Білім және ғылым министрлігі



бет5/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#5042
1   2   3   4   5   6

СӨЖ


2

Тілдің сөздік құрамы

8 апта




Сұрақ – жауап

3

Әдеби тілдің нормалары


8 апта

1

Реферат

4

Мәтін- тіл мәдениетінің көрсеткіші.

8 апта



Сұрақ – жауап


5

Сөз тіркестерін оқытуға қойылатын талаптар.

9 апта

2

СӨЖ

6

Диалектизмдер мен әдеби тіл

9 апта




Ой – бөліс

7

Синтаксис

10 апта

2

СӨЖ

8

Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.

10 апта




Сұрақ - жауап

9

Профессионализм.

10 апта

2

Коллоквиум

10

Сөз қолданудағы стильдік қателер.

10 апта




Ой – бөліс

11

Тұрақты тіркестердің қолданылуы.

11 апта

2

Реферат

12

Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.

11 апта



Сұрақ – жауап



13

Тұрақты тіркестер.

12 апта

2

Глоссарий

14

Сөз және шеберлік

12 апта




Ой – бөліс

15

Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты.

12 апта

2

Реферат

16

Негізгі дауыс сарыны

12 апта




Сұрақ – жауап

17

Дауысты дыбыстардың айтылуы.

13 апта

2

реферат

18

Мысал өлеңдер оқу

13 апта




Ой – бөліс

19

Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.

14 апта

2

реферат

20

Ертегілерді оқу.

14 апта




Сұрақ - жауап

21

Әңгіме айтып беру.

14 апта

2

коллоквиум

22

Драмалық шығарманы мәнерлеп .

14 апта




Ой – бөліс

23

Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.

15 апта




СӨЖ

24

Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.

15 апта




Тест
ОБСӨЖ 20 ұпай

22 Сабақтан тыс



Тақырыбы: Әдеби тіл туралы түсінік

Сөж тапсырмалары

  1. Әдеби тіл және жазба тіл.

  2. Әдеби тіл туралы түсінік.

  3. Әдеби тіл және жүйелі тіл.

  4. Әдеби тілдің тарихы тукралы.

  5. Әдеби тілдің қалыптасуы.

  6. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

  7. Қазіргі қазақ тілінде әдеби тілдің жұмсалуы.

  8. Әдеби тілдің қоғамдық қызметі.

23



Тақырыбы: Тілдің сөздік құрамы

Жоспары:

  1. Тілдік құрылымның элементтері

  2. Тілдік құрылымның деңгейі

“Тіл ” деген сөздің өзінеде бірнеше мағына бар: 1) тіл –жан-жануарлардың дәмді сезетін және сезетін және адамның сөйлеу дабасын атқаратын мүшесі;

2) тіл- соғыста жаудан алынған хабар немесе тірідей қолға түскен тұтқын; 3 ) тіл- уақытты көрсетіп тұратын көрсеткіш; 4 ) тіл- адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым.

Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды.

Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде ғана пайда болып, дамып жетіледі. Яғни тілді адамдар ұжымы-қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады. Ондай ұжымға ру, тайпа, ұлт, халық дейтін қоғамдық бірлестіктер жатады. Осыдан келіп ру тілі, тайпа тілі, ұлт тілі деген ұғымдар пайда болады.

Алғашқы ұжымдардың бірі- ру. Әр рудың адамдарының бір- бірімен қарым-қатынас жасайтын тілі болған. Туыстас бірнеше рудан тайпа құралған. Соған орай ру тілі тайпа тіліне айналған. Тайпалардан, яғни тайпалар одағынан халық құралған. Осыдан келіп тайпалар тілі халық тіліне айналған. Қоғамда бір ғана халық емес, бірнеше халық өмір сүруі мүмкін. Ендеше ол халықтар бірігіп ұлтқа айналып, одан ұлт тілі келіп шыққан. Тіл осындай қоғамдық бірлестіктердің тууымен бірге туып, бірге дамыған.

Тіл- адамзат ісінің барлық саласында және ткүнделікті тұрмысында бірлесіп жұмыс істеуіне, бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал. Бұл- тілдің әлеуметтік, қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамдық қызметімен бірге оның ойды жарыққа шығару қызметі де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді.Сонымен, қатынас құралы ретінде тілге анықтама беруде оның әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызмет етуі мен ойды жүзеге асыру қызметі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін оның коммуникативтік қызметі десе, ойды жүзеге асыру қызметін оның көркемдеуші, бейнелеуші, экспессивтік қызметі дейді.

Тілдің бұл екі қызметі-қарым-қатынас қызметі мен көркемдеуші, бейнелеуші, экспрессивтік қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепші болады. Мысалы, басқа тілді білу үшін адам ең алдымен сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, оның тілін үйрене бастайды. Тілді әбден үйреніп алғаннан кейін ғана ол сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығаруды іске асырады.

Әрбір елдің өз ішінде мемлекеттік маңызы бар іс-қағаздары осы елдегі көбірек тараған тілде жүргізіледі. Мұндай тілдерді мемлекеттік тіл деп атайды. Мәселен, қазіргі қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Кейде осы тіл бір мемлекеттің шеңберінен шығып, көптеген елдің қатынас құралына айналуы мүмкін.

Сөйлеу мен тіл әдетте бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ та екеуі бір нәрсе емес. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу-сол тілді пайдалана білудің әр түрлі амалдары мен жолдары. Сондықтан, мектеп мұғалімдері оқушыларға белгілі бір тілдің құрылымы мен жүйесін үйретеді, оқуышлардың сауатты жазуын, салауатты сөйлеуін қадағалап, тілін ұстартады.

Тіл екі тұрғыдан білу керек: бірі-практикалық тұрғыдан, екіншісі ғылыми тұрғыдан. Тілді практикалық тұрғыдан білу дегеніміз- белгілі бір адамның кемінде бір немесе бірнеше тілде сөйлеп, жаза алуы. Ал ғылыми тұрғыдан білу дегеніміз- белгілі бір адамның бір немесе бірнеше тілдің ғылыми негізін-дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылымы мен жүйесін, соларға тән барлық нормаларды ғылыми тұрғыдан меңгеруі. Бір тілде емін-еркін сөйлейтін адамдардың бәрі ол тілдің ғылыми негізін білу шарт емес.


Бақылау сұрақтары

  1. Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі.

  2. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілері.

  3. Граматикалық тіркестер.

  4. Сөйлем құрауға негіз болатын сөздер.

  5. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың материялы.

  6. Кірме сөздер.

7. Сөздік құрам және оның дамуы

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Терминдер.

2. Сөздік құрам және оның дамуы

3.Сөз тіркесімділігі оның мәні мен қасиеті.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



24 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Әдеби тілдің нормалары

Реферат тақырыптары

  1. Тілдік норма туралы түсінік.

  2. Әдеби тіл нормасы.

  3. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жататын сөздер.

  4. Диалктизмдер.

  5. Орфоэпиялық норма.

  6. Лексикалық норма.

  7. Әдеби тіл нормасы.

  8. Грамматикалық норма.

25



Тақырыбы: Мәтін- тіл мәдениетінің көрсеткіші

Жоспары:

  1. Мәтін туралы түсінік

  2. Мәтіннің түрлері

  3. Мәтіннің құрылысы

Әр бір адам қарым қатынас үрдіснде ой пікірін бөгде бірнуге жүйелі жеткізуде және сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлемғ, ал сөйлемдерден мәтін түзейді.

Тіл мәдениеті мәтінді дұрыс құрумен тікелей байланыста. Айтылатын пікір және сөздермен сөйлемдермен берілмейді, тұтас мәтін арқылы жеткізіледі. Міне сондықтан әрбір мәдениетті адам оның түрлері мен құрылысын ерекшеліктері мен белгілерін т. Б білуге тиіс

Мәтіннің өзіндік белгілері жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Мәтіннің негізгі категорияларына Тальперин хабар тұтастық уақыт бірлігі моталдың категорияларын жатқызады.

Ал бұл категориялардың мазмұны түрлері берілу жолдары мен формалары түрлі мәтінде әр келкі келеді .Мысалы хабар көркем мәтінде бір түрлі берілсе ғылыми тексте екінші түрде ал көркем әдебиет стиль мәтінде басқаша түрде беріледі.

Мәтінні үш түрі бар: Хабарлау, Сипаттау және пікірлеу.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған себеп –салдарлық байланысқа түскен оқмғалар жөнінде баяндалады. Бұл көркем- әдеби жанрына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады.

Хабарлау мәтнінде іс-әрекеттер тұрмыс тіршілігі келтіріледі. Тағы бір ерекшелік мұнда ең басты оқиғалар мен фактілерге айрықша көңіл беріледі.

Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі . Мәселен кейіпкердің кейпі түр тұлғаы табиғат суреттері сипаттауға жатса ой қорытындылары пікірлеуге жатады.

Сипаттау мәтінінде кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері қоршазған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі. Сондықтан бұл тексте сын есімдер молынан пайдаланады.

Пікірлеу мәтіні деп , бір нәрсені дәлелдеу, бекіту, мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі . Пікір айту мәтіннің қиын формасы. Өйткені ең алғаш болжам айтылады. Алынған көзқарастың зерттелу, дәлелдену барысы баяндалады, соңында ұсынылған болжам тәжірибиеде дәлелденеді ме жоққа сол тураы ой қорытындысын жасайды. Ал мәтіннің көркемдік құрылымы тіл құралдарын пайдалана отырып оның дара және универсал мағаналарының бейнеленуі.



Бақылау сұрақтары

  1. Мәтін жайлы жалпы түсінік.

  2. Мәтіннің өзіндік белгілері.

  3. Мәтінді дұрыс құру.

  4. Мәтіннің негізгі категориялары.

  5. Мәтінің түрлері.

  6. Хабарлау мәтіні.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Сипаттау мәтіні.

  2. Пікірлеу мәтіні. Мәтіннің құрылысы.

  3. Мәтіннің көркемдік құрылымы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



26 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Сөз тіркестерін оқытуға қойылатын талаптар

СӨЖ тақырыптары

  1. Сөйлем мен сөз тіркестерінің айырмашылығы.

  2. Сөз тіркесі туралы мәлімет.

  3. Сөз тіркесі мен фразалық тіркестердің айырмашылығы.

  4. Сөйлем құрауға негіз болатын сөздер.

  5. Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі.

  6. Сөз тіркесімділігі оның мәні мен қасиеті.

  7. Сөз тіркесі мен идеомалық тіркес.

27

Тақырыбы: Диалектизмдер мен әдеби тіл

Жоспары:

  1. Диалектизм туралы түсінік

  2. Әдеби тілде кездесетін диалект сөздер

Әдеби тіл дамыған сайын оның сымбаттылық қасиеті арта түседі. Тілдік норма дегеніміз “әдеби” деген ұғыммен тайталас айтылады. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары – “тілдік норма” дегенге жатады. Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулар, ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып есептеледі. Сондықтан “әдеби тіл”, “әдеби емес тіл” дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз.

Біз тілді нормаландыру дегенді уағыздағанда, тілдің икемділік қасиетін жойып, сірідей сірестіріп қоюды көздемейміз, тілдің икемділік қасиетін арттыруды көздейміз. Тіл материялдары сұрыпталып, бүкіл халыққа тегіс түсінікті, әрі ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға болады.

Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да, сөздің айтылуынан да, грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да, сөйлем құрауда да қысқасы, тілдің өн бойында болуға тиіс.

Тілдің нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады. Бірақ ол процесті жеделдететін кез-әдеби тілдің еркін, жан-жақты даму жолына түскен кезі. Қазақ әдеби тілінің әртүрлі даму кезеңінде әртүрлі нормалар болды.

Әдеби тілді нормалау, қалам қайраткерлерінің, ғылым қызметкерлерінің күшімен баспасөз, метеп, радио, телевизия арқылы іске асады. Тілді нормалау дегеніміз-бір жағынан, тілде барды сол күйінде қалыптастыру болса, екіншіден, тілде барды өзгертіп қалыптастыру, үшіншіден, тілде жоқты, бірақ әдеби тіл үшін керекті жаңадан енгізіп, қалыптастыру болады.

Сөйтіп, әдеби тілдің нормасы дегенді былай анықтауға болады:

Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз.

Сөз байлығы-тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының жұмсалу аясы бідей емес. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі-ақ әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қойды, немесе өте сире қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: Шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүдә сөздері бұрынды-соңды жазушылардың шығармаларында кездеседі, бірақ олар әдеби еместе, - қала және қораз, ылғи, әр уақытта, өне бойы сөздері әдеби.

Көптеген сөздер осы күнге дейін әдебиеттен берік орын ала алмай, қиыр-шиыр болып жүр, бірталай сөздер екі-үш вариантта айтылып, солай жазылып берекесі қашып жүр. Мысалы: Масқара-машқара, тізе-дізе, домалақ-дұмалақ, шүберек-шүперек, диірмен-тиірмен. Сөйлеу тілінде бір сөздің осылай, түрліше айтылуы, сөздің бұзылып айтылуы. Ал әдеби тілде де солай болса, - оңбағаны.

Сөйтіп “лексикалық норма” дегеніміз - әдеби тілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағанада жұмсалуы.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:


  1. Диалектизмдер:




Әдеби

Диалектизм

Жаңғақ

Жүгері


Ылғи

Көрпе


Тәрізді

Балапан


Тақия

Барлығы


Шаттауық

Борми


Бойлай

Жауырқан


Ірәуішті

Шіби


Тебетей

Әммасы


  1. Профссионализмдер: Жергілікті халықтардың кәсібіне, шаруашылығына байланысты сөздері болады. Мыс: Баубақша, мақта, күріш шаруашылығымен кәсіп ететін Оңтүстік аудандарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, собық, қарық, атыз т.б.

  2. Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер. Бұлар-әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы.

Баяу дауыспен жайбарахат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын – орфоэпия дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Сөздерді әдеби тілдегі жалпыға бірдей ортақ нормада айтып сөйлеу – кісінің тіл мәдениетінің жоғары екендігінің белгісі.

Сөздердің айтылу нормасы былай болу керек: Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, айтылғанның бәрі – норма – бәрі дұрыс. Құлаққа жат, көңілге қонбайтын, бұлдыр, оғаш, түсініксіз, дөрекі айтылғанның бәрі-нормаға жатпайды, дұрыс емес.

Қазақ сөздерінің айтылуында өзіндік әсем үн бар. Қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мыныда:

Сөздердің құрамындағы дыбыстар өзара үндесіп, біріне – бірі ықпалын тигізе айтылыды. Сөйтіп, қазақ тілі сөздерінің айтылыуы мен жазылуы әр уақытта бірдей бола бермейді: көп сөздердің айтылуы мен жазылуы арасында көп айырмашылық болмаса, бір қатар сөздер айтылуы бойынша жазылмайды және жазылуы бойынша айтылмайды. Мысалы:



Айтылуы

Жазылуы

Құлұн

Жүрөк


Жұмышшы

Ауышша


Құлын

Жүрек


Жұмысшы

Ауызша


Бақылау сұрақтары

  1. Професионализм.

  2. Дөрекі сөздер.

  3. Жаргон сөздер.

  4. Былапыт сөздер.

  5. Әдеби тілдің тарихы.

  6. Әдеби тіл мен диалектизмнің айырмашылығы.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Диалект туралы түсінік.

  2. Диалектінің аясында пайда болған әдеби тіл.

  3. Әдеби тілде кездесетін диалект сөздер.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



28 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Синтаксис

СӨЖ тақырыптары

  1. Синтаксис туралы түсінік.

  2. Синтаксистік зерттеу.

  3. Синтаксистік талдау.

  4. Сөз және сөз тіркесі.

  5. Сөздердің байланысу түрлері.

  6. Сөздердің байланысыу тәсілдері.

  7. Сөз тіркесінің түрлері.

  8. Сөз тіркесінің лексика – грамматикалық байланысы.

  9. Сөйлем.

  10. Сөйлем мүшелері.

  11. Сөйлемнің тұралаулы мүшелері.

  12. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

  13. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

  14. Жалпылауыш сөздер.

  15. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.

  16. Оқшау сөздер.

  17. Жай сөйлемнің түрлері.

  18. Құрмалас сөйлем.

  19. Салалас құрмалас сөйлем.

  20. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем.

  21. Сабақтас құрмалас сөйлем.

  22. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  23. Аралас құрмалас сөйлем.

29

Тақырыбы: Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып

беру

Жоспары:

1. Әңгімені құрастыру мақсаты

2. Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрді өз сезімен айтып беру
Жоғарыда айтылғандай бастауыш кластың «Ана тілі» оқулығында көркем шығарманың барлық жанрларын қамтитын шағын әңгіме, ертек, өлең, сықақ, мақал мен мәтел, диалогқа құрылған текстер көп. Осы шығарма түрлері мен тақырып мазмұны арқылы баланың ойлауын дамытып, ойын жүйелі жеткізуге тәрбиелейміз. Сөйлеу тілі ойлаудың нәтижесі болатындықтан, бала түсініп дұрыс оқығанда ғана оқығанын әңгімелеу дәрежесіне көтеріледі. Сондықтан оқулықтағы материалдардын, орналасуына сай, әңгімелеу үлгісі де жүйелі жүреді.

Алғашқы кезде балалар не оқыса соны мүмкіндігінше сөз қалдырмай айтып беруге тырысады. Сол себепті мұғалім алғашқы күндерден бастап тақырып ішіндегі жазьшған сөйлемдерді тастамай, оркын ауыстырмай, сөзбе-сөз әңгімелеу міндетті емес екенін айтып, түсінгенін сол тақырып көлемінен шығып кетпей әңгімелеп беруге үйретеді. Бұндай жаттығулар біраз уақыт алуы мүмкін. Мұғалім асықтырмай, қалыптасу, дағдыға айналдыру уақытын есеппен жүйелі ұйымдастыра білсе, шеберлікпен жұмыс түрлерін турлендіре алатын болса түпкі нәтижесі жаман болмайды.

Мұғалімнің балалар алдында өткелі отьірған тақырыбын мәнерлеп оқып бергеннен кейін, арасын суытпай іле-шала әңгімелеу әдісінің бірі — текске жуық әңгімелеу үлгісін алайық. Оқушылар алдында әңгімелеу үлгісін мұғалімнің үнемі өзі көрсететін болғандьщтан үйден даярланып келеді. Тақырыпты творчестволықпен текске жақын әңгімелеу үшін не істеуі керек, барлығы талданып, жоспарланып, жүйеленіп алынады. Орқушылар алдында мұғалімнің әңгімесі, әсіресе, дайын тақырыпты әңгімелеуі творчестволық әдіс.

Балалар аудиториясы өте сезімтал, әсершіл. Сондықтан мұғалімнің әрбір сөзі, сөйлемі, әңгімелеу үлгісі балаға ерекше әсер етеді.

Мұғалім фонетикалық, орфоэпиялық заңдылықты сақтап сөйлеп, сөз, тіркес екпінін дұрыс қойып, балаларға жағымды үнмен сөйлеп, әңгіменің мазмұн-мағынасына қарай дауыс ырғанының мәнерлі болуына аса көңіл бөледі.

Ы. Алтынсаринның 2-класта өтілетін «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін әңгімеледі дейік.

1. Сабақта кіріспе кезінде өрмекші, құмырсқа, қарлығаштардың суреті, тіршілігі, пайдасы сөз етіледі.

2. Сөздік жүргізіледі.

3. Сұрақ-жауап арқылы олардың пікірін біледі.

Мәнерлеп оқылады.

Мұғалім текске жуық творчестволықпен әңгімелеп береді.

Осы әңгімелеуге мұғалім қалай даярланады. Әрине, алдымен талдап алады. Текстегі жазылған счөйлемді сөзбе-сөз жаттап айтудан өзін де, баланы да сақтандыру керек. Ойлана отырып тексте айтылмаған, бірақ өзінен өзі тексті мағынасына сай сұранып тұрған жайларды творчестволықпен жымдастырып әңгімелеуге болады екен. Бұл әңгімеде айтылмай тұрған жаз мезгілі. Бірақ уақиға жаз мезгілінде өтіп жатқаны белгілі. Әкесі баласына сұрақ қойып, назар аудартуы неге қажет болды екен деп ойланар болсаң, ол да түсінікті. Әкенің өмірден көргені көп, тәжірибесі мол. Айналасына ойлана көз тастап, көңіліне түйіп, табиғаттың әрбір құбылысын ой елегінен өткізіп келеді. Ал баласы ше? Балада еш нәрсеге жауапкершілікпен қарау, ой бөлу жоқ. Оның ойы басқа жақта. Әке баласының бос белбеу болып өсіп келе жатқанына қынжылады. Бүгін әдейі егістікке ме, шабындыққа ма, бақшаға ма ертіп болуы керек. Сол себепті де табиғаттағы ең кішкене жәндіктердің тірлігіне назар аудартып ойландырғысы келеді емес пе? Міне, нағыз көрнекілікі Мұғалім осылай біршама талдап алғаннан кейін, балаларға текстен көп ауытқымай, әңгімелеп беруге даярланады. Бұндай творчестволық әңгіме баланы ойландырады. Себебі, тексті өздері класта оқып талдаған кезде, мұғалімнің әңгімесіндегі кейбір сөздер, сөйлемдер жоқ болып шығады. Әңгімені осылай да әңгімелеуге болады екен ғой деген балаларға ой туады, біртіндеп төселе бастайды. Мұғалімге еліктемейтін, мұғалімін үлгі тұтпайтын шәкірт болмаса керек.

Практикалық жұмыс үлгісі ретінде осы тақырыпты он бес оңушы (практикант) әр түрлі нұсқаларымен әңгімеледі. Тұпнұсқасы бір-екі әңгімелеу үлгісін келтірейік. Әңгіменің тұпнұсқасы:
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Әкесі он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан бірнеше сауал сұрайды:

— Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?

— Көремін, әке, ол өрмек тоқып жүр.

— Анау құмырсқаны көремісің?

— Көремін, аузында тістеген бидайы бар, жүгіріп кетіп барады.

— Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?

— Жоғарыда карлығаш үшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар.

—- Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі, саған ғибрат. Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр. Ұстап алған соң, оны өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ тасып жүр. Тапқанын өзі жемей, аузына тістеп, қуанғанынан ініне жугіріп, қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп тасып жүр.

Міне, көрдің бе, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уаңытыңды бекерге жіберме. «Еңбек етсең — емерсің» — деген. (Ы. А л т ы н с а р и н).

Осы әңгімені текске жуық әңгімелеудің 1-нұсқасы:

Жаз мезгілі. Құлаққа құстардың салған әсем әні, бұлақтың сыбдыры естіледі. Айнала маужыраған тыныштық. Әкесі мен баласы жол үстінде аяққа тиетін тастарды теуіп, ойнап келеді.

Баланың қылықтары әкесін қатты ойландырды. Баласын тоқтатып жол жиегіндегі дән тасып шұбырған құмырсқаға, жағалай құрып тастағаң өрмекшінің торына, аспанда шөпті көлденең тістеп үшып жүрген қарлығашқа назар аударуын талап етті. Олардың не істеп жүргенін сұрады. Баласы қиналмастан:

— Барлығын көріп тұрмын. Өрмекші өрмек тоқып жүр. Құмырсқа бидай тістеп жүгіріп барады. Қарлығаш шөп тістеп ұшып жүр,— деп жауап қайырады.

Әкесі баласын ойландыра түсті.— Міне, көрдің бе, ең кішкентай жәндіктердің өзі ертеден кешке дейін тынымсыз еңбек етіп жүр. Еңбек өте кішкентай, қарапайым істерден басталады. Балам, сен де бекерге жүрмей, еңбек етуді үйрен. «Еңбек етсең, емерсің» деген, - депті.

Осы тақырыпты әңгімелеудің 2-нұскасы: Жаз мезгілі болатын. Әке мен бала даладағы қалың өскен шөптердің арасындағы жолмен келе жаттьі. Баласы әкесінің алдында жиектегі шөптердің басын жұлып лақтырып, ысқырып келе жатты. Ал әкесі жан-жағьндағы табиғатқа аса мән беріп, ой үстінде келеді. Ол баласына қатарласып;

— Балам, мынау құмырсқаны, анау өрмекшіні, аспандағы ұшып жүрген қарлығашты көремісің? Олар не істеп жүр?— деп сұрайды.

Баласы:


— Кәремін, әке. Өрмекші өрмек тоқып жур.

Құмырсқаның аузында тістеген бидайы бар, жүгіріп барады. Қарлығаштың тістеген шөбі бар,-—деп, көріп тұрғанын айнытпай айтып береді. Сонда әкесі баласының аркасынан қағып:

— Олай болса, балам, осы кішкентай жәндіктердің ісінің өзі саған үлгі боларлықтай екен. Қарашы, өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып ұстайды, азық етеді. Құмырсқа тапқанын өзі жемей, балаларына жеткізуге асығып барады. Қарлығаш болса, ұя салуға шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген біреуі жоқ. Не деген еңбек сүйгіш десейші! Балам, сен де уақытыңды босқа өткізбей, еңбек етуге дағдылан. «Еңбек етсең, емерсің»,— депті.

Осы әңгімені текске жуық әңгімелеудің З-нұсқасы.

Жаздың бір жайма-шуақ күнінің бірінде әкесі мен он жасар баласы далада келе жатады. Өмір бойы еңбекпен күн өткізген әкесі, баласының өзі сияқты еңбекқор болып ескекін армандайды. Бүгін баласын алғаш рет егістікке ертіп шыққан еді. Бір кезде баласына мынадай сауал қояды:

— Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр? Анау құмырсқаны көремісің? Жоғары қарашы, аспанда не керінеді?— деп сұрайды.

Баласы зеректік танытып, әкесінің сұрағына толық жауап қайтарады. Әкесі баласына ризалық сезіммен толығырақ түсіндіреді. Өрмекші торыкан шыбын-шіркей аулап, тамақтанады. Құмырсқа қысқы азығын жазда жинап алып, бала-шағасын қыстай асырап шығады, Қарлығаш ұя жасау үшін шөп тасып жүр,— дейді. Міне, табиғатта еңбек етпейтін тірі жан жоқ. Бәрі еңбек етеді. Балам, осыларды үлгі-өнеге тұт, еңбек істеуге дағдылан. Халық: «Еңбек етсең, емерсің» — дейді. Еңбек етсең ғана ел-халқыңа сыйлы азамат боларсың,—депті.

Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрді өз сезімен айтып беру

Қазіргі кезде бастауыш кластың ана тілін оқыту методикасында кейбір методистер оқу техникасын жетілдіруден гөрі мұғалімдер текстің мазмұнын айтып беруге баса назар аударады деген пікір айтып жүр. Рас, мектепте әңгімешіл мұғалімдер баршьшық, Бірақ олар кез келген оқулықтағы тақырыптарды әңгімелеудің үлгісін қалай жасап жұр, класс оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, психологиялық жағынан бақылап, дидактикалық талап тұрғысына сай басты талаптарды орындап жүр ме? Мәселе осында болса керек.

Мәнерлеп оқып беру мен оқығанды әңгімелеп берудің бір-бірінен айырмасы көп. Әңгімелеу кезінде баланың жас ерекшелігін, ақыл-ойының дамуын ескере отырып әңгімелеу қажет. Еркін баяндау түрінде жүйелеп алып, ең, бастысын бала ұғымына сай өз сөзімен айтып береді. Әрбір кластың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан әрбір класс оқушыларының осы ерекшелігін ескере отырып, жүйелі түрде ең негізгісін әз сөзімен айтып беруге дағдыландырады. Әңгімелеп беруші мұғалім текстің мазмұнын беріле оқып, тыңдаушыны эмоциялық сезімге жетелейді. Тыңдаушылардың да ерекшеліктеріне сай сөз қолдануды өзгертіп, дауыс интонациясын құбылтып, тіпті мимикалық қимылдарды да қатыстырып, шығарма мазмұнына сәйкестендіре қолдану шеберлігін де пайдаланады.

Сондықтан мұғалім сөйлеу мәдениетін игерген, әдеби тіл үшін қалыптасқан орфоэпиялық, грамматикалық, стилистикалық заңдылықтарды меңгерген болуы керек. Өйткені, балалар сөзді дұрыс айтуды ересек адамдардан, мұғалімнің сөзіне еліктеуден үйренді. Кіші жастағы 1-класс балаларына жас ерекшелігін ескере отырып, балаға түсінікті қарапайым тілмен әңгімелеп берген дұрыс. Көбіне күрделі ұзақ сөйлемге құрмай, жай сөйлемдерді пайдаланып, сейлем ішіндегі сөз , тіркестерінің, фразалық тіркестердің біртіндеп үрделене түсіне назар аударып, жетілдіріп отырады.

Бақылау сұрақтары

1. Әңгімені құрастыру мақсаты.

2. Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрді өз сезімен

айтып беру.

3. Әдеби шығармалардың өзіндік ерекшеліктері.

4. Әдеби шығармалаврда қолданылатын әдіс тәсілдер.

5. Әдеби шығармалардың мазмұндылығы.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрді өз сезімен айтып беру.

2. Әдеби шығармалардың өзіндік ерекшеліктері.

3. Әдеби шығармалаврда қолданылатын әдіс тәсілдер.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

30



Тақырыбы: Профессионализм

Коллоквиум тапсырмалары

1. Профессионализм туралы мәлімет.

2. Кәсіби сөздер.

3. Дөрекі сөздер.

4. Жаргон сөздер.

5. Термин сөздер.

6. Шет тілден енген терминдер.

7. Кәсіби сөздердің әдеби баламасы.


31

Тақырыбы: Сөз қолданудағы стильдік қателер

Жоспары:

1. Стиль туралы түсінік

2. Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы

Сөз қолданудағы стильдік қателердің бір түрі – бір сөзді әлсін - әлсін жұмсай білуде. Әдетте ысылған жазушы бір сөзді қайта – қайта айтып жұртты ығыр қылмайды, бір сөзді бір сөйлемде мүмкін болғанынша екі рет айтпауға тырысады.

Сөз - тілдің аса керекті құрылыс материялы. Сөз жеке тұрғанда, жансыз жасық денедей дәрменсіз болып көрінеді. Оның жандана түсетінде, гүл – гүл жайнайтын жері де сөз тіркесі, сөйлем құрамы. Балықтың өмірі суда болатындай, сөздің де өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Сөздің осы табиғатын түсінген кісі оның өмір сүру дағдысымен есептеседі.

Сөздердің өзара тіркесу қаблеті әртүрлі: кейбір сөз аз сөзбен, кеибір сөз көп сөзбер тіркеседі. Мысалы, сын есім көпнесе зат есімдермен тіркеседі де, етістікпен оқта – текте тіркеседі. Соның өзінде кез келген сын есімді кез келген зат есіммен тіркестіруге болмайды. Мысалы, жазықсыз, жалқау, екіқабат сөздерін адам туралы – жазықсыз кісі, жалқау бала, екіқабат әиел деп айтуға болады да, “жазықсыз ағаш”, “жалқау тауық”, “екіқабат сыиыр” деуге болмайды. Сол сияқты, көмескі естіледі, көмескі сөз деуге болады, “көмескі шайнады”, “көмескі ат” деуге болмайды. Өйткені соңғылар өз ара мағаналық байланыстағы сөздер емес. Тіркескен сөздер әрі мағаналық, әрі синтаксистік байланыста жұмсалса ғана, айтылған ой өзгелерге барынша аян болмақ.

Стиль ұғымы сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Стиль – ол белгілі бір қатнастың түрінде тілдік эдиницаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жекізу мәнерінің көрінісі.

Стиль – тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принціпі жоқ. Сөйтіп стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құлралдардың жүйесі.

Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қлыптасады. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармалады, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл – демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жұмсады Б. В. Белинскии, Н. А. Добролюбовь. Н. Г. Черничевскии сияқты сыншы пулицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады.

1920 жылдары республикалық тұңғыш газет «Еңбекші қазақ» шыға бастайды. Бұл тұста қазақ публисцистикасы жаңа белеске көтеріледі.

Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Публицистикалық шығармаларда еліміздің ішкі сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады. Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет.

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.

Көркем әдебиет – «сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство» Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі - әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы – тіл. Жазушылар да құрылысшылардың кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқтандырып өмірдегі сан алуан құбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оның жалпы хаықтық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты.

Жазушының стилі – көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазушының стиль ерекшелігі, оның өзінің өмір тануына, шығармасының идеялың мазмұнына сай жалпы халықтық тіл қазнасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады.

Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатнас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі біріңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбнесе сол үлгі бойынша жазылады.

Ресми стильдің көлем, мазмұн және жзылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбнесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғарғы Совет Указы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жатады.

Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильге зерттеу объектісі болатын – зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ғылым ылғи алға басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуы мен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз – неологизмдер.

Бақылау сұрақтары


  1. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті.

  2. Аз сөзбен көп сөздің тіркесуі.

  3. Сөз өрнегін бұзып айту.

  4. Сөздерді қолданудағы қателесу.

  5. Сөздерді орынсыз жұмсау.

  6. Сөз мағаналарының жұмсалуы.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Тұрақты тіркестердің қолдануы.

  2. Сөз- тілдің аса керекті құрылыс материялы.

  3. Қазақ тіліндегі мәндес сөздердің бірдей қолдануы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



32 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Тұрақты тіркестердің қолданылуы

Реферат тапсырмалары.

  1. Фразеологиялық тіркес.

  2. Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу.

  3. Тұрақты тіркестердің ауыспвлы мағынада жұмсалуы.

  4. Идеомалардың білдіретін мағынаысы.

  5. Көркем әдебиетте тұрақты тіркестер.

  6. Сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестерінің айырмашылығы.

33



Тақырыбы: Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды

пайдалану

Жоспары:

1. Сөзді мәнерлеп айтудың элементтері: екпін, интонция, дауыс

күші т.б.

2. Тілдің бейнелеу тәсілдері

3. Сөйлеуде көркемдеуіш құралдарды пайдалану

Сөз әсірелігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: 1-шісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшіндұрыс қойып айтуға байланысыты болса, 2-шісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса, солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар.

Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «Сөзі мірдің оғындай екен» , «Сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен», деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамдарды «ынжық, аузынан сөзі қойныан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қытымырланып сөйлеудісән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы,даусы тыңдаушыға жағымды болса,онда зер сала тыңдайды. Ал оының үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды. Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой – пікіріне аудара алу – сөйлеушіге жүктелген міндеттің нәтижелі болуның басты шарты. Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.



  1. Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

  2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгіштеніп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

  3. Сөйлегнде, әрбір сөз анық, дәл, айқын, естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмасы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезінетін болсын.

  4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, дауыс күші, дауыс темпі тағы басқаларын жақсы меңгеру қажет.

  5. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен ойдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Бақылау сұрақтары

  1. Жұрт алдында сөйлеу қағидалары.

  2. Тыңдаушыны еліктіре білу.

  3. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы.

  4. Сөйлеу кезінде қолданылатын көркемдеуіш құралдар.

  5. Сөз әуені.

  6. Ойды жеткізудің негізгі элементтері.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

  1. Сөйлеу кезіндегі алдын ала дайындық.

  2. Сөйлеу кезінде қолданылатын бейнелеуіш құралдар.

  3. Метафора тәсілі арқылы сөйлеу.

  4. Метонимия арқылы сөйлеу тәсілі.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ



34 Сабақтан тыс

Тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Голссарий тақырыптары

  1. Фразалық тұрақты тіркестер.

  2. Тұрақты тіркестердің емлесі.

  3. Идиомалық тіркестер.

  4. Тұрақты тіркестердің бөлінуі.

  5. Фразеологизм.

  6. Тұрақты тіркестердің қолдануы.

  7. Идеома мен фразаның айырмашылығы.

35



Тақырыбы: Сөз және шеберлік

Жоспары:

  1. Сөз туралы түсінік

  2. Сөз мәдениетіне жетік болу

Сөз – көркем әдебиет тұрғысынан алғанда, жазушының, ақынның әсем шеберлігінің материалы, ол – көркем суреттің, обаз жасаудың сырлы бояуы. Оны жазушы таңдап, талғап пайдаланбаса, әдебиеттің эстетикалық қасиеті, тәрбиелік әсерібарынша солғын, көркемдік сапасы төмен болады. Көркем әдебиеттің сөз байлығы мол, әр жақты және таңдамалы болса екен деген талаптар қойылады. Көркем шығарма тілі - жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар, эстетикалық сезімнің, образды ойдың да тілі, сондықтан оған ерекше талғам қажет – ақ. Бұл арада жалпыға бірдей өлшем табу да қиын. Әрбір суреткердің тілдегі сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып келеді: біреу білмеген сөзді біреу біледі, бір сөзді әр ақын жазушы өзінше «үндеуі» , түрлі – түрлі мағыналық орайда қолдануы мүмкін. Демек қандай да бір сөз шеберлері болмасын, олардың әрқай сысы сөз пернесін

Сөз байлығы – тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының жұмсалу аясы бірдей емес. Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтық қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің әр алуан терминдерінен құралады.

Сөйлеу тілімен әдеби тіл тығыз байланыста болатындықтан, екеуіне де ортақ сөздер көп бірақ сөйлеу тілінде олар ауытқығыш құбылмалы болады. Мысалы: Қазақ тілінде “шаруа” сөзі бұрынан бар болатын. Оған шылық қосымшасы жалғанып “шаруашылық” сөзі жасалады.

Қазақ тілі лексикасының негізінен баю, толығу жолы екі түрлі:



  1. Тілдің ішкі мүмкіншіліктерін пайдалану.

  2. Басқа тілдің әсері.

Басқа тілдің әсері дегенде, сөздік құрамға қазір сөздер негізінен орыс тілінен енеді, олар-ғылым мен техника саласына байланысты терминдер. Қазір жаңа ұғымдардың атауын беруде қазақ тілінің ішкі мүмкінідктерін барынша пайдалану тенденциясы басым. Тіл тәжірбиесінде жаңа сөздер қалай жасалады ?

  1. Жұрнақ арқылы. Бұл тәсіл қазіргі қазақ тілінде ең өнімді тәсіл. Жаңа сөз жаауға жиі қатысатын қосымшалар: -шы,-ші, -ма,-ме,-ба,-бе, -па,-пе, -қыш,-ғыш, -ым,-ім, -ды,-ді, -лық,-лік т.б.

  2. Сөздерді біріктіру арқылы: жағажай, ақжайма, жолсапар, өнертабыс, сәлемхат т.б.

  3. Сөздердің қосарлануы арқылы: аспапшы-слесарь, ақылшы-ұстаз т.б.

  4. Сөздерді тіркестіру арқылы: алтын кітап, дөңгелек стол.

  5. Бұрынғы сөзге жаңа мағана үстеу: сапар (визит), қонақасы, т.б.

Өмірдің әр саласынан пайда болып жататын жаңа мағыналы сөздер бірден әдеби тілдің үлесіне тимейді. Жаңа сөздердің нормаланып, әдеби тілідің игілігіне айналу үшін негізінен мынадай шартар қоямыз:

  1. Жиілік.

  2. Мағына жүйелілігі.

  3. Тілдік модульдерге сай келуі.

  4. Тіл тәжрибесіндегі қажеттілік.

Архаизмдерге қарам-қарсы құбылысты атаған сөздерді неолгизмдер дейміз. Олар- тілдің сөздік құрамына енген жаңа сөздер, мысалы: жердің жасанды серігі, космодром, теледидар, оқулық, көрермен, оқырман, аялдама, балмұздақ, қырғи қабақ соғыс , елтаңба т.б.Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады.

Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы бері жаңа қолданысқа ие болған сөздер күн санап көбейе түсуде, мысалы: сынып, әдіс, әдістеме, ұлан, заңгер, әуежай жәрдемақы, зейнетақы т.б.



Бақылау сұрақтары

1. Сөз туралы түсінік.

2. Сөз мәдениетіне жетік болу.

3. Көркем әдебиетке тән шеберлік тәсілдер.

4. Әдебиет тілінің шеберлік сипаты.

5. Тілдік тәсілдердің түрлері.

6. Бейнелеу тәсілдері.

7. Әсірлеу тәсілдері.

8. Көркем шығарма тілінің мәнділігі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.


  1. Көркем шығарма тілі.

  2. Көркем әдебиетке тән шеберлік.

  3. Әсерлеу тәсілдеріне түсінік беру.

  4. Сөз өнерінің шеберлері.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ- жауап

2. Тест

3. Сөз жұмбақ


36

Тақырыбы: Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты.

Реферат тақырыптары

  1. Ауыз әдебиет пен көркем әдебиеттің айырмашылығы.

  2. Көркем әдебиетте қолданылатын әдіс тәсілдер.

  3. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі.

  4. Көркем әдебиеттің әдебиетте алатын орны.

  5. Көркем әдебиетте сөз шеберлігі.

  6. Көркем әдебиетті дамытқан ғұламалар.

  7. Көркем әдебиеттің даму тарихы.

37



Тақырыбы: Негізгі дауыс сарыны

Жоспары:

1. Мәнерлеп оқу туралы түсінік

2. Негізгі дауыс сараны
Көркем сөз оқу өнерімен жаңа талаптанып жүргендер, тәрбиеші- ұстаздар әуелі мәнерлеп оқу мен нақышына келтіріп әңгімелеп берудің- интонация (сө сазы, айтылу мәнері), логикалық екпін, пауза (дауыс толасы, кідіріс), дауыс күші және басқа тәсілдерін дәйектілікпен игеруі қажет.Көркем сөз оқушы осы тәсілдердің біреуін ғана қолданбаған жағдайда оның сөзі, әңгімесі солғын шығады, тыңдаушыларын баурап әкете алмайды.

Енді сол мәнерлеп оқудың тәсілдеріне тоқталайық.



Негізгі дауыс сарыны (тоны)

Әдеби шығармалар ауызекі оқу барысында, нешізгі дауыс сарыны, мақамы шығарманың түрі мен мазмұнына лайықты шығады. Мысалы, оқылатын әдеби шығармалар: күлдіргі әңгіме, лирикалық өлең, сатиралық мысал және басқа түрлері де болып келуі ықтимал. Сондықтан әдеби тексті оқитын не әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына орай түзіліп не қоңыржай , не салтанатты көтеріңкі, не сатиралық ащы мысқыл, не сайқымазақ күлдіргі, не мұңды болып келе береді.



Негізгі дауыс сарыны дегенмізі көркем шығарманың ауызша естілу әуезі. Мұны орындаушы көркем туындының кей бір суреттемелерін, оқиғасын, қахармандарын тыңдаушыға үн мәнерімен сипаттап жеткізудің фоны ретінде пайдаланады.

Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне қарай түзіледі. Әдеби материалдың тақырыбына, идеялық мазмұнына, стиліне орай негізгі оқылу мақамы айқындалады. Айталық, ақын Жұбан Молдағалиевтың “Мен қазақпын” поэмасы ғасырлар бойы қиын-қыстау қиыншылықты, кескілескен қан майдан- “Ақтабан шұбырында, Алқакөл сұламаны” жеңіп , бүгінге жеткен қазақтың өміршендігін, қайсарлығын, ерлігін паш етеді л-де, қазіргі азаттықтың асқар беліне көтерілген елдігін суреттейді.

Ақын Қасым Аманжолов “Дарқан дала” атты өлеңінде кең жазира даланың, туған жерінің жомарттығын, байлығын, әсемдігін жыр маржанымен тізеді. Оның құдіретті күші ақын ойына қуат, бойына жігер құйып, мәңгілік ынтықтыра беретінін масаттана мадақтауы, тебірене толғауының ішкі сыры бұл өлеңді де салтанатты көтеріңкі сарынмен оқуды керек етеді.

Дарқан дала

О, дала! Мұхит дала, неткен кеңсің!

Ақынның ойынан да сен тереңсің,

Сар дала, сараң едің күні кеше,

Апырмай, бүгін не еткен берегенсің?!
Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,

Күміс көл, ерке өзен алып қашқан,

Құмартып келем саған бала жастан

Дариға! Жер бар ма екен сенен асқан?!

(Қ.Аманжолов.)

Балаларға арналған әңгімелердің көншілігі қоңыржай бір қалыпты сарынмен оқылады. Балсары Сапарвтың “Қаңтар мен ақпан” деген әңгімесі де қазақша ай аттарын үйреткенде өтіледі. Бұл да қоңыржай дауыспен әңгімеленіп беріледі. Пейзажды суреттейтін кейбір өлеңдер де қоңыржай, бір қалыпты сарынмен айтылады. Мысалға Абайдың “Жаз” деген өлеңін:

Жаздыгүні шілде боланда,

Көкорай, шалғын, бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Немесе Ә.Дүйсенбиевтің тақпағын, өлеңін алуға болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет