Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Кіріспе «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты



бет2/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)
algoritmy VOP kz, 1 лекция ок, 7 КЛАСС Зертханалық жұмыс
Кіріспе

«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты: студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.


«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың негізгі міндеттері:
- студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу;
- қоғамның саяси өмірінде болып жатқан өзгерістермен таныстыру;
- саяси процестер мен құбылыстардың даму қарқыны жөнінде, саясаттанудың басты феномені – саяси биліктің негізгі механизмдері мен тармақтарының қызметі жөнінде және т.б. мәлеметтер беру;
- саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың бағдарламалары мен жұмыс бағыттарын түсіндіру;
- қоғамның саяси жүйесінің басты элементі болып табылатын мемлекеттің, оның түрлерімен және қызметтерімен таныстыру;
- Қазақстандағы қалыптасқан басқару формасының түрімен, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерімен, демократияның қалыптасу шарттарымен, азаматтық қоғаммен, Конституциямен, заңдар жинағы және нормативтік актілермен таныстыру болып табылады.
«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарда студент білуі қажет:
- саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін білуі қажет,
- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын білуі қажет;
- саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы ролін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді білуі тиіс;
- саясаттану пәнінің негізгі түсініктерін талдауды үйренуі керек;
«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарда студент меңгеруі қажет:
- саясаттанудың негізгі ұғымдарын, категориялары мен заңдарын;
- негізгі зерттеу әдістерін;
- реферат, эссе, глоссарий, кесте, презентация орындауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет