің бірдемені белгілеуі (атауы ) үшін оның дыбыстардың тіркесімен берілуі яғни материяалдық жағының болуы шарт. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғыммен тығыз байланысты болады. Сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы тепе-тең емес. Сөздің күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, алдымен оның дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара қатысын айқындап алған жөн. Сөз дегеніміз – белгілі бір ұғымға берілген атау. Сөз – дыбыстық форма мен мағыналық тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың, оқиғаның, сапа-белгінің, санның, қимылдың т.б. ұғымның атауын сөз дейді. Сөздің екі жағы бар: дыбысталу және мағыналық. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материалдық жағын құрастырса мағына (мазмұн ) сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір- бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі - сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Сонда сөз – дыбысталу мен мағыналық бірлігін тұратын тілдік дербес единица.

Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз – дыбыстық комплекстік, ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілмен сөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады. Дыбыстардың тіркесі (сөз) белгілі бір затқа немесе құбылысқа атау ретінде бекітіледі. Бірақ дыбыс тіркесі (сөз) өзі белгілеген заттың немесе құбылыстың қасиетімен сапаларын көрсетпейді. Дыбысталудың табиғаты мен белгілетін заттың табиғатының арасында тікелей байланыс болмайды. Дыбыс тіркесі мен заттың арасында ешқандай табиғи байланыс болмағандықтан, дүние жүзіндегі әр алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі сөзбен аталады: қазақша - балық, орысша – рыба, неміс тілінде –фисш, француз тілінде – фонссон делініп, бір ғана жәндік түрлі тілдерде әр түрлі лексикалық единицалармен (сөздермен) белгіленген.Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай көңілді, қапалы, үрейлі т.б болуы ықтимал. Сөйлеу нақышы - мәнеріне келтіріп сөйлеу мен дауыстап оқып берудің бір құралы. Толқу, мұңаю, қуану, күдіктену сияқты жайттардың бәрі де дауыс құбылысынан сезіледі. Желігу, қамығу т.б көңіл күйлерінде дауыс кәдуілгі қалпынан ауытқып шығады. Осы ауытқуды, дауыстың эмоциялық бояуын, тембр деп атайды. Тебіреніс неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс ауытқуы да кәдуілгі қалпынан ерекше шықпақ.


Бақылау сұрақтары

1. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

2. Сөзді дұрыс аита білу.

3. Жұрт алдында сөйлеу шберлігі.

4. Сөйлеу мәдениетінің сипаты.


  1. Сөйлеудің түрлері.

  2. Сөйлеу стильіне тән ерекшелітер.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Сөйлеудің көмекші құралдары.

2. Мәнерлеп сөйлеу.

3. Сөзді дұрыс айта білу.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


14 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Фразеологизм

Реферат тақырыптары

1.Фразеологизм туралы түсінік.

2. Фразеологиялық тіркес.

3. Идиеомалық тіркес.

4. Идиеома туралы жалпы түсінік.

5. Фразалық тіркестердің ауыспалы мағынада жұмсалуы.

6. Идиеомалық тіркестердің фразалық тіркесткрден айырмашылығы.

7. Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу.

8. Фразеологиялық тіркестегі қолданудағы қателіктер.

9. Сөзжұмбақ түзу


15

Тақырыбы: Термин

Жоспары:

1. Қоғам және тіл

2. Термин туралы түсінік

Қоғам өміріндегі өзара қарым – қатынастың ең басты құралы

болып саналатын тілді әлеумет әрқашан өте жоғары бағалаумен бірге ондағы өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Қоғамдық құбылыстың бірі ретінде тіл сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналды. Сонда, тіпті кейде тілдегі сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да, қоғамдамуының белестері арқылы тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік алып отырамыз. Сөйтіп қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.

Қоғам дамуы арқылы тіл де дамитыны белгілі. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық саласына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өзгеріске онша көне бермейтіні бар. Ал оның кейбір қатпарлары жаңалыққа

иін беріп, жаңа мағыналақ ұғым түсініктер әкелуге ыңғайлы болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірі - оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі орта тіпті, дамыды десек, осылай дегізетін де терминологиялық лексика. Себебі қоғам дамуы әлеумет өміріне алуан – алуан жаңалық әкеледі. Ондай өзгерістер, түрлі дүмпулер ең алдымен елдің сауатын ашып, білімін жетілдіреді, қоғам мүшелерінің өрісін биіктетіп, қоғамдық ой – сана мен дүниетанымды кеңейте түседі. Сауаты ашылып, көзқарасы көрегендене бастаған жұртшылық біртіндеп ғылымды игеруге бет түзеп, техниканың құлағын ұстай бастайды. Мәдениет пен өнерге құштарлық күшейіп, жаппай білім мен жарақаттану кезеңі басталады.

Қорғамның ілгерін басуына байланысты мәдени өміріміздің әр күні жаңа іс, жаңа әркетке толы болатын. Сауатсыздыққа қарсы шабуыл, неше алуан мектептердің ашылып, газет – журналдардың шығуы, қызыл бұрыш, қызыл отаулар т.б. саналы өзгерістер қазақ сөзі мен жазуына жаңаша өріс берді. Осы ұлы өз герістер тұосынан бергі жердегі қазақ тілінің болмысына көз салсақ, оның ұлттық сипаты ғана күшейіп қоймай, сонымен бірге халықаралық ауқымы кеңейіп, қуаттана түскенін байқауға болады.

Қазақтың ұлттық тілі сөздік құрамының қатарына комитет, парламент, радио, министр, интернационал,комунизм, социализм, т.б.тәрізді толып жатқан кірме сөздермен бірге, терминдеу нәтижесінде сапалық өзгеріске душар болған, қызмет аясы кеңейген, тұрақтанған, нақтылана түскен еңбек, екпінді, күрес,жарыс, іс, тап,жиналыс, жоспар, құн, белсенді сияқты сөздер жаңаша қолданысқа түсіп,өрісі кеңейді.

Бұл қазына қатары күні бүгінге дейін толықсып, молайып келеді. Тіліміздің терминдеу сапасы әлі жүріп жатыр. “Термин” сөзі о баста латын тілінің “шек”, “шекара” деген сөздерінен пайда болған. Термин мәселесімен тікелей белгілі лингвист профессор Қ.Жұбановта айналысқан. Ол аударуға болмайтын ( психология, геометрия) кейбір терминдерді аударуды қостамаған.



Бақылау сұрақтары

    1. Термин туралы жалпы түсінік.

    2. Терминнің түрлері.

    3. Терминдердің ерекшелігі.

    4. Техника саласында қолданылатын термин сөздер.

    5. Кәсіпке байланысты термин сөздер.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Термин сөздің тіл мәдениетінде алатын орны.

2. Терминдердің қазақ тілінде қолданылуы.

3. Терминдердің қазақ тілінде алатын орны.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



16 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Тілдің лексика фразеологиялық тіркестері

Коллоквиум тақырыптары

  1. Лексикалық тіркес.

  2. Идиеомалық тіркестердің фразалық тіркесткрден айырмашылығы.

  3. Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу.

  4. Фразеологиялық тіркестегі қолданудағы қателіктер.

5. Фразеологизм туралы түсінік.

6. Фразеологиялық тіркес.

7. Идиеомалық тіркес.

8. Идиеома туралы жалпы түсінік.

9. Сөзжұмбақ
17

Тақырыбы: Сөз әдебі

Жоспары:

1. Жазушының сөз қолдану мәдениеті

2. Сөз этикасы

3. Сөйлеу ізеті

Жазушылар әсіресе, М. Әуезов, белгілі құбылысты суреттеу ойын дамыта, айқындай түсу үшін, кейде мәндес сөздерді шұбырта береді. Мысалы: Қалың қой қыбыр етпей, тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. М.Әуезов. Ал самолетті көзбен көрдім, Балтаның сабын қолыммен ұстадым, Орманға қарай аяғыммен жүрдім – деген сөйлемдерде “көзбен”, қолыммен“, “аяғыммен” деген сөздер мүлде артық “Көрдім” дегенде, әрине көзімен көреді, “жүрдім” дегенде, аяғымен жүреді деп түсінеміз. Мұндай өзінен-өзі түсінікті болып тұратын сөздерді әдейі айтудың стильдік қызметі болуы да мүмкін: сол сөздерге ой екпінін түсіну үшін - Самолетті өз көзіммен көрдім, Балтаның сабын қолыммен ұстадым. Орманға қарай өз аяғыммен жүрдім деуге әбден болады.

Стилі нашар кісілердің сөйлемдері шұбатылып жатады. Күрджелі ойды аз сөзбен барынша сығымдалған сөйлеммен айту – жазу өнерінің басты шарттарынның бірі. Көп шығармаларды осы шарт дұрыс орындалмайды. Ол туралы “Көркем тіл – сезім нәрі” деген мақаланың авторы Т.Қожекеев жолдас былай дейді:

“Тақ еткізіп, қысқа қайырып айта салатын жайды ежіктеп, сағыздай созып, көбіктей көпіртіп” оқушыны мезі қыламыз. М.Б.Полиновскийге жазған бір хатында А.П Чехов: “Вывески красующиеся над дверьми” демей-ақ “Вывески над дверью” деп қысқа да жеңіл жаза салуға болмады ма? Депті. Демек, үлкен жазушылар басы артық сөздермен сөйлемнің ұғымын жасанды түрде ауырлатуға мүлде төзбеген.

Қазақта “көп сөз – көмір, аз сөз - алтын“ деген де мақал бар. Бұл мақалдың мағынасын аз сөйле, аз жаз деп түсінбейміз, аз ьсөзбен түсіндіруге болатын ойды мылжыңдап көп сөзбен айтып, сөздің берекесін қашырма, сөзге сараң бол да, ойға терең бол деп түсінеміз. Сондай жазушыларымыздың бірі – Б. Майлин. Оның сөздері дәл, сөйлемдері ықшам, ойы айқын.С.Мұқанов та, Ғ. Мүсіреповте сондай қасиет бар.

Жазушының шығармасы қалың көпшілікке арнлатыны белгілі. Сондықтан автордың ең негізгі мақсаты оқырманға эстетикалық тәрбие беруге, олардың рухани дүниесін байытуға, сезіміне әсер етуге, көзбен оқып, құлақпен естіп қоймай, көңілмен тоқуға, соның нәтижесінде ыстығына күйіп, суығына бірге тонуға, мәдениеттілікпен ізгілікке баулуы тиіс. Бірақ осы принцип үнемі сақтала бермейді. Қай шығарма авторлары оқыманды еліктіру үшін, кейіпкердің дене бітімін интімдік қарым-қатынастың жай жоспарын дақпа-дақтап жазуға үйір келеді. Ол авторлар: “Бұл--өмір шындығы, ал шындықты сол қалпында жеткізу қажет ”, --деп ақталатын шығар. Бірақ әдебиетімізде сезімді жеткізудің басқада жолдары мен үлгілері жоқ па ? Әрине, бар. Тек іздену керек. Бұл тұста жазушының өз мәдениетімен өз мәдениеті ұштасып жатқаны абзал.

Жақсы сөз-жарым ырыс. Бір ауыз жақсы сөз адамды күннің шуағындай жылытады, көңілін көтереді, шабыттандырады. Бұл сөздің құдіреті, сөйлеудің сымбаты. Тілімізде сөйлеу этикетіне жататын сөздер өте көп. Мсыалы: “Басқан қадамың құтты болсын”, “Аман барып, сау қайт”, “Қосағаң мен қоса ағар”, т.б. әр түрлі цитуацияға байланысты айтылатын ізетті сөздер тіліміздің ең бір асыл қазынасы іспеттес. Тіл мәдениеті жоғарғы адам сыпайы, ізетті сөйлеуге тырысады. Мұндай сөздер адамдардың бірін-бірі жақсы түсінуіне , сыйлауына әсер етеді.

Өнер, білім, мәдениет пен әдебиетке еңбегі сіңген адамдарды ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күміс көмей Күләш деп, жасы үлкен адамдарды Сәке, Мәке деп құрметтеу – салтымызда бір нәрсе. Осы салт, сөйлеу ізеті қазіргі жастар тілінде басқаша формада беріледі. Мысалы: Жолаушылап келген адамға “келуіңмен ”, мектеп пен институт бітіретін жасқа “бітіруіңмен” деп қысқа айта саламыз. Ал осы сөздің екінші адамға әсері қандай ? Әсері шамалы. Шорт кесілген шортаң сөздердің орнына (бұл орыс тілінің әсері болуыда мүмкін) “аман-есен келдіңізбе”, “көңіл күйіңіз қалай” немесе “Қадамың құтты болсын”, “армандаған мақсатыңа жет”, десек, қандй әсерлі шығар еді. Тыңдаушы да айтушының өзіне деген ықыласын танып, көңілі өсіп ырза болып қалар еді. Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан жақсы дәстүрлерін сақтап оны әрі қарай дамытып сөз этикетін байытып, толықтырып, оны жастардың сөйлеу дағдысына айналдыру- оларды адамгершілікке, сыпайылыққа баулуда септігін тигізері сөзсіз.



Бақылау сұрақтары

1. Сөйлеу этикеті.

2. Сөз қуаты.

3. Сөйлеу ізетінің өзіндік ерекшелігі.

4. Сөйлеу этикетіне жататын сөздер.

5. Ізетті сөйлеу.

6. Сөйлеу ізетіне үлес қосқан ғұламалар.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


  1. Сөйлеу этикетінің нормалары.

  2. Тіл пікір алысу құралы.

  3. Жазушының сөз қолдану мәдениеті.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


18 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Сөйлеу әуені

Коллоквиум тақырыптары

1. Мелодика туралы түсінік.

2. Сөйлемдердегі сөз тіркестерінің әуені.

3. Сөйлеу ізетінің өзіндік ерекшелігі.

4. Сөйлеу этикетіне жататын сөздер.

5. Сөйлемнің айтылу сазы.

6. Сөйлемнің ырғақты әуені.

7. Жеке сөздердің өздеріне лайықты үні.

8. Сөздің әсерңн сезіну.

9. Сөз жұмбақ түзу.

19

Тақырыбы: Сөз қолдану мәдениеті

Жоспары:


  1. Сөз қолданудың негізгі принциптері

  2. Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материалы

Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материялы. Құрылыс

материялынсыз үй салуға болмайтыны сияқты, сөзсіз сөйлем құрауға болмайды. Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы.

Жазуда сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда, оның стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, публицистикалық стиль мен ғылыми әдебиет стилінің сөздік құрамы бірдей емес: публицистикалық стильде жазылған газет – жұрнал тілі жалпы халыққа арналатындықтан, оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс, ал ғылыми әдебиет тілінде жалпыға ортақ сөздер мен қатар, жеке мамандыққа тиісті, жұрттың бәрі түсіне бермейтін сздерде қолданылады. Солардың ішінде әсіресе жеке ұғымды білдірген атаулар, термин сөздер көп болады. Мархұм З. Шашкиннің сөзімен айтқанда, “Бұрын біз әдеби тіл деп Абайдың тілін айтатын едік; Абай тілі бізге салмақтасақ – таразы, қарасақ – айна сияқты еді. Соңғы кезде одан айрылдық; кім қалай сөйлейді, кім қай жерде не естиді, соны алып жаза беретінді, әдебиетке енгізе беретінді шығарды. Мұны өздерінше тіл байыту деп ұғады”

Сөз мәдениетіне жетік болу үшін қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек. Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ. Сөзді көп білуге дарындылық, қабілет керек.

Тіл мәдениетіне жетік болу үшін сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білуде керек. Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағаналарын , мәндестік ерекшеліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиетін, еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек.

Газет – журнал, радио, телевизия, кітап – білімнің қайнар бұлағы. Мыңдаған адам олардан жалпы, арнаулы білім алумен қатар, сөз шеберлігін, сауаттылықты, сөзден сөйлем құраудың жақсы үлгілерінде үйренеді. Әсіресе «мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген Абай қағидасын жақсы ұғынған С. Мұқанов, М. Әуезов, Ғ Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты сөз шеберлерінің шығармалары тіл өнерін үйренемін деушілердің мектебі болып отыр.

Келешегінен мол үміт күтетін бір жас автор «қырық құлаш қыл шылбырдан аттың мойнына тұзақ салды» депті. Осы бір сөйлемде екі қате бар: біріншіден: Қыл шылбыр қырық құлаш болмайды; - қыл арқан қырық құлаш болуы мүмкін; екіншіден, қазақ аттың мойнына тұзақ емес, бұғалық салады, тұзақты құсқа құрады.

Р. Тоқтаровтың “Қара сөздің құдіреті” деген мақаласын оқысаңыз, бұданда өткен сорақылықтар табасыз. “Сан саралы үнді, қалың қатпарлы үлкен тірлікті суреттеп беруге өнер шоғыры, стиль шоғыры керек. Кейін ол өнер асыл шыны үйірген күн сәулесіндей бір жерге ұялап, адамның өзін алға жетеледі. Жүрегіне жүрек, миына ми қосты” Мұндай ешкім түсінбейтін сөйлемдер ешкімді ештеңеге үйретпесе керек.

Сөз қолданудағы стильдік қателердің бір түрі – бір сөзді әлсін - әлсін жұсай білуде. Әдетте ысылған жазушы бір сөзді қайта – қайта айтып жұртты ығыр қылмайды, бір сөзді бір сөйлемде мүмкін болғанынша екі рет айтпауға тырысады.

Сөз - тілдің аса керекті құрылыс материялы. Сөз жеке тұрғанда, жансыз жасық денедей дәрменсіз болып көрінеді. Оның жандана түсетінде, гүл – гүл жайнайтын жері де сөз тіркесі, сөйлем құрамы. Балықтың өмірі суда болатындай, сөздің де өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Сөздің осы табиғатын түсінген кісі оның өмір сүру дағдысымен есептеседі.

Сөздердің өзара тіркесу қаблеті әртүрлі: кейбір сөз аз сөзбен, кеибір сөз көп сөзбер тіркеседі. Мысалы, сын есім көпнесе зат есімдермен тіркеседі де, етістікпен оқта – текте тіркеседі. Соның өзінде кез келген сын есімді кез келген зат есіммен тіркестіруге болмайды. Мысалы, жазықсыз, жалқау, екіқабат сөздерін адам туралы – жазықсыз кісі, жалқау бала, екіқабат әиел деп айтуға болады да, “жазықсыз ағаш”, “жалқау тауық”, “екіқабат сыиыр” деуге болмайды. Сол сияқты, көмескі естіледі, көмескі сөз деуге болады, “көмескі шайнады”, “көмескі ат” деуге болмайды. Өйткені соңғылар өз ара мағаналық байланыстағы сөздер емес. Тіркескен сөздер әрі мағаналық, әрі синтаксистік байланыста жұмсалса ғана, айтылған ой өзгелерге барынша аян болмақ.


Бақылау сұрақтары

  1. Сөз туралы түсінік.

  2. Сөз қолданудың негізгі принцптері.

  3. Сөздің дұрыс жазу мәдениеті.

  4. Сөз және шеберлік.

  5. Сөз қолдануда стильдік қателер.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Сөз тілдің материялы.

  2. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті.

  3. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы ролі.

  4. Сөйлем және сөз.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


20 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Грамматика және тіл мәдениеті

Реферат тақырыптары

  1. Грамматика жайлы жалпы түсінік.

  2. Грамматика салалары.

  3. Грамматиканың қазақ тіліндегі орны.

  4. Грамматикалық тіркестер.

  5. Тіл мәдениеті жайлы жалпы түсінік.

6. Тіл мәдениетінің салалары.

7. Грамматикалық нормалар.

8. Грамматикалық ережелер.

9. Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу обьектісі.

10. Сөз жұмбақ

21



Тақырыбы: Әдеби тілдің тарихы туралы

Жоспары:

  1. Әдеби тілдің тарихы

  2. Әдеби тілдің қалыптасуы

Дүниедегі тілдердің таихы әдеби тілдің әр түрлі дәрежеде әр түрлі жолдармен қалыптасатынын көрсетеді. Кейде әдеби тіл сол халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалект түрінде қалыптасады.Мұндайда әдеби тілдің негізі болған диалект басқа диалекттілерден белгілі бір артықшылықтарымен ерекшеленеді. Мысалы Оның сөздік қоры басқалармен салыстырғанда бай болып келеді және ол диалектіде сол халықтың барлығына бірдей кең танылған әдебиет шығармалары т.б болып келеді.

Әдеби тіл бір ғана диалектінің негізінде қалыптасуы да мүмкін. Кейбір халықтардың әдеби тілдері жалпы халық тілдерінің негізінде оның барлық говорларының негізінде қалыптасады. Олардың біріне негізгі сөздік қоры бай болады, ал үшінші бір говорда грамматикалық құрылысы басқаларға қарағанда бір ізге түскен қалыптасқан болып келеді.

Әдеби тілдің қалыптасу жолдары тарихи жағдайларға байланысты бұлардан өзгеше болатынын көреміз. Кейбір халықтар тарихының белгілі бір кезеңдерінде әдеби тіл есебінде оның өз ана тілі емес, басқа тілдің, яғни экономикалық және саяси үстемдігін жүргізген елдің тілі қолданылады. Бұған мысалыға қазіргі Африка мен Азия мемлекеттерінің бір сыпырасында қолданылатын ағылшын, испан және француз тілдерн алуға болады. Әдеби тілдің тарихында белді ақын жазушылырдың орны ерекше.Олардың шығармаларының тілдік материалдары негізінде әдеби тілдің даму, қалыптасу процесін айқындауға болады. Әдеби тілдің тарихы халық ағарту жұмыстарының мәдениеттің ғылымның тарихы мен қоғамдық ой сананың даму тарихы мен байланысты. Осылардың жарқын сәулесі айқын көрінісі ұлы ақын жазушылардың шығармаларынан байқауға болады.Абай, Ыбырай,Сәкен, Мұқтар, Сәбит сияқты еңсесі өнегелі жазушылардың жаңа реалистік әдебиет үшін күресі әдеби тіл үшін де лүресі болып табылады. Әдеби тілдің тарихын бір ғана ақын не жазушының шығармашылығымен сөз өнерімен байланыстыруға болмайды. Өйткені М.Әуезов айтқандай әдеби тіл бір дәуірдің бір-ақ жазушысы мен бірге туып қана қоймайды ғой. Бұл ретте орыс әдеби тілінің негізі туралы айтқан орыс ғалымдарының пікірн алсақ олардың да еш қайсысы орыстың әдеби тілі тек Пушкиннен басталады деп айтқан емес.Рас орыс әдебиетін жасаудағы байытудағы Пушкин сөздігінің ерекше әсері болғандыцғын А.М.Горкий де атап көрсетеді.

Міне осындай қабілетіне тіл шеберлігінің тіл мәдениетінің өзгелерге өнегелі үлгілеріне қарап мысалы Пушкинді,Колосты,Абайды өз халықтарының әдеби тілдерін халық тілі негізінде дамытуға жаңа жол салды. Жаңа бағыт сілтеді деп танып оларды жаңа әдебм тілдердің негізін салушылар дкуге болады. 18-ғасырда көпке жайлылған жырлар тудырған Бұхар да 19ғасырдың басында асыл бай тілмен халықтық асқақ кесек жырлар тудырған Махамбет те қазақтың әлеуметтік тілінің үлгі өрнектері жоқ деуге бола ма. Әсіресе Қазан революциясынан бұрын қақақтың барлық өлеңдеоріндегі тіл байлықтары тұтасып бір келкі мол қазына болмай тұрған кезінде еңбек еткен Абайдың шығармалары әдебиет тілінің түгел негізін құра қойды деуге боло ма. Олардың да сөз қолдану үлгілерін әдеби тіліміздің жалпы даму жетрілу қлыптасу барысынан бөліп алып қарау қаншалықты орынды болмақ демек әдеби тіліміз жоғарыда көрсеткеніміздей бір ақынның тұсында не белгілі бір обылыс тұрғындарының тілі негізінде пайда болмай ұзақ жылдар бойы халық тілі негізінде пайда болды.



Бақылау сұрақтары

  1. Қазргі әдеби тілдің даму арналары.

  2. Әдеби тіл туралы түсінік.

  3. Әдеби тіл және жазба тіл.

  4. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

  5. Әдеби тіл және жүйелі тіл.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Әдеби тілдің қалыптасу жолдары.

  2. Әдеби тіл шеберлігі.

  3. Әдеби тілдің тарихы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ




Тақырыптар

Апталар

реті


Ұпайлар

Бақылау

түрі


1

Әдеби тіл туралы түсінік

8 апта

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет